Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Әдеби ұғымдар"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ 20 билет
1. «Біржан мен Сара» айтысы
2. М.Әуезовтің еңбектері. «Еңлік-Кебек» пьесасының мазмұны
3. Көркемдік қиял
№ 21 билет
1. Үмбетей, Жиембет жырау шығармашылығы
2. XX ғасыр басындағы әдебиет
3. Эпопея
№ 22 билет
1. Қазақтың үш биі. Олардың шешендік сөздері
2. Ғ.Мүсіреповтің «Ашынған ана» әңгімесінің мазмұны, тәрбиелік мәні
3. Монолог. Диалог
№ 23 билет
1. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының көркемдік идеясы
2. Доспамбет жырау шығармашылығы
3. Сценарий
№ 24 билет
1. Қазақ әдебиетінің 1956-1990 жылдардағы дамуы
2. «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұны
3. Импровизация
№ 25 билет
1. М.Фраги өмірі мен шығармашылығы
2. Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы кезеңі (1968-1990)
3. Өмір шындығы және көркем шындық
ПЕЙЗАЖ.Автор адамды, олардың амалын және басынан өткізген күйініш-сүйініштерін суреттеумен қатар, оқиғаның болған жағдайларын да суреттейді. Шығармаға табиғатты не сол оқиғаның болған жерлерін де (мезгілін - жыл, ай, күн, ертеңгі, кешкі уақыттар) қатыстырады.
Бір сөзбен айтқанда, табиғатты суреттеуді пейзаж дейді. Пейзаж кейде жаратылыстың көрінісін суреттейді, кейде геройдың басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға қандай жағдайда болғанын көрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның дамуына тікелей қатынаста болады. (Пейзажды қолданудың мұнан басқа да түрлері көп.) Бірақ бұл айтылғандар мәселенің тек сыртқы жағы ғана. Шынына келгенде, пейзажды автор бір керегіне жаратады. Қандай пейзаж болсын, бір нәрсеге негізделініп алынады. Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты болады.
Мысал үшін үзінділер келтірейік.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай, шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп, ауыл қонғанда:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып, бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап...
Бай «байғұсым» десін деп,
«Шақырып қымыз берсін» деп,
Жарамсақсып, жалпылдап,
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген,
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап... - дейді Абай.
Бұл жерде Абай жаздың әдемі көрінісін суреттеумен қатар, еңбексіз салтанат түзеген бай аулын және байлардың қолындағы жылқышылардың ауыр тұрмысын да көрсетеді.
Реалист ұлы ақын табиғатты суреттеумен қатар, бай мен кедей тұрмысының айырмасын да көрмей кете алмайды.
Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы қаһармандардың басында болған жағдайын көрсету үшін де қолданылады.
Мұнар да мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн, - деген үзіндіде Махамбет күнді жайшылықтағы күндерден басқаша суреттейді. Ханға, патшаға, би, төре, сұлтандарға қарсы күрескен еңбекші шаруалар жеңіліп, Исатай өліп, патша мен хан әскері елді аяусыз таптаған ауыр күндерді көрсету үшін Махамбет табиғаттың өзін де ел басына туған ауыр халге бейімдей суреттейді.
ШЕНДЕСТІРУ.Мағына жағынан біріне бірі қарсы, аралары алшақ жатқан:екі нәрсені бетпе-бет қоюды шендестіру(антитеза)дейді.Антитезада бір нәрсені екінші нәрсеге қарсы қоюмен,үшінші нәрсенің қандай екенін анықтайды.Ақ пен қараны қатар қойсақ,арасы алшақ екі түс шендескенде,ақтың ақтығы анық көрінеді.Бұл үшін неғұрлым арасы алшақ жатқан нәрселерді бір-біріне бетпе-бет қойса,солғұрлым анықталатын нәрселер күшті шығады.Мысалы:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, бетім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр.
«Ер Тарғын»жырынан.Бұл үзіндіде қара жер мен қарды қатар қояды да,қардың ақтығына қара да,менің етіме қара;қар мен қанды қатар қояды да,қанды көріп,менің бетімді көр дейді;Ақжүніс етін қарға,бетін қанға баламайды да,теңемейді де,тек арасы алшақ жатқан екі түсті бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы,үшінші түсті көзге елестетеді.Ол - Ақжүністің ақтығы.Антитезаның ең күшті түрін қазақ әдебиетіне кіргізген ақын Абай.Абайда тек қана екі нәрсе емес,үш нәрсені қатар қоюшылық және әрбіреуін жеке-жеке алғанда,өз алдына эпитеттері бар сөздерді қолданғандығын көреміз.Мысалы: (Абай)
Қар аппақ,бүркіт қара,түлкі қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға,
Қара шашын көтеріп екі шынтақ
О да бүлк-бүлк етпей ме сипағанда,
Аппақ ет,қып-қызыл бет,жап-жалаңаш,
Қара шаш,қызыл жүзді жасырғанда.
мұндағы қарама-қарсы қойылған тек қана екі нәрсе емес, үш нәрсе.
МЕТАФОРА. Құбылтудың (торптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яғни метафора (грекше - көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарлангдыра түсу үшін олардыөздеріне ұқсас өзге затқане құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған зттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап,
Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.
(Ә.Сәрсенбаев)
Мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айырықша сұлу сымбат бітірген.
Немесе:
Мен – тауда ойнаған қарт
Марал
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан…
… Мен бір шарға ұстаған
Қара балта едім:
Шабуын таппай кетілдім,
Қайрасаң тағы жетілдім…
(Махамбет)
Ақын өзін маралға баласа, маралдың күллі қасиетін, балтаға баласа, балтаның барлық ерекшелігін еселей төкпектетіп айту арқылы өлеңге де айырықша екпін, қайсар күш дарытып, оқырманды отты сөз, өр мінезбен билеп, баурап әкетеді.
Кейіптеу – қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл:
Балқытып гүлді деміне, Қызғаншақ қыс келді де,
Сүйді жаз әбден беріле: Сілтеді суық қанжарын.
Әкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де, Өзінің жылы жеріне… Қалдырып кетті жан жарын
(Ә.Тәжібаев)
Ә.Тәжібаевтың әдеттегі қыс пен жазға әдеттен тыс мінез бен әрекет беріп, жансызға Жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп әкеткен.
Кейіптеу – ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл.
Ал мысал өлеңдеріндегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Мыс, Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер, қулық, зорлық, қастық т.б. секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанымен, көзбен көру қиын. Мәселен, С.Дөнентаевтың «Ауырған арыстан» мысалында Қулық –Түлкі, зорлық – Арыстан, қастық – Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген.
Қазақ поэзиясында ұқйқастың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары мыналар:
-
Қара өлең ұйқас 5. Шалыс ұйқас
-
Шұбыртпалы ұйқас 6. Егіз ұйқас
-
Ерікті ұйқас 7. Аралас келетін ұйқас
-
Кезекті ұйқас 8. Осы күнгі ерікті ұйқастар
1. Қара өлең ұйқасы
Бұл - бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ, бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қ.ө.ұ/ның өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Мысалы:
Сұлу аттың көркі – жал,
Адамзаттың көркі – мал.
Өмір сүрген кісіге
Дәулет – қызық, бала – бал. (Абай)
1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында. «Аттың сыны» өлеңінен алған, «аяңы тымақты алшы кигізгендей» деген үзінді 11 буыннан тұрса, мына үзіндінің әр жолы 7 буыннан тұрады. Ал ұйқасы жағынан ешбір айырмасы жоқ.
2. Шұбыртпалы ұйқас
Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақын/ң өлең/де көп кезд/н ұйқастың бір түрі – шұбыртпалы ұйқас. Ш.ұ/та өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі соңғы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді.
Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей...
.......................................
Ерлердің ісі бітер ме? (Махамбет)
Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді.
3. Ерікті ұйқас
Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды.
Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде олай, бірде былай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда кезд. Мысалы:
Сіздер кейін тұрыңыз, Бірге туған ит еді,
Барайын жалғыз мен деді. Жалғыз өзім барайын.
Әуелі алла анайым, Мінген аты ала еді,
Хақ жаратқан құдайым, Атасы әйел демесең
Мал шыдамас жауырға, Қарлыға қызда ер еді.
Ер шыдамас бауырға, («Қобыланды» жырынан)
Бұнда ұйқас бар. Бірақ белгілі тәртіппен шығып отырмайды. Мына келтірген үзіндіні алсақ, 1-мен 2-жолы бос қалады. 3-жолмен 4-жол, 5-жол мен 6-жолы бір ұйқасады. 7-жол алдыңғы 2-жолмен ұйқасады. 8-жолдың ұйқасы 4-жолға келеді. 9-жолдың ұйқасы 2-ге келеді. 10-жол бос қалады. 11-жол тағы 2-жолдлың ұйқасымен бір.
Осы сықылды бірде олай, бірде бұлай, ой толқынына қарап, керекті жерінде ұйқастыра салушылықты ерікті ұйқас дейміз.
Есте болатын бір нәрсе алдыңғы бір шумақ жоғарғы айтқанымыздай боллып ұйқасады екен, енді келесі шумақтың тағы солай ұйқасуы шарт емес. Мүлде басқаша болып ұйқасуы да мүмкін. Сондықтан да ерікті ұйқас атанады. Ескі жыр/ң көбі-ақ осы ерікті ұйқастан құралған. Ерікті ұйқастың түрі біздің бүгінгі әд/де де бар.
4. Кезекті ұйқас
Шумақтың бір жолы ұйқаспай, 2-жоолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз. Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде, Танымассың, көрмессің,
Мына сөзге көңіл бөл! Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса, Имамсыздық намазда
Мейлің тіріл, мейлің өл! Қызылбастың салған жол т.б.
(Абай)
К.ұ. өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасат ын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жол/н тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.
5. Шалыс ұйқас
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір түрі – шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды. Мысалы:
Шаң шығармас жол дағы, Тыншығарсың сен дағы,
Сілкіне алмас жапырақ. Сабыр қылсаң азырақ .
(Абай)
Ш.Ұ. тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлең/н де кезд. Мысалы:
Сол қатаң кезде еркіндік ұранды айттым,
Дедім мен жаншылғанға: көзіңді аш!
Аяйтын сезімді де мен ояттым,
Сондықтан сүйер халық, мені ұмытпас. (Пушкин)
6. Егіз ұйқас
Абайдың көп өлең/де ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келт/н өлең ұйқас/н өзгеше түр/н кезд/з. Мысалы:
Алыстан сермеп, Қисынын тауып,
Жүректен тербеп, Тағыны жетіп қайырған;
Шымырлап бойға жайылған; Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Қиуадан шауып, Сөйлеймін десең, өзің біл!
Бұл – Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңі.
Бір шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп - тербеп» болып ұйқасады да, 3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып ашық қала тұрады. 4-5 жол «шауып - тауып» болып бір ұйқасады. Ой бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол 6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен ұйқасады да, ой бітеді. Келт/н үзіндінің айтылып өткен шалыс ұйқастан өзгешелігі: 1-3-жолмен, 2-4-жолмен ұйқаспайды, ұйқастары үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Және шумағы не сегіз, не алты жолдан құрылады. Сегіз жолдан тұратын шумақ – жоғарғы келтіргеніміз. 6 жолдан тұратын шумақтөмендегі тәрізділер:
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан –
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан т.б. (Абай)
Ұйқастың бүл түрін егіз ұйқас дейміз.
7. Аралас келетін ұйқас
Бұл келт/н ұйқас/ң бірнешелерінен жиналып кеп жасалған ұйқастар бар. Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқастан, не басқа ұйқас/н құралады. Сөйтіп, бір шумақтың өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас ұйқас туғызады. Осы сықылды ұйқас\ды аралас келетін ұйқас деп атайды. Мысалы:
Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ержетті,
Не бітті? (Абай)
Бұл үзіндінің өзі 1 шумақ, 7 тармақтан т/ы. Ұйқас түрлері жоғары біз келт/н өлең ұйқас/н бөлек. Әйтсе де байланысы бар. Бұл шумақтың алдыңғы 4 жолы шщалыс ұйқастан, соңғы 3 жолы шұбыртпалы ұйқастан т/ы. Шалыс ұйқас пен шұбыртпалы ұйқастан жаңаша ұйқасты өлең жасалып отыр. Жалғыз ғана бұл 2 ұйқас емес, басқа ұйқас/ң да осылай араласып келуі мүмкін. Қазақ өлең/гі ұйқастың негізгі түрлері 8 дей тұрсақ та, қазіргі бұл айтылған/н ұйқас түрлері түгелденбейді. Ұйқас мәселесін сөз еткенде, айырықша тоқталуды керек ететін жайттың бірі – ішкі ұйқас. Ішкі ұйқасты сөз етудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні бар. Ұйқастың өлең жол/ң тек аяғында емес, басында да, ортасында да кезд/н жерлері бар. Мұны өлеңнің ішкі ұйқасы деп атайды. Ішкі ұйқас белгілі бір мөлшерде қолданылса, табиғи дәрежеде болса, өлеңнің музыкалылығын күшейтеді. Әрі оқуға жеңіл, әрі тартымды болады. Мысалы:
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, Батқанда қырдың күні тұмандатқан,
Қоздырып делебені дәсерлетіп. Қатқанда Сырдың суы бұлаң қаққан
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, Күл көрпе, қорда төсек, қолға байлап,
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп. Үкілеп қара таспен тұмарлатқан.
(Әсет) (Ілияс)
Келт/н үзінді/гі жазбаша (курсивпен) жазылған/ы жай ұйқастар да, қарамен терілгендері ішкі ұйқасқа жатады.
8. Осы күнгі ерікті ұйқастар
Осы күнгі ерікті ұйқас/ң бұрынғы жырда келетін ерікті ұйқас/н айырмасы –жыр өлең/ң ұйқас/ы ерікті түрде келгенмен, әр тармағының буын сан/ы белгілі мөлшерден онша көп аспайды. Көбіне-ақ 7-8 буын болып отырады. Ал осы күнгі ерікті ұйқас/ң әр тармағының буын сандары артық, кемді келе береді.
Бұл сықылды ерікті ұйқастың соңына көбірек түскен ақынның бірі – Сәбит. Сәбиттің «Көмір-коммунизм», «Жүйткі, қара айғырым», «Ақ аю» тағы бірнеше өлең/і осы ағыммен жазылған. Мысалы:
Жаңа өмірде адамға адам қастық бітпек,
Адам бірлігін мықты тас қып алған соң,
Табиғатқа бұйда тағып,
Жалған тәңір орнынан болмақ бастық. (Сәбит)
Монолог (грек сөзі - monos - бір, logos - сөз) - бір адамның сөзі.
Шығармаларда қатысушы біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе, басқалар оның сөзін бөлмей, тек тыңдаушы есебінде болса, ондай сөздерді монолог дейміз.
Диалог (di - екі, logos - сөз) - екі не бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлесулері.
Диалог - драмалық шығармалардың негізгі құралы. Драмалық шығармалар монолог пен диалогтен құралады. Бұл жанрда адам образы - типі шебер құрылған диалог, монологтер. Соңғы кездерде негізінде диалогтер арқылы жасалады.
Диалог түрінде өлеңдер де жазылуы мүмкін (мысалы, А.С.Пушкиннің «Кітап сатушының ақынмен әңгімесі», Б.Майлиннің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңі).