Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
Ахметова Бахытгуль Тумурзовна
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 10 материал
Ғылыми жоба "Өрмекшілер"
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
1350
0
Өрмекшілер туралы мәлімет аз, олардың түрлері, мекен ету ерекшелігі, өрмек жібін түзуі туралы мәліметтер әлі де зерттеуді қажет етеді. Өрмекшітәрізді жәндіктердің құрылысын, түрлерін, тиімділігі мен зияндылығын зерттеу. Өрмекшілер туралы дүниетанымды кеңейте отырып, мәлімет жинау, олардың кейбір түрі жыртқыш болғандықтан, сақтану ережелерін білу. Алға қойылған мақсат пен міндеттерді шешу үшін байқау, салыстыру, әдістері қолданылды.
Экология
Ғылыми жұмыстар
3 сынып
Әдебиеттік оқу. "Аяз". Құрманбай Толыбаев
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
905
0
Мәтін мазмұны арқылы қыс мезгілінің ерекшелігі туралы түсініктерінің кеңеюіне жағдай туғызу. Аяздың пайдасын білу. Мәтін мазмұны арқылы қыс мезгілінің ерекшелігі туралы түсініктері кеңейеді. Аяздың пайдасын біледі. Балалар, сендер аязды күнді ұната қоймайсыңдар, себебі далада ойнай алмай, үйде іштерің пысып отырып қаласыңдар, иә? Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе ауа райының жаманы жоқ дегім келеді. Міне, нағыз аяздың да пайдасын біліп отырсыңдар. Ал тағы да қоса кететін болсам, нағыз аяз кезінде адамдардың ауыр¬майтынын, сергек жүретінін де дәрігер-ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп берген. Оның себебі, қатты аяздарда ауру таратқыш инфекциялар қырылып қалатын көрінеді. Міне, аяздың осындай пай¬дасы да бар екенін біле жүргеннің артықтығы болмаса керек.
Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
4 сынып
Тәрбие сағаты «Анамен әсем бәрі де»
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
900
0
оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! «Қамқор ана!» тақырыбында коллаж жасау.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
3 сынып
Тәрбие сағаты: Мен өз елімнің патриотымын!
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
1420
17
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу; оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту; оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін еркін жеткізе білуге төселдіру. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған-туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
4 сынып
Тәрбие сағаты: "Интернеттің пайдасы мен зияны"
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
8990
42
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін
нығайту, тиянақтау; Оқушылардың интернет туралы толық ой
қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы
әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Білімінді жетілдіру мақсатында қаншама пайдалы сайттар бар. Өз игіліңе , қажетттілігіне дұрыс пайдалана білсек, «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
4 сынып
Сауат ашу пәнінен "Пп дыбысы мен әрпі"
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
379
0
Пп дыбысы мен әрпін ұғынады, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөз ойлайды, сөзге сөйлем құрай алады. Сөз ішінен «Пп» дыбысы нешінші буында, сөздің қай жерінде тұрғанын анықтайды. Мәтінді өздері оқып, мазмұнын ашады. Логикалық тапсырмалар орындайды. Буындық диктант жаза отырып каллиграфияны естен шығармауға, тазалыққа, жылдамдыққа үйренеді. Тірек сөздерді оқиды, суретті тірек сөздермен байланыстырып сөйлем құрайды.
Абай, Шоқан, Ыбырай туралы қысқаша түсінік алады. Мәтінге ат қояды. Әрбір суреттің атауларынан П- ны тауып, тиісті сандықшаға сал, буынға бөл, п дыбысы нешінші буында, буынның қай жерінде тұрғанын айту
Бастауыш сынып
Презентация
1 сынып
Қазақ тілінен ашық сабақ "Мен (бен, пен), және шылаулары"
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
899
0
Мен (бен, пен), және шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратындығын ұғындыру, топтық жұмыста сыни ойлау арқылы білімді тәжірибемен қолдану. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра отырып меңгереді; мен (бен, пен), және шылаулары туралы нақтырақ мағлұмат алады; Сұраққа жауап бермесе де, сөйлемде қызмет атқара алмаса да, ол сөздер сөз табына жататынын ұғындыру. Шылаулар арқылы байланысқан сөздердің қай сөз табына жататындығы айтылады.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
4 сынып
Бастауыш сыныптарда Оқу және Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау жобасы-ның математика сабағында қолданылуы
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
423
0
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Осы орайда Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын өз тәжірибемде қолдануда көп көңіл бөлемін, өйткені бұл бағдарлама оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Бастауыш сынып
Презентация
Барлық сыныптар
Ашық сабақ "Үстеу. Мекен үстеу"
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
1384
1
Оқушылардың іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу туралы нақтырақ мағлұмат беру, өздігінен жұмыс жасауды үйену, топтық жұмыста сыни ойлау арқылы білімді тәжірибемен қолдану. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра отырып меңгереді; мекен үстеу туралы нақтырақ мағлұмат алады; Үстеулерді оқы. Оларды қандай сұраққа жауап беретініне байланысты топтарға бөліп жаз. Мекен үстеулердің астын сыз. Осы үстеулерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
4 сынып
Ғылыми жоба «Ағы бардың - бағы бар»
770 ₸
770 ₸
07 Ақпан 2019
446
0
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағамы-құрт. Құрт туралы мәлімет, олардың түрлері, әр аймағындағы әртүрлі әзірлену ерекшелігі туралы мәліметтер әлі де зерттеуді қажет етеді. Сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау. Құрттың еліміздің әр аймағындағы жасау технологиясын анықтау. Құртты кеңінен пайдалану әдісін ұсыну. Құрт туралы мәлімет жинау, болашақта дүкендер мен дәріханада сату мақсатында қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған «Болашақ» атты зауыт салу.
Бастауыш сынып
Презентация
3 сынып