Әдіскер...Мамандық?.... Қызмет?.... Бейімділік?..

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдіскер...Мамандық?.... Қызмет?.... Бейімділік?..

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуге балаға. Абай Ұлағаты ұлылықпен ұштасатын ұстаз болам деген арман сонау 1985 жылы үшінші сыныпта оқып жүргенімде алғаш рет «Кім болам?» тақырыбымен шығарма жазғанда туған ой еді. Содан жыл сайын осы тақырыппен жазылған шығармамның негізгі ойы жоғары оқу орнына түсерде де он жасымдағы арманымнан ауытқыған емес. Мен осылай ұстаз атандым. 1997 жылдан бері мектеп оқушыларын білім бесігінде тербеп келемін. Ұстаз деген кім? Ұстаз – әке мен шешедей қолыңнан ұстап, талабыңды көріп, жақсылыққа теліп, шалағайлығыңа әуелі көніп, шебер ұстадай ақ алмасты шыңдау үшін суға малып, шикіні пісіруге, жетпесіңді жетілдіруге шыдамы жететін, өміріңе жол ашатын жан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу – әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Утепбергенова Жанбота Кайрбаевна



Әдіскер...Мамандық?....

Қызмет?.... Бейімділік?..


Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуге балаға.

Абай


Ұлағаты ұлылықпен ұштасатын ұстаз болам деген арман сонау 1985 жылы үшінші сыныпта оқып жүргенімде алғаш рет «Кім болам?» тақырыбымен шығарма жазғанда туған ой еді. Содан жыл сайын осы тақырыппен жазылған шығармамның негізгі ойы жоғары оқу орнына түсерде де он жасымдағы арманымнан ауытқыған емес.

Мен осылай ұстаз атандым. 1997 жылдан бері мектеп оқушыларын білім бесігінде тербеп келемін.

Ұстаз деген кім?

Ұстаз – әке мен шешедей қолыңнан ұстап, талабыңды көріп, жақсылыққа теліп, шалағайлығыңа әуелі көніп, шебер ұстадай ақ алмасты шыңдау үшін суға малып, шикіні пісіруге, жетпесіңді жетілдіруге шыдамы жететін, өміріңе жол ашатын жан.

Қазіргі заман талабы – жаңа технологияны пайдалана отырып, жас ұрпақты бейімдеп оқыту арқылы білімді, өмірге икемді, дені сау, жеке тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі ұстаз қандай болмақ?!.

Осы сұраққа ұстаз бойынан мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: дүниетанымдық көзқарас, қызметке бейімділік, кәсіптік білім мен біліктілік, қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім, ұйымдастырушылық қабілет, заманға сай жаңашылдық. Осындай дара қасиеттер ұстазды бақытқа жеткізеді және нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалары сөзсіз.

Ұстаздық - сананы сарғайтар азабы да, жаныңды жадыратар ғажабы да мол ұлы мамандық.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп ұлы Абай ақын дәріптеп кеткен ұстаздықтың сара жолында мәңгілік бағыт-бағдарымнан таймай, жас ұрпақтың өн бойына білім мен тәрбиенің нәрін беретін ұлағатты ұстаздардың қатарынан көрінуге бар күш - жігерімді аямаймын. Мен өз мамандығымды сүйемін, мұғалім болғанымды мақтан етемін.

Әрқашан жаңалыққа елеңдеймін,

Мамандығым мақтанышым, өкінбеймін.

Мамандықты қайтадан таңда десе,

Мұғалім боп бәрібір қалам деймін.

Оқушылардың ынтасын ояту, ең әуелі ұстаздың еңбегі екені белгілі. Ал, сол ұстаздың беттеген жолына жөн сілтеп, бағытын айқындап беріп отырған - әдіскер.

Әдіскер әрбір мұғалім біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырып қана қоймай, педагогтердің ғылыми, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру жолында да тер төкпек. Қарапайым сөзбен айтсақ, әдіскер – педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге ықпал етер тұлға.

Педагогтердің кәсіби деңгейін көтеріп отыру, теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оларды оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – менің әдіскер ретінде нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмысымның негізгі міндеті болып табылады.

Педагог қызметкерлер біліктілігін көтеруін болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, озық тәжірибені анықтау және бағалау, тарату, әдістемелік көмек беру, басылым қызметін жүргізу, білім саласындағы педагогикалық тәжірибе жинағын құру, педагогтердің авторлық бағдарламаларын, құралдарын, оқу жоспарларын эксперттік бағалауға, білім беру қызметкерлерін аттестацияға дайындауға қолдау көрсету, педагогтар мен оқушылар үшін әр түрлі семинарлар, шаралар, т.б. ұйымдастыруды мақсат етемін.

Бақылаудың орнына ынталандыру;

Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;

Ауыстырудың орнына сенім білдіру;

Үгіттеудің орнына түсіндіру;

Жоюдың орнына тегістеу;

Басқарудың орнына қатысу;

Айғайлаудың орнына әзілдеу;

Кінәлаудың орнына қорғау;

Бұйрық беріп тексерудің орнына

Көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.

Бақылаудың орнына ынталандыру;

Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;

Ауыстырудың орнына сенім білдіру;

Үгіттеудің орнына түсіндіру;

Жоюдың орнына тегістеу;

Басқарудың орнына қатысу;

Айғайлаудың орнына әзілдеу;

Кінәлаудың орнына қорғау;

Бұйрық беріп тексерудің орнына

Көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу, - ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстанымым.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны пайдалану, үйретудің маңызы зор.

Әдіскер - педагогтармен оқу-тәрбие, әдістемелік жұмысты ұйымдастырушы, әдістемелік семинарларды , т.б.ұйымдастырушы, олимпиада, сайыс, шараларды ұйымдастырушы, педагогтер мен оқушылардың шараларға қатысу мониторингін дайындаушы, педагогтердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырушы, жаңа технологиялар бойынша ақпаратты насихаттау және таратушы, электрондық оқу жүйесі бойынша ұйымдастырушы, білім ұйымдарының веб – сайттарының қызметін бақылаушы, әдістемелік қызметті ұйымдастырушы.

Әдіскер – зерттеуші, озық іс – тәжірибені жинақтаушы, насихаттаушы, кеңесші, ұйымдастырушысы, сарапшы, үйлестіруші.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі