Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Адамзаттың сарқылмас қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзаттың сарқылмас қазынасы оқудың жаңаша мазмұнымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаймина Гаухартас Абиятовна,

директор

«Көкпекті ЖББОМ» КММ

Көкпекті селосы

Бұқар жырау ауданы

Қарағанды облысы

jaimina.g @mail.ru




Адамзаттың сарқылмас қазынасы

Білімнің, барлық рухани өркениеттің ошағы, тәрбиенің ордасы, барлық тағылымның басталар басы – мектеп. Ол әрбір тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Ал сол мектепте тәрбиеленіп жатқан әр оқушы құпиясы зерттелмеген тұлға. Сол зерттелмеген құпияны ашып, ол баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін, дарындылығын танып, аша білу – ұстаздар алдындағы үлкен жауапкершілік. Әрине, болашақтың саналы, сапалы адамдарын қолдан жасап, қоладан құюға болмайтынын білеміз. Кембридж бағдарламасының 7 модулінде көрсетілген оқыту мен оқуда жүйелі пайдалану баланың дамуына ықпал ететіні анық. Болашақтағы мектеп - бұл мәдениеттіліктің, білім мен тәрбиенің ошағы, үздіксіз білім берудің кешенді орталығы болуы тиіс. Яғни, әр тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруге жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ. 1-қыркүйек, алғашқы қоңырау үні, мектеп табалдырығын жаңа аттаған мектептің ең кішкентай бүлдіршіндері, мектеппен қимай қоштасатын 9,11-сынып түлектері, сабақ, қоңырау, бақылау жұмысы, жазба жұмыстары – осының барлығы бір сөзбен алғанда МЕКТЕП. Адамға мектеп ең алдымен болашағына қажет білімнің іргетасын қалауы үшін қажет. Қазіргі заманауи мектептерде барлық берілетін білімді дайын күйінде бере салмайды, оқушы бойына өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады, әр түрлі дереккөздерін пайдалану, ақпараттарды іздеу, олармен жұмыс жасауға, алған білімдерін қорытып, түйін сөз жасай білуге үйретеді. Мектептің құрылымы мен жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Оқушылардың көбі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, әр түрлі конференцияларға, зияткерлік сайыстарға қатысуда. Мұның барлығы оқушының жаңа заман көшіне ілесе алатын, сауатты, жан-жақты адам болуына көмектеседі. Әрине, бұл үшін мектеп керек, мектептің берері мол. Сондықтан, оқу ордасы – тек білім алатын орын ғана емес, оқушының жан-жақты даму ортасы. Мектепте баланың дамуына жағдай толық жасалған. Сондықтан мектепті шағын сынақ ордасы деуге болады ғой. Мектепте балаларға арналған ұйымдар жұмыс жасайды. Бала өзін осы жерде көрсете алады. Ол білімді ұрпақ қолында болуы керек. Осы орайда алдағы уақытта да білім ордасына жүктелер міндет орасан зор. 2011-2020 жылға дейінгі білім беру саласын дамыту стратегиясы құзырлы білім беру арқылы 12 жылдық білім беруге көшуді басты мақсат етіп қойған. Осы білім беруде адам өміріне қажет негізгі құзырлықтарды бала бойына сіңіретін де мектеп. Нақтырақ айтқанда, дәстүрлі «Барлық өмірге білім берудің» орнына «Өмір бойы білім алуға» оқушыларды үйретіп, түпкілікті бағдарын түбегейлі өзгертетін де мектеп.Ендеше МЕКТЕП- бұл баланың жаңа достар табатын жері, мұғалімнің тәрбиесін, ақыл-кеңестерін тыңдайтын орта, олардың қалыптасу деңгейіне әсер ететін білім ордасы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12