Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы«Маса»жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы«Маса»жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы«Маса»жинағы" туралы толық мағұлмат ала алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
1915
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ әдебиеті 11-сынып.

Сабақтың тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы«Маса»жинағы

Сабақтың мақсаты:а)білімділік:Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы

мағлұмат беру,жинақтың шығу тарихын білу,мазмұнын меңгерту;

ә)дамытушылық:мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыла-

рын дамыту,оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік

өнерге баулу;

б)тәрбиелік:көрсеқызарлық,мақтаншақтықтан аулақ болуға,адамгершілік

ке,мәдениеттілікке,адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:Ахмет суреті,оқулық,хрестоматия.

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы қандай болды?

2.ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті қалай дамыды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы «Маса»жинағы

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5-қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы,Торғай атырабын-дағы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.Оның қазақ әдебиетінде сіңірген еңбегі көп.

Ол ақын,әдебиет зерттеуші,ғалым,қоғам қайраткері,ағартушы,аудармашы,педагог,тіл атасы, мысалшы,публицист,оқулық авторы,түркітанушы.

Ахмет Байтүрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты салас –оның ақындық, аудар- машылық еңбегі.

Ахметтің«Маса»жинағы 1911жылы Орынбор қаласында жарық көрді.Мұнда Ахметтің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер,ауыр жолдар,қуғын-сүргін,жетімдік-жоқтық бірталай өлеңдерге арқау болады.Ел тағдыры,халық қамы,бостандық арманы-басты сарын.

Жинаққа қойған атына ол әдәуір ой,салмақты жүк артқан деуге болады.



Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен,қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса.



Осы жолдардан «ызыңдап,ұшқан мынау біздің мас»-сергектікті,қозғалыс күйді,серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді.Ол«үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар,жалқау ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді.Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

«Масаның»негізгі идеялық қазығы-жұртшылықты оқуға,өнер-білімге,рухани көтерілуге ша- қыру,адамгершілікті,мәдениетті уағыздау,еңбек етуге үндеу.

1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген жинағы жарық көрді.





Хронологиялық таблицамен жұмыс



1872 ж.

Қостанай облысы,Торғай атырабындағы Сарытүбек жерінде туған

1882-1884 ж.

Өз ауылында хат танып, сауат ашады

1886-1891 ж.

Торғай қаласындағы екі кластық орысша-қазақша училищеде оқиды

1891-1895 ж.

Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді.

1909 ж.

Өкіметке қарсы деген жаламен Семей абақтысына жабылады.

1910 ж.

Түрмеден шығып,наурыз айында Орынбор қаласына қаласына келеді

1913-1918 ж.

«Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады.

1918-1919 ж.

Қазақ елінің болашағы,тәуелсіздігі үшін қызмет етеді.

1929-1936 ж.

Сталиндік жаппай жазалау науқанына ұшырайды.

1937 ж.

Өлім жазасына кесілген



ІҮ. Бекіту.

Хрестоматияменен жұмыс.

1. «Маса»жинағымен танысу.

2. «Аққу,шортанһәм шаян»,«Қасқыр мен қозы»,«Аңдарға келген індет»шығармаларымен

танысу.

Ү.Қорыту.

1. Топтастыру стратегиясы бойынша Ахметті кім деп танимыз?



әдебиет зерттеуші ғалым

Shape2 Shape1 қоғам қайраткері түркітанушы

Shape3

Shape6 Shape5 Shape4

Ахмет Байтұрсынов

ағартушы тіл атасы



Shape8 Shape7 аудармашы мысалшы

Shape9

Shape12 Shape11 Shape10

педагог ақын оқулық авторы публицист



  1. Ахмет қашан,қай жылы дүниеге келді?

  2. Ахметтің қазақ әдебиетінде алатын орны қандай?

  3. «Маса»жинағы қашан жарық көрді? Идеясы қандай?

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларын оқу,мазмұнын білу,

«Қырық мысал »жинағына енген шығармалардың мазмұнын білу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!