Материалдар / Ағылшын тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
11745
166 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ағылшын тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Түсінік хат

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған  білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Үлгерімі төмен оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:

  • мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;

  • кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Үлгерімі төмен оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.

Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағдарлық жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер

1 Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару

Тәсілдің жақсы жақтары

Тәсіл кемшіліктері

Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге болады

Ұйымдастырушылық:жеке жұмыс кезінде

кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.

Психологиялық: толымсыздық комплексін

қалыптасады.

2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар)

Жеке дайындығының деңгейін ескере отыра оқушыны жұмысқа жұмылдыру керек, оқушы өз күшіне сенуі керек.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына

көп уақыт кетеді.

3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы

Әр оқушыны жұмысқа тарту арқылы сыныпта жұмыс жағдай туындайды

Белсенді оқушы белсенділігі төмен

оқушыны басып

тастайды, өз пікірін міңдеттейді

4. Жұптық жұмыс

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге жағдай туады

Оқушылардың белсенділіктерінің төменділігі

оқумотивациясының төменділігі

5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушы тындалады, оны түсінуге жағдай туады

Танымдық әрекеттерге кедергі

болып

оқушы сабақты

«ойынға» айналдыру қаупі бар

6. Бұрынғы алынған тапсрымалармен байланысы жоқ шығармашылық

жұмыстарды қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, танымдық әрекеттердің белсенділігі байқалады

Алған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы

7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс

Оқушының жеке дайындық деңгейін ескеруге жағдай туады, оқушы өз күшіне сенуі керек.

Уақытты талап етеді: көп жұмыс жүктеледі,

мазасыздық

туындап, өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.

8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту

Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайды

Мектептің қаржылық базасының шектеулі

болуы

үлгерімі төмен оқушыларды тартуға

қиындық туғызады

9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту

Кедергілерді жеңе білу

Қоғамдық жұмыспен және оқушы

арасындағы тікелей

байланыстың болмауы оқушыны танымдық

және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық

туғызады

10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары

Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу

Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін

алшақ ұстауы және мектептің ата – аналардың

мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы

 



Мақсаты:

  • ағылшын тілі пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;

  • оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;

  • сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;

  • пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;

  • үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, тарих пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

 

Міндеттері:

  • әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау

  • мемлекетін білім стандартын менгере отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;

  • үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

 

Күтілетін нәтиже:

  • оқу бағдарламасына сай білімді өз дәресенде меңгереді;

  • пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады;

  • ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.

 

Негізгі принцип:

  • нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату;

  • үлгермеуші оқушылардың пән бойынша әр сыныптан анықтау, жүргізілетін жоспарды құру;

  • жазуға биылдықты жүргізілетін жұмыстар (көшіру, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

  • жазбаша жұмыстар, тесттер (ескерту, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

  • сөздік жұмыстарын жүргізу;

Ағылшын тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары



 


Атқарылатын жұмыстар

Мерзімі

1

Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, білім деңгейінің төменділігінің себептері, мінезі, жанұя жағдайы.

Қыркүйек

2

Әр сыныпқа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын бекіту

Қыркүйек

3

Қосымша сабақтар өткізу.

 

Аптасына бір рет

4

Жеңілдетілген түрде тапсырмалар беру.

 

Үнемі

5

Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға көмектесуге жүктеу.

Үнемі

6

Тапсырмасы жылдам және жеңіл түрде алынған кім жылдам атты интеллектуалды ойын өткізу.

Үнемі

7

Тоқсан сайын байқау тестілеудің қорытындысы бойынша мониторингін жүргізу.

Тоқсан сайын

8

Ата-аналармен, сынып жетекшілермен үнемі байланыста болу.

Үнемі

9

Оқушыларға  психологиялық, ақпараттық қолдау көрсету.

Үнемі

10

Басқа пән мұғалімінің сабақтарына қатысу.

 

Үнемі

 

 

Үлгерімі  төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың  мақсаты.

1.Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.
2.     Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
3.     Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.






Ағылшын тілі пәнінен 2019-2020 оқу жылындағы үлгерімі төмен оқушылардың тізімі



Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пән мұғалімі

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16
















Ағылшын тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған қосымша сабақ кестесі

Оқушының аты-жөні

Уақыты

Өтілетін жері

Мұғалімі

1


Дүйсенбі

13:00-13:45

36 кабинет


2


Сәрсенбі

13:00-13:45

36 кабинет



Ағылшын тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған қосымша сабақтар тақырыбы


Тақырыбы

Мерзімі

1

Фонетика.Буын түрлері


2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!