Материалдар / Әбіш әлемі сайыс 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбіш әлемі сайыс 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің рухани тыныс тіршілігі мен әлеуметтік саяси тарихында өшпес із қалдырған заманымыздың заңғар жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, өлкеміздің заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлын тану мақсатында 9-10 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Әбіш әлемі» атты білімдік-танымдық сайысына оқушыларды қатыстырып, танымын кеңейту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жармыш орта мектебі





Әбіш әлемі







Білімдік-танымдық сайысы



Өткізген: А. Утесинова

Р. Есқожа






2016-2017 о/ж

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгін біз еліміздің рухани тыныс тіршілігі мен әлеуметтік саяси тарихында өшпес із қалдырған заманымыздың заңғар жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, өлкеміздің заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлын тану мақсатында 9-10 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Әбіш әлемі» атты білімдік-танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Сайысты бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Қорғанбаева Арай – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  2. Мықырбаева Бақтыгүл – мектеп психологі

  3. Есқожа Роза – мектеп кітапханашысы

Әбіш - үлкен талант иесі. Ол өмір құбылыстарына байсалды, ой, парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Олай болса, таланттардың мұрасы да, мерейтойы да, атақ-даңқы да кейінгіге үлгі.

Ал, үлгіге қарап ұрпақ өседі.

Ендеше, сайыскерлерді ортаға шақырамыз:

  1. Қождан Зухра 9а-сынып оқушысы

  2. Кәрімұлы Шапағат 9б-сынып оқушысы

  3. Әскербай Құдайберген 10а-сынып оқушысы

  4. Таңатарқызы Айғаным 10б-сынып оқушысы

Негізгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

І-кезең: Әбіш Кекілбаев өміріне шолу.

ІІ-кезең: Әбіш Кекілбаев шығармашылығы.

ІІІ-кезең: Әбіш Кекілбаевтың бір шығармасы «Күй» повесі

Әр сайыскерге 5 сұрақтан, барлығы 15 сұрақ қойылады. Әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

І-кезең: Әбіш Кекілбаев өміріне шолу.

Бірінші сайыскер - Қождан Зухра

1. Ә. Кекілбайұлының туған жері    (Онды ауылы, Мырзайыр жері)

2. Әбіштің арғы атасы кім? (Жаңайұлы Қожаназар)

3. Әбіштің анасының есімі? (Жұмабайқызы Айсәуле)

4. Әбіштің әдебиетке құмарлығы ... басталды? (мектеп қабырғасынан)

5. Қай жылы «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

(1957 жылы 5 мамыр)

Екінші сайыскер – Кәрімұлы Шапағат

1. Ә. Кекілбайұлының алғаш білім алған мектебі       (Шахта орта мектебі)

2. Онды мектебінде ... білім алды. (7 жылдық)

3. Университетте .... бірлестігін басқарды. (Әдебиет)

4. Ә. Кекілбайұлының анасы ... тәрбиеленген.  

(дәулетті, аты шыққан бидің отбасында)

5. Әбіштің әкесі Кекілбай майданда ... қайтыс болады. (Сталинград маңында)


Үшінші сайыскер – Әскербай Құдайберген

1.Қай жылы Қазақ Мемлекеттік Университетіне оқуға түседі.  (1957 жылы)

2. Қандай факультетте оқиды? (Филология)

3. Қай жылдары Ұштаған орта мектебінде оқыды? (1956-1957 жж)

4. Соңғы курста оқып жүріп, қандай газетте қызмет атқарады?   

       («Қазақ әдебиеті»)

5. Қандай қабілетімен көзге түседі? (Сыншылдық)

Төртінші сайыскер - Таңатарқызы Айғаным

1. Қандай газеттің белсенді ауылдық тілшісі болды?     («Лениншіл жас»)

2. Қай жылдары «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып жасады?

(1962-1965 жж)

3. Кітапты, бұрынғының кітаптарын көп оқитын. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын, - деп кім айтты? (Анасы)

4. Әбіш Кекілбайұлының қарындасының есімі (Тілектес)

5. ҚазМУ-дың филология факультетін қай жылы бітірді? (1962 жылы)

ІІ-кезең: Әбіш Кекілбаев шығармашылығы.

Бірінші сайыскер - Қождан Зухра

1.Ә. Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталды? (Алтын шуақ)

2. «Үркер» романы қай жылы жарық көрді? (1981 жылы)

3. 1974  жылы ... сын мақалалар жинағы шықты. (Дәуірмен бетпе-бет)

4. Қай жылы «Шыңырау» повестер жинағы  шықты?      (1982 жылы)

5. 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. (1999 жылы)

Екінші сайыскер – Кәрімұлы Шапағат

1.«Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары қашан шықты? 

       (1998 жылы)

2. «Елең-алаң» романы қай жылы жарық көрді? (1984 жылы)

3. А.П.Чеховтан аударған шығармасы (Ваня ағай)

4. ҚазССР Мемлекеттік сыйлығын ... алды.    (1986 жылы)

5. 1999 жылы ... орденімен марапатталды. («Отан» ордені)

Үшінші сайыскер – Әскербай Құдайберген

1.2009  жылы … деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары шықты. 

       (Сыр-десте)

2. Таңдамалы екі томдық шығармалар жинағы ... жарық көрді. (1992-93 жж)

3. У. Шекспирден аударған шығармасы (Король Лир)

4. Қай жылы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері атанды?    (2003 жылы)

5. Қай жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі болды?

(1993-1995 жж)


Төртінші сайыскер - Таңатарқызы Айғаным

1. «Бір шөкім бұлт» повесі қашан жарық көрді?  (1965 жылы)

2. Қай жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор қызметін атқарды?

(1970-75 жж)

3. У. Шекспирден аударған шығармасы (Кориолан)

4. 1966 жылы қандай кітабы жарық көрді?   («Дала балладалары»)

5. Қай жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болды?

(1992-1993 жж)

ІІІ-кезең: Әбіш Кекілбаевтың бір шығармасы «Күй» повесі

Бірінші сайыскер - Қождан Зухра

1.«Күй» повесі Әбіштің неше жасында жазылды?  (27 жасында)

2. «Күй» повесінің бас кейіпкері (Жөнейт батыр)

3. «Күй» повесіндегі тұтқындар саны (Алты тұтқын)

4. «Күй» повесінің оқиғасы қай жерде өтті? (Тамды жерінде)

5. Повестегі суреттелген басты оқиға (Мәңгүрт жасау)

Екінші сайыскер – Кәрімұлы Шапағат

1.«Күй» повесі алғаш рет қай газетте жарияланды?    (Коммунистік еңбек)

2. «Күй» повесінің кейіпкері (Құрбан ақсақал)

3. 1967 жылы қай журналда жарияланды? (Жұлдыз)

4. «Күй» повесінің оқиғасы қай жерде өтті? (Астау ой жерінде)

5. Повесте кімнің тағдыры баяндалады?

(Түрікменде тұтқынға түскен қазақ күйшісі)

Үшінші сайыскер – Әскербай Құдайберген

1.Повестегі оқиға?  (ежелгі тайпалар арасындағы талас-тартыс)

2. Шығарманың басты кейіпкерлері кімдер?

(Көкбөрі, Дүйімқара, Аннадүрді, Дәулет)

3. Жөнейттің інісі? (Көкбөрі)

4. Түрікмендер кімнің ауылынан тұтқындарды алды? (Дүйімқара)

5. Повестегі күйші кім? (Дәулет)

Төртінші сайыскер - Таңатарқызы Айғаным

1.Жөнейттің балалары?  (Алпан, Қылыш, Дәулет)

2. Жөнейт кім? (Түрікмен рубасы)

3. Повестегі оқиға өткен жерлер қай елмен шектеседі? (Түрікменстан)

4. Тұтқындағы Адай жігітін тірілей көмген кім? (Жөнейт)

5. Дүйімқара мен Көкбөрінің жекпе-жегі қай жерде болды?

(Түрікменнің бір ауылында)


Қорытынды:

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!