Материалдар / Ағаш отырғызу 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағаш отырғызу 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
25 Мамыр 2023
383
10 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымы:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 6. «Қоршаған ортаны қорғау»

Педагогтің Т.А.Ә.

Нархозиева Ж Х

Күні : 20.02


Сынып: 4

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны :

Сабақтың тақырыбы: Ағаш отырғызу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.2.5.1 шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... ,оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау

Сабақтың мақсаты :

Оқушылардың барлығы: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.Заттың санын шамамен қалай айтуға болатынын ,сандарды дұрыс жазуға үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

-Балалар, барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізбен, табиғат анамен амандасып, бір-бірімізге, сабағымызға сәттілік тілейік!

Үй тапсырмасын сұрау

Ұ)Ой қозғау.

-Газет оқисыңдар ма?

-Керек мәліметті қайдан іздейсіңдер?

-Ағаш отырғызу туралы қайдан білуге болды?

Сабақтың тақырыбын болжату.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Армысың ба, ару күн!

Армысың ба, көк аспан!

Армысың ба, жер - ана!

Армысың ба, достарым!

Сәтті болсын сабағым!

Айтылым. Үй тапсырмасын оқиды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.


Болжау. Сабақтың тақырыбын, мазмұнын сұраққа жауап беру арқылы болжайды.

Сабақтың мақсатымен танысады:

Заттың санын шамамен қалай айтуға болатынын

үйренесің.

Сандарды дұрыс жазуға үйренесің.

Shape1

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»

Слайд









Сурет

газет


Сабақтың ортасы

























1. Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздер:

емен- дуб

қайың -береза

терек- тополь

тоғай- лес

тамыр- корень

аялау - беречь

1.Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру

2.Оқылым.2-тапсырма.

Мақаланы оқып, сұрақтарға жауап бер:

1. Нұрғали ағаның бағында қанша жеміс ағашы бар?

2. Мақалада жеміс ағашынан басқа қандай ағаштар аталады?

3. Нұрғали аға үшінші сыныпта қандай ағаш отырғызды?Ол ағаш неше жылдан бері өсіп тұр?

4. Мақалада қандай өнегелі сөздер бар?

Тыңдалым,айтылым.

Жаңа сөздермен «Суреті сөздік» арқылы танысады.

Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.Жаңа сөздерді сөздікке жазады.Сөз тіркес-терін, сөйлем құрастырады

2. Тыңдалым. Айтылым.

2-тапсырмадағы мақаланы оқып, сұрақтарға жауап береді:

1. Нұрғали ағаның бағында 400-500-дей жеміс ағашы бар.

2. Мақалада қайың, емен, табиғи долана аталады.

3. Нұрғали аға үшінші сыныпта алмаағашты

отырғызды.Ол ағаш неше жылдан бері өсіп тұр? 1951ж

4. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен бірдей». Табиғатты қалай аяласаң, ол саған солай жауап береді...».



Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Дескриптор:

-мәтінді түсініп оқиды

қыған шағын мәтін-ді түсінеді.

-берілген сұрақтарға жауап береді

әтіндегі кейіпкерге баға береді.

-сөйлемнің құрылымын сақтайды.

Өзара бағалау:

«Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»

Слайд







Слайд

Оқулық 125 бет














Слайд

Оқулық

126 бет






Мұғалім өзі мақаланы оқып шығады, оқушылар жүргізіп оқиды.Мәтінді екінші рет оқуда «Белгі қою» әдісін қолданады. Мәтінді оқып отырып, ондағы түсінбеген сөздер мен сөйлемдеріне белгі қойып отырады. Таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен немесе мұғалімнің қолдауымен түсінеді.Мұғалім оқушылардың түсінбеген тұтастай сөйлемдері болса, қайта түсіндіреді.

Нұрғали ағаның бағы

Нұрғали ағаның ауласы ағашқа толы. 400-500-дей жеміс ағашы, алма мен алмұрттың екі-үш сорты, теректердің бірнеше сорты, қайың, емен, табиғи долана жайқалып тұр.

«Бала кезімнен тау-тасты аралап,шөптің, ағаштың неше түрімен таныс болдым. Әлі есімде, үшінші сыныпта оқимын. Балалармен таудан

алмаағашты көріп, тамырымен қазып алып, аулаға әкеліп отырғыздым.

Оны аялап күтуді әкем үйретті. Қазір ол жемісі бар үлкен ағаш болды.

Мен жетпістен астым, ол алпыстан асты. Ағаш отырғызу осылай басталды. Кейін 15-20 түп алмаағашын отырғыздым. Олар да жемісін беріп, жайқалып тұр. Қазақта: «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Тіпті «ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен бірдей» деп есептеймін. Табиғатты қалай аяласаң, ол саған солай жауап береді...».

Мәтіннің жанры туралы қосалқы мәлімет өте жеңіл беріледі.Мақаланың қайда жарияланатыны,мақаланың құрылымына, яғни оның тақырып аты мен авторы болатынына және мақала соңында немесе басында оның жазылған мерзімі болатынына оқушылардың көзін жеткізе түсіндіру.

Сергіту сәті



6. Оқылым.Жазылым. Айтылым.

4-тапсырма: Мақалада қандай сандар бар? Заттың санын шамамен қалай айтуға болады? Ол сандарды қалай жазасың?

6-тапсырма .Шамамен алынған сандары бар сөйлемдерді теріп жаз.

1. Мен 7-8 түп қайың көшетін отырғыздым. 2. Аулада он шақты ағаш өсіп тұр. 3. Әкем жиырма шақты көшет алып келді. 4. Тоғайға 50 түп терек отырғыздық. 5. Кеше ормандағы жүз шақты кәрі ағашты кестік. 6. Төртінші сыныпта таудан алмаағаштың көшетін әкелдім. 7. Бұл ағаштарға 35 жыл болды. 8. Бақтағы ағаштар 400-500-дей түп болады. 9. Менің ауламда шамамен 30 шақты терек бар.

Ұсынылған сөйлемдер арасынан болжау мағынасын игерген сандарды теріп жазады.

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді.

-шамамен алынған сандары бар сөйлемдерді теріп жазады.

Оқулық

127 бет

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырма: 127 бет 6-тапсырма

Рефлексия .«Алма ағашы». Оқушылар түрлі-түсті алмаларды ағашқа жабыстырады.


сенеді.ңйтуға дағдыландыру::. СҚызыл алма – бәрі түсінікті
.Жасыл алма – сұрақтарым бар .Сары алма – түсініксіз.

Бағалау .Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!