Материалдар / Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесіндегі күйші бейнесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесіндегі күйші бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Міндеттері: • Ә.Кекілбаевтың әдеби шығармашылық мұрасын, оның ішінде, повестері мен романдарындағы тарихи таным, тағылым мәселелері, суреткерлік шеберлігін зерттеу; • Жазушы шығармаларындағы қазақи тұрмыстың, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, уақытты суреттеу шеберлігіне терең үңілу; • Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалардың көркемдік болмысы мен олардың тарихи тағдырын және көркемдік жинақтау мақсатындағы жазушының өзіндік суреткерлік қырларын ашып, оны сыныптастарым мен құрбы-құрдастарыма насихаттау. Зерттеу нысаны: Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарын, соның ішінде «Аш бөрі» әңгімесін басшылыққа аламын. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тағдыр, тартыс, ерлік, мәңгілік, тәкаппарлық сынды қасиеттердің мағынасын ашып, жеткіншек ұрпақтың рухани толысуына қадамдар жасау, кейіпкерлердің бойындағы тұлғалық қасиеттері арқылы жазушының дүниетанымын ашу. Зерттеу жұмысының жаңалығы: Бұл зерттеу жобасында жазушының шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2024
256
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесіндегі күйші бейнесі


















Орындаған:

Жетекшісі:















Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

    1. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар

    2. «Аш бөрі» әңгімесінің жазылу тарихы

2.2. «Аш бөрі» әңгімесіндегі Құрманғазы образы

2.3. «Аш бөрі»әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

2.4. Тақырып аясында жүргізілген эксперимент нәтижесі

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

























Аннотация

Мақсаты: Бұл жоба жаhандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең жас ұрпақты Қазақстанның Еңбек ері, Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмір жолымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеуге, оның шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу, адам жанын ізгілендіру мақсаты көзделді. Сонымен қатар Әбіш Кекілбаевтың тарихи романдарын, соның ішінде «Аш бөрі» әңгімесіндегі тарихи тұлғалардың тарихи тұлғасы мен түптұлға арасындағы ұқсастық, айырмашылықтың ара жігін ашу.

Міндеттері:

  • Ә.Кекілбаевтың әдеби шығармашылық мұрасын, оның ішінде, повестері мен романдарындағы тарихи таным, тағылым мәселелері, суреткерлік шеберлігін зерттеу;

  • Жазушы шығармаларындағы қазақи тұрмыстың, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, уақытты суреттеу шеберлігіне терең үңілу;

  • Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалардың көркемдік болмысы мен олардың тарихи тағдырын және көркемдік жинақтау мақсатындағы жазушының өзіндік суреткерлік қырларын ашып, оны сыныптастарым мен құрбы-құрдастарыма насихаттау.

Зерттеу нысаны: Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарын, соның ішінде «Аш бөрі» әңгімесін басшылыққа аламын.

Зерттеудің негізгі әдіс – тәсілдері: Зерттеу жұмысына арқау болған Ә.Кекілбаев шығармаларын егжей – тегжейлі талдау, ақпарат көздерін жинақтау, саралау және түсіндіру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тағдыр, тартыс, ерлік, мәңгілік, тәкаппарлық сынды қасиеттердің мағынасын ашып, жеткіншек ұрпақтың рухани толысуына қадамдар жасау, кейіпкерлердің бойындағы тұлғалық қасиеттері арқылы жазушының дүниетанымын ашу.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Бұл зерттеу жобасында жазушының шығармаларындағы тарихи тұлғалар төңірегінде сөз болды. Себебі қаламгердің түгелге жуық шығармалары тарихи тұлғалар туралы десе де болғандай. Тарихи тұлғалардың тарихи тұлғасы мен түптұлға арасындағы ұқсастық, айырмашылықтың ара жігін ашуға жасалған талпыныс жобаның жаңашылдығы болып саналады.

Күтілетін нәтиже: Әдебиет саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық. Құрбы-құрдастарымның арасында романдардан келтірілген даналық, өсиет сөздерді насихаттау.
























КІРІСПЕ

Қазақ әдебиеті таланттарға кенде емес. ХХ ғасырдың 1980 жылдарында қазақ прозасында ұлттық құндылықтарымызды өз шығармаларына арқау еткен қаламгерлер туындылары жаңа белеске көтерілді. Әсіресе, соның ішінде, қазақ прозасында тарихи тұлғалар тағдырын суреттеу, сол арқылы өткен кезеңнің тарихи шындығын көркемдік тұрғыдан жинақтау белең алды. Бұрынғы ақтаңдақ тұстарымызға қайта оралып, тарихи тұлғалар болмысын ұлттық идеяны асқақтатуға, әспеттеуге бағытталған тың көркемдік ізденістерге толы соны шығармалар жарыққа шықты. Ол шығармаларда бұрын еленбеген ұлттық құндылықтарымыз ескеріліп, өз бағасын алуға тиісті еді. Әдебиетімізге осы жаңа лепті әкелген жазушы Әбіш Кекілбаев еді. Себебі ол әдебиетке өзге жұрт сияқты қауырсыны қатпаған, түбіті түспеген сары уыз балапан күйінде емес, бірден түлеп, қанатын қомдап, топшысымен жер тіреп келді. Ә.Кекілбаев – қазақ халқының тарихын тереңнен аша, дәстүрлі мәдениет үлгілерін, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық өнер тақырыбын жетік меңгерген қаламгер. Өзіндік стиль, тіл өрнегі қалыптасқан, ұлттық тіл нәр-нақышын өз шығармаларында көркемдік суреткерлік тұрғыда суреттей алған жазушы.

Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолы поэзиядан басталды. Әбіш Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Бұл туындылар – жазушының келешектегі үлкен шығармаларға барара жолындағы баспалдаға. Қаламгердің жазушылық жолын зерттеген тұлғалар оның 5-6 сынып оқушы кезінде, тым жастай шығармашылықпен айналысып, білімге, әдебиетке соншалықты құмартқанын байқайды. Содан бергі уақытта проза, әдеби сын, көркем аударма, көсемсөз, драма, көркем аударма саласында жемісті еңбек еткен. Таңдамалы шығармаларының он екі томдығы, көсемсөздері мен сұхбаттарының, замандастары туралы толғаныстары мен мезгіл мінберінен сөйлеген сөздерінің бес томдығы жарық көрді.

НЕГ3ЗГІ БӨЛІМ

    1. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар

Ә.Кекілбаев шығармалары уақыт өткен сайын, жаңа қырынан танылып, келешекке өзіндік шынайы, дара болмысымен жарқырай жетпек. Оның шығармаларының тарихы тереңде. Ол өзінің ұлттық тамырынан нәр үзбеген әңгіме повесть, романдарындағы: Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандар, Есет, Арыстанбай батырлар, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Құрманғазы, Махамбет, Абыл ақын т.б тарихи тұлғалар бейнесі ұрпақтан-ұрпаққа өнеге тағылымымен қала бермек. Себебі олар – қаламгердің суреткерлік шешімінде өзінің тарихи шындық болмысынан ауытқымай сомдалған шынайы образдар. Осы ретте, жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстардың басты арнасы – халық тарихы. Қаламгердің халықтың өткен тарихы туралы «Күй», «Ханша Дария хикаясы», «Шыңырау», «Бәйгеторы» секілді орта көлемді эпикалық шығармалары мен «Аңыздың ақыры», «Үркер» романдары, «Абылай хан» пьесасы – қазақ әдебиетінің елеулі жетістіктері. Мұндағы тарихи тұлғалардың басым көпшілігі – хандар, батырлар, би-шешендер, сұлтандар, өнер адамдары – әнші, күйші, жыршы, жырау; жазушы шығармаларында бұлардан да басқа бөлектеу – құдықшы, көрікші, сәулетші-шеберлердің бейнелері де кездеседі. Елдің әлеуметтік дамуында хандарға серік болған өзіндік орны болған ханымдар да болған. Бопай – Әбілқайыр ханның бәйбішесі. Ел есінде ханға сенімді серік болған. Оның жұмысының жандануына, жемісті болуына Бопай ханым қатты ықпал еткен адамдардың бірі. Бопай – ана, адал жар, қайраткер, саясаткер екендігі ғылыми түрде ашылды. Оның орыс патшаларына жазған 40 шақты хаты сақталған. Бопайдың жас кезінен аты сынықшылық қасиетімен шығады. Әбілқайыр ханға да осы қасиетімен ұнаған. Отбасы тәрбиесі осындай шағын ғана суреттеулерде ұзақ уақыт бойы оқырман көңілінде қалып қояды. Өте сәтті, көркем, образды шыққан кейіпкерлер типтік образға айналып, қаламгердің ерекше қолтаңбасына айналады.

Жазушы шығармаларыдна жансыз болғанмен тарихи тұлғаларға татитын үнсіз кейіпкерлер де бар, бұл Ә.Кекілбаев шығармасының өзіндік ерекшелігі, қозғалыссыз, үнсіз тұрған обьектілерді сөйлетудің өзі күш. Олар: құдық, мұнара, көрік, таз кепеш, күй, әртүрлі әулиелік киелі орындар т.б. Бұлардың әрқайсысын жазушы әрқалай сөйлеткен, әрқайсысының өз тылсымы бар. Бұл да – тарих.

Қазақ әдебиетінде өнер тақырыбына қалам тербеген дарынды суреткерлер көп. Ақын, күйші, әнші өнерпаз тұлғалар өмірі оларды бәрінен бұрын қызықтырған. Соның бірі – Құрманғазы. Ол туралы поэзиялық шығармалар да жетіп артылады. Ә.Кекілбаев, Т.Әлімқұлов, М.Мағауин, Т.Әсемқұлов, М.Ысқақбай, О.Әбділдаұлы тағы басқа прозашылар күй, күйшілік өнер, оның ғибраты туралы шынайы, биік суреткерлік деңгейдегі туындыларды дүниеге әкелді.

    1. «Аш бөрі» әңгімесінің жазылу тарихы

«Аш бөрі» әңгімесін жазбас бұрын «Әке» дастанының басын оқушы кезінде жазып, соңын студент кезінде аяқтаған. Мұнда бала Әбіш әкесіне деген сағынышын жазғанымен, оның бойындағы өнері әкесінің күйшілігін де шағын үзіндіге сыйғыза алған:

  • Үйімде көкем барда күмбірлеген,

Домбыра үндемейді кімді іздеген?

Көкемнің шапаты тұр керегеде

Өзінен өзге жұртқа кигізбеген...

Көкемнің бармағынан бал саулады,

Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.

Көп болды сол көкемді көрмегелі

Күйіне біздің ауыл тамсанғалы-, дейді.

Жазушы – соғыс салған зардаптың ащы зарын тартқан ұрпақтың өкілі. Қайтпай қалған әке, мүгедек жарым-жан пенде, жесір қалған ана, соғыстың қаралы қағазы – үлкен толғаныс-толқулар туғызған легінен.

Ә.Кекілбаевтың өнер адамдары жөнінде алғаш жазған туындысының бірі – «Аш бөрі» әңгімесі. Бұл шығармаға сазгердің екі әні қосылған. «Аш бөрі» тіркесі дүлдүл күйші, ұлы сазгер Құрманғазының өз әнінің сөзінен алыпы, осы шығарманың атауына арқау болған:

- Аш бөрі, жүрген жерім қанды майдан,

Шыққан жоқ, атқан аңым терең сайдан.

Қазақта талай қатын ұл туғанмен,

Дәл мендей ұл табатын қатын қайдан!

«Аш бөрі» әнінің шығу тарихы бар. Ол – Шөкен қыздың Құрманғазыны мүдіртем деп, ел алдында мұқалтуына байланысты туындаған өлең. Шөкен таз руынан шыққан бір белгілі адамның қызы болса керек. айттырылған жері жоқ, басы бос. Төремұрат, Нарынбай, Өтен батырлар оны сазгерге оңтайлайды. Шөкен де күйшіге құмартады, алайда Құрманғазы өзінің қуғында жүргенін, баласы бар адам екенін айтып, оған ыңғай бермеген. Сонда:

Байлардан белгі қалар қонған жерде,

Түлкінің еті қалар сойған жерде.

Ішкен ас, сый құрметті олжа көріп,

Жүресің төбет иттей тойған жерде-, деп өте ауыр сөздер айтады. Осы жайды кейінірек естіген анасы Алқа:

  • Сенің орныңда мен болсам, сол Шөкенді торы аттың сауырына салып алып, жиделіге әкеліп, біреуге сыралғыға берер едім,-деген сөздері жоғарыдағы жағдайдың шын өмірде болғанын меңзейді. Алайда, осндай келеңсіз оқиға орын алса да, «Аш бөрідей» тамаша ән мен «Бозқаңғыр» күйі туындайды.

Осы «Аш бөрі» әнінің жоғарыдағы нұсқасын 1957 жылы «Пионер» журналының қаңтардағы санынада жарияланған. Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесі алғаш «Бір шөкім бұлт» жинағында жарық көрген әңгіме. Етек-жеңі жинақы, шап -шағын ғана шығарма. Бас сап оқығаннан үйіріп ала жөнелетін шытырман оқиғадан ада. Қажет десеңіз, негізгі кейіпкердің аты да бір-ақ жерде, онда да бейтаныс ортада, бейуақта өз аузымен жалғыз рет қана айтыла салады:

- Құрманғазы!

«Қара мұрт ондай да күйші бар ма еді дегендей, ақ сұр шалдың аузына елеңдей қарады». Құрманғазы күйлерін шамырқана тыңдағаны болмаса, оның шытырманға толы өмірбаянынан бейхабар. Ұлы күйшінің «Аш бөрі» атты лақап аты таныс көп оқырманның «Аш бөрі» шыққанда мына қара мұртқа жете қабыл күй кешкені анық. Өзі Құрманғазы бола тұрып құба жонда жападан жалғыз жабы мініп, домбырасын теңдеп тентіреп жүрісі қалай дейді ғой баяғы.

2.2. «Аш бөрі» әңгімесіндегі Құрманғазы образы

«Таң атқалы жорытқаны жұртсыз жон. Тек жаңа ғана тастақ сайдың басындағы жалғыз құдыққа тап болып, ат суарып алды. Көптен бері бұл маңайға ел жуымапты. Құдық маңайының құмалағы қуаң. Астауы да қақсуға айналыпты. Дегенмен көлденең керуен, бейсаубат жолаушылар көп соғады екен, астаудың астына тыққан көн қауға бар боп шықты». Бұл­ заманымыздың заңғар жазушысы, сөз зергері ‒ Әбіш Кекілбайдың Құрманғазы Сағырбайұлы ғұмырының бір ғана сәтінен сыр шертер «Аш бөрі» атты шығармалары арасындағы ең аз талданған, исі қазаққа мәшһүр композитордың образы керемет сомдалған кең тынысты әңгімесі.

Әсілі, әңгіме – новелладан гөрі, сюжеттік желісі қиындау құрылатын, өмірдегі алуан-алуан құбылысты ықшамдап түйіндегенімен де, оған аса терең мағына сыйдыра отыра, сатылап дамитын жанр. Астында қара аты бар жолаушы бүлкек жүріспен «жаздай шаң тұтып, күн жеп, сарала етек боп қалған» даламен келе жатады. Бір уақытта тоқтап, жылқысынан түсіп, ауыздығын сыпырып, ерінің артындағы домбыраны шөп үстіне тастайды-дағы, шалқасынан жата кетеді.

Оңашада, дауылпаз күйшінің есіне қайдағы-жайдағы түсіп, өткеннің орны толмас өкініші қылаң бергенде, «әншейіндегі қаттылығынан айырылып, бойын әлдеғайып әлсіздік билейді». Содан не керек, Күн батып, қас қарайып, кешкі салқынның лебі білінген кезде алдынан аруана шығады. Жаңағы жануар «қара жалдың күнгей бауырына қонған үш-төрт үйлі», аумағы шап-шағын ауылға ат басын тіреуге сеп боп, ортадағы боз үйдің қасына барып тұра қалады. Жолаушы соған жақындағанда, қолында шелегі бар әйел шығып, Құдайы қонақты күтіп алады. Құрманғазы қамшысын босағаға қыстырған күйі төрге озып, домбырасын қабырғаға сүйеп қояды. Қаймағы шайқалмаған құтты мекен. Үйде күйшіден бөлек, Дөңбай, оның бәйбішесі, Әурен, сол үйдің келіні, жас шамасы оннан енді ғана асқан бала бар. Бәрі дастарқан басына жайғасып, жөн сұрасады. Ақсұр шал қонаққа домбыра шертуін өтінеді. Сол кезде, тамақ ішуге үстіне ‒ түйежүн шекпен, басына ‒ түлкі тымақ киген Қойбағар келеді.

Ол бірнеше күй тартып, ас-ауқат ішілген соң, жұрт жатуға ыңғайланады. Күйші ауыл сыртына шығып, атын отқа жібереді де далада ұзақ тұрады. Төсек салынады. Құрманғазы ерте ояна салып жылқысын ерттейді-дағы, таңғы шайын ішіп, қайта жолға шығады. Сонда, ту қоянды көріп: «Әттең осындайда бөрі де жолықпайды-ау», ‒ деп ойлады күйші». Ойына елде жүргендегі жігіттермен бірге қасқыр қуғаны оралады. Күйші көкжиекке қарағанда, «даланы қан-жоса қып батып бара жатқан» Күнді көреді. «Оның көкірегінде тағы бір тосын саз қордаланып келеді». Жалпы, шығарма фабуласы осындай. Мұндағы авторлық баяндау орталық образдың көзімен, ойымен беріледі.

Туынды мазмұн мен пішіннің үйлесімі негізінде тумақ. Осы тұрғыдан келгенде, Әбіш Кекілбай – қос ұғымды тұтастықта қарайтын суреткер. Жазушы тұтқыннан босап шыққан жолаушының жолшыбай ел-жер аралағандағы тұсын ерекше екпінмен жазғанын аңғармау әділетсіздік болар еді. Дәл сондағы соны пейзаж ‒ тек фон қызметін атқарып қана қоймай, философиялық, символикалық, психологиялық мәнге ие әрі автор ұстанымын айқындар көркем әдіс. Әсіресе, «Аш бөріде» М.Эпштейн классификациясындағы («Постмодерн в русской литературе») ландшафтық, масштабтық, жанрлық-стильдық, идеалды пейзаждардың элементі кездеседі. Әбіш сомдауындағы Құрманғазы антропометриясы мынандай: күректей қол, ісіне қызарып тұрған етті, ұзын салалы саусақтар, самайдан алқымға дейін ұйысып біткен тып-тығыз қара сақал, шарасы зор ала көз, одырайып оқшау біткен жалбыр қабақ, мойнын жұлқына бұрғанда сорайған өндіршек, тамағының астындағы күдірейіп шыға келген күре тамыр, күн санап көбейіп келе жатқан шұбыртпа әжім, қайқайған иық, дөң маңдай, самайдағы көк қылтанақ, сырттан тың тыңдап отырған кісіше іргеге салған мойын.

Осынау сипат сурет өнеріндегі Врубель не мүсін өнеріндегі Донателло шығармаларымен үндесетіндей. Өйткені, портреттің хас шебері саналатын Әбіштің «Аш бөрісінде» қою колорит бар, ауқым бар, эпизм бар. У. Эко импрессионистік проза өкілдері есебінде Э. Золя, Г. Моппассан, М. Прустарды атайды. Десек те, олардың романынан таза күйіндегі импрессионизмді емес, өзге де көркемдік әдістерді аңдау аса қиын емес. Сол секілді, бac кейіпкер бойынан да poмaнтикaлық бeйнeлeу тәсіліне тән белгілерді байқадық. Айталық, үйге келгендегі күйші мен әйелдің арасындағы үнсіз байланыс ‒ соның дәлелі. Жазушы шығарма экспозициясында бас кейіпкердің Құрманғазы екендігін айтпайды, жасырады, бұл тек орта тұсында ғана белгілі болады. Оған шейін бейтаныс жолаушыны тап басып тани алмай: «Бұл қай мықты болды екен?..» ‒ деп ойға түсесің. Автор бәрін шет-шетінен, асықпай-аптықпай таныстырып отырады. Кеңістікті керемет сезінетін Әбіш баяндау, диалог пен монологтарды өз еркіне қоя береді.

2.3. «Аш бөрі»әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

«Аш бөріде» монологтың ф.ғ.д, профессор Г. Пірәлінің бөлінісі негізіндегі төмендегідей түрлері кездеседі («Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері»): 1.) монолог-ойлау (Құрманғазының толғаныс үстіндегі күйі); 2.) монолог-армандау (Құрманғазының қиялға берілгендегі сәті); 3.) монолог-еске түсіру (Құрманғазының туған жерін сағынғандағы ішкі ахуалы). Көркем туындыдағы хронотоп: үш-төрт үйден құралған кішкене ауыл мен далиған дала. Бұл екеуі ‒ бір-бірінен балталасада ажырағысыз ұлт дүниетанымындағы киелі, сокралды ұғымдар. Көркем уақыт деп туындыдағы уақыттың белгілі бір тәртіппен орналасуын айтамыз. Қаламгер уақиғаны баяндау барысында өткен шаққа оралады. Сол себепті де, санаулы уақыт ішіндегі уақиға бүге-шігесіне шейін бейнеленеді. Автор күйшінің мінез даралығын осы кеңістіктер аясында қарастырады. Шығармадағы қайшылық кейіпкердің сезім-түйсігі арқылы көрініс бергенін айта кеткен орынды. Жазушы проблеманың түптөркінін оның өткені мен бүгінінен іздейтіні аян.

Құрманғазы күй тартқанда дүн-дүние мүлгіп, тіршілік тоқтап қалғандай сезіледі. Әбіш бейнелеуіндегі Құрманғазы табиғаттан күш-қуат, шабыт алады. Ол аспабының мойнын бір ырғап қойып, көзін жұмып, ерекше бір күйге еніп, баяғының дервиштері ұқсап трансқа түсіп, қос ішекті саусағының ұшымен баппен қаға бастағанда-ақ қара домбырадан үн төгіледі. Қаламгер осынау деталь, ал кей жерінде психологиялық параллелизм арқылы образ жан-дүниесінің ұңғыл-шұңғылына үңіледі: «Сосын ніл көк аспанның бір пұшпағында мүжіліп таусылуға айналған қаймыжық ақша бұлтқа көзі түсіп кетті. Қазір бар дүниені бауырына әкеп тыққан алдамшы сағым жоқ. Көкжиек көл-көсір шалқып, қашықтап кеткен. Тар қамаудан мынандай бостанға шыққан кісінің көңілі өсіп шыға келеді екен». Әр көркем туынды – аяқталған, бас-аяғы бүтін дүние. Яғни, оны байланыстырып тұратын тұтас желі болмақ. Лирикалық шегініс барысында оқырман көп жайттан хабардар болмақ, һәм жазушы оның Қазиын сағынатын жеріне онейрикалық сипат дарытқан: «Анада осындай бір кештен кейін түс көріпті. Өзінің үйінің көлеңке беті. Анасы айран құйып беріп отыр. Айран ашытқан қос құлақты емен күбі шелектің өңез исі аңқиды. Қасына Қазиы келіпті. Маңдайындағы жалбыраған кішкене кекілін тұмсығына апарып еді. Ыңғай жалаң бас жүретін баланың басы күн иістеніп күңсіп кетіпті. «Құлыным-ай», ‒ деп бауырына қыспақ боп, ұмтылып еді, үстіне жамылып жатқан қара тоны сусып барып түсті. Тұла бойы оқыс шіміргіп, көзін ашты».

Жазушы қаламы арқылы айнала-маңға жан бітеді: «Құдықтың түстігі тырбық тікенек бұталы қатқыл, терістігі біраз жерге дейін ұры жыраланып барып құздата құлайтын аңғар сай. Жаңа сол аңғар сайдың қалтарыс-қалтарысын тінтіп жүріп, қолқат түбінен өрге тырмысқан жіңішке соқпақ көріп еді, осы құдықтан шығарды. Сайдың ұры мен бөріні қапы қалдырмас қатқабаты мол сияқты. Бірақ, көзіне ештеңе шалынбады». Күйшінің қарағайдан жонып жасаған домбырасына деген ынта-ықыласы алабөтен. Оған көзі түссе болғаны, «сыбыс-сыбдыры жоқ мына өлі дүние былай серпіліп, көкірегінде үн қоздайды, көмескі тартқан көп елестер қайта тіріледі». Автор кейіпкерлерінің ішкі күйзелісі, айта алмай жүрген сыры, толғанысы шығарма интонациясына, ритмикасына, әуезіне әсерін тигізетіні рас. Ол шағын эпизодпен-ақ өмір шындығы мен адам тіршілігінің зор өзгерісін шебер шендестіреді. «Сырттан түйе сауып қайтқан әйел кірді. Шелегін бәйбішенің қасына қойып, құман ап, шылапшын әкеп қолға су құйды. Жолаушы алдына келген шылапшынға тізерлеп беті-қолын жуды» немесе «Қара мұртты ішіп болдым дегенді ишаралап, кесесінің аузын басты. Шайға бұ да онша құмар емес еді. Кесесінің ернеуінен бұ да қақты. Шал ішіп отырған кесесін сарқып: – Болдым, – деп дастарқанның шетін қайырды». Бұл жердегі этнографизм шығарманы күшейтпесе, әлсіретпеген-ді.

Әбіш әр бейненің түр-тұлғасын, мінез-құлқын штрихтармен даралап шыққан. Сол арқылы оқырманға олардың қандай екендігін сездіреді. Әурен ‒ менменшіл, өркөкірек, бәйбіше мен үйдің келіні ‒ биязы, сыпайы, Қойбағар ‒ немкетті, еренсіз, бала ‒ томағатұйық, бұйығы. Ал, Дөңбай шал әңгімеде былайша суреттелген: «Анда-санда өзінен-өзі бір мырс етіп қояды. Өңінде ұзақ уақыт ел үстінде жүріп, енді тұғырдан танып шетқақпай қалған кісіге тән салқын қабақ салғырттық бар. Қимылының бәрі керенау. Кесесін де ерніне енжар апарады. Бірақ, осқырынбайды. Зілді отырыс».

«Күзгі қоңырқай көңілсіздеу дала» – небір қиын кездерді бастан кешкен негізгі кейіпкердің көңіл-күйін дәлме-дәл беретін жол. Шығарманы ой көзімен оқыған кісі әйкел, індігеш, топатай, сарсу, т.б. тек белгілі бір аймаққа қатысты диалектизмдерді көптеп кездестірері анық. Қаламгер ұлы сазгер домбырасының күйін келтірген сәтін кестелі тілмен әсерлі жеткізеді: «Жолаушы домбырасының қабын сыпырды. Қалтасынан тиек ап, қондырды. Құлағын бұрап, жол соқты боп шылдырлап қалған домбыраның күйін келтірді. Әр шекті жеке-жеке шертіп, құлағына тосып, ыңын байқады. Бірте-бірте түзеліп келеді». Бұл ‒ тұлпардың шабар алдындағы шағы. Осы тұста атақты туындының қысқаша тарихы баяндалады. Мұны автордың өз аузынан естиік: «Есіне елде жүргенде бір қызға тартқан күйі түсті. О да тап мына келіншектей ақсары еді, о да бұған шай ұсынып жатып, шәйі көйлектің жеңі сусып, жұмыр білегі жалаңаш қалғанда, жүзі ду ете қалған. Соңына сөз еріп, шетқақпай жүргенде түскен бейтаныс үйдің сұлу қызы құйған шайға көңілі өсіп, күй шығарып еді. Адал көңіл, тәтті шайға шыққан күй де тәтті болсын деп атын «Балқаймақ» қойған». Әңгіме арасында Азғыр, Еділ, Қиғаш, Үстірт, Алатау секілді жер-су атаулары күйшінің жадында жаңғырады. Бұл ‒ ностальгияның нышаны.

Шығарма композициясы – жинақы, сюжеті – шымыр. Әбіш Кекілбай әңгімесіне неге «Аш бөрі» деп ат қойып, айдар тақты екен? Қасқыр, бөрі туралы көркем мәтін екі жерде ұшырасады, біріншісі, қара домбыраға қарағанда («Қапталдағы қабақ астынан шыққан аш қасқырдың ұлығаны...»), екіншісі, қоянды көріп, елдегі бір уақиға есіне түскенде. Сонда, Құрманғазы жігіттермен қосылып, қасқыр соғып алу үшін аңға шығады. «Арланды ақыры сойылға жығып, атқа өңгергендегі жігіттердің қау-қауы бұның құлағын қытықтайды». Былайғыдағы, жайбасар жандар қасқыр көрсе қаны тасып, арқасы қозып, атқа мініп, атой беретін әдеті. «Бұларды осынша желпінткен кек беріге разы боп, қасқыр өнгерген жігітпен қатарласып, ер артындағы ауызы ырсиған арланның селтиген серек құлағын құшырлана бұрайтын». Солайша, ерекше риза болған жұрт үйіне қайтарда «Аш бөрі» әніне басады екен. «Бөрінің дуылы бірер күнге созылып, о да басылатын. Жігіттер сойылдарын тастап, таяғын, қауғасын арқалап, малын қаузайды, шаруасын жайлайды.

...Айдалада жаңғыз келе жатып, анда-санда қотанына тиіп, бөрліктіріп тұратын бөрі болмаса мына даланың селт ететін түрі жоқ-ау деп ойлайтын». Әңгіме идеясының кілті соңғы сөйлемде жатыр. Бөрі ‒ өршіл рухтың, намыстың, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың символы. Өмірде түрлі қиындықты, қысымды көрсе де, ешкімге бас имей, ешкімнен именбей, қайта еркіндікке шығып, елін оятып, ес жидыртатын аруақты адам, бұл ‒ Құрманғазы.

2.4. Тақырып аясында жүргізілген эксперимент нәтижесі

А.Жұбанов атындағы №5 орта мектебінің 9-сынып білім алушылары арасында тақырыпқа қатысты туындайтын қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсыну мақсатында эксперимент жүргізілді. Бұл эксперимент барысы бірнеше кезеңдерді қамтыды: бақылау, талдау, қорытынды.

Эксперименттің бақылау кезеңінде білім алушылардың Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаянымен, шығармаларымен таныстығын анықтау болса, талдау кезеңінде анықталған мәселелерді шешу және алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білу жолдары ұсынылады.

Эксперименттің қорытынды кезеңінде бақылау және талдау кезеңінде анықталған мәселелерді шешу жолдары сараланды.

Эксперименттің жалпы мақсаты білім алушылардың Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстығын зерттеу, соның нәтижесінде Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесін негізге ала отырып, интернет желісінде жоқ тың ақпараттармен таныстыру.

Бақылау кезеңінде сауалнамалар алына отырып, білім алушылардың күйшімен, оның шығармаларымен таныстығы нақтыланды.

Зерттеу міндетіне сәйкес экспериментті бастамас бұрын оқушылардан сауалнама алуды көздейді. Сауалнамаға жалпы саны 32 (отыз екі) оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесінде олардың Абылай хан, Махамбет сынды тарихи тұлғалармен таныстығы бары анықталса да, Құрманғазы Сағырбайұлының кім екендігін білмейтіндігі анықталды. Мұның себебі оқушылардың ұлттық өнерге деген селқостығы, күй өнеріне деген қызығушылықтарының төмендігінен болса керек. Әсересе, орыс тілді мектепте ұлттық өнердің насихатталмауы, оқушылардың ұлттық күй өнерін қабылдау дағдысының төмендігіне әсер етеді деген тұжырым жасалды.

9-сынып оқушыларынан сауалнамасының көрсеткіші:

1-кесте

Сауалнама нәтижесі


Сұрақтар

Жауаптар

Пайыздық көрсеткіш

Бұл кім?

1. Сүйінбай Аронұлы

2. Құрманғазы Сағырбайұлы

3. Білмеймін

60 %

35%

15%

Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

  1. күйші

  2. ақын

  3. жазушы

15%

12%

73%

Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?

  1. «Сарыарқа»

  2. «Серпер»

  3. «Бұлбұл»

33%

20%

47%

Құрманғазы Сағырбайұлының лақап аты кім болуы мүмкін?


  1. Аш бөрі

  2. Күйші

  3. Қыран

20%

68%

12%


Саулнама нәтижесінде оқушылардың күйші өміріне байланысты білімдерінің төмендігіне мынадый жағдайлар әсер ететіні анықталды:

  1. Интернет желісіндегі ақпараттың аздығы;

  2. Қосымша ақпарат көздері бар шығармалардың ұсынылмауы;

  3. Орыс тілді ортада ұлттық өнердің насихатталмауы.

Осы анықталған мәселелерді шешу барысында экспериментке алынған оқушыларға бір ай барысында күйшінің күйлерін тыңдау ұсынылды. Соның нәтижесінде оларда күйші өміріне байланысты тың ақпараттарды білуге қызығулықтары оянды. Сол кезде оларға Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесін оқу ұсынылды. Оқылған әңгіме бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, талдау жұмыстары жасалды. Кейбір өзекі мәселелерге дебат ұйымдастырды.

Оқушыларға әдеби орта қалыптастырып, «Өркен» әдеби ұйымын құру, әдеби шығармаларды оқып, талдау, дебаттар ұйымдастырумыз жақсы нәтиже берді. Оны келесе диаграммадан байқауға болады.

Зерттеудің қорытынды нәтижесінде 9-сыны оқушыларын әдеби шығармалар оқуға баулуда, астарлы ойды түсініп, шығарма құрылысына талдау жасап, көркемдегіш құралдарды ажырата білуде «Өркен» әдеби ұйымының жүргізген жұмыстары тиімді екені дәлелденді.

Осылайша, алынған тәжірибелік деректер гипотеза түрінде берілген тұжырымның дәлелі бола алды. Оқушылардың арасында ұлы тұлғаларды, олардың шығармашылығын насихаттау, әдеби ортада ой бөлісу, ойларын қағаз бетіне түсірту сияқты жұмыстар шығарма кейіпкерлерінің ғана емес, шығарма авторының өмір деректерімен тереңірек танысуда, шығармаларын түсінуде оң нәтижеге қол жеткізуге болатыны дәлелденді.











ҚОРЫТЫНДЫ

Демек, аш бөрі мен ұлы өнерпаз ‒ бір-бірімен өзектес, егіз түсініктер. Автор ұғымындағы аш бөрі ‒ күйшінің өзі. Бұл ретте, аталған әңгіменің алтын арқауы – қазақ тағдыры, елдің езілген еңсесін көтеру, бодандықта жүріп бостандықты аңсаған ұлтының жоғын жоқтау, жыртығын жамау, жоғалғанын табу, сынығын бүтіндеу, жан жарасын емдеу.  

«Әдебиеттің міндеті – сергелдең жүректі басу, бейқам жүректі ояту» деп айтқан дарабоз дарын өзінің «Аш бөрісінде» табиғаттың әркездегі көрінісі, қоғамның қайшылықтары, адам жеке басының тағдыр-талайы, қуанышы, өкініші, сезімі, арманы, адалдығы, намысы мен өксігін өрнектеген. Өне бойында жазушы, өнертанушы, ақын, драмашы, аудармашы, саясаттанушы, тарихшы, мәдениеттанушы, көсемсөзші, энциклопедиялық білімге ие ғұлама, ойшылдың таланты тамаша тоғысқан Әбіш Кекілбай ‒ шын мәніндегі құбылыс.






















Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ә.Кекілбаев . Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы.

Әңгімелер мен хикаялар. 6-том - Алматы: «Жазушы», 2010. -320 бет

  1. Қадыр Жүсіп. Шың мен Шыңырау.

Ә. Кекілбаевтың прозасы хақында (әдеби сын - зерттеу), - Алматы: «Арыс» 2000. - 134 бет

  1. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы ЖББМ 6- сыныбына арналған оқулық

Алматы: «Атамұра», 2011. - 98 бет

  1. Ә. Кекілбаев. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Алматы: «Жазушы», 1989ж

  2. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы ЖББМ 6-сыныбына арналған оқу құралы

Астана: «Арман - ПВ», 2011 ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!