Ғылыми жоба "Өрмекшілер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Өрмекшілер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өрмекшілер туралы мәлімет аз, олардың түрлері, мекен ету ерекшелігі, өрмек жібін түзуі туралы мәліметтер әлі де зерттеуді қажет етеді. Өрмекшітәрізді жәндіктердің құрылысын, түрлерін, тиімділігі мен зияндылығын зерттеу. Өрмекшілер туралы дүниетанымды кеңейте отырып, мәлімет жинау, олардың кейбір түрі жыртқыш болғандықтан, сақтану ережелерін білу. Алға қойылған мақсат пен міндеттерді шешу үшін байқау, салыстыру, әдістері қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ мектеп - гимназиясы






Ғылыми жоба

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: Өрмекшілер











Орындаған: 3а сынып оқушысы

Қоспанова А.

Жетекшісі: Ахметова Б.Т.






Петропавл қаласы


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау - Өрмекшілердің дене құрылысы мен түрлері

    1. Өрмекшілердің дене құрылысы

1.2. Өрмекшілердің түрлері

ІІ тарау - Өрмекшілердің тіршілік ерекшелігі

2.1. Өрмекшілердің тіршілігі

2.2. Өрмекшілердің тиімділігі мен зияндылығы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




















Кіріспе


Зерттеу жұмысының тақырыбы: Өрмекшілер

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өрмекшілер туралы мәлімет аз, олардың түрлері, мекен ету ерекшелігі, өрмек жібін түзуі туралы мәліметтер әлі де зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өрмекшітәрізді жәндіктердің құрылысын, түрлерін, тиімділігі мен зияндылығын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Өрмекшінің құрылысын зерттеу;

  2. Өрмекшінің түрлеріне сипаттама жасау;

  3. Өрмекшінің тіршілік ерекшелігін тану;

  4. Өрмекшінің тиімділігі мен зияндылығына тоқталу ;

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Өрмекшілер туралы дүниетанымды кеңейте отырып, мәлімет жинау, олардың кейбір түрі жыртқыш болғандықтан, сақтану ережелерін білу.

Зерттеу әдістері: Алға қойылған мақсат пен міндеттерді шешу үшін байқау, салыстыру, әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы:

  1. Кіріспе бөлім

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды бөлім

Негізгі бөлім 2 тараудан және әр тарау 2 тақырыптан құралған. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.









Негізгі бөлім

І тарау - Өрмекшілердің дене құрылысы мен түрлері

1.1. Өрмекшілердің дене құрылысы.

Д ене тұрқы 0,1 мм ден 17 см –ге дейін. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. . Осы екі бөлім сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7 бунағы бар) . Бас – кеуде бунағының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Қан айналу жүйесі ашық.. Сезім органдары жақсы жетілген. 8 көзі 2 доға түрінде орналасқан.
















1 .2. Өрмекшілердің түрлері

Б үйі – ірі өрмекшіі. Шөл-шөлейтті, далалы аймақтарда кең тараған, әсіресе ылғалы мол өзен, көл жағалуларында жиі кездеседі. . Дене тұрқы - 25-30 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңдігі 50-70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Өрмек торын құрмайды. Бүйі – улы өрмекші. Уы тырнағымен жалғасқан 1 – жұп яқтарында түзіледі. Оның уы өмірге қауіп төндірмейді, бірақ бүйі шаққан кезде адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Сондықтан бүйі шаққан жердің қанын сәл ағызып жібереді де, үстіне дәрі ертіндісіне малынған дәке басып, таңып тастайды.

Қ арақұрт – улы өрмекші. Денесі шағын 4-7 мм, түсі қара, құрсағында қызыл дақтары бар. Қазақстанның шөлді және далалы аймақтарында кездеседі. Жәндіктермен қоректенеді. Топырақты аршып, үңгірлеп, ұя салып алады да інінің аузына жем ұстайтын өрмек құрады. Оған түскен шегіртке, шілделік сияқты жәндіктерді улап өлтіреді. Әсіресе сәуір айында қарақұрт өрмекшілері жан – жаққа тарап, адам мен малға қауіп төндіреді. Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10-15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты аурады, аяқтарының жаны кетіп құрысып қалады. Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1-2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Сондықтан өрмекші түрлеріне жататын жәндіктерден абай болу керек.

ІІ тарау - Өрмекшілердің тіршілік ерекшелігі

2.1. Өрмекшілердің тіршілігі

Ж ер шарында кең тараған 60 мыңға туық түрі бар. Қазақсатанда өрмекшілердің 400 ден аса түрі кездеседі. Өрмекшілердің ерекшелігі - өрмек сұйықтығы бөлініп шығатын өрмек бездерінің дамуы. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да, өрмек жібіне айналады. Бұларды өрмекшілер тор құру, ұстап алған жемтігін орап тастау үшін пайдаланады. Өрмекшілер жыртқыштар, жәндіктермен қоректенеді. Жаздың аяғы, күздің басында бақтағы кейбір ағаш, бұта бұтақтары арасынан, кейде сарайдың іш жағындағы бұрышынан өрмекшінің торын кездестіруге болады.

Оны халық «өрмек» дейді.

Өрмекші өрмекті шыбын, ұсақ көбелек сияқтыларды аулау үшін құрады.

Ө рмекке тиіспей ғана шыбынды торға тастап, өрмекшінің іс әрекетін бақылаған қызық. Шыбын өрмекке ілінісімен, тордың ортасынан созылып, ұшы өрмекшінің аяғына ілінген жіпше тордағы қозғалысты оған жеткізеді. Өрмекші жасырынған жерінен тез шығып, тордағы жәндікті үзіп кетпестей етіп, тормен шырмап тастайды. Одан соң жәндік денесіне ауыз жағындағы тырнағын шаншып у жібереді де, өзі жасырынған орнынан барып, біраз тосады. У жәндікті тек өлтіріп қана қоймай, оның ішін ерітіп, сұйыұұа айналдырады. Өрмекші сол сұйықты сорып қоректенеді. Жәндіктің тек сыртқы қатты қабығы ғана қалады.

Сонымен өрмекші шыбын, көбелек сияқты зиянды бунақденелілермен қоректененіп, өсімдікке, адамға пайда келтіреді.


2.2. Өрмекшілердің тиімділігі мен зияндылығы

Өрмекшілер мақта, бақша дақылдары, соя, жылыжайдағы қиярға көп зиян келтіреді. Адам мен жануарлар өміріне қауіп төндіретін улы жәндіктердің бірі. Көпшілігі пайдалы ауылшаруашылық з иянкестерін құртады, уы медицина мен биохимияда пайдаланылады. өрмек жібегі алынады. Бүйі мен қарақұрт аса улы жәндіктерге жатады. Егіс маңындағы арам шөп пен ағаштан жел, су арқылы екпе дақылдарға таралады. Күрес шаралары: ауыспалы егіс, күзде өңделген жерді терең жырту, арнайы тыңайтқыштармен өңдеп отыру. .

Е стеріңде болсын! Өрмекші тәрізді улы жәндіктер де бар. Олар бүйі, қарақұрт, кенелер жатады. Олардан сақ болу керек. Қарақұрттың уы адамды өлтіріп жібереді. Бүйі мен кененің шаққаны ауыр науқасқа ұшыратады.












Қорытынды

Сонымен, зерттеу жұмысы барысында өрмекшілердің құрылысы, түрлері, тиімділігі мен зияндылығын - жалпы тіршілік ету ерекшелігін қарастырдық. Біз алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жеттік деп ойлаймын. Дүниетану сабағында ең қызықтырған жәндіктердің бірі де осы өрмекшілер еді. Мені қызықтырғаны - өрмекшінің өрмек жібінің түзілу ерекшелігі, олардан сақ болу жұмыстары. Балалар, естеріңде сақтаңдар! Улы өмекшілердің ұясын бұзуға, тіптен қасына жақындауға болмайды. Әсіресе, көктем айларында өрмекшітәрізді жәндіктерден сақ болуға шақырамын.





















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы

  2. Биология журналы

  3. Экология журналы

  4. Дүниетану оқулығы

  5. Интенрнет желісі

  6. Қазақстан Республикасының жануарлар мен өсәмдіктер әлемі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.02.2019
1543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі