Материалдар / Ахмет Байтұрсыновтың төте жазу әліпби
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсыновтың төте жазу әліпби

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Байтұрсыов “Төте жазу,,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
103
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар:


  • 1.Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі туралы жалпы түсінік

  • 2.Әліпбидің фонетикалық принципке негізделуі


  • 3. Түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру


  • 4. Қазақ жазуының ұлттық ерекшелігін сақтауға ұмтылыс.


  • 5.Төте жазу әліпби кестесі


  • 6. Жазу мәдениетіне қосқан үлесі


  • 7.А.Байтұрсыновтың әріп ойлап табуы


  • 8. Қорытынды


  • 9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі







Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі, тіл білімі саласының негізін қалаушы және қоғам қайраткері. Ол қазақ тілін реформалау мен әліпби жасауда үлкен үлес қосып, ұлттық тілді дамытудың іргетасын қалады. Байтұрсыновтың негізгі еңбектерінің бірі – қазақ тіліне негізделген жаңа әліпби құру. Бұл әліпби қазақ тілінің табиғи ерекшеліктерін көрсетіп, білім беру мен мәдениетті дамытуға ықпал етті. Әліпби реформасы сол кездегі сауатсыздықты жоюда маңызды қадам болды.


  1. Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі туралы жалпы түсінік: Ахмет Байтұрсынов жасаған әліпби, көбіне “төте жазу” деп аталған, негізінен араб графикасына сүйенген. Оның басты ерекшелігі – қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бейнелейтін фонетикалық жүйеге негізделуі.



Ахмет Байтұрсынов осы әліпби арқылы қазақ тілінің барлық дыбыстарын дәл бейнелеп, оларды оқу мен жазу оңай болатындай етіп жасаған. Бұл әліпби қазақ тілінің таза дыбыстық ерекшеліктерін толық қамтып, оқу процесін жеңілдетті.


2.Әліпбидің фонетикалық принципке негізделуі:

Ахмет Байтұрсынов әліпбиінің басты ерекшеліктерінің бірі – оның дыбыстық негізде құрылуы. Әрбір әріп бір ғана дыбысты білдіреді, бұл оқушылардың жазу мен оқуды тез үйренуіне мүмкіндік берді. Байтұрсынов араб әліпбиіне қазақ тіліндегі дыбыстарға сәйкес келетін жаңа таңбаларды енгізіп, қазақ тілін нақты сипаттайтын жүйе құрды.

3.Түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру: Байтұрсыновтың әліпбиі қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендірілген араб графикасына негізделді. Ол араб әліпбиінің қазақ тіліндегі дыбыстарға сәйкес келмейтін тұстарын өзгертіп, қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсету үшін жаңа таңбалар енгізді. Мысалы, «ә», «ө», «ү», «ғ», «ң» дыбыстарын нақты бейнелейтін таңбалар қосылды.

 Қазақ жазуының ұлттық ерекшелігін сақтауға ұмтылыс.

Байтұрсынов өзінің тілге және жазуға қатысты реформалары арқылы қазақ тілінің ұлттық болмысын сақтап қалуға үлкен үлес қосты. Ол араб жазуын реформалау арқылы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен сақтап, тілді орыс және басқа шет тілдерінің ықпалынан қорғауға тырысты. Оның бұл әрекеті ұлттық бірегейлікті сақтауға және тілді сыртқы ықпалдан қорғауға бағытталған болатын.

Байтұрсыновтың еңбектерінің арқасында қазақ жазу мәдениеті жаңа деңгейге көтерілді, әрі ол өз халқын сауаттандыру мен білім беру ісінді маңызды рөл атқарады.  



Қазақ тілі орфографиясы және фонетикасы

Байтұрсыновтың еңбектері қазақ тілінің ғылыми деңгейде зерттелуінің алғашқы қадамдары болды. Ол "Тіл – құрал" атты үш кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің фонетикасын, морфологиясын және синтаксисін жан-жақты қарастырды.

Қазақ тілінің әрбір дыбысын жеке-жеке зерттеп, олардың дұрыс жазылуын және айтылуын ғылыми негізде жүйеледі. Бұл еңбек сол уақытта да, қазіргі кезде де қазақ тілін оқыту мен үйрету процесінде маңызды орын алды.

Фонетика саласында Байтұрсынов қазақ тілінің дыбыстық жүйесін ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалымдардың бірі болды. Ол қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс анықтап, оларды жазу жүйесіне енгізді. Осы арқылы қазақ тілінің орфографиялық нормаларын қалыптастырды ісінде маңызды рөл атқарды.



Қазақ жазу мәдениетінің тарихындағы рөлі

Ахмет Байтұрсыновтың жазу мәдениетіне қосқан үлесі тек өз заманымен ғана шектеліп қоймайды, оның еңбектері қазіргі уақытта да қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін зерттеуде және дамытуда кеңінен қолданылады. Ол ұлттық жазу жүйесінің іргетасын қалап, тіл ғылымының алғашқы жүйелі еңбектерін жазды. Қазіргі тіл мамандары мен зерттеушілері оның еңбектерін оқып, олардан көптеген ғылыми тұжырымдар алады.

Ахмет Байтұрсыновтың реформалары мен идеялары Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде де маңызды болып отыр, әсіресе, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесінде оның жасаған төте жазу реформасының идеялары негізге алынады.



5.Жазу мәдениетіне қосқан үлесі:

Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі қазақ халқының жазу мәдениетіне үлкен өзгерістер әкелді. Ахмет Байтұрсынов қазақ жазу мәдениетіне айтарлықтай үлес қосып, оның тіл білімі, әліпби реформалары, грамматика мен орфография жүйесін дамытудағы еңбектері қазақ халқының мәдени және тілдік өркендеуіне жол ашты.Бұл әліпбиді енгізу арқылы халықтың сауаттылығы артып, білім алудың жолы жеңілдеді.

1. Қазақ әліпбиін жасау және реформалау:

Байтұрсыновтың ең ірі жетістіктерінің бірі — қазақ тіліне арналған ұлттық жазу реформасын енгізуі. Ол 1912 жылы қазақ тіліне ыңғайлы етіп жасаған төте жазу (араб графикасы негізінде) қазақ тіліне бейімделген жазу жүйесі болды. Бұл жазу жүйесі қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Оның мақсаты араб жазуын қазақ дыбыстарына бейімдеу және тілді сауаттандыру процесін жеңілдету еді. Бұрынғы араб жазуында қазақ тілінің дыбыстары толық қамтылмаған болатын, сондықтан Ахмет Байтұрсынов бұл жүйені реформалап, оны қазақ тілінің фонетикасына барынша жақындатты.

6.Ахмет Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.

А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Бұған дейін, Х-ғасырдан бері парсы-араб жазуын өзгеріссіз қолданып келгенбіз.

Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, қазақ тілінің төл дыбыстарына ғана тән 28 әріптен тұратын әліпби құрастырды.

Қазақ тілін бейімдеп, нақтылаған бұл әліпби сауатсыздықты жоюға, тілдік сауаттылықты арттыруға мүмкіндік берді.



Қорытынды: Ахмет Байтұрсыновтың жасаған әліпбиі қазақ тілінің табиғи дыбыстық жүйесіне негізделген алғашқы ғылыми жұмыс болды. Бұл әліпби қазақ халқының жазу мәдениетін қалыптастырып, білім беру саласына елеулі өзгерістер енгізді. Байтұрсыновтың тіл біліміне қосқан бұл үлесі бүгінгі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ және қазіргі қазақ әліпби реформасымен тығыз байланысты.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ахмет Байтұрсынұлы. «Тіл-құрал».


2. Қазақ жазуының тарихы (мақалалар жинағы).


3. Ахмет Байтұрсынов мұрасы (энциклопедиялық деректер).


4.Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ әдебиеті мен тілі. Астана 2017.


5.Күзембайұлы А.,Абіл Е. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы Қазақ университеті 2010.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!