Ахмет Байтұрсыновұлының латын әліпбиі туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ахмет Байтұрсыновұлының латын әліпбиі туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Араб жазуының ислам нормаларын өмірімізге берік енгізу ықпалы болуы мүмкін, бірақ бүгінгі өркениет, іскерлік талаптарына сәйкес араб жазуы бізді ілгері жетелей алмайды, қайта кедергі болуы мүмкін. Қадірлі Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын дұрыс санаған кезең басқа еді, қазіргі Қазақстан үшін ол қисынсыз. Ал көне түркі жазуы болса, әлдеқашан ұмытылған, оны қайтадан жаңғырту мүмкін емес.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы

білім беретін мектебі» коммуналдықмемлекеттік

мекемесі Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі:

Кудербекова А.С., Муханова С.К

«Араб әліпбиінің қабылданбай қалуы тарих үшін өте өкінішті оқиға болды»

Араб жазуының ислам нормаларын өмірімізге берік енгізу ықпалы болуы мүмкін, бірақ бүгінгі өркениет, іскерлік талаптарына сәйкес араб жазуы бізді ілгері жетелей алмайды, қайта кедергі болуы мүмкін. Қадірлі Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын дұрыс санаған кезең басқа еді, қазіргі Қазақстан үшін ол қисынсыз. Ал көне түркі жазуы болса, әлдеқашан ұмытылған, оны қайтадан жаңғырту мүмкін емес.

Қазақ әліпбиінің тағдыры үшін тер төккен алып тұлға Ахмет Байтұрсынұлы екені ақиқат. Ол қазақ жазуының жолында билікпен ұзақ айтысып, пікір таластырды. Ақыры араб харпіне негізделген қазақ әліпбиінің тамырына Баку конференциясы балта шапты. Жиынға қатысқан түркітілдес елдердің ғалымдары Байтұрсынұлының пікірін мақұлдағанымен, оның ұсынысы қабылданған жоқ. Мұның сыры Орталық комитеттің Әзірбайжан Компартиясына берген астыртын нұсқауында болса керек. Кеңестік билік Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиінен қауіптенді. Съезд араб әліпбиін біржолата ығыстыруды межелеген еді. Ал қайран Ахмет Байтұрсынұлы болса, жиында алты рет сөз алып, араб харпіне негізделген бұл әліпбидің теңдесі жоқ жазу екенін дәлелдей түскен. Әліпбидің стратегиялық, тарихи мәнінен бөлек, арасымыз ғылыми көпшілікке оның қарапайым алты артықшылығын даралап көрсетіпті . Біріншіден, оңнан солға қарай жазғанда адамның қолы талмайды. Екіншіден, араб әліпбиі ілеспе жазуға аса ыңғайлы. Үшіншіден, араб әліпбиінде жазба көп көлем алмайды. Ахмет Байтұрсынұлы айтқан барлық дәлелдер ғалымдардың көкейіне қонған. Ұлт мұратын, түркі тұтастығын көксеген қайраткердің ішкі күйзелісін ұғынғанымен, ғылыми орта саясаттың шылауынан шыға алмады. Араб әліпбиінің қабылданбай қалуы тарих үшін өте өкінішті оқиға болды.

Әліпби тағдырын ана тіліміздің тағдырына балаған А. Байтұрсынұлының 1914 жылы «Қазақ» газетіне «Хұкметке керегі –мемлекеттігі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал халыққа керегі- өз діні, тілі, жазуының сақталуы» деген жанайқайы жарияланыпты. Мен бұл сөзді Ахмет Байтұрсынұлының данышпандығы деп есептеймін. Еш халықтың тіліне қиянат жасауға болмайды. Кез келген ұлт өз тілінде дамуы керек. Олай болмаса, халықтың жоғалғаны. Ұлтымыз үшін ана тілі сол шақта азаттыққа жеткізетін алтын көпір іспетті болды ғой. Ахмет Байтұрсынұлының бұл даналық ойы бүгін де өміршең.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Аңыз . «Жұлжыздар отбасы»журналы. №11 желтоқсан 2010жыл. 35 бет.

2. А. Байтұрсынов . Тіл тағылымы ( қазақ тілі мен оқу- ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі , 1992.

3. Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы : «Мектеп»,2009-560 б.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2022
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі