Материалдар / Адамгершілік категорияларын тәрбиелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамгершілік категорияларын тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларда адамгершілік категорияларын тәрбиелеу. Адамгершілік категорияларын қарастыру. Жалпы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2022
224
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК ПП-5.3-91-01

Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже /

Положение о защите курсовой работы

( проекта)

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 17























БАЛАЛАРДА АДАМГЕРШІЛІК КАТЕГОРИЯЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ



Орындаған: Пазылова Томирис

Тобы: 45

Мамандығы:0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Біліктілігі:0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

Ғылыми жетекшісі:Комаева Маржан Сейфуллаевна

«Педагогика және Психология»

ПӘК оқытушысы













Семей, 2022



МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ.................................................................................................

3

I

АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСIНIН МIНДЕТТЕРI МЕН МАЗМҰНЫ


1.1

Тұлғаның қалыптасуында адамгершілік тәрбиесінің маңызы.................................. 5


1.2


Адамгершілік тәрбиесiнiн мiндеттерi мен мазмұны...........................


7


II


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ  ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘНІ.



2.1

Мектепке дейінгі мекемеде және отбасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері ............................................ 12


2.2



III


3.1


Адамгершілік саны қалыптастыру.................................................. 15



ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің жолдары.................................................................. 17









ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................


25


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................

27













КІРІСПЕ

Өзектілігі: Адамгершілік - адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кеңпейілдік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек - адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мəдени, рухани қажеттіліктің нəтижесі. Ұлы ойшылдың сөзімен айтқанда, ғылым нақты бір заттың табиғатын зерттесе, адамгершілік сол затпен, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарына бағыттайды. Ғылым арқылы білім ұшталады, шындық пен адасудың арасын көрсетеді, ал адамгершілік тəжірибе мен əдептің нəтижесі болып табылады. Нəтижесінде адамгершілік - жеке адамның өзін-өзі ұстай білуінде, мінезқұлқында, қылығында көрініс табады.

Зерттеу жұмысының болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқына мотивация жас ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір сипаттамаларға ие, бұл олардың мінез-құлқындағы әлеуметтік және жеке мотивтердің арақатынасына әсер етеді.Егерде болашақ тәрбиеші ретінде мен балалардың білім беру процессіндегі мотивтерінің ерекшеліктерін зерттеу, ынталандырудың негізгі әдістері жүйесін қарастырып балаларды ойын және басқада әдістер арқылы ынталандыру жолдарын қолданатын болсам білім беру процесі ілгері басары анық.

Зерттеудің мақсаты: Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді.



Зерттеудің міндеттері:

адамгершiлiкке тәрбиелеу ұғымына анықтама бере отырып, оның мән-мағынасына, мазмұнын айқындау;

балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың алатын орнын тексеру;

ұлттық дәстүрді пайдалану арқылы балаға адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар

Зерттеу пәні: Педагогика

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет баспалары, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, т.б. зерттеулері, сондай-ақ ғалымның пікірлеріне талдау жасап, теориялық тұжырымдарын дамытқан еңбектеріне теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педегогикалық тәжірибелер, жаңа педагогикалық технологиялар, бақылау қорытындылары.

Зерттеу жұмысының базасы: ШҚО,Көкпекті ауданы «Көкпекті – толғайлы» балабақшасы.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, іс-тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының болжамы, мақсаты, көкейкестілігі, жаңашылдығы, нысаны, міндеттері, негізгі идеясы, зерттеу объектісі, әдістемелік базасы, теориялық және тәжірибелік құндылығы анықталады.

Бірінші бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру қызметін ынталандырудың психологиялық факторлары мен жалпылама ынталандыру теориясы қарастырылады

Екінші бөлімде баланы мектепке дейінгі жастағы балалардың ынталандыруды қабылдау спецификасы әрбір жас кезеңіне сәйкес ерекшеліктері баяндалады.

Тәжірибелік бөлімде жалпы балалардың ынтасын артыруға бағытталатын түрлі әдіс – тәсілдерді қолдандым және түрлі ойын, түрлерін ұйымдастырдым.








1.1 Тұлғаның қалыптасуында адамгершілік тәрбиесінің маңызы

Абайдың қара сөздеріндегі бала тәрбиесі

Адамгершіліктің бастауы-адамның санасы. Адамзат бойындағы бар жақсы қасиет-осы сананың жемісі.

Халқымыздың ежелден-ақ кең далада кең пейілмен, өздерінің думанды той жиындарымен. Алуан түрлі әдеп – ғұрыптарымен ұл бала, қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,үнемі қырағы көзбен қадағалап отырған. Жастарға тек ата-анасы ғана емес,бүкіл ел,кең дала салты тәрбиеші болған. Қазақ сөз құдіретін бар құдіреттен артық санаған. Соның ішіндегі құдіретті сөздің бірі- Абайдың қара сөздері.


Абай атамыздың қара сөздері біздің заманымызға  айна-қатесіз келеді. Абай атамыздың «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі- ата-анадан, екіншісі-ұстаздан, үшіншісі-құрбысынан»деген сөзі текке айтылмаса керек. Мысалы адамның адамшылығы, ақылы, бойындағы бар қабілеті мен қасиеттері оған қан арқылы ата-анасынан берілсе, ғылым, білім рухани тәрбиені өз бойына ұстаздан дарытады. Сондықтан да «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз содан қалса керек.

Жақсы ана, жақсы құрбы және жақсы ұстаз... Осыған кеңінен тоқталып өтсем.Балаға ең алғаш тәрбиені үйде ата-анасы беріп, оған тәй-тәй басып жүргеннен бастап, алғаш нық сеніммен қадам басуды үйретеді. Былдырлап тілі шыққан сәбиге жақсы сөздер мен дыбыстарды ажыратуды ,жақсы мен жаманды,  ыстық пен суықты ажырата білуді,салт-дәстүрлерді,ұлттық құндылықтарды дәріптеуді үйретеді. Ата-ананың тәрбиесін алған бала мейірімді, қайырымды, , жүрегі сүйіспеншілікке толы болып өседі.  Қазақта бала тәрбиесіне көп мән берген. Сондықтан да баланың жақсы, толыққанды жан-жақты болып өсуі үшін ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдарды да бала тәрбиесіне көп қолданған. Мысалы әйел адам аяғы ауыр кезден бастап, сәбиін дүниеге алып келгенге дейін және сәби дүниеге келгеннен ер жетіп, бой жеткеніне дейін орындалатын ырымдар мен дәстүрлерді қатаң сақтауын қадағалап отырған.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал да текке айтылмаса керек. Қоғамның, елдің болашағы жастарды тәрбиелеуде Абай атамыздың айтқан сөздерін негізге ала отырып,бала тәрбиесін «ата-ана- ұстаз-қоғам»болып үш жақты тәрбие берілсе еліміздің түтіні түзі, босағасы берік болары сөзсіз.

Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаның жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады.

Адамагершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз - адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Ал адамгершілік дегеніміз – жағымды мінез-құлықының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым – қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.

Адамгершілік жиынтығы – борыш болып табылады. Яғни:

-адамның – адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;

-ата – аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата – аналары алдындағы борышы;

-жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдыңдағы борышы;

Адамгершілік борыш идеясы – бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілік тәрбиелеу дегеніміз – жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарын бұзу – жамандықтың басталатын межесінен аттау екенің сезіну қажет. (1)

Адамгершілік іс-əрекетке моральдық нормалар мен ережелерді білу, сонымен қатар бұл нормаларды ұстану, адамгершілік талаптарға сай ісəрекеттерді алдын-ала ойлану, болжау жатады. Өз іс-əрекетін талқылау – адамның адамгершілік даму деңгейін сипаттайды жəне жүзеге асыратын ісəрекеттердің реттеушісі болып табылады. Тұлғаның адамгершілік мінез-құлқы іс-əрекеттен бастау алады. Ісəрекетке Л.А.Попов келесі анықтама берген: «Іс-əрекет – адамгершілік маңыздылығы бар жағымды əрекет. Жағымсыз əрекет (заңсыз əрекеттер) азғындық мінез-құлық бірлігі болып табылады. Дегенмен, əрекет етпеу де ісəрекет болуы мүмкін (сəйкесінше, заңсыз əрекет те)». Адамгершілік тəрбиенің жəне өмірлік тəжірибенің өскелен ұрпаққа əсері туралы мəселелер өткен ғасырлар педагогтарын толғандырған


Адамгершілік тəрбие туралы ой-пікірлер

Я. А. Коменский

Тəрбиеші балаларды өз мінез-құлқын ақыл-ойға бағындыруға, ойланып əрекет етуге, бойындағы құмарлық,шыдамсыздық, ашу жəне басқа да жағымсыз эмоцияларын басқара алуға үйрету керек.

И. Г. Песталоцци

Тəбиеленушілердің бойында игі істерді, ұстамдылықты, ерік-жігерді қалыптастыруға көп көңіл бөлу қажет.

К.Д. Ушинский

Педагог тəрбиеленушіге адамгершілік мінез-құлық саласында теориялық жəне практикалық тəжірибе беріп, ойланып əрекет етуге үйретуге тиіс.

П.Ф. Лесгафт

Баланы өз іс-əрекетіне есеп беруге үйрету керек. Тек осы жағдайда ғана ол өзін тұлға ретінде қалыптастыра алады. Бүгінгі таңда тұлғаның өз іс-əрекетін қоғамдық моральдық талаптармен салыстыра отырып ойластыру мəселесі тəрбие жұмыстарының бірқатар бағыттарында көрініс табады.



(2)

Адамгершілікке тәрбиелеу процесі - бұл тәрбиеші мен ұжым арасындағы педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі мен сапасына және баланың жеке басының адамгершілік тәрбиесінің тиісті деңгейіне қол жеткізуге бағытталған өзара әрекеттестіктердің жиынтығы.

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады. Бізге мәлім, бұрыңғы өткен 5 әлеуметтік экономикалық формацияларда адамгершіліктің мақсат қоғамның міндеттері, мазмұны бірдей болмаган. Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде адамгершілік тәрбиесі сол мақсатына сай қарапайым турде болса, ал өзінен кейінгі өткен құл иеленушiлiк, феодалдык, капиталистік қоғамдарда таптык, сипатта болды.

Таптық қоғамда әр дәуiрдегі үстем таптар шығарған өз моралы, өз мiнез-кұлык ережелерiнiн тізбесі болды. Бір мiнез-құлық ережелерi - қанаушы тап адамдарына арналса, екiншiсi - қаналушы тап адамдарына арналған. Тіпті буржуазия елдерiнiн мектептерінде бул ережелер ерекше сабак, ретiнде оқытылған.

1.2


Адамгершілік тәрбиесiнiн мiндеттерi мен мазмұны

Адамгершілік сапаның дамуы мектепке дейінгі ұйымдағы үдерістің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты. Қазақстан Республикасы моральдық кодексінің жоғарғы ұстанымдары рухында тәрбиелеу, қажетті адамгершілік сезім мен түсінік дамыту және солардың негізінде Қазақстандық мінез - құлық нормаларына лайықты қылықтар қалыптастыру қажет.

Бала ересектердің жанында жүріп жақын адамдармен, құрдастарымен, қоршаған заттармен, табиғатпен қарым - қатынас жасайды, тәрбие алады, қоғамның моральдық нормасын игереді. Балалардың іс - әрекеттеріне басшылық жасай жүріп, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға жағымды көзқараспен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесу, кейбір іс - әрекетте белсенділік және бастамашылдық көрсету сияқты Қазақстан адамдарына маңызды сипаттарды қалыптастырады.

Балаларға берілген дұрыс тәрбие теріс қылықтар жасамауға ықпал етеді, бала мінез - құлқына теріс әсер ететін дағдылар мен әдістердің дамуына кедергі жасайды.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына мыналар кіреді: Отанға, Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт адамдарына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбектерін құрметтеу, ұжымшылық, мінез - құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік - жігер белгілері жеке адамның жағымды моральдық сапалары.

Тәрбиешінің балалармен жүргізетін барлық білім беру - тәрбие жұмыстары адамгершілік тәрбие қалыптасуының негізі болады. Педагог мектепке дейінгі балалардың іс - әрекеттерін басқара отырып еңбегін, ойынын, оқуын ұйымдастырады, оларға тәрбиелік бағыт береді. Мысалы: балалар ойындарын бақылай жүріп тәрбиеші ойын мазмұнын талдайды, оларға қатысушылардың өзара қарым - қатынастарына көңіл бөледі; бейнелеу іс - әрекетінен сабақ үсінде балалар қоршаған болмысқа деген өз көзқарасын көрсете алатындай тақырыпты ойластырады; балалардың еңбегіне басшылық барысында оның адамдар үшін маңызын ескереді. Тәрбиеші күнделікті іс - әрекетте де тәрбие ықпалының көп жақты сипатта болуын қарастырады: серуеннен қайтқан баланы шешіну кезінде тәрбиеші оны өзіне - өзі қызмет етуге, киімін жинауға, заттарға ұқыпты қарауға, жаныңдағы құрбы - құрдастарына көңіл бөлуге, қайырымды, қамқор болуға үйретеді.

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мыналар:

- балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру;

- мінез - құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру;

- адамгершілік ұғымдарын қалыптастыру;

-мінез - құлық себептерін қалыптастару.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!