Материалдар / Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқытуда оқушыларды функционалдық сауаттылыққа баулу жолдары

Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқытуда оқушыларды функционалдық сауаттылыққа баулу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқытуда оқушыларды функционалдық сауаттылыққа баулу жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2022
612
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқытуда

оқушыларды функционалдық сауаттылыққа

баулу жолдары



Оспанова Эльмира Жанәділқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Ақмола облысы ББ Жарқайың ауданы ББ Державин қаласының А.Үкібаев атындағы

жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – оқушыға білім ғана беріп қоймай, ертеңгі күні ересек өмірге қадам басқанда қоғамнан өз орнын таба алатын, өмірлік ұстанымдары қалыптасқан, кез келген мәселеден дұрыс жол тауып шыға алатын, сыни көзқарасы орныққан тұлға тәрбиелейтін ұстаз. Яғни, мектеп қабырғасында көркем шығармаларды оқыту арқылы өмірдің түрлі белестерінде кездесуі мүмкін жағдаяттарға дайындап, бағыт беруші тұлға. Себебі, әдебиет – өмір айнасы, қоғам айнасы, көркем шығарма - қай кезеңнің оқиғасын қамтыса да, сол заманның әлеуметтік, тұрмыстық, саяси және экономикалық келбетін сипаттайтын шығарма.

Қарқындап дамып келе жатқан жаһандану заманында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – өмір сұранысы. Осы сұраныстың үдесінен шығу үшін қазір мұғалім алдында оқығанын санасында тоқи алатын, табысты және әрекет етуге, кез келген жағдайға дайын, қабілетті әрі өзінің әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлға қалыптасыру міндеті тұр. Ол үшін мұғалім оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырып, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге ықпал етіп, өз бетінше білім алуға, сөйтіп оқушының мақсатқа өзі жете алуына бағыттай алуы қажет.

«Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы». Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік;

-шығармашылық тұрғыда ойлау;

-шешім қабылдай алу;

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады...

Көркем шығармаларды оқу мақсаттарымен байланыстыра жан-жақты талдау нәтижеге жеткізеді, мұғалім оқушы ойын қозғай отырып, өз ойы мен өзгелердің ойына сыни қарай алуға, оқып-білгенін талдап, салыстыруға, жүйелеуге, білмегенін өзі зерттеп, оны дәлелдеуге, болмаса тұжырым жасауға, өз бетімен және топпен бірлесе шығармашылық жұмыс жасауға бағыттай алуы қажет.

Функционалдық сауаттылықты дамыту аясында әдебиет пәнінде оқушыларға мәтінмен  жұмыс жүргізуде бірнеше аспектілер бойынша жұмыс жүргізсек, төмендегідей біліктілікті қамтуға болады.

көркем шығармалар идеяларын анықтау және оларды авторлардың идеялық көзқарастарымен, елдегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдаймен, адамзаттың ғаламдық мәселелерімен салыстыра білу білігін қалыптастыру;

оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, көркем шығармаларды эстетикалық тұрғыда қабылдауға тәрбиелеу;

көркем шығармаларды талдау барысында оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.

әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша алғашқы дағдыларын қалыптастыру.


Енді өзімнің өткізіп жүрген сабақтарымнан оқушыларды функционалды сауаттылыққа баулуда жасап жүрген жұмыстарымнан мысалдар келтіре кетейін. Қай пәнді болмасын, оқытуда «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын», ӘНХ, «Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын» басшылыққа аламыз. "Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімдер мен бөлімшелер оқу мақсаттарына үйлестіріліп берілген, яғни әр сабақ сайын білім алушылар көркем шығармалардың мазмұнымен танысып қана қоймай, жан-жақты талдай отырып, белгілі бір қорытынды шығаруға, түйінді ойды анықтай алуға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыланады, өз көзқарасын білдіре алады, өмірлік пайымдаулары қалыптасады.

8-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын оқытуға 7 сағат берілген. Оқу мақсаттары әр сабақтағы тақырыптарға қарай орайластырылған. Мәселен, көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру, шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе немесе авторға хат жазу мақсаттарына жету барысында мынадай жұмыстар жасадық:

1-тапсырма. Шығарма кейіпкерлері Жамал, Сәрсенбай, Шолпан, Ғали, Қалампыр, Байжан, Жұманға мінездеме беру. Әр кейіпкер бойынша жұп-оқушылар жауап әзірлейді (Тура және жанама мінездеме беру).

Кейіпкер

Тура мінездеме

Жанама мінездеме

Жамал



Сәрсенбай



Шолпан



Ғали



Байжан



Жұман



Қалампыр





Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме беру арқылы оқушылар сол замандағы қоғамдық мәселелерді анықтайды.

2-тапсырма. Шығарманы компазициялық құрылымға талдап, бірнеше үзінділер талдайды. Сол кезеңдегі білім алу мен қазіргі білім алу, ата-ананың бала өміріне ықпалы, Сәрсенбайдың билікке ұмтылуы, Жамал тағдырын ойланбай шешуі, сайлауда билікке қол жеткізу үшін кейіпкерлердің сыбайластыққа жол беруі, Жамал мен Ғалидың өз бақыттары үшін күресі т.б. Оқиғаларды қазіргі заманмен салыстырады. Нақтырақ айтқанда, Жамал тағдыры арқылы адамның бас бостандығы, еркіндігі, құқығы туралы қазіргі замандағы заңдардан хабардар болады, Жұманның іс-әрекеті арқылы отбасындағы зорлық-зомбылықтың зардабын біліп, ондай жағдайда адам құқығын, бала құқығын қорғайтын заңнамалар, арнайы өкілдерден көмек алуға болатынын және келешекте өздері де ешкімге зәбір көрсетпей, біреудің құқығына қол сұғу жағдайында адамның жауапқа тартылатын біледі.

3-тапсырма. Жанама мінездеме арқылы сол заманның рухани және материалдық құндылықтарына баға бере алады, бүгінгі күнмен салыстырып, отбасының рухани құндылығы, халқымыздың озығы бар немесе тозығы жеткен ұлттық дәстүрлерге сыни көзқарастарын білдіреді. Ол заманның материалдық байлығы мен қазіргі заманның материалдық жағдайын салыстырады, сол кезеңдегі сыбайластық пен қазіргі заманда белең алып отырған сыбайлас жемқорлық туралы түсінік алып, оның зардаптарына баға береді.

4-тапсырма. Шығарманы гуманистік тұрғыдан талдау мақсатында әдеби эссе немесе авторға хат жазу тапсырмасын орындауда оқушылардың көпшілігі авторға хат жазуды таңдады. Оқушылардың көбі басты кейіпкер Жамалдың өмірге өте құштар болғанын, Жұманнан көрген қорлықтан қашып, жаңа өмір бастағысы келгенін, алайда автордың оған аз да болса мүмкіндік бермегенін айта келіп, шығарманы Жамалдың жантәсілім етуімен аяқтауын әділетсіз деп бағаласа, енді бірі «мен автор болсам, былайша ..... аяқтар едім» деген пікірлер білдірді. Қорытындылай келе, оқушылар адам өмірінен құнды ештеңе жоқ, өз өміріңді біреуге билетпей, өзіңді және отбасы мүшелеріңді қорғай біл, отбасында ата-анамен тату болып, не арман-мақсат болса да, ортақ шешім қабылдай білу керек деп тұжырым жасады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ  әдебиетімізді терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалдық сауаттылығын көрсете алады.

Келесі бір сабағым 6-сыныпта өткен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңі. Өлеңді оқушыларға «Кубизм» әдісімен талдауды ұсындым.

1.Автор бейнесін сипаттау

2.ХХ ғасыр басындағы шәкірт пен ХХІ ғасыр басындағы шәкірттің өмірін салыстыр.

3. Сұлтанмахмұттың білім алған оқу орындарын зертте.

4.Надандықтан арылу жолы білімде екенін дәлелде.

5.Шәкірт, бейнет, рақат сөздеріне лексикалық талдау жаса.

6.ХХІ ғасырдың шәкірттері атынан ХХ ғасыр шәкіртіне үндеу жолда.

Әдіскер–ұстаз Қ.О.Бітібаева «Мектептегі барлық пәндердің ішінен баланың жан-жүрегі, ой дүниесіне бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын бірден-бір пән әдебиет пәні» деп төл әдебиетімізге баға берген еді. Олай болса, рухани ой-өрісі дамыған, өмірден өз орнын қателеспей таба білетін, бар ғұмырын адамгершілікпен, мейірімділікпен, табанды еңбек етіп, сүйіспеншілікпен сүре алатын шәкірт тәрбиелеп, оқытуда қолымыздан келгенін аямайық, құрметті әріптестер! Себебі біз әр шәкіртіміздің, әр баланың тағдырына тікелей жауапкершіліктегі тұлғамыз. Оқушылардың функционалды сауатты болып қалыптасуы – өмірде дұрыс әрі ақылды шешім қабылдай білуіне, рухани жағынан болсын, материалдық жағынан болсын, әр қазақ баласы бай болуға лайықты, жердің де, елдің де иесі – бүгінгі ұрпақ, ұрпақ тағдырына немқұрайлы қарамайық дегім келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ