Материалдар / Ағылшын тілін ерте жастан оқыту керек пе? мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту керек пе? мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2018
368
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту керек пе?

Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматының барлығы дерлік казақ тілін әрдайым жоғары қояры белгілі. Тіл тағдыры- ұлттың ұлы мұраты екендігі де рас. Бірақ қазіргі заман талабы адамдардың ойын өзгертпей қоймасы анық. Қазіргі таңда өз тіліне қарағанда өзге тілді құп көретін азаматтар көбеюде. Мұның дәлелі ретінде Ақтөбе қаласындағы Назарбаев мектебінің оқушыларын алсақ болады. «Олар айтар сөзін алдымен орысша ойлап кейін қазақ тіліне аударады» деген жаналық шықты. Ағылшын тілі мен орыс тілін тез үйренеді, ал қазақ тілін үйрену қиын болып отыр.

Дегенмен біздің алдымызда 50 ел қатарына кіру мақсаты тұр. Сол үшін біз шет тілін толық меңгеруіміз керек. Оның үстіне елбасымыз: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп жолдау жолдаған еді.

Міне, осыны ескеріп бардық жердегі оқу орындарында үштілділік қалыптасты. Тіпті балабақшаларда да ағылшын тілі оқытылады. Бірақ бұл бізге керек пе?

Иә, керек. Себебі алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.

Ол үшін не істеу керек?

Ол үшін балаға көп көңіл бөліну керек. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамитыны белгілі. Сол себепті тілді үйрету мәселесін ерте бастаған тиімді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята білудің маңызы зор. Себебі алдағы уақытта тілді үйрену процесі баланың қызығушылығына тікелей байланысты. Баланың қызығушылығын арттырудың ең онай тәсәлі бұл –ойын. Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер мұғалім ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Ойын түрлері арқылы балалардың ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрете аламыз.

Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескерсек, дидактикалық ойындарды жиі қолдану -«оң нәтиже береді»,- деп нық айта аламыз.

Балбақшада ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отрып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде He has a… This is a…деген сияқты сөз тіркестерін балалр игеріп қана қоймай тез ұғып алып, ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады.

Осыны ескеріп балабақшада ұйымдастырылған бір оқу іс –әрекетімді сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!