Мотивациялық
қозғаушы
|
Балаларды бір қатар сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу.
Жаттықтырушы төмендегі тапсырмалырды орындатады.
«Аквариумдегі
балықтар»Қосарланып жүру, жүгіру,
алақанды біріктіріп, қолдың басымен жұмыс жасау:
«Балықтар жүзеді», «Балықтар ойнақтап жүр»:
Көңілді балықтар таза суда, жылы суда көңілді ойнақтап жүр.
Біресе жиырлады, біресе жазылады,біресе құмға көмілді. Кеш батты,
қараңғы түн. Балықтардан сұрайықшы: «Балық, балық, сен қайда
ұйықтайсың?»
Қол ұстасып шеңбер бойымен
жүгіру, белгі бойынша бағытты өзгерту.
|
Жаттықтырушыны мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға
тырысады.
|
Іздену
Ұйымдас-
тырушы
|
1.Жан жақты дамыту
жаттығулары. «Ойыншық балықтармен»
Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын
орындатады.
Жаттығудың жасалу ретін түсідіріп тұрып
көрсетеді.
Балаларға орындатады.
Балалардың орындауларын қадағалайды.
«Балықтар қайда» жаттығуы.
Б.қ: аяқ сәл алшақ, қол төмен. «Балық,
балық»қолды артқа тығу. «Балықтар , сендер қайдасыңдар?»-балықпен
қолды алға созу «Міне балықтар». 5рет
«Балықтар кездесті » жаттығуы:
Б.қ: етпетінен
жату, кезек- кезек бір жаққа, келесі жаққа аунау. Әр жаққа 3
реттен
«Балықтар жүзіп жүр »
жаттығуы.
Б.қ: Аяқ алшақ,
қол кеуде тұсында. Алға еңкейіп, алақанды бірге ұстап қолды алға
созып,толқын тәрізді қимыл жасап, «балықтар жүзіп барады, жүзіп
барады» деу.Б.қ оралу.
«Балықтарды қуып жетейік»
жаттығуы.
Балықтармен қолды алға соза, шеңбер бойымен
жүгіру, «Балықтарды қуып жетейік» деу 20 сек. Баяу жүгіру.«Балықтар
шаршады. Балықтар тыныс алуға кетті» деп балықтарды аквариумға
салады.
Негізгі қимыл- қозғалыс
жаттығулары:
-Сап – тізбекте бірінің артынан бірі тепе –
теңдік сақтап, төбешікке және төбешіктен жүгіріп түсу.
-Педагогтің лақтырған добын қағып алу және кері
лақтыру (1 м арақашықтықтан).
Қимылды ойын:
«Алтын
балық»
Шарты: ойын алаңының (теңіздің) ені 1,5-2 м, ұзындығы 3-4 м.
«Теңіздің» бір шетінде «балықшының» «қорабы» сызылады. Жаттықтырушы
ойыншылардың арасынан өзіне бір көмекші таңдап алады. Көмекші
«теңіздің» бір жағында, ал жаттықтырушы – «балықшы» қолына бір
шетіне құм салынған қалташа байланған ұзындығы 5-6 м жіп ұстап,
«теңіздің» екінші жағасында жүреді.
Балалар – «балықтар» теңіздің ортасында «малтып» жүреді.
Жаттықтырушы кенеттен «ұста» деп, көмекшісіне жіптің бір шетін
лақтырады. Сол кезде жіптің бір жағындағы «балықтар» ұсталған болып
есептеледі. Олар балықтарды жіппен қаумалаған күйі балықшының
«қорабына» апарып «салып» қояды.
Балықшының «Балықтар, малти беріңдер!» деген белгісі бойынша
ойыншылар ойынды әрі қарай жалғастыра береді.
Ойын осылай екі рет ойналған соң үшінші ретте ұсталған балықтардың
арасынан балықшы «алтын балықты» таңдап алып, өзіне көмекші етіп
сайлайды.
|
Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Педагогті мұқият тындайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға
тырысады.
Ойынға жаппай қатысады.
Ойынның мақсаты: бір – біріне
соғылып қалмай, бұлтарып жүгіруге дағдыландыру
|