Материалдар / Адам болам десеңіз...

Адам болам десеңіз...

Материал туралы қысқаша түсінік
Қажет деп тапқан жандарға. жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2045
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...

Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай мақтанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз –

деп Абай атамыз өсиет айтады.Жас ұрпаққа өмір сүруді үйретіп, оның болашақ өсуі мен өзін - өзі тануы, даму жолдарын байқатар басты нәрсе ғылым деп көрсетеді. Саналы азамат болып, саналы өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек дейді ғұлама. «Оқу инемен құдық қазғандай» дейді халық. Данышпан ақын ғылымды үйреніп, білімді болу үшін жалықпай еңбек ету қажеттігін айтады. «Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүмше де өзі, молда да өзі Ғылымға көңіл бөлсеңіз» - деп ғылым үйренудің қиындығы мен бағыт – бағдарын шебер түсіндіреді. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек дейді 38- қара сөзінде - әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білем»,- деп, бұл үшеуімен аяусыз күресті де, оларды жоюдың емі - ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өзінің шығармашылығында осы үшеуін дәріптеп, бізге өсиет етті және бұл үшеуінің жасампаздық күшіне сенді. Абай атамыз «ғылым табу мен адам болу» бір – бірімен ұштасып: «Ғылым таппай мақтанба... АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ» - деп келеді де ғылым тауып, адам болу үшін не істеу керек дегенде, Абай атамыз «АДАМ БОЛУ» қағидасын ұсынады. «Бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын «Дос жылатып айтады» дегендей жеріне жеткізіп, сүйегіне өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «бес асыл ісін» өсиет етті. «Бес асыл іс» - адамгершілік этикалық әдеп нормалары. Адамзат қоғамы тарихында - жеке адамның ақылы мен мінезі, адамгершілігі жағынан өсіп- жетіліп, толық адам болып қалыптасуы – күрделі мәселенің бірі. Гуманист атаулының бәрі дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам деп түсінетін болса, сол адамның бойында ең басты сипаттар неден тұрмақ дегенге бір дәуірдің ойшылдары – ұғым – нанымы мен заман талабына орай түрліше жауап беріп келеді. Конфуций мен Лао - Цзы, Ибн – Сина мен Әл – Фараби, Кант пен Спиноза,т.б. әлеуметтік моральдық жүйені жасағанда, ең алдымен адамды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесін алға қойды.Абайда гуманистік танымы тұрғысынан өзі өмір сүрген ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында жастардың адамгершілік негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөлінеді.













«Ғылым таппай мақтанба...» өлеңінде: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз...» деп айқындап береді. «Адам болу, оған тезірек жетуге асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай: «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз...» - деп, тұжырымды жауап берді.Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар - адамдық, әділеттілік, достық, махаббат, ар – намыс, сбырлылық, батырлық, т.б. осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері ретінде «бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым» туралы даналық ой толғауын айтады. ТАЛАП. Абай 44 – сөзін « Адам баласының ең жаманы - талапсыз» - деп бастайды да талаптың түрлері көп болатынын баяндайды. Талаптың ішінде ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Сонымен бірге оқып, талапкердң өнерлі кісімен сыйлас болуының қажеттігін баса айтады. Жастарға өнер үйрететін кітаптарды оқуға, бірақ мұратты кітап бетінен емес, өмірден іздеуге кеңес береді. Абайдың түсінуінше талапсыздық түрлері - ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. «Керек іс бозбалаға талапшылдық, Әр түрлі өнер, мінез жақсы қылық, Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық», - деп Абай талаптың дарынды, ынтаны дамытатыны, сондықтан да халықтың «талапты ерге нұр жауар» деген сөзді бекерге айтпағаны туралы ой толғайды. ЕҢБЕК – дүниедегі құдретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылым ұғымдағы бірден – бір жасампаз ұлы күш- бұл еңбек. Абайдың тұжырымдауынша әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. « Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың» - дейді ақын. Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық... » - деп дүниежүзіндегі тіршіліктің жасампаз күші етіп отырған оның еңбегі, адамның адамгершілігі тек адал еңбегімен бағаланатыны айтылған. ТЕРЕҢ ОЙ – адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан – жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл ой, екіншісі – сөз. Сөз тіл арқылы жүзеге асатын болса, ойлаудың негізгі құралы - ұғым мен пікір болып табылады. Абай «Жапырағы қураған ескі үмітпен» атты өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлау керек, өйткені тек тұрақты ақыл ой әрекеті ғана кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді.













ҚАНАҒАТ. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «Қанағат» ұғымына ерекше мән береді. Қанағат - барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты ақын: «Адам баласы қанағатсыздықпен... хайуандардың тұқымын құртты...» деп мінейді. Өз заманындағы адамдардың тойымсыздығына, қанағатсыздығына ақын қатты қынжылады. «Есті кісіні тауып құрметейін десең, әділет, ұят, нысапты есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық амалға елдің бәрі есті», - деп налиды. РАҚЫМ.Рақым дегеіміз философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім – шапағаты мен көмегі. Ақын 17- қара сөзінде: «Жүрек: мен – адам денесінің патшасымын... менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй – жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанан ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегіне дөңбекшитұғын – мен, үлкен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен... Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық менен шығады» - деп жүректің қызметіне былай дейді: «Сан кісі мұңайсын, Сабырмен шыдайсың, Күйемін, жанамын, Еш рақым қылмайсың...» - деп оларды адамгершілікке шақырады. «Бес дұшпан» - Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық әдеп нормалары. Абай «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айса, «Бес дұшпанда»: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпанның білсеңіз...» деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Адамгершілікке жат, жаман қылықтар - арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық, сұмдық, пәлеқорлық, т.б. толып жатыр. Ақын сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі - өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді, елді аздыратын мінез - құлықты әшкерелеп, жұртшылықты олардан сақтандырмақ болады. ӨСЕК. Абай заманында ел арасына көп тараған, адамгершілікке жат, жаман қылықтардың бірі - өсек айту, өсекшілдік. Осы жайға реніш білдірген ақын 24- қара сөзінде қазақ ортасынан ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түздеп, бөтен жақтан түзу жол іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? деп армандайды. Өсектің қазақ ортасында көп тараған бір түрі - жалақорлық, арызқойлық, өсек, өтірік, домалақ арыздар Абай атамыздың өз атына да көп жазылғанын шығармаларын оқығанда көптеп кездестіреміз. ӨТІРІК. Ақын өтірікті «Бес дұшпанның» ең бір жиіркенішті түрі ретінде сипаттап, өз халқын осындай бір сұм кесапаттан тазартуды армандайды. Ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететін кісілерді имансыз, азған адамдарға жатқызды. Өтірікке ақын шындықты, тұрақсыздықты ақиқатты қарсы қоя білді.











«Расы жоқ сөзінің, Ырысы жоқ өзінің. Өңкей жалған мақтанмен, Шынның бетін бояды» - деп өтірік пен өтірікшілердің бет пердесін аша сынайды. Адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген тұжырым жасайды. МАҚТАНШАҚ.Ондай адамдар өзін дәріптеуді сүйетін, басқалардың алдында өзін білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөзге құмар, мақтаншақтар.Ол – надан, надан да болса адам. ЕРІНШЕК. Адамның бойына біткен жаман қылықтардың ішіндегі ең жағымсызы - еріншектік. Абайдың бізге түсіндіруінше - еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. БЕКЕР МАЛ ШАШПАҚ. Қолда бар қаржы мен мал – мүлікті дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды өлтіре сынға алған. Дәл мұндай жандар қазірде көптеп кездеседі. Бұл - өмір ғой. Мен де ондай болмауын қалар едім. Қорыта келе, Абай өз заманындағы қазақ өмірінің диалектикалық тұжырымдарында нақтылы мысалдармен, болмыстық деректермен терең талдау жасап көрсетті. Керенаулыққа - талапты, надандыққа - білімділікті, өсек пен өтірікке - шындық пен әділдікті, еріншектікке – еңбекқорлықты, мақтаншақтық пен мал шашпаққа - парасаттылық пен ұқыптылықты қарсы қоя білді дер едім. Мен «Адам болам десеңіз...» атты шығамамда Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба...» атты өлеңі арқылы ашып бергім келді. Өз халқының тағдырына тебірентіп, қолына қалам алған Абай атамыз заманының бет пердесін ашып, заман адамының бейнесін жасап, әне заманның, міне адамның , заманың тозып адамың азып барады. «Сәуле болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» деп адам болар жолды да, жөнді де айтып берді. Жиған мол білімі, өзіндік терең танымы арқылы білдіре білді. Мұны білу кейінгі ұрпақтың міндеті деп ойлаймын. «Адам болу» біз қазақтарға Абайдың шығармашылығында жетіп жатыр, соны оқып талдап нәтиже шығарайық ағайын!

















№89 мектеп – лицей Байрбекова Фарида Закировна













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ