Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі, халықтың балаларды оқыту жөніндегі камқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас туралы Әл-Фарабидің нақыл сөздерінде көрініс табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жартынова Жанар Алибековна

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының

аға оқытушысы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты


Әл-Фарабидің нақыл сөздері


Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950) Отырар (Фараб-Қарашоқы) қаласында туылған - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика зерттеушісі.

Отырар (Фараб-Қарашоқы) қаласында білім алған. Кейін Бағдад (Сирия) қаласында ұстаз болып, Дамаск (Шам) қаласындағы медресседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемнің екінші ұстазы атанған.

Түркі, парсы, араб тілдерінде жаза да, сөйлейде білген.

Әл-Фараби ғақлиялық (ғылымилық) бағыттың бастаушысы.

Әл-Фараби астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия, педагогика ғылымдары бойынша 100-ден аса ғылыми еңбек жазған.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің қанатты сөздерін  ұсынамыз.

1. Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Кезде дағы әзәзілдер азғырған.

2. Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді.

3. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.

4. Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.

5. Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді.

6. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.

7. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

8. Әсіре көп не кем еңбек ету күшке күш қоспайды, қайта қалжырата түседі.

9. Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.

10. Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.

11. Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.

12. Талпыныс тәжі – табандылық.

13. Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.

14. Поэтикалық шығармалардың қай-қайсысы да бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеп шығуға ғана арналады.

15. Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

16. Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.

17. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі.

18. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.

19. Ғаламда әр адамның өз орны бар.

20. Даналар талай нысан тапқанымен,

Тапқан жоқ тектің тегін әлі бірі.

21. Егер бізде қайта туу нәсіп болса – мен екінші рет те Сығанақта дүниеге келуді қалаған болар едім.

22. Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

23. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.

24. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

25. Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
1802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі