400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Жұбанов "Қарлығаш"күйі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымдарында қобыз сабағын ұйымдастырушы ұстаздарға арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы









Тақырыбы:

А.Жұбанов «Қарлығаш»

(ашық сабақ)










Қобыз класының жетекшісі: Құлбарақова Әдемі

1-сынып оқушысы: Сағидолла Райда














2023жыл



Сабақтың тақырыбы: А.Жұбанов «Қарлығаш» соңғы бөлім


Сабақтың мақсаты:Шығарманы үйрете отырып, композитор туралы мағлұмат беру. Композитордың өмірімен әндерінің байланысын ашу.


Дамытушылық мақсаты: Оқушының күй, шығарма меңгеруде дұрыс есту, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік мақсаты: Оқушының музыкаға деген сүйіспеншілігін оятып, өнерді құрметтейтін жан дүниесі бай, эстетикалық талғамы жоғары, орындаушылық шеберлігін дамыта тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:Аралас сабақ.


Көрнекілік құрал: Композитордың суреті, интерактивті тақта, слайд, видеолар, қобыз аспабы, пульт, нота,дәптер, журнал.


Сабақта көрсетілетін әдістемелер: Әңгіме, аспапта ойнап көрсету, сұрақ-жауап, бейне баян арқылы әуенді тыңдату.


Сабақтың жүрісі:

1)Ұйымдастыру- оқушының сабаққа дайындығын тексеру,құрал-жабдықтарды дайындау,өткенді қайталау. Гамма ойнау.

2) Үй тапсырмасын тексеру. А.Жұбанов «Қарлығаш» 1-ші бөлім

Композитор туралы сұрау.

3) Жаңа сабақ бойынша түсінік беру, қобызда ойнап көрсету, оқушымен шығарманы талдау.

4) Сергіту сәті: Сергіту ойындары. Қарлығашты бейне баяннан тыңдату,

5) Қортындылау: Шығарманы тағыда қайталап ойнау, бағалау, үйге тапсырманы нақтылап беру, күнделік пен журналға баға қою.
















Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру-оқушының сабаққа дайындығын тексеру,құрал-жабдықтарды дайындау,өткенді қайталау.

Гамма ойнау: Ре мажор.

____________________________________________________________ ____________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




2) Үй тапсырмасы: А.Жұбанов «Қарлығаш»1 бөлім.Композитор туралы сұрау. Жатқа ойнатып, қатемен жұмыс жасау. Күй сандықпен қостатып ойнау.



3) Жаңа сабақ. А.Жұбанов «Қарлығаш» соңғы бөлім.


Ахмет Жұбанов – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Ол 1944ж Қазақстанның халық әртісі. 1943ж Өнертану ғылымының докторы, профессор, академик.

Ол 1906 ж.29 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Ол жастайынан көптеген оқу орындарын оқып, музыкалық білімін жетілдіріп отырған. 1933 ж. Алматы музыкалық драма училищесінде ұстаз болып жұмыс жасады. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқап, домбыра, скрипка аспаптарында ойнауды меңгерді.

А.Жұбанов оркестрге, ансамбльге, домбыраға арнап ноталар түседі. Әндер жазады. Композитор әр жылдары «Бейбітшілік туы берік қолда», «Отаным», «Ақшолпан», «Ақкөгершін», «Қарлығаш» сияқты әсем де көркем әндер жазған. Аспаптарға арнап көптеген сауат ашу кітаптарынжазған.


Ғалым


Дирижер


|

Өнертану ғылымының докторы

А.Жұбанов

«Қарлығаш»



------- -----

Профессор, академик

Қ.Р. халық әртісі

----- -----

|

Композитор



«Қарлығаш» - шығарманы кесте бойынша талдау.

А.Жұбанов


Си минор тональдігі. Фа,до#


Moderato-асықпай, әндете


«Қарлығаш»




Өлшемі 2/4

Нота ұзақтықтары:

Жарты, ширек,8, 16.

p, f, mf, лига, фермато.





Шығарманы қобызда тартып әуенін тыңдату. Сосын нота бойынша шығарманы оқушымен такт-такт бойынша талдау.



4) Сергіту сәті:

Сергіту сәтінің мақсаты – оқушының ойын сергітіп, адами құндылықтармен толықтыру.


5) Қорытындылау:Шығарманы тағыда қайталап ойнау, бағалау, үйге тапсырманы нақтылап беру, күнделік пен журналға баға қою.

Оқушының жақсы қасиеттерін айтып, сабаққа деген құлшынысын арттыру. Күнделікке үй тапсырмасын жазып жіберу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.05.2024
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі