Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романындағы Әбілқайыр бейнесі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мекеме атауы: «Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Ауданы: Созақ ауданы
Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Әбіш Кекілбаевтың «Үркер»
романындағы Әбілқайыр бейнесі»
Бағыты: Тарихи тұлғалар
Дайындаған: Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің
8-сынып оқушысы Кеңесбай Аяжан Жарасбайқызы
Жетекшісі: Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Байұзақова Мақпал Жүнісбекқызы
Аннотация
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармалары жайлы зерттеулер жоқ емес. Дегенмен де азаматтық үні, ұлттық болмысы, заманның өрелі де келелі мәселелерін көтерген шығармашылығы арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы бір тың да күрделі тақырыпты ашуға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты: Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең
жас ұрпаққа Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеу, адам жанын ізгілендіру мақсаты көзделді.
Зерттеудің міндеттері:
- Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романына талдау жасау.
- Әбілқайыр бейнесі арқылы тарихи тұлғалардың рух жігерін дәлелдеу.
- Тарихи тұлғалардың ұлылығын, қадір-қасиетін, тарихтағы алатын орнын сипаттау арқылы достарым мен замандастарымды адами қасиеттерге, өзін-өзі тануға тәрбиелеу.
- Зерттелген материалды бір жүйеге келтіру.
Зерттеудің құрылымы:
Зерттеу жұмысым кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Әбіш Кекілбаевтың шығармалары
2.2. «Үркер» романы
2.3. «Үркер» романындағы тарихи тұлғалар. Әбілқайыр бейнесі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
«Әбекең – әлемдік өркениетке ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Көркем ойдың, көркем әдебиеттің көсемсөзге жол берген тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске қол артып, уақыт мінбесіне көтерілді. Ағынан жарылды, адалынан сөйледі. Әлі де қоғам мен қауымды толғандырған келелі мәселелерге кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қайраткер сөз ұштап, шынайы пікірі мен шырайлы бәтуасын жайып салады. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Әбіш Кекілбаевтың – ақын, прозашы, драматург, әдебиеттанушы, сыншы, тарихшы, философ, сценарист, энциклопедист, өлкетанушы, жаратылыстанушы, дінтанушы, өнертанушы, аудармашы, редактор, депутат, аса көрнекті мемлекет қайраткері. Тәуелсіздікке тізесі бүгілгенше қызмет еткен азамат. Бір адамның бойына осыншама білім мен білікті, ой мен зейінді кім берді деген сұрақ көп жанның қызығушылығын тудыратыны рас. Әдебиеттегі жолын ақындықтан бастаған Әбіштің ұлттық мектебі тарихы талайға кететін, жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен киелі Маңғыстаудың бағзы баянынан да, жаңғырған жапан даланың заман ашқан аянынан да тәлім алған.
Ғылыми жобаны жазу барысында алдыма мынадай мақсат қойдым: Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең жас ұрпаққа Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өнегелі өмір жолымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеуге, оның шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу, адам жанын ізгілендіру мақсаты көзделді.
Жұмыстың міндеті: Әбіш Кекілбаевтың тарихи шығармасы «Үркер» романына талдау жасау, Әбілқайыр бейнесі арқылы тарихи тұлғалардың рух жігерін дәлелдеу, тарихи тұлғалардың ұлылығын, қадір қасиетін, әдебиетімізден алатын орнын сипаттау арқылы достарым мен замандастарымды адами қасиеттерге, өзін-өзі тануға тәрбиелеу, зерттелген материалды бір жүйеге келтіру. Ғылыми жобаны жазу барысын екі кезеңге бөлдім. Бірінші кезеңде аудандық, мектеп кітапханаларына барып, Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы мәліметтерді жинақтау арқылы зерттеудің алғышарттары, негізгі мақсаты мен міндеттері анықталды. Екінші кезеңде жинақталған дереккөздерді, материалдарды, естеліктерді негізге ала отырып ғылыми тұжырымдама жасадым.
1
2.1. Әбіш Кекілбаевтың шығармалары
Әбіш Кекілбаев – заманымыздың біртуар заңғар тұлғасы. Ә.Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Ол толғанса – роман, көсілсе көркемсөз туады.
Әбіш Кекілбаевтың таза қазақ өміріне арналған шығармаларына қарай ойыссақ, оларда туған халқының кең далада қиыншылық астында өмір кешкен, бірақ тіршілікке деген құрметі мен тілеуін жоғалтпаған өкілдерімен танысамыз. Жазушы олардың күрделі тіршілігінің жағдайларына, сыры мен толғаныстарына үңіледі. Сол арқылы өмір сүрудің мән-мағынасы жайлы ойлануға итермелейді. Қазақ өмірі қашанда даламен, туған жермен, атамекен-қоныспен байланысты. Құмды даланың жұтаңдығына көніп, тағдырына табандылық көрсеткен, қайратты, жаны таза, парасаты мол адамдар – Әбіш шығармаларының негізгі кейіпкерлері. Олардың бәрі қарапайым халық өкілдері, даланың табиғатымен туысып кеткен, кешегі қазақы тіршілікке көнбіс, қайсар ұлы мен қызы. Бүгін біз қазақы мінез-құлықтарды іздегенде Әбіш жасаған осы бейнелерге, соларды ашуға, тануға көмектесіп тұрған этнографиялық детальдар мен адам өмірінің ішкі иірімдеріне үңілеміз. Олардың ішінен ескінің көзіндей, тұрмысы ауыр болғанымен, көңілі сара Тілеуді («Бір шоқ жиде»), күйеуі майданда қаза тауып, жалғыз ұлды жеткізген қайсар кемпірді («Құс қанаты») танимыз. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ел басына түскен ащы шындықты шынайы қалпында көз алдына жайып салған «Бір шөкім бұлт» хикаятының эпиктік танымы өзгеше.
Әбіш «Абылай хан» пьесасын «халықтық қаһармандық драмалық дастан» деп атапты. Бұл атау шығарманың бүкіл рухынан, оның мазмұны мен жазылу үлгісінен туындағаны сөзсіз. Өйткені, шығарма, қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы күрестерінің ең бір шешуші тұсы оқиғаларына құрылған. Ол ұзақ уақыт қалмақ шабуылы мен жаулаушылығы астында есеңгіреген қазақ елінің ХVІІІ ғасырдағы басқыншыларға қарсы ерлік күресінің эпопеясын жыр етеді. Халықтық қорғаныстарда батырлығымен көзге түсіп, ел бастаған Абылайдың осы жорықтардағы ерен еңбегі мен басшылық қызметі арқасында қалмақтар түбегейлі жеңіліс табады. Қазақ елі басқыншылардан бір жола тазарады. Осы қозғалысты бастаған Абылай бейнесін жазушы бүкіл халықтың азаттық жолындағы туына айналдырады. Орыс отаршылдығына ұшыраған халықтың бүкіл арман-мүддесі түгелдей Абылай тұлғасымен байланыстырылып, оның сөзі мен рухы кейінгі дәуірлердегі азаттық күресі идеясына қозғаушы күшке айналады. Шығарманың символдық идеясы қазіргі тәуелсіздікке қол жеткен қазақ елінің, оның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолдағы күресімен жалғасып жатады. Пьеса жаугершілік заманның сипатын сахнада танытуға лайықталып, басты қаһарман бейнесін оның жастық шағы, жекпе – жекте қалмақ ханының баласы Шарышты өлтіруі, қапияда қолға түсіп, сол ханға пенде болуы, елге оралып хан тағына отыру оқиғаларын негізінде кеңінен ашып көрсетеді. Осы көріністердің барлығында да Абылай азаматтық мұратының биіктігімен көрінеді. Абылайдың ұлы жорығы «Азаттықтың қамы үшін, Болашақтың бағы үшін» басталады. «Қазақтың қайран даласын жағасы жайлау ел қылам, қара сирақ басқалармен тең қылам», «Білекке емес, білікке сенетін заман келгендей, білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік». Осы сөздерде қазақты ел қылу туралы үлкен мемлекеттік, қоғамдық ойлар жатыр. Астарлы сөзбен айшықталған, ойшыл түйінді қорытқан
2
осы монологтар Абылай арманы кешегі шындықты аңғартқанмен бізге бүгінгідей естіледі. Бүгінгі тәуелсіз елдің ой-мақсаты жатыр мұнда. Тәуелсіздік идеясы оның рухына сіңіп, бойын әбден билеп алған еді. «Абылай хан» атты пьеса жазуға қаламгердің баруы бойына сіңген, ойын билеген осы іске тәуекел етуі болды деп топшылаймын. Әбіш Кекілбаев тәуелсіз Қазақстанның ірі қоғам, мемлекет қайраткерлерінің алдыңғы легінде белсенді қызмет істеп, біраз шыңдалды. Ол тәуелсіздік алған кезде Президент Н.Ә.Назарбаевтың сенімді серіктері қатарында болып, жауапты қызметтер атқарды, тәуелсіздіктің басты идеологы ретінде оны баянды етуге үлес қосты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Әбекең – әлемдік өркениетке ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Көркем ойдың, көркем әдебиеттің көсемсөзге жол берген тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске қол артып, уақыт мінбесіне көтерілді. Ағынан жарылды, адалынан сөйледі. Әлі де қоғам мен қауымды толғандырған келелі мәселелерге кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қайраткер сөз ұштап, шынайы пікірі мен шырайлы бәтуасын жайып салады. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін». [3] Әбіш Кекілбаевтың Махамбет, Абай, Құрманғазы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев секілді және тағы да басқа халқымыздың алып тұлғалары туралы толқыған теңіздей толғаныстары мен желді күнгі шалқыған сар даладай тебіреністері, сондай-ақ өзінен кейінгі буындар жайында жазылған мақалалары мен пікірлері қаншама! Тағы да ол сол еңбектерінің бәрінде де сөз болып отырған объектінің тамырын тап басып, мәні мен мәйегін ашып айтады, көсіліп айтады, шешіліп айтады. Бірде бір жылтыр сөз, бірде бір сылдыр сөз көрмейсің. Оның эсселер мен мақалаларында автордың қанының қызуын, жанының жылуын бүкіл тұла бой болмысыңмен сезініп отырасың. Ә.Кекілбаев өзінің тарихи романдарында қазақ халқының өткен дәуірлердегі түрлі қоғамдық өзгерістер тұсындағы өмірін жан-жақты суреттеу арқылы сол дәуірдің шындығын сөз өнерінің көркемдік құдіреті арқылы көрсетіп, сол кезеңдегі қоғам, адам туралы кең түсініктерге жол ашады. Олар жалаң ғана суреттелмей, қазақ халқының дәстүрлік мәдениеті мен ұлттық руханиятының эстетикалық сұлулығымен сабақтастырыла өріледі. Мұнда тарих көркемдік сана тұрғысынан терең сарапталады. Тарихтағы азаттық жолындағыкүресті көркем бейнелеу Ә.Кекілбаев ұстанған ұстанымның негізгі тірегіне айналады.
Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы. Ә.Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қараймыз: Бірінші, әдеби-көркем шығармалардағы тарихи тұлғалар (Абыл, Сүйінғара, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Абылай, т.б.). Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан… Әбіш – әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Жазушының тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының бірі – Ақсақ Темір туралы. Одан соң – «Үркер» романы. Демек, оның шығармаларындағы тарихы тұлғалар – Абыл, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Қарабура әулие, Шотан, Сүйінғара батырлар, Әйтеке би –
3
біздің тарихымыздағы аса көкейкесті мәселелер болғандықтан, оларды кеңінен жіктеуге міндеттіміз.
Әбіш бейнесін сомдаған тарихи тұлғалар ішінде Әбілқайыр хан туралы жазбалардың ерекше құнды екенін айтқым келеді. Солардың бірі – жақында ғана оқуыма тура келген «Үркер» романы. Бұл — өзінің жанры жағынан қазақ елі басынан өткен аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырлар бойында орын алған ірі-ірі оқиғалар негізінен алғанда нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын дерлік тұлғалы туынды, қазақ әдебиеті қатарында белді жерден орын алатын, сонымен қатар көркемдік дәрежесі де жоғары, айрықша орамды шығарма.
Романда әңгіме болып отырған қазақ елінің, қоғамының, өмірі, әлеуметтік тартыстары, ішкі-сыртқы қатынастары XVII-XVIII ғасырларда орын алған, белгілі із қалдырған тарих желісімен, барлық елеулі кезеңдерімен негізінде үндес баяндалған, жалпы тарих межелері (тіпті нақты даталары да) толық сақталған. Мұның өзі жалпы алғанда бүкіл ел тарихымен, жекелеп алғанда қазақ даласының сол замандағы әбден шиеленіскен өмір жолымен жете хабардар екенін көрсетеді. Бұл – шын мәнісінде көп, қажырлы еңбектің жемісі. Қазақ жұртының сол замандағы тарихы, этнографиялық әдет-ғұрпы, өмір салты, үш жүздің құрамы, өзара қатынастары мен тартыстары да бірсыпыра, негізінде дұрыс қамтылады-сипатталады. Бұл да автордың осыншалық ауыр жүкті – шежірелік мәні бар қиын мәселелерді шешуді мойнына алғанын көрсетеді. Әрине, автор мұндағы жол-жөнекей, жанамалап талдауымен шежіре проблемасын түгел шешіп берді деген ұғым әсте де тумайды. Бұл әлі де талай терең және жан-жақты зерттеулерді қажет ететін проблема. Дегенмен, роман авторы өз талдауымен, өз әрекетімен қазақ шежіресінің кейбір күмәндау жүрген мәселелерін анықтай түсуде азын-аулақ үлес қосқан тәрізді. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып өмір сүруі үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Бұл күрестің ең белді жері, зор діңгегі – қазақ жеріне сан рет рахымсыз шапқыншылық жасаған, қазақ елін XVII ғасыр басында ақтабан шұбырындыға ұшыратқан жоңғарларға қарсы жүргізілген, мүмкіндігінше мықтап ұйымдастырылған ұрыс-тартысы еді. Алдымен ашып айта кетейін: бұл тартыстың да тарихи, мұндағы талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған. Әрине, көркем шығарманың өзіне тән ерекшелігі, жалпы жорушылығы болады. Бірақ болған оқиғаларды баяндаумен бағалаудың жалпы бағыты, барлық желісі әбден дұрыс, тарих тұжырымдарына ешбір қайшы емес. Сондықтан қазақтар мен жоңғарлар арасындағы тартыс жолы мен бейнесі жалпы тарих тұрғысынан да, көркем әдебиет тұрғысынан да әбден әділ берілген деп есептеймін. Роман Кеңес Одағының дәуірлеп тұрған кезінде жазылды. Алайда автор көптеген тарихи шындықты тұспалдап жеткізе білді. «Үркер» Әбілқайырдың Ресейге өз еркімен қосылу үшін хат жазып, жауабын тағатсыз күтіп жатқан эпизодтан басталады. Сол тарихи хаттың жалған аудармасы тек жазушы Кекілбаевты емес, әрідегі бүкіл Алаш ардагерлерін, сол кезеңді мұқият зерттеп, Кіші жүздің Ресей басқыншылығына қарсы ғасырлар бойы күрескенін жақсы білетін И.Крафтты да жаңылыстырған болатын. Бұл жалған аударма
1999 жылға дейін, яғни түпнұсқа оқылғанға дейін қаншама зерттеушілерді
4
жаңылыстырды? Сөйтсек, Әбілқайыр хатының түпнұсқасы мен орыс тіліндегі аудармасының арасы жер мен көктей екен (А.Исин. Әбілқайыр хатын қалай оқыған дұрыс. Абай, 2-2001). Әбілқайырдың ақ патшаға өтініші тек башқұрт халқымен арадағы қарым-қатынасты қайта орнату турасында ғана еді, ал бодандық туралы сөз жоқ болып шықты. Нақ сол тұста бодандық туралы сөз болуы да мүмкін емес еді. Себебі осы кезге дейін айтылып келгендей, жоңғар халқы емес, Ресей тарапынан ұйымдастырылған Ақтабан шұбырынды оқиғасынан соңғы соғыстан Әбілқайыр жеңімпаз болып шықты.
Роман қазақ халқының басынан өткен аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды негізге ала отырып, нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылғаны белгілі. Шығарманың сол кездегі саяси идеологиямен санаса жазылғандығы 1981 жылы жарық көрген романының аннотациясында ашық айтылған: «Әбіш Кекілбаевтың бұл кітабы Қазақстанның Россияға қосылуының 250 жылдығына орай жазылған... Шығарма халық тағдырының алды үмітсіздеу, белгісіз бір кезеңінде Әбілқайыр ханның орыс патшасына бодан болуға рұқсат сұрап, елші жіберіп, соның жауабын сарыла күткен күпті күйін суреттеуден басталған. ...Романда Қазақстанның Россияға қосылуының табиғи заңдылығы шынайы көрініс тапқан». Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір құбылыстары — бәрі де оның негізгі қаһарманы Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой-елегінен өте көрсетіледі. Осы тұрғыдан Әбілқайыр есімі романның екінші аты болуға да лайық. Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді. Ең алдымен, ол — хан тұқымы, сұлтан. Осы тұқымға тән билікқұмарлық, эгоистік сезімдерден де ол құр емес. Жазушы оның сұлтандық психологиясына да үңіле біледі. Оның көз алдына көкпен таласқан күмбез бен алдында жыртылып-айырылып тұрған қалың казақ елестеуі де осы сезімнің көріністері.
Романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді. Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар атын тартып мінгенде де, ол інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Осыны байқаған Әйтеке би: «Төренің бағы — қарашаның қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен» — депті. Әйтеке сөзі хан тағына отырғаннан кейін де Әбілқайырға сабақ боп қалғаны аңғарылады. Роман оқиғаларына естелік күйінде, лирикалық шегіністер арқылы араласатын Төле, Әйтеке, Қазыбек билер бейнелерінде де әділдік аңсаған халық ойларының, даналықтың сипаттары жинақталған. Жалпы романда қазақтың халықтық қасиеттері, ұлттық психологияға тән жақсылық пен жиренішті кемшіліктер сүйсіне, қазыла айтылады. Олардың көбі аталған халық өкілдерінің көзқарасымен сұрыпталып беріледі.
Романда игі істің басында тұрған Әбілқайыр ханмен бірге бірталай батырлардың жарқын образдары жасалады. Олардың ішінде Бөкенбай, Есет, Жәнібек батырлар ерекше көзге түседі. Ел қорғау, кек қайтару жорықтарында ерлігімен көзге түскен бұл батырлар нағыз халық қамқорлары ретінде суреттеледі. Ел тағдырын Әбілқайырмен бірге ойлап, оның идеясының іске асуына тілек те, білек те қоса біледі. Сайып келгенде, романның негізгі мазмұны, идеялық нысанасы – қазақ елінің Ресеймен одақ болу, ынтымақтасу қажеттілігін дәлелдеу,
5
мұның бірден-бір дұрыс, нағыз
прогрестік жол екендігін айқындау, ашып айту. Сондықтан да еңбектің
құрылысы – «Тығырық», «Елшілік», «Арбасу» және «Айқас» деп аталатын
бөлімдері – жаңағы алға қойылған проблемаларды көркем шығарма
құралы – тілі арқылы көрсетуге бағындырылған. «Үркер» — реализмі
бай шығарма. Онда сол кездегі қазақ қоғамының өмірі, оның көрші
елдермен тартысты тіршілігінің алуан түрлі шындығы терең
суреттелген. Жазушы тарихи оқиғалар ізін сақтай отырып, сол арқылы
ел тағдыры, халық өмірінің кешегісі, бүгінгісі, ертеңі жөнінде
ойланады. Әбілқайыр ұстаған жолдың көрегендігін дәлелдейді. Романда
қазақтың ұлттық ерекшеліктері, халықтық салт-санасы,
ұғым-түсініктеріне қатысты материалдар мол келтіріледі. Автор
жақсыны мадақтай, ұнамсыз жайларға сын көзімен қарай жазады.
Әсіресе Мәртебе, Құлтөбе, Ордабасы жиындарындағы үш атыраптан бас
қосқан елдің думанды мерекесі — реалистік бояуы қанық суреттер. Осы
жиындар мен ондағы ел тіршілігі, аға билердің өнегелі сөздері халық
санасында қалыптасқан шешендік өнер поэтикасына негізделеді. Роман
айтар ел тағдырына қатысты ақылды ойлар, халықтың мінез-құлқы сол
елдің мекені болған даланың кеңдігін бейнелейді. Халықтық
характерлерде де осындай сипат басым. Ерлік те, сөз ұстар тапқырлық
та сол ортаның шындығынан туады.
Романда кіші жүз руларының Ресей империясына қосылған кездегі
жағдайы суреттеледі. Шығарма негізгі төрт бөліктен тұратынын
жоғарыда атап айттым. Үркер романы - қазақ елі басынан өткерген аса
ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі
оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих
шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Ол әдебиеттегі тарихи
шығармалардың қатарында белді жерден орын алатын, көркемдік
дәрежесі жоғары, айрықша орамды шығарма. Роман мазмұны, ең
басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы,
дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп
жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығармада талай тар
жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де,
әділетті де айтылған. Шығарманың басты кейіпкерлері – Тәуке,
Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан
сөйлеген билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке. Бұдан басқа персонаждар
ойдан шығарылған адамдар емес, өмірде, тарихта болған, қоғам
өмірінде өшпес із қалдырған тұлғалар, қайраткерлер. Бұл шығарманың
басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы – ол
түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы. Сондықтан да
бұл шығарма шын мәнісінде тарих шежіресіне құрылған тарих жанрына
жататын туынды. Мұның өшпес маңызы мен тарих төрінен алатын орны
орасан зор. Қазақ хандықтарының Ресей империясына деген
көзқарасы, бұған байланысты бұл мемлекетпен жақындасуға, мүмкін
болса тіпті одақ жасауға бағытталған ниеттері мен әрекеттері әр
жақты әңгімеленген. Бұл да, әлбетте, әбден орынды, екі ел
арасындағы елшілік қатынастырды көрсету арқылы баяндалған. Бұл -
тарихи шындыққа әбден жақын. Шығармада суреттелген шытырман
жағдайларда, қазақ жері мен елінің тағдыры қыл үстінде тұрғанда,
бостандығы мен дербестігінің сақталуы қауіпті жағдайда болып
жатқанда, халық кемеңгерлігінің көрінісі керемет
көрсетілген. Өмірлік мән бұл мәселелерде жан-жақты, орынды
айтылған. Бұл арада ел ойы мен тілегі, замана талаптары тапқан
Әбілқайыр ханның, оның толып жатқан жақтастарының
әрекеттері жан-жақты
6
талданып, барлық
жақтарынан бірдей, қайшылықтарымен бірге баяндалған. Әбіш
Кекілбаев алдымен кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылу
жөніндегі антын әр жақты сипаттап, қазақ елінің Ресейдің қол астына
қарау процесін сипаттайды. Бұл – нағыз өмір шындығы. Бұл роман
қазақ елі өміріндегі аса қиын, асулы кезеңдерді қамтитын,
әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін әңгіме ететін кең шығарма.
Тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық рөлінің маңызы жағынан да,
көркемдігі мен тіл тартымдылығы жағынан да "Үркер" романы қазақ
әдебиетінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алған құнды
шығарма.
Шығарманың барлық басты
персонаждары – кейіпкерлері – айталық, Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай,
Тевкелев немесе белгілі билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке және басқалар
әсте де ойдан шығарылған пенделер емес, өмірде, тарихта болған,
қоғам өмірінде өздерінің істеріне қарай белгілі дәрежеде із
қалдырған нақты адамдар, үлкенді-кішілі қайраткерлер екенін айтып
өттім. Әрине, романда автор ойынан шыққан, керекті жерінде
қажетімен кіргізілген кейіпкерлер де жоқ емес. Бұлар да көркем
шығармада кездесіп отыратын әбден табиғи құбылыс. Бұлар өздерінің
бояуларымен, іс-әрекеттерімен шығарма мазмұны мен іреңін кемітіп
тұрған жоқ, қайта кеңейтіп, айрықша
ашып тұр. Сонымен, бұл
шығарманың ерекше айырмашылығы мен артықшылығы сол – ол түгелдей
өмірде болған адамдардың өздері мен нақты (жағымды да, жағымсыз да)
істеріне негізделіп құрылған. Сондықтан да бұл- шын мәнісінде тарих
шежіресіне құрылған тарих жанрына жататын туынды. Мұның өшпес
маңызы мен тарих төрінен алатын орны алдымен
осында.
Еңбекте одан әрі талай жылдар бойы жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізілген жауынгершілік кезеңдерде қазақ елінің, қазақ хандықтарының Россия империясына (патшалығына) деген көзқарастары, бұған байланысты бұл мемлекетпен жақындасуға, мүмкін болса тіпті одақ жасауға бағытталған ниеттері мен әрекеттері әр жақты әңгіме болады. Бұл да, әлбетте, әбден орынды, өз дәрежесінде, екі ел арасындағы елшілік қатынастырды көрсету арқылы баяндалған. Бұл арада айрықша атап өтетін бір жағдай сол – бұл құбылыс әдеттегідей, бұрынғы әдеби деректердің көбінде бір жақты айтылатындай емес, жан-жақты, яғни мұның жағымды да, жағымсыз да жақтары бірдей, барынша объективтік түрде сипатталған. Бұл тарихи шындыққа әбден жақын. Өйткені сол заманда қазақ жұртшылығының бәрі Россиямен елдесуді жақтады десе, шындықтан гөрі өтірікке жол бергендік болар еді. Автордың тағы бір әділдігі дәл осында.
2.2. Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романы туралы
«Үркер» романының тақырыбы мен идеясы туралы әдебиеттану ғылымында кеңестік дәуірде қалыптасқан пікірлер бар. Ол пікірлер бойынша, «Үркер» тақырыбы — Қазақстанның Ресейге қосылуы, идеясы — Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы. Романда суреттелетін оқиғалардың қалың тобын саралағанда, бұл пікір дұрыс. Бірақ мынаны ескеру керек: «Үркер» — тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кең құлашты күрделі роман. Ал тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын, қоғам болмысын тереңнен толғайтын кең құлашты, күрделі романның бір ғана тақырыбы, бір ғана идеясы болуы шарт емес. Шығармада негізгі тақырып пен
7
идеяны толықтырып тұрған басқа да көптеген жеке тақырып, қосымша идеялар бар. Қазақстанның Ресейге қосылуы — сол тақырыптардың бірі, Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы — сол идеялардың бірі. Күрделі шығармадағы әр алуан жеке тақырыптардың басын біріктіріп, бір бүтін күрделі болмыс деңгейінде тұтасқан өмір құбылыстарының тобы — оның негізгі тақырыбы. Осы тұрғыдан келгенде, мынадай тұжырым жасауға болады: «Үркер» романының негізгі тақырыбы- қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы — ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі.
Автор тарихи кезең оқиғалары арқылы кейіпкерлерінің психологиясын, ішкі және сыртқы саясат бағыттарын бағдарлау, таразылау қабілетінің ауқымын танытады. Тарихи оқиғалардың түп негізінде жатқан көкейкесті ой-мұраттардың ерекшелігін, жеке адам мен тарих арасындағы қатынастың саяси-әлеуметтік және психологиялық алғышарттары мен нәтижелерінің сырларын танытады. Соған орай, тарихи оқиғалармен өзектес, тамырлас алуан сипаттағы саяси-әлеуметтік құбылыстар және қаһармандардың іс-әрекеттерінің түп негізінде жатқан объективтік, субъективтік мүдделер романның тақырыптық-идеялық өзегіне айналады. Шығарманың тақырыптық-идеялық бітімі саяси-әлеуметтік мазмұн тереңдігімен ерекшеленеді.
«Үркер» романының композициясы күрделі. Композиция дегеніміз — көркем шығарманың мағыналық-құрылымдық жүйесі деген түсінікті білдіреді. Роман композициясының ерекшелігін сипаттайтын екі түрлі тәсіл бар: а) оқиғалар ағынын хронологиялық кезеңімен баяндау; ә) оқиғалар ағынын Әбілқайыр ханның ой сарабына салып суреттеу. Кейінгі жағдайда оқиға желісі Әбілқайыр ханның өткенді еске алған монологі арқылы тартылады. Осы екі тәсілдің ретті қайталануы шығарманың мазмқұын пішінге көшірудің, басқаша айтқанда, композиция түзудің үлгісі болып табылады. Романға арқау болған қат-қабат, шытырман оқиғаларды осындай тәсілде кезең-кезеңімен, рет-ретімен белгілі бір құрылымдық жүйеге түсіруде өлшемді, мөлшерлі үйлесім бар. Ол -жазушының келісті композиция түзудегі шеберлігінің нәтижесі.
«Үркердің» тарихи негізі мынадай бірнеше сала дерек көздерінен тұрады: а) тарихи құжаттар мен зерттеулер; ә) халық ауыз әдебиетінің үлгілері (тарихи өлеңдер, жырлар, аңыздар); б) этнографиялық дерек көздері; в) әдет заңының ескерткіштері. Көрсетілген дерек көздерінің роман арнасында атқаратын қызметтері алуан түрлі: тартыс сипатын ашады; сюжет желісін құрайды; мінез даралау құралы қызметін атқарады т.б. Жинақтап, жалпылап айтсақ, аталған дерек көздері «Үркер» романының танымдық, тағылымдық және көркемдік-эстетикалық мәнін ашады. Романның тарихи негізін құрайтын әр оқиғаның мынадай құрамдас бөліктері бар: мазмұны; субъектісі; объектісі; болған жері; болған уақыты; болған себебі; салдары; амалы; құралы. Тарихи кезең шындығы аясындағы оқиғаның осындай құрамдас бөліктерін жазушы өзінің шығармашылық мақсатына сай өзгертіп, толықтырады, тиісті көркемдік шешім жасайды.
Әбілқайыр тұлғасы көпқырлы, терең сырлы. Оны өзгелерден даралап көрсететін бірнеше ерекшелік бар: а) хан; ә) ақылға да, айлаға да жүйрік; б) тарихи дәуір мен тарихи оқиғалардың ең өзекті, мәнді сипаттарын, саясиәлеуметтік барлық қыры мен сырын өзгелерден терең пайымдайды;
8
в) дәуірдің басты саяси оқиғасында батыл шешім қабылдайды; г) халыққа игілікті деп қабылдаған шешімдері мен істері үшін маңындағылардың дұшпандығы мен жаулығына шыдайды; д) қарақан басының қамы мен халық мүддесі заман ағымының беталысына қарай кенеттен келісім тауып, жарасады және т.б.
«Үркер» Әбілқайыр ханның орыс еліне жіберген елшісінен хабар күткен күпті ой, дүдәмал күйін суреттеуден басталады. Елшіден хабар келгенше ханның ойына өткен күндер оқиғаларының нешебір тізбегі келіп, нешебір тізбегі кетеді. Бұл екі ортада оның кенжеден шыққан кішік күйінен бастап, тәж бен таққа дейінгі шытырманды, көпсатылы жолы мен жай-күйі түгел көрініс берген.
Әбілқайыр әуелде бойын жасырып, мұратына жеткізер жолды алыстан барлайды. Іске де, сөзге де мығым. Хан тағына алып баратын ағалық жол басқанікі болғанымен, ойының саралығы, ісінің даралығы жағынан бұл өзге сұлтандардан әлдеқайда үстем, биік. Ол өзінің осы қасиетін біліп қана қоймайды, сол қасиетінің қадіріне өзгелердің де жеткенін көздейді. Осы мақсатына сай, ол өзінің өзгелерден артықшылығын тура билердің, ұлыс ақсақалдарының, аты шыққан, халыққа еңбегі сіңген батырлардың көзіне көлденең тартып, көрсете береді. Ә дегенде, ол Мәті би алдында әділ, құралайды көзге атқан мерген деген атқа иеленеді. Одан беріде, жау мергеніне қарсы жалаңаш қылышпен шығып жеңіске жеткенде, батыр деген қадірі басым тағы бір атаққа жетеді. Өзін ел билігіне араласушы, қол бастаушы беделді тұлғаларға толық танытып алғаннан кейін, Әбілқайыр енді олардың біразын өзіне біртіндеп борыштар, қарыздар етудің жолын қарастырады. Алдына арыз айта келген бір топ биді Жәнібекке, Жәнібекті өзіне борышты етуі, сол арқылы тұтас ұлысты өз қабағына қарату айласы Әбілқайыр ойының осындай бұлтарысты, бұқпасы көп, шиырлы сипатын танытады. Оның бұл тұстағы мақсаты — «Әйтеуір Жәнібек еліне айдарынан жел есіп риза болып барса болды. Әйтеуір, бұдан былай бұның аты аталғанда елеңдеп тұрса болды». Міне, Әбілқайыр іргелі мақсатқа қол созғанда, осы секілді әрекеттермен үлкен жетістіктерге жетеді: мерген десеңіз — мерген, батыр десеңіз — батыр, ақылды десеңіз — ақылды, айлалы десеңіз — айлалы, әділ десеңіз — әділ, сегіз қырлы, бір сырлының дәл өзі болып шығады.
«Үркерде» отарлау аппаратының басшылары мен Әбілқайыр ханның ел мен жер тағдырына тікелей қатысы бар шешімдері мен іс-әрекеттерінің мынадай алғышарттары көрсетіледі: а) тарихи; ә) саяси-әлеуметтік; б) психологиялық; в) логикалық. Шығарма жүйесінде бұлар ойға алған, істелер және істелген істердің әрі алғышарты, әрі негіздемесі, дәлелі қызметтерін қатар атқарады. Отарлау аппаратының басшылары мен Әбілқайыр ханның шешімдері, іс-әрекеттері, олардың алғышарттары мен негіздері, салдары өзара тығыз сабақтастықта суреттеледі. Олардың әрқайсысының мінезі, мүддесі, дүниеге көзқарасы біртіндеп ашылып, халықтық, мемлекеттік мәні бар ойлары мен шешімдерінің жетілу, іске асу сатылары күрделі процесс түрінде бейнеленеді.
Әбілқайыр ханның бейнесі — жазушының тарихи түлғадан әдеби кейіпкер жасау жолындағы үлкен табысы.
«Үркер» романының халықтық сипаты. «Үркерде» қазақ халқының Ресейге қосылуы туралы саяси ой хан басынан ғана шығып, ханның халықтан жасырын қабылдаған шешімімен ғана нақты іске ұласпайды. Осы саяси ой мен шешімге, оның айналасындағы тарихи-саяси оқиғаларға белгілі дәрежеде
9
халықтық сипат дарытатын мынадай факторлар бар: а) ханның Ресейге бодан болу туралы шешімі Бөкенбай секілді батыр тарапынан да қолдау тауып, тікелей соның қостауымен жүзеге асады; ә) хан шешімі нақты мезгіл мен мекен, тарихи ахуал жағдайында батырдың өзінің де, қол астындағы жұртының да күнделікті мүдделерімен сәйкес келеді.
Елді сыртқы жаулардың шапқыншылығынан қорғау, елдің тәуелсіздігін,түтастығын, ынтымағы мен бірлігін нығайту тарихтың қай кезең, қай дәуірінде де мемлекеттік басқарудың, мемлекет басшысының басты мақсаты болған. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандары үшін де мұндай мақсат жат болмаған. Бірақ олар мұндай мақсатты өз хандықтарының шегінде ғана ұстанды, сөйте тұра іштей шексіз билікке ұмтылды. Мұндай саяси-пенделік тілек олардың бір-біріне деген дұшпанның ниеттерін қоздыра түсті. Қазақ елінің ынтымағы мен бірлігі, мемлекеттік тұтастығы мен тәуелсіздігі туралы саяси идея жекелеген тұлғалардың ғана ойында тербелді. Ел басқарған хандар мен сұлтандардың әрңайсысы өзінің жеке билігін арттырудың бірден-бір тиімді әрі сенімді жолы өзгелерден бұрын іргесіндегі іргелі елдің қолтығына кіріп алу деп білді. Әбілқайырдың орыс патшасына бодан болу туралы тілегі осындай саяси-тарихи ахуал жағдайында пісіп-жетілді.
Әбілқайырдың халық қамын ойлап-толғануы және бұл ой-толғаныстардың оны Ресеймен жақындасу туралы шешімге алып келуі — бәрі дәлелді, әсерлі суреттеледі. Ел басына күн туған қиын-қыстауда хан өз жекебасы үшін ғана емес, ел тағдыры үшін де игілікті деген жолды таңдайды. Мұның өзі ханның сыртқы саясаттағы біліктілігі мен алғырлығының белгісі деуге лайықты. Егер жазушы шығармада Әбілңайыр тек қана өз билігін арттыруды, бәсекелес сұлтандарға қарсы күресте Ресей патшалығына сүйенуді ойлағандықтан ғана осындай жолды қалады де-ген көзқарасты ұстанар болса, онда хан бейнесі ұсақтап, жүдеу шыққан болар еді. Автор Әбілқайыр ханның Ресей қарамағына бодан болып енуінің басты себептерін көрсетеді: а) ханның жекебасының есебі; ә) хандықты қоршаған елдермен саяси қарым-қатынастың бағытбағдары; б) қалыптасқан әскери-соғыс жағдайы; в) елдің ынтымағы мен бірлігін сақтау. Хан Ресейге арқа сүйеу арқылы сыртқы жауларының шапқыншылық қаупінен құтылу мен өз ортасында хандың тұғырын нығайтуды бірдей көздеді. Бұл жерде ханның жеке тілек-мұраттары мен халық мүддесі белгілі дәрежеде қабысады. Романдар өзегінде Әбілқайыр ханның осындай екі жақты болмысы шынайы көркемдік шешімін тапқан.
Жазушының адам мінезін даралаудағы суреткерлік шеберлігі «Үркер» романының мазмұны мен пішінінің бірлігінен көрінеді. Автордың бұл орайдағы табыстары Әбілқайырдың бейнесін жасау тәсілдерінен аңғарылады. Мына үзіндіге көңіл бөлейік: «Мөлт қара сақал-мұрт қыбырсыз. Бозарыңқы дүрдік еріндер бір-біріне жабысып қалғандай… Тіп-тіке қарайтын дөңгелек жүз, сыз қабаң ақ сұр кісінің бет алды тұнған сабыр. Шығыңқы шықшыт сүйек пен шытыныңқы қабақтар ғана іште жатқан шытырман ойлардан нышан байқатқандай. Бұл — портрет жасаудың үлгісі. Жансыз келбеттің суреті емес, психологиялық портрет. Жазушы кейіпкерінің бет жүзіндегі ерекше белгі-нышандарды көркемдік бейнелеу құралдары арқылы дүркін-дүркін баса көрсетеді, мінезге тән кейбір дара қасиеттерді аңғартады, одан соң біртіндеп
10
кейіпкердің психологиялық қалпын көрсетеді. «Үркерде» Әбілқайырдың мынадай ойлары беріледі: «…бүгін биенің құйрығы, ертең түйенің құйрығы болып қырық құбылып отырар жайым жоқ…», «қоянның құйрығындай күнде қыпылықтап отырғаннан обал-сауабыңды біреуге артып, тыныш отырғанды жөн көрмеп пе еді?»
Бұл — мінездеудің үлгісі. Кейіпкерінің ойы мен сезіміндегі күй оның ішкі сөзінен танылады. Сонымен бірге кейіпкердің осы сөзінде оның мінезін даралайтын ерекше айшық бар. «Биенің қүйрығы болу», «түйенің құйрығы болу» секілді метафора, «қоянның құйрығындай күнде қыпылықтап отыру» секілді теңеу арқылы берілген ойлардың мынадай сипаттары бар: терең әрі бейнелі; тыңдаған жұрттың ойы мен сезіміне бірдей әсер етеді. Портрет те, мінездеу де, олардың шегіндегі бейнелеу құралдары да Әбілқайырдың ойлау ерекшелігін, сөйлеу мәнерін танытуға, мінезін даралауға, бейнесін сомдауға қызмет етеді.
«Үркер» романының тілі ажарлы, көркем. Авторлық баяндау да, кейіпкерлер тілі де айшықты бояуларға, астары терең сөздер мен тіркестерге бай. Мысалы, Мәті бидің: «Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты…» дейтін теңеуі бар. Теңеудің пәні — бедел, образы — «күдіре желке көк төбет», белгісі — «есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын». Бедел туралы әдебиетте де, тұрмыс-тіршілікте де аз айтылмайды, бірақ оның мәнісін Мәті би сияқты күрделі теңеумен бейнелі, анық, дәл, терең ашып берген ешкім болған емес. Әбілқайырдың ойының бір иірімін жазушы метафоралық қолданыстағы сөздердің желісімен жеткізеді: «Орнымен пайдаланса, орыстар мен қазақтар арасындағы мүдделер ортақтастығы саулап түрған сиыр ғой… Мүдделер тіл табысатын жерде қарағайдай мүйіздің қайраты емес, қаймыжың еріннің айласы керек». Орыстар мен қазақтар арасындағы мүдделер ортақтастығының мәні матафоралық тәсіл арқылы қалың жұрт үшін барынша түсінікті және бейнелі сипатталған. Қаламгер тілінің көркемдігін, бейнелеу құралдарының байлығын осындай тың теңеулер, эпитеттер мен метафоралық қолданыстар білдіреді.
«Үркер» Әбілқайыр ханның көңілінде ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі туралы үміт отының жануымен аяқталады. Оның өзі ханның маңдай алдынан көтеріліп келе жатқан топ үркердің әлсіз бозаңытқанындай. Қазақ халқының басынан өткен тарихи кезеңнің шындығын үлкен эпикалық түр көлемінде суреттеген әдеби шығармалар тобында Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романына тән басты ерекшеліктер мынадай: а) тақырыптық-идеялық өрісінің кеңдігі; ә) саяси-әлеуметтік мазмұнының тереңдігі; б) суреттеу жүйесінде эпикалық амалдан гөрі лирикалық суреттеу амалының басымдығы. Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы — XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің үлкен жетістігі.
Түйіні: «Үркер» романы – тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық ролінің маңызы жағынан да, көркемдік құндылығы мен тіл тартымдылығы жағынан да түбінде, ертелі-кеш, қазіргі маңызы зор қазақ әдебиетінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алатын сегіз қырлы бір сырлы шығарма.
Бүгінгі біздің оқып көріп отырғанымыз автор жоспарлап, жазып оқырман қауымға ұсынғаны Қазақстанның Россияға қосылуының
250 жылдығына (1981 жылы аталып өтетін) тарту ретіндегі көлемді туындысының
11
тек бірінші кітабы көрінеді. Ал мұның қазір жазылып жатқан жалғасы — екінші кітабы қазақ елінің Россияға қосылу процесін – аса тарихи асулы кезеңдердегі әлеуметтік өмірін барлық жағынан бірдей баяндайтын жыр болмақ. Міне, сонда, шебер қаламгер Әбіш Кекілбаев қолы мен талантынан туған «Үркер» романының қазақ халқы басынан өткен екі ғасырға жуық ұзақ өмірді еске салатын, қазіргі мен болашақ ұрпақтардың игілігі ететін шын мәнісіндегі эпопея болатындығына ешқандай күмән жоқ.
Сондықтан мен, сөз жоқ, болашағы мол бұл еңбектің кеңінен жарияланып, жұртшылығымыздың игілігі болуын қолдаймын.
2.3. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар. Әбілқайыр бейнесі.
«Өткен күндердің ащы шындығын көрсету арқыл келешекке де жарық сәуле түсіруге болады. Оның тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының өзекті ойы, біздіңізше, осындай»
Геральд Бельгер
Әбіш Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қарауға болады. Бірінші, әдеби-көркем шығармаларындағы тарихи тұлғалар (Сүйінғара, Бекет Ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан т.б). Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан.
Әбіш романдарын сөз еткенде, алдымен «Үркер», «Елең-алаң» еске түседі. ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан басталған қазақ тарихына деген бетбұрыс ұлт тағдырын ойлаған қаламгерлердің ешқайсысын енжар қалдырған жоқ. Халқының өткені мен бүгінгісін барлай отырып, тарихтың
ұзақ тартыстарында елдігін, ұлттық намысын сақтап қалған халықтың ерлік күресі көп шығармаларға арқау болғаны белгілі.
Шығармада суреттелген шытырман жағдайларда, қазақ жері мен елінің тағдыры қыл үстінде тұрғанда – бостандығы мен дербестігінің сақталуы қауіпті жағдайда болып жатқанда – халық кемеңгерлігі нышанының көріне бастауы, барар жер-басар тауды іздеуі әбден табиғи нәрсе. Өмірлік мәні бұл мәселелер де жан-жақты, орынды айтылған. Бұл арада барынша басып талданған нәрсе сол – жалпы алғанда ел ойы мен тілегін, замана талаптары тапқан Әбілқайыр ханның, оның толып жатқан жақтастарының әрекеттері, барлық жақтарынан бірдей – барлық қайшылықтарымен бірге баяндалған. Мәселен, автор алдымен кіші жүз ханы Әбілқайырдың Россияға қосылу жөніндегі антын әр жақты сипаттайды. Сөйтіп қазақ елінің Россия қол астына қарау процесін сипаттайды. Бұл – нағыз өмір шындығы.
Сайып келгенде, романның негізгі мазмұны, идеялық нысанасы – қазақ елінің Россия елімен орыс халқымен одақ болу, ынтымақтасу қажеттігін дәлелдеу, мұның бірден-бір дұрыс, нағыз прогрестік жол екендігін айқындау, ашып айту. Сондықтан да еңбектің құрылысы – тығырық, елшілік, арбасу және айқас деп аталатын бөлімдері – жаңағы алға қойылған проблемаларды көркем шығарма құралы – тілі арқылы көрсетуге бағындырылған. Бұларда қазақ елінің сол
замандағы ауыр жағдайларын, түрлі әлеуметтік жіктер тартыстарды барынша
12
толық талдау арқылы
бірден-бірге Россиямен жақындасу, одақтасу мәселесіне әкеліп
тірейді. Автордың бұл ниетін, шығармада қолданған бұл әдістерін
түгелдей құптамауға болмайды. Дәл осы арада, реті келіп тұрғанда,
шығарманың көркемдік құндылығы жайында бір ауыз сөз айтпауға болмай
тұр. Шығарманың тақырыбы нақты тарихи-әлеуметтік мәселе болғанымен
қазақ елінің, халқының, бойындағы талап тамаша қасиеттері: ежелгі
парасаттылық-адамгершілік, әділділік, жақсылықты дәріптеушілік,
озат өнерге ұмтылушылық, сөз қадірін жете білушілік және басқалар
орнымен, барынша шебер, оқушының жадында мәңгі қаларлықтай түрде
берілген; қазақ тілі қорындағы мақал мен мәтелдер, қанатты
сөйлемдер, шешендік сөздер мол қолданылған. Мәселелер, Тәукені
күллі қазаққа ортақ хан сайлап, жеті жарғының жосығын қабылдаған
ұлы жиын аяқталғасын жиылған жұрт: «Ертең елге барғанда айта
барарлық үш би бізге не дейді екен? Соны естіп кеткіміз келеді», —
деп тырп етпей тұрып алды дейді автор.
— Сонда үш биден не сұрайсыздар? — депті хан Тәуке.
Жұрт:
— Үш би бізге ең әуелі заман құлқынан үш ауыз сөз айтсын!
— Енді үш би бізге кәрілік пен жастық хақында не мәслихат қосады екен!
— Енді үш би бізге ұл мен қыз хақында не айтар екен!
— Үш би бізге енді адам құлқынан үш ауыз сөз айтсын!
(128-131 беттерді қараңыздар).
Автор осы арада бұл сұраулардың бәріне үш бидің (Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің) берген, мейлінше тауып айтқан жауаптарын толық келтіреді. Мұның өзі, бір жағынан, халық бойындағы тұнып жатқан мол кемеңгерлікті көрсетсе, екінші жағынан, роман авторының ел бойындағы осындай қасиеттерді іздеп-тауып алып, орнымен шебер бере білгендігін байқатады. Мұндай мысалдар, оқушыларды лажсыз тартатын, үйіріп әкететін терең толғаулар романда жиі-жиі кездеседі. Осылардың өзі-ақ шығарма құндылығын, халыққа әбден қажеттілігін толықтыра түседі.
Жоғарыда бір жерде атап өткеніміздей, бұл роман қазақ елі өміріндегі аса қиын, асулы кезеңдерді қамтитын, әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін әңгіме ететін, етек-жеңі мейлінше кең шығарма. Әрине, мұндай көп қанатты дүниеде азын-аулақ олқылықтарда болмай қоймайды. Ондайлар мұнда жоқ емес. Бұлардың бастылары біздің байқауымызша, мынадай: романның бірсыпыра жерінде, әсіресе, бірінші, үшінші және төртінші бөлімдердің алғашқы кіріспелерінде тым алыстан орағытушылық, айналаның тозаң әңгімесімен айналушылық бар, кейбір жерінде, белгілі оқиғаларды суреттеуде, қайталаушылық кездеседі. Мұның өзі романның ұзын-ырғасын орынсыз ұлғайтып жібереді, оқушыларын жалықтырады. Бұлармен қатар әлеуметтік, қоғамдық, мәні бар термин-ұғымдарды қолдануда алақұлалық байқалады /бұлар, әсіресе, рулардың, таптардың, халықтардың аты-жөнін айтуда жиі ұшырайды/. Кейбір халықтардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін айтуда да екі-ұшты, өкпеге тиетін сөздер кездесіп қалады /мысалы, орысқа сенбе, суға сүйенбе деген сияқтылар/. Бірақ бұлардың бәрі редакциялауда түзететін дүниелер.
Бұл романда Қазақ елінің жоңғар және басқа көрші халықтар шабуылынан ығыр болып орыс патшалығынан пана іздеуінің күрделі жағдайларын сөз етті. Ресейге қосылу процесін бастаған Кіші жүз рулары үшін де, олардың ханы
13
Әбілқайыр үшін де бұл оп-оңай іске аса қалған дүние емес еді. Басқа елдің отаршылдығынан қашып, екінші елге отар болуға мойынсыну халық үшін қолайлы емес екенін олар, әрине, білді. Бірақ амалсыздық көндірді. Әбілқайыр өз тобымен ақылдаса, кеңесе келіп, орыс патшалығы қол астына кіру арқылы басқа елдің шабуылынан, біраз уақыт тыныс алып, бейбіт тіршілікке көшуді, патшаға бағына отырып, өзінің және елінің хандық құрылымын сақтауды көздеді. Алайда патша саясаты әрі қарай тереңдеп, кейін бүкіл халықты оның жер-суын мемлекеттің меншігіне алуы, қанаудың күшейгені, осылардың мезгіл-мезгіл н.аразылықтар тудыруы жалпыға мәлім. «Үркер» романы-қазақ елі басынан өткен ауыр кезеңдерді, ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Ол әдебиеттегі тарихи шығармалардың қатарында белді жерден орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары, айрықша орамды шығарма. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығарманың басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөгенбай, Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке. Бұдан басқа кейіпкерлер ойдан шығарылған адамдар емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өшпес із қалдырған тұлғалар, қайраткерлер. Бұл шығарманың басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы – ол түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы. Сондықтан да бұл шығарма шын мәнісінде тарих шежіресінде құрылған тарих жанрына жататын туынды. Әбіш сомдаған тарихи тұлғалардың ішінде Әбілқайыр хан туралы жазбалардың ерекше құнды екенін айтқымыз келеді.
«Үркердегі» суреткерлік, жазушы машығы, образ жасаудың үлгісі сол күйінде сақталған. Бұл романында жазушы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресті таза реалистік шыншылдықпен, романтикалық шабытпен суреттейді. Осынау азаттық күресті ұйымдастырушы, бірегей қолбасшы, тарихи тұлға Әбілқайыр ханның бейнесін Аңырақай шайқасындағы асқан ерлігі мен одан соңғы Ресеймен бірлікке келу жолындағы атқарған іс-әрекеттері, елін сақтау жолындағы түсінуі қиын бағытты ұсынуының себеп-салдарын айқындау арқылы тарихи шындыққа қиянат жасамастан, тарихи дерек пен жазушы қиялының бірлігінен қиыннан қиыстыра отырып, көркемдік шындығы шымыр шығармада шеберлікпен ашады. Романда ұлттық мүдде турасынан келген шындық бар. Ертеңге үміт артқан кейіпкер- Әбілқайырдың шын сыры, өзіндік көзқарастары ішкі толғаныс арқылы беріледі. Қазақ қоғамының сол кездегі шындығын осы кейіпкерлер ой ағысы арқылы саралайды. Әбіш тілі бай, образды, ойлы. Оның суреттері де жарқын, нақты. Оның романдары шын мағынасындағы халықтық туынды. Ол-ойлап оқылатын кітап. Романда суреттелетін тарих сабағы негізінен бізге адамгершілік тағылымын ұсынады. Жазушы тарихи фактіні парасатты талдаудан өткізе алған. Сол арқылы тұтас бір кезеңнің әлеуметтік болмыс-бітімін, психологиясын, саяси жағдайын, қайшылықтары мен қайғысын философиялық тереңдікпен көрсеткен. Сондықтан «Үркер» - Әбіш Кекілбаевтың ғана емес, қазақ романының табысы болып саналады.
Ә.Кекілбаевтың қазақ тарихына қатысты зерттеулерінде ерекше орын алатын тарихи тұлғалардың бірі – Әйтеке би. Жалпы қазақ еліндегі билер
14
институтының тарихын соңғы екі ғасырда көптеген ғалымдар зерттеді. Солардың ішіндегі ең ірілерін айтсақ, ХІХ ғасырда Ш.Уәлиханов, ХХ ғасырда С.Зиманов болатын. Ал Ә.Кекілбаев Әйтеке биге қатысты барлық деректі жан-жақты зерттеген. «Жеті жарғыны» жасақтаған әйгілі үш бидің тарихтағы орнының аса үлкен екенін айта келіп, Әйтеке би туралы: «Алаш ішінде Алшыннан, Алшын ішінде Әлімнен, Әлім ішінде Төртқарадан, Төртқараның Қарашы, Қараштың Сейітқұлы». Сейітқұл болғанда, кәдімгі Әз-Тәукенің төртінші атасы, атақты Қасым хан өлген соң біраз уақ қазақ билігін қолына алған Шығай Жәдікұлы 1581 жылы ұлысымен Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, қасына төртқара Сейітқұл дегенді ерте кетпейтін бе еді, сол Сейітқұлдың дәл өзі. Сейітқұлдың сегіз баласының аты жер жарған. Ең атақтысы Жалаңтөс, сол кезде бар болғаны бес жаста екен. Сол Жалаңтөс Нұратада жүріп, Бұхар мен Тамды маңындағы қазақ ұлыстарын билеп, Ақназар ұлы Дінмұхамедтің көзіне түседі. Ол – кәдімгі Хафиз-Таныштың «Абдулла-нәмесіндегі» Дінмұхамед Қасым өлгесін шырқы бұзылған қазақ хандығының еңсесін тіктеп берген әкесі Ақназардың саясатын одан әрі жалғастырып, Абдолла әулетінен өрбитін билеушілермен батыл тайталасқа шығып, Орта Азияның кейбір шаһар мемлекеттерінің тізгінін өз қолына ала білген қазақ ханы Жалаңтөс те Дінмұхамедтің сол күресі үстінде көзге түссе керек»,- деп оның туып-өскен ортасы мен айналасындағы тарихи тұлғалар туралы нақты мәліметтер береді. Қожабергеннің «Елім-ай» атты дастаны Әйтеке бидің қайраткерлік тұлғасын ірілендіре түсетін тағы бір қасиетін ашып береді.» Ол – қазақ қауымын өрге бастыруға кедергі келтірер кертартпа үрдістерге батыл қарсы шыққандығында. Адамды, азаматты ата-тегіне қарап емес, қабілетіне қарап бағалауға үндегенінде. Сол арқылы халқына қамқор, еліне пана бола аларлық шын асылдар мен шын арыстардың көбейе түсуін көксегенінде». [4]
Қорытынды
Әбіш Кекілбаев – шығармашылық ісінде болсын, қоғамдық-қайраткерлік жұмыстарында болсын халықтық мән-маңызы бар үлкен қағидалар мен мұраттарға қызмет етіп келе жатқан ұлы тұлға. Ол халық боп қатарға қосылу үшін, ұлт ұлт болып рухтану үшін, ең алдымен, оның тарихи жалын оятып, тарихи санасын жаңғырту керек деп ұқты.
Әбіштің сыншылдық, публицистикалык еңбектері де авторының жан-жақты білімділігін, өмірді байыпты зерттеп, ол жайлы кең ойлап, терең толғайтын алымды талантын мойындатады. Ол қазақ әдебиетінің ғана емес, халық тарихының, оның мәдениетінің үлкен білгірі. Оның сыншылдық ойы ұлт әдебиеті мен мәдениетіне қатысты мәселелермен шектеліп қалмайды, оларды әлемдік үлгілермен салыстыра қарап, биік талаптар қоюмен толығады. Оны толғандырған әлемдік құбылыстар ішінде А.Пушкиннің, Л.Толстойдың, Ф.Достоевскийдің, А.Чеховтың, Т.Шевченконың және тағы басқа классиктердің мұралары ерекше орын алады.
Ә.Кекілбаевтың публицистік мақалалары мен жазбалары оның шығармашылығының көлемді бөлігін құрайды. Олар әр кезде жазылған, әр заманның сұранысынан туған. Әсіресе, тәуелсіздік алған тұста көп жазды.
15
Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті қасында ұзақ жылдар болып қызмет істеген.
Ә.Кекілбаев Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру мен бекемдеуге, парламентаризмнің дамуына, халқымыздың бірлігі мен келісіміне қажыр-қайратын жұмсады. Сондай-ақ қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеруге, Еуразиялық және әлемдік кеңістіктегі мәдениеттер арасындағы өзара байланысты тереңдетуге аянбай еңбек етті. Жалпы, қорыта айтқанда, Әбіш Кекілбайұлы еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын қайталанбас құбылыс. Ол-феномен. Ол-тұтас әлем. Ол әлем айтқан сайын тереңдей түсетін шыңырау әлем. Ол шыңыраудан әлі талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз. Ол – рухани ұлы тұлға.
Ұсыныс:
Ғылыми жоба жұмысында өзіндік ой қорыту, ғылыми тұжырымдамаларды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді:
-
Заңғар жазушы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбаевтың өнегелі өмір жолы мен шығармашылық жұмыстары кейінгі ұрпаққа жан-жақты насихаттау мақсатында «Әбіш оқуларын» жыл сайын өткізіп отыру;
-
Мектеп кітапханасын Ә.Кекілбаевтың шығармаларымен және электронды оқулықпен қамтамасыз ету;
-
Ә. Кекілбаевтың шығармашылығы негізінде қолданбалы курс, үйірме сабақтарын ашу, жүргізу.
16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы: Жазушы, 1993. -497 б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. Алматы: ҚАЗақпарат., 2005. -998 б
3. Тоғысбаев Б., Сужикова А. «Тарихи тұлғалар» «Алматы кітап» ЖШС, 2005 ж. 70 б
4. Әбіш Кекілбайұлы 8 том, Алматы «Өлке» баспасы 1999 ж, 51б
5. «Егемен Қазақстан». 24 шілде, 2009 ж, Серік Қирабаев «Суреткер»
6. «Егемен Қазақстан». 25 тамыз, 2009 ж. Темірхан Медетбек «Шыңырау»
7. «Егемен Қазақстан». 1996 жыл, Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі»
8. «Егемен Қазақстан». 16 қыркүйек, 2016 ж, Өтеген Оралбайұлы «Шандозды сағынғанда...» Халқымыздың біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлын еске алғанда жадыма түскен жазбалар
9. «Қазақ әдебиеті» № 51 (1) (3477) Әулие Әбіш әлемі
10. Самат Өтениязов «Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре»
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар 11 Желтоқсан 2015жыл
17