Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқыту" Шығармашылық жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқыту
Жоспар:
Кіріспе
1.Шығармашылық зерттеу-
жеке тұлға мүмкіндігінің
өлшемі..
1. Шығармашылық жұмыс- баланың
ізденіс қабілеттерін дамыту жолдары.
2.Шығармашылық жұмыстың түрлері
1. Шығармашылықты қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы.
2. Дидактикалық тапсырмалар беру оқушы ойын кемелдендіру
3. Тестердің тиімділігі.
4. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже
Қорытынды.
Кіріспе
1.Шығармашылық зерттеу-
жеке тұлға мүмкіндігінің өлшемі.
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден- бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркенитетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай- ақ рухани жан дүниесі бай, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің баты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды- тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.
Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым.
Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті:Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.
Жұмысты жүргізу әдістері:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:
-
Стрела әдісі:
Әртүрлі тапсырмалар беру, диалог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.
-
Бумеранг әдісі:
Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.
-
Лоскутная:
Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.
-
Бейне диктант:
Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.
-
Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:
Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.
-
Оқытудағы практикалық әдістер:
Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.
1. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты
Шығамаршылық‑зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы.Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті. Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог – ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:
-жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
-іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек.
Қабілеттің екі түрі бар:
-
Репродуктивті-іс- әрекетті, білім берілген үлгі бойынша қабылдай алу
деңгейі.
-
Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.
2.Шығармашылық жұмыстың түрлері
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор.Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.
Жалпы білім беретін мектептерде 5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.
1. Шығармашылықты қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы.
Әріп диктанты. 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты- ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мысалы:a,e,i,o,u,y,t,d,n,m,b,v әріптерінен келетін сөздерді жаздыру.
Сөздік диктант- барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып, мәтін, сурет,түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың ең тиімді жолы болып есептеледі.
Мысалы:living room, bed room, study, dining room, ground floor, flat, house, window, door.
Шығармашылық диктант.Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып,шашыранды сөз түрінде берілген сөйлемдер алынады.Бұл сөздердің әр тобынан оқушылар өздігінен сөйлем құрастырады.
-
Usually , watch, I,TV, on Sunday.
-
Always, she, piano, plays, at home, the.
1. He, sweets, cakes, jam, likes.
2. The shop, closes, at 5o’clock.
1. A lot, in, winter, here, it, rains.
2. Very, she, visits, her, it rains.
Бақылау диктанты- барлық сынаптарда оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіледі.Диктанттың бұл түрі белгігі бір тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі. Бақылау диктантын жазуға төселудің шарты- оқылған сөйлемдерді , сөздерді, бірден ұғып алып, жадында сақтап жазуға үйрету.
-
Жеміс пен көкеністі екі топқа бөлу.
Fruit vegetable
Bananas, apples, tomatoes, onions, carrots, cabbages, apricots, oranges.
-
Киімдерді үш топқа бөлу.
Boy’s wear Girl’s wear Either
Boots raincoats pajamas pants tights dresses trousers pullovers shirts gloves.
-
Сөз таптарына байланысты үш топқа бөлу.
Nouns Verbs Adjectives
Dog, play, farm, hand, river, cry, small, eat, clean, hunter, boring, write.
Диктант, жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшілігіне, топтың қабылдау қабілетіне қарай, оқу материалының күрделілігіне байланысты жеңілдетіліп немесе қиындатып отыруға байланысты жеңілдетіп немесе қиындатып отыруға болады.
Мен көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беремін,келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздырамын. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесін қорытындылауға үйренеді. -баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
-өзін-өзі дамытатын тұлғалар қалыптастыру.
2. Дидактикалық тапсырмалар беру оқушы ойын кемелдендіру
Солардың бірі «What is this ?» «Ол не ?» ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.
Мұғалім: "This is a boy. It is round. The color this of the toy can be different. It will be big and small. The children like this toy very much. They play different games with it". Бұл ойынды әртүрлі нұсқада ұжым болып та, топтарда да, қолдануға болады. Ең негізгісі – балаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес ұқсас заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойынды одан әрі қызықтыра түседі. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін,бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде «Жақсы-жаман» «Good-bad» ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қай-
таламаулары керек.
Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we cannot put it in the bag – bad.
Тапсырманың соңғы үшінші түрі қиындау бірақ өте қызықты. Ойынды жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі өлшемдерінің бірі-білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады.
Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асыр-дым.
Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап , оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сөйлемдердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.
Мысалы, «Where did you get it?»
When uncle Peter came to their house, mother said I`m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.
«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орны‑орнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.
Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirstyHe. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.
«Қосымшасын тап».Жеке атау сөздерден құралған сөздер беріп, оларға тиісті қосымшалар, предлогтарды қойып сөйлем құратамын.
Omar…. Ales were watch…TV…8 o'clock. My friend came home…9 o' clock yesterday evening. His mother was cook the kitchen.
«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.
Мұғалім: «Pete' s story. One day a teacher says to his pupils:
«Write….about the football….on Sunday. » Pete….writes three words in his notebook…puts his…
Down on the desk. «Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ….takes his notebook and reads: «Rain. No game»
«Мәтін құра». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын – орнына қойып, жүйелеп айтып беруін талап етемін.
«Hobbies». Steve enjoys playing football. He has two brothers. His favourite subject is P.E. He knows a few words of Spanish but he doesn’t like learning foreign languages. He is in the school team. He doesn’t like doing homework. He also likes basketball.
«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.
«The environment»Cambridge is in the east of England. Cambridge is an ancient city. The main industries in Cam-bridge are tourism and agriculture. The population is about a hundred thousand. It is a small city. There are a lot of English language schools. Where is Cambridge? What kind of city is it? How many people live there? Is it an ancient city? What are the main industries? What kind of schools are there?
« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.
Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?
«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.
Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?
«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.
Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?
Pupil: The sun.
Teacher: The sun. Why do you think so?
Pupil…
«Сөздердің антонимдерін тап».
Sly-naive fast-slow
Greedy-kind clever-silly
Cowardly- brave strong-weak
«Полиглот». Аталған мақалдардың қазақша, орысша баламаларын тап.
-
There is no smoke without fire. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Нет дыма без огня.
-
To make a mountain out of a molehill. Түймедейді түйедей ету. Делать из мухи слона.
«Сөзжасам түрлерін тап».
Answer— жауап to answer— жауап беру
Hand- қол to hand- қолға беру
Order- бұйрық to order- бұйыру
Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың
ағылшын тілі пәнінде қолданудың орны ерекше.[24] Сөзжұмбақтарды әртүрлі бағыттарда қолдануға болады:
-
жасырылған сөзді тауып, сөйлем құрау;
-
сөз топтарын тауып содан әңгіме құрастыру;
-
жаңа сөздердің ішінде сөзжұмбақ етіп жасыруға болатындарын анықтау.
Сөзжұмбақ құрастыру үлгілері:
-
екі сөздің қосындысы: arm+chair
-
үтір қойылған әріптерін алып тастау: chair-hair
-
іn жалғауы арқылы: fine
-
on, up, under жалғаулықтары арқылы: second
-
бір әріпті сызып тастау арқылы: cap-cat
-
сөздің әріптерінің ретін ауыстыру арқылы: cat-act
-
of жалғауы арқылы: coffee
-
by, at жалғауы арқылы, егер бір әріп екінші әріпке тақалып тұрса: late
-
бір нәрсе керісінше тұрса: dog-god
-
бір әріп екіншісіне бағытталса to жалғауы жалғанады: today
Төменгі әріптерден сөз құрап, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс.Bag, yet, age, globe, tie, get, big, cat, rat, goal, etc.
-
Тестердің тиімділігі.
Тест оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық шабытын оятады. Оған қоса оқушылардың алған білімдеріндегі олқылықтарды анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүм-кіндік береді. Тесттің мынадай түрлері бар: қосынды тест, сәйкестік тест,рет бірлігін анықтау тестісі, көптен таңдау тесті, баламалы тест,толықтыруды қажет ететін тест. Мысалы, «How he belongs to ages» шығармасын талдағанда баламалы тест (True-False Test) қолдандым.
1. Nobody knows when President has been killed. |
False |
2. John Booth fired into the President `s head. |
True |
3. The President died the next day. |
True |
4. The President didn’t want to go to the theatre. |
True |
Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:
-
Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
-
Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;
-
Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;
-
Ой-өрісі дамиды;
-
Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.
«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.
-
Жолдыбаева Г. «Коммуникативті оқыту технологиясының теория және практика тұрғысынан жүзеге асыруы» Ағылшын тілі мектепте 3.2015ж 15-19 бет
-
Қараев Ж. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы»
-
Рамазанова Н. «Гуманитарлық цикл сабақтарында оқушылардың»
4. Сарузенова Ғ «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық пен ізденіс қабілеттерін дамыту» [электронник ресурс] адрес www.baiandama
5. Слямжанова У. «Орта буын оқушыларының ағылшын тілі сабағында шығырмашылық пен ізденіс қабілеттірін дамыту жолдары» [электронник ресурс] адрес www.baiandama
6. Шарауова А «Жаңа сөздерді есте сақтауда сөзжұмбақтардың орны» Ағылшын тілі мектепте 3.2017ж 20-21 бет