Материалдар / Әдебиеттік оқу. "Аяз". Құрманбай Толыбаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдебиеттік оқу. "Аяз". Құрманбай Толыбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін мазмұны арқылы қыс мезгілінің ерекшелігі туралы түсініктерінің кеңеюіне жағдай туғызу. Аяздың пайдасын білу. Мәтін мазмұны арқылы қыс мезгілінің ерекшелігі туралы түсініктері кеңейеді. Аяздың пайдасын біледі. Балалар, сендер аязды күнді ұната қоймайсыңдар, себебі далада ойнай алмай, үйде іштерің пысып отырып қаласыңдар, иә? Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе ауа райының жаманы жоқ дегім келеді. Міне, нағыз аяздың да пайдасын біліп отырсыңдар. Ал тағы да қоса кететін болсам, нағыз аяз кезінде адамдардың ауыр¬майтынын, сергек жүретінін де дәрігер-ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп берген. Оның себебі, қатты аяздарда ауру таратқыш инфекциялар қырылып қалатын көрінеді. Міне, аяздың осындай пай¬дасы да бар екенін біле жүргеннің артықтығы болмаса керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
906
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні/айыПәні әдебиеттік оқуСабақ №15
Сабақтың тақырыбыАяз. Құрманбай Толыбаев
Жалпы мақсатыМәтін мазмұны арқылы қыс мезгілінің ерекшелігі туралы түсініктерінің кеңеюіне жағдай туғызу. Аяздың пайдасын білу
Күтілетін нәтижелерМәтін мазмұны арқылы қыс мезгілінің ерекшелігі туралы түсініктері кеңейеді. Аяздың пайдасын біледі
РесурстарОқулық, компьютер, қыс көрінісі суреттері, постер, маркерлер
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі



І. Ұйымдастыру кезеңі1.Психологиялық тренинг 1) Амандасу -Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Қош келдіңіздер! Оқушылардың көңілін, назарын сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. Оқуға шақыру. Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,Әрбір ісім – үйрену, ұғу, ұлағат.Әрбір күнім – бірлік, тірлік, адамдық,Әрбір сөзім – шындық, достық, адалдық!2) Топқа бөлу (қар қиыршығы арқылы бөлінеді)-Балалар, қыстың сәні не? Мына жерде көптеген қар қиыршықтары бар екен, содан өздеріңе ұнағанын ала қойыңдар. Партаның үстінде сен таңдаған қиыршықтың үлкені тұр, соған барып жайғаса қойыңдар. Жайғасып болсаңдар араларыңда міндеттеріңді бөлісе қойыңдар қойыңдар. (бағалау парағы) 4.Үй тапсырмасын сұрау.-Балалар, үй тапсырмасына не беріліп еді?Ендеше, мәнерлеп оқып беруге дайынбыз ба?1) «Аққала» өлеңін мәнерлеп оқиды. (4 оқушы)2) 4 топқа сұрақтар беру.(кеспе қағазын топ басшысы таңдап алады, өлеңнің мазмұнын тексеріп өту)1-топ: Аққала жасауға қандай кейіпкерлер қатысты?2-топ: Әр кейіпкер аққала шығу үшін қандай бөліктер қосты?3-топ: Кейіпкерлер қуанғандарын қалай білдірді?4-топ: Аққаланы қандай ауа райы болғанда жасай аламыз?1.Сабаққа назар аудару2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады. Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады













Қар қиыршығымен бөлу





-өзін-өзі мәнерлеп оқу критерийі бойынша бағалайды







-топтық жұмыс, өзара бағалайды (қошеметтеп отыру)
Негізгі бөлім



І.Қызығушылықты ояту. (сөзжұмбақ жазылған парақшалар беріледі)Сөзжұмбақ шеш. Берілген жұмбақтың шешуі сөзжұмбақтың жауабы болады. 1.Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады.2.Қолы жоқ, сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады.3.Отқа жанбас, Суға батпас.-Аяз деген не? Сөздік жұмыс. Аяз – қыстағы ызғарлы суық күн.ІІ.Мағынаны тану-Балалар, біз бүгін Құрманбай Толыбаевтың «Аяз» мәтінімен жұмыс жасаймыз. Автормен танысып өтетін болсақ:Толыбаевтың "Ай күледі" (1969),  "Балбөбек" (1979) жыр кітаптары, сондай-ақ, "Қайдасың, досым" (1970),  "Шырын"(1972),   "Айдың жүзі дөңгелек" (1989), "Кел ойнайық" (1990) әңгіме, повестері бар.1.Мәтінді «Алма кезек оқу» әдісі арқылы оқыту1-бөлім, басынан бастап «Жазира шынын айтты.»деген жерге дейін.2-бөлім, «-Өзім тоңған жоқпын.» деген жерден «... астықтың өнімі де артады» деген жерге дейін.3-бөлім, «-Қатты аяздан ...» дегеннен бастап соңына дейін оқылады.2.Сұрақ-жауап «Мен саған, сен маған» (оқушылар көрші топқа сұрақтар қояды)3.Дәптермен жұмыс Мына ойды дәптерлеріңе мәтін мазмұнына сай толықтырып жазыңдар. 1) Аяздың қарға пайдасы бар.2) Қардың ... пайдасы бар. (топыраққа)3) Топырақ ылғалының ... пайдасы бар. (егінді алқапқа)4.Сергіту сәті 5.Топтарға тапсырма1-топ: Аяздың пайдасы (эссе жазу)2-топ: «Қысқы табиғат» коллаж құрастыру.3-топ: Аяз сөзіне бес жолды өлең құру4-топ: Берілген сөздерден қыс туралы мақал құрастырады.ІІІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңіСпикердің бағалауыҚорытынды сөзБалалар, сендер аязды күнді ұната қоймайсыңдар, себебі далада ойнай алмай, үйде іштерің пысып отырып қаласыңдар, иә? Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе ауа райының жаманы жоқ дегім келеді. Міне, нағыз аяздың да пайдасын біліп отырсыңдар. Ал тағы да қоса кететін болсам, нағыз аяз кезінде адамдардың ауырмайтынын, сергек жүретінін де дәрігер-ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп берген. Оның себебі, қатты аяздарда ауру таратқыш инфекциялар қырылып қалатын көрінеді. Міне, аяздың осындай пайдасы да бар екенін біле жүргеннің артықтығы болмаса керек.

-әр топқа жұмыс беріледі. Қай топ бірінші және қатесіз орындайды. Топтың жұмысын тыңдау.









































-топтық жұмыс











-жұмыс нәтижесі қорытындыланады.



Бағалау-өзін-өзі бағалау, -өзара бағалау, -спикердің бағалауы -мұғалімнің бағалауы
Үйге тапсырма

78-79-беттер, мәнерлеп оқып, әңгімелеп айту. «Аяз» мағынасын, пайдасын үлкендерден қосымша сұрап біліп келу
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Ең жақсы өткен екі дүние
1



2.





Ең сәтсіз өткен екі дүние
1.









2.

















































Қазақ мектеп-гимназиясы













Әдебиеттік оқу«Аяз»2-сынып







Бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Назарова









Петропавл қаласы
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!