Материалдар / ӘЛ - ФАРАБИДIҢ САЯСАТ ТУРАЛЫ АЙТҚАН ҚҰНДЫ ОЙЛАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЛ - ФАРАБИДIҢ САЯСАТ ТУРАЛЫ АЙТҚАН ҚҰНДЫ ОЙЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби өз туындысында феномен басшының даналық, көрегендік қасиетін әрдайым жоғарыға қояды. Басшының қабілетсіздігінен, біліксіздігінен қаланың құрып та кету мүмкіндігін жоққа шығармайды: «Егер әйтеуір бір кезде басшыларда даналық болмай қалса, онда бұлар басқа шарттардың бәріне сай келе тұрса да, қайырымды қала ағзамсыз қалмақ, сөйтіп қаланы билеуші басшы бұл ретте ағзам бола алмайды, ал қаланың өзі құрып кету қаупіне ұшырайды. Ал егер осы басшыға ақылшы етіп қоярлық бір дана табылмаса, қала біраз уақыттан кейін сөзсіз құритын болады». Сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фараби өз трактаттарында қала басшысының дара билігімен қатар, топтық биліктің түрі салтанат құру мүмкіндігі барлығын да атап өтеді. Мұны біз парламенттік-президенттік басқару үлгісі деп ұқсақ болады: «Жақсы қасиеттердiң бәрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамның арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, әкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар ж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2024
161
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘЛ - ФАРАБИДIҢ САЯСАТ ТУРАЛЫ АЙТҚАН ҚҰНДЫ ОЙЛАРЫ.


Русланұлы Бауыржан, 6В02211- «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.


Әбу Насыр әл-Фараби (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани) – Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің ұстазы атанған ислам әлемінің ұлы данышпаны. Әл - Фарабидің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» туралы трактатында ізгі қала, ізгі билеуші, ізгілікті тұрғын - бұл үш түсініктің бәрі де бір «ізгілік» концепциясынан шығады. Әл-Фарабидің шығармасында ол нені білдірді? Әл - Фараби ізгілік ретінде зерде мен моральдың бірлігін ұсынады. Ғұламаның пікірінше «қайырымды қала» басшысы болу үшін жоғарыдағы қасиеттерге қоса, билеуші болуға деген бейімділік, дарын тіпті ұмтылыс болуы керек екен. «Қайырымды қаланы әрбір кез-келген адам билей бермекші емес, өйткені, ел билеу – екі бірдей нәрсеге байланысты: біріншіден, билемек адамның өз жаратылысында ел билеуге қаншалық әзір екеніне байланысты, екіншіден, билеуші адамның еріктен қуат алып отыратын жағдайы мен қабілетіне байланысты. Жаратылысында ел билеуге кім бейім болса, билік соның үлесіне тимек.»

«Жиырма беске келгенде, бақыт берді басыңа, тақыт берді астыңа, Отыз жасқа келгенде, дүниеге кең едің... Елу жасқа келгенде, үш жүздің баласының атының басын бір кезеңге тіредің», - деп Бұқар жырау жырлағанындай, жаратылысынан ел билеуге бейім, жігерлі де жалынды жас жігіт Әбілмансұр майданда көрсеткен ерлігінен соң аз жылда басқарушылық талантымен жарқырай көрініп, елу жасқа келгенде үш жүзге ықпалы жүретін ханға айналғаны белгілі. Мұндай тұлғаларды жай ғана басшы емес, феномен тұлғалар десек болар.

Әл-Фараби өз туындысында феномен басшының даналық, көрегендік қасиетін әрдайым жоғарыға қояды. Басшының қабілетсіздігінен, біліксіздігінен қаланың құрып та кету мүмкіндігін жоққа шығармайды: «Егер әйтеуір бір кезде басшыларда даналық болмай қалса, онда бұлар басқа шарттардың бәріне сай келе тұрса да, қайырымды қала ағзамсыз қалмақ, сөйтіп қаланы билеуші басшы бұл ретте ағзам бола алмайды, ал қаланың өзі құрып кету қаупіне ұшырайды. Ал егер осы басшыға ақылшы етіп қоярлық бір дана табылмаса, қала біраз уақыттан кейін сөзсіз құритын болады».

Сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фараби өз трактаттарында қала басшысының дара билігімен қатар, топтық биліктің түрі салтанат құру мүмкіндігі барлығын да атап өтеді. Мұны біз парламенттік-президенттік басқару үлгісі деп ұқсақ болады: «Жақсы қасиеттердiң бәрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамның арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, әкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадiрлi адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы қадiрлi адамдардың басқармасы деп аталады».

Сонымен қатар Әл-Фараби жазып қалдырған трактаттар жинағында «қайырымды қаламен» қатар, «қайырымсыз қалалар да бар. «Ол қаланың тұрғындары ешқашан бақыт дегенді білмеген, оған жету олардың ойына да кірмеген», - деп «бақытсыз», «қайырымсыз» қалаға сипаттама береді. Бұлардың ең үлкен қателігі – бақыт жолына бірге жұмылып ұмтылмауында: «Бақыт – әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат», - деген тұжырым жасаған Әбу Насыр әл-Фарабидің бұл идеялары орта ғасырлық Еуропадағы мемлекетті басқаруға қатысты гуманистік ілімдердің туып-қалыптасуына зор ықпал етті. Әл-Фарабидің қайырымды қала» турасындағы ойларымен үндестік ағылшын гуманисі Томас Мордың (1478-1535) моральдық-философиялық трактаттарында көрініс тапты. Болашақ қиял жүзіндегі социализмнің негізін қалаушы болып саналатын Томас Мордың басты еңбегі – «Утопия» деп аталды. Ол өз еңбегінде жеке меншікке негізделген қоғамды, өз заманының әлеуметтік-саяси қатынастарын негізге ала отырып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты бейнеледі.

Әл - Фарабидiң саясат туралы айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерiнде саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi дамуына өз ықпалын тигiзе алды. Оның саяси идеялары орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерiнде көрiнiс тапты. Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фарабидің бай мұрасы қазақ халқының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның, оның ішінде саяси білімдердің дамуына игі әсерін тигізді. Әл – Фарабидің ойынша, ізгі қалалардың басқа қалалардан ерекшелігі және негізгі белгісі жоғарғы тәртіп пен оның тұрғындарының мәдениеттілігі, сыпайыгершілігі жҽне билеушілерінің қайырымдылығы мен ақыл парасатында деп санайды. Әл-Фараби үшін қайырымды қаланы кім жҽне қанша уақыт басқарғаны маңызды емес. Оның қалай басқаратыны маңызды дейді. Фараби іліміндегі мемлекет басшының тұлғалық мәні жаңа құрылымдық тың өзгерістерді жасай алуында және интеллектуалды озық демократ бола алуында деп білемін. Ел тізгіні білімді, рухты, озық ойлы жастардың қолында. Ал жастардың басты міндеті – халқына, Отанына адал қызмет ету. Сол арқылы Алла Тағаланың ризашылығына бөлену. Әл – Фараби бабамыз мемлекет басшысының қандай болу керектігін осыдан ХІ ғасыр бұрын еңбектерінде өсиет, мұра етіп, кейінгі ұрпаққа қалдырып кетті. Біздің Үкімет Әл – Фарабидің осындай саяси концепциясымен жүретін болса, қазақ елі әлдеқашан өркениетті елдермен теңелер еді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!