Материалдар / Тәрбие сағаты: Мен өз елімнің патриотымын!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Мен өз елімнің патриотымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу; оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту; оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін еркін жеткізе білуге төселдіру. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған-туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
1421
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!

Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу;
оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту;
 
оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін еркін жеткізе білуге төселдіру

Көрнекілігі: суреттер, бейнежазбалар, мақал-мәтелдер т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

«Сағаттың тілімен» тренинг өткізу.

Топқа бөлу.

1-топ: «Туған жер»;

2-топ: «Отан»;

3-топ: «Атамекен»;

4-топ: «Қазақстан»

Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің,
 

Өсіп,білім аламыз.
Біз-бақытты баламыз!
 


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Бүгінгі мерекеге байланысты сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мен патриотпын!»

«Патриот» деген сөзді қалай түсінетінін талқылау. (Оқушылардың пікірін тыңдау).

Топтастыру

- «Отан» деген сөзді естігенде сендерге қандай ой туындайды? (оқушы жауабы)

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған-туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

-Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Отан – сеніңата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

-Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.Ал балалар, кіші Отан дегенді қалай түсінесіңдер? Ия, ол біздің қаламыз – Петропавл қаласы.

Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») - Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған

-Иә, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. 
Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

Топтық тапсырма

Әр топ ЭКСПО туралы постер құрастырып, ортаға шығып қорғайды.

Викториналық сұрақтар

1.Қ.Р. тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

2. Елорда қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл)

3. Конституция қашан қабылданды? (1995 ж 30 тамыз)

4.Отан туралы 4-5 мақал – мәтел айт. (Отан – отбасынан басталады. Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің. Отан оттан да ыстық. Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас).

5. Әнұранның авторлары кім? (Н.Назарбаев, Ж. Нәжмеденов, Ш.Қалдаяқов)

6. Қ.Р. туының авторы кім? (Ш. Ниязбеков)

7. Қ.Р. елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)

8. Тудың көк түсі нені білдіреді? (бейбітшіліктің, тыныштықтың)

9. Алғашқы қазақ ғарышкер кім? (Тоқтар Әубәкіров)

10. Әліппенің атасы кім? (А. Байтұрсынов)

11. Қазақстанның тәуелсіздігіне биыл неше жыл? (25 жыл)

12. Алғашқы ұстаз, ағартушы кім? (Ы. Алтынсарин)


Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

- Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

/ МӨЛДІР, СӘУЛЕ, ҚУАТ/

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!