2.Жаңа сабақты
түсіндіру
10минут
|
«Попкорн» әдісі арқылы сұрақтарға жауап
беру.
1.А.Кемелбаева кім?Ол туралы не
білесіңдер?
«Себебін анықта»
айдары
1.Қалай ойлайсыңдар,жазушының шығармалары әлемдік
деңгейге көтеріле алды ма?
Оқулықпен жұмыс. «Түртіп алу»
әдісі.
- Жаңа сабақ бойынша түсінік
қалыптастыру.
Айгүл Кемелбаева «Шашты» әңгімесінде идеяның тінін
қиялдан өрмейді, тарихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шынайы
ұқтырмақ болады. Ұлттық құндылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен
ділді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шығармасының кең ауқымына,
терең иіріміне қарап, эпикалық әңгіме деп тануға
болады.
Шығармадағы оқиға байланысы, дамуы, дәлелденуі, шарықтау
шегі, шешуі, қысқаша айтқанда, құрылысы, адам образы, олардың
жасалу жолдары – бәрі, шығармадағы негізгі идеяны оқырманға
жеткізуді көздегені сөзсіз. Шығармадағы адамдардың бір-бірімен
байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары – шығармадағы оқиғаның
даму сюжеті мен композицясы Жылқышы шал мен Кенжебектей
кейіпкерлердің іс-әркеттерімен шебер жеткізіледі. Оқиғалары белгілі
тәртіппен дамып, белгілі мекенде, белгілі мезгілде болғандығын
көрсетеді.
Шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы,
қарым-қатысы, күрес-тартыстары – шығармадағы оқиғаның даму сюжеті
мен композицясы Жылқышы шал мен Кенжебектей кейіпкерлердің
іс-әркеттерімен шебер жеткізіледі. Оқиғалары белгілі тәртіппен
дамып, белгілі мекенде, белгілі мезгілде болғандығын
көрсетеді.
Әңгіме – оқиғаны
қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма
жанры.
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі,
композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы
айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет
ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі
болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға
жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға,
тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз
сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті
талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің
оқиғаға тікелей қатыстылығын
көрсетеді.
Әдебиеттің тегі мен түрі, яғни сөз
өнері эпос, лирика,
драма дейтін негізгі
үш салаға жіктеледі.
Эпос шағын көлемді (анекдот,
мысал, әңгіме, новелла,
әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді
(эпопея, роман) болып бөлінеді.
Новелла – шағын
көлемді прозалық шығарма. Новеллада оқиға желісі жинақы өріліп,
шұғыл өзгереді, ойламаған жерден
аяқталады.
Баяндау – бір
іс-əрекет не жағдайды түбегейлі айтып беру. Баяндау ұтымды әдіс
ретінде көркем әдебиетте және әдістеме ғылымында қолданылады.
Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің
табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып
қалыптасқан.
Әңгіме кейіпкерлерінің
кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, киген киім-кешегін де сөз етеді.
Бұл шығарма кейіпкерлерінің түр-тұлғасын
суреттеу портрет деп
аталады.
Мінездеу – әдеби
кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу.
Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің
мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған
қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін
ашып көрсетеді
Әңгіме жанрының тағы
бір ерекшелігі уақыт жағынан аз
мерзімді қамтиды.
Сюжет (фр. sujet – зат) – өзара
жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Әңгімеде сюжет
бірте-бірте өрбиді.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді
Дәптерді ашып, күн ретін,
тақырыпты жазады.
-ережеге
жазады
Сюжеттік-композициялық
құрылысын түсінеді
Әдеби шығарманың жанрлық
табиғатын таниды
|
Бағалау критерийі: *Сюжеттік-композиция-лық құрылысына қарай идеясын
анықтайды.
|
Оқулық 57-бет
Білімленд
|
Сабақтың соңы
3минут
3.Бекіту.
2минут
|
«Түйінді идея» әдісі
1.Әңгіменің басты
кейіпкерлері кімдер?
2.Әңгімеге арқау болған
оқиға қай кезеңдерді
қамтиды?
3.Әңгіменің «Шашты» деп
аталу себебі неде?
4.Әңгімені басқаша қалай
атар едіңдер?
5.Тәрбиелік мәні
неде?
Рефлексия.
«Білім
баспалдағы» әдісі.
1-қадам:Мақсат бойынша
жұмыс жасай алмадым.
2-қадам: Мақсат бойынша
жартылай жұмыс жасадым.
3-қадам: Мақсат бойынша толық жұмыс жасай
алдым
|
-сұрақтарға жауап
береді
Рефлексия парақшасын
толтырады
|
Әр оқушыны жеке бағалау, неше балл алғандарын
айту.
1-10 балл Күнделік кз баға
қойылады.
|
Күнделік
кз
|