Қазақ
мектеп-гимназиясы
Тәрбие
сағаты
«Анамен әсем бәрі
де»
Сынып жетекшісі: Ахметова
Б.Т.
Петропавл
қаласы
Сабақтың
тақырыбы: «Анамен әсем бәрі
де»
Сабақтың
мақсаты: оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға
деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға
тәрбиелеу
Сабақтың
көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, үнтаспа, бейнетаспа,
шарлар.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Мұғалім
сөзі
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды
өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық
асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы
адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты
болсын!
ІІ.Жаңа
сабақ
Топтық
жұмыс
1-топ:
«Қамқор ана!» тақырыбында коллаж
жасау.
2-топ:
Анаға байланысты мақал-мәтелдерді
тап.
3-топ:
Анаға байланысты
теңеулер.
4-топ:
Анамыз ..... сияқты
(теңеу)
1-оқушы:
Өр десек те сіздерді, -
лайықсыздар.
Төр
десек те сіздерді, -
лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, -
лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, -
лайықсыздар.
2-оқушы:
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
3-оқушы:
Сіздер - Күнсіз, аспанда
жарқыраған,
Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер - ана, сіздер
- жар, сіздер
- қыздар,
Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер
сарқыраған.
4-оқушы:
Біз сіздерсіз тіршілік ете
алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Би: «Сұлу қыздар» қыздар
тобы
5-оқушы:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана
деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
6-оқушы:
Анамызды сыйлайық,
Жақсы оқушы болайық.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік алайық
7-оқушы:
Ана саған көп рахмет
Жан балам деп еркелеткен,
Бесікте бізді тербеткен
Ардақты да аяулы
Ана саған, көп рақмет!
8-оқушы:
Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.
Ойын «Баламның дауысы,
анамның дауысы»
9-оқушы:
Мен
үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
10-оқушы:
Әр сөзімді
жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын
ақ анам!
11-оқушы:
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
12-оқушы:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Ән: «Ай дидарлы анашым» Зарина, Жасмин, Нурай,
Аяжан
Ойын «Әсемдеуші (Визажист)» анасы шарға сурет
салады, баласы ұстап тұрады
13-оқушы:
Анасыздар,
әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
14-оқушы:
Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар
-
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
15-оқушы:
Ана дейміз біріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын
бақ.
16-оқушы:
Анам менің
сүйіктім
Тек өзіңе
табынам.
Қасымда жүрсең
биікпін,
Алыстасаң
сағынам.
Ойын «Мені
тап!» Анасы өзінің баласын табуы керек.
(ұлдар)
17-оқушы:
Анаң болса
қасында
Басқа бақыт не
керек
Аналардың
жүрегі
Мейірімді ғой
керемет.
18-оқушы:
Мен анамды
сүйемін,
Құшағына
енемін.
Мәпелеген
анамды,
Қуантсам деп
келемін.
19-оқушы:
Мәпелейді, әлдилейді,
бағады.
«Құлыным» деп құшағына
алады
Өзгеге де, өзіне де
жауапты
Барлығына қалай уақыт
табады?!
20-оқушы:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
ӘН
«Әжем»
Ойын: «Баламды қаншалықты
білемін?»
Баласы да , анасы да бір сұраққа жауап
береді, қаншалықты сәйкес келгенін
табу.
21-оқушы:
Сіздерден өскен
балалар
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті абзал
аналар.
22-оқушы:
Ана - жұмақ, мен - шуақ,
саябағы,
Ана
- шырақ, мен - мен сұрақ
санадағы.
Ана
- теңіз, мен - қайық тербетілген,
Ана
- бұлақ, мен - құрақ жағадағы.
23-оқушы:
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
24-оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Балалары мимикамен көрсетеді, аналары не нәрсе екенін табу
керек
25-оқушы:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
26-оқушы:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
27-оқушы:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
ӘН: «Анаға
сыйлаймыз»
Ашықхаттарын
сыйлайды
«АЛЛО» әнін Ерасыл мен
Ансардың орындауында қарсы аламыз
Би: «Ұлдардың»
орындауында
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана
дейді жас сәби де жарқылдап
Ана
деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана
деген - алтын қазық, алтын бақ!
Біз
доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Сабақтың
қорытындысы: бүгінгі сабақтан қандай әсер
алдыңдар?