№31 «Күншуақ» балабақшасының
логопеді
Ямалетдинова Жулдуз
Юлайевна
«АЛАЛИЯ –
күрделі тіл бұзылысы
ретінде: сипаты мен түрлері»
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың
ішінде алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан баланың
тілі шықпайды. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз
өздігінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз - гректің «а»-жоқ деген
мағынада қолданылатын латынның «lalio» сөйлеу деген ұғымдарын
білдіріп, ол бас ми қабығының сөйлеутілі аймағындағы іштен немесе
баланың жас кезінде болатын органикалық зақымданудың салдарынан
сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық
дамымауынан болатын кемістік.
Алалик балалар педагогика
тұрғысынан әр текті болып көрінеді де, ақаулықтары айқындық
дәрежесі мен түзету жұмысының өнімділігі бойынша
ажыратылады.
Алалия кемістігі бар баланың
есту қабілеті мен сөйлеу тіл мүшелерінің шеткі құрылыстарының
сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті түрде дамуы үшін ой
өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі
байқалады.
Баланың мүлде сөйлей алмауы
оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналасындағылармен
қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Осы жағдай қосымша сипат беретін
ақыл-ой дамуының біртіндеп кешеуілдеуіне әкеп соғады. Сөйлеу
тілінішама-шарқына, пайда болуына және арнайы оқытудың ықпалымен ой
өрісінің кешеуілдеуінің біртіндеп жойылатындығына қарай, алалик
балалардың олигофрен, яғни ақыл-ойы кем балалардан елеулі
айырмашылығы бар.
Сөйлеу тілінің қалыптасуындағы
бұзылудың шығу себебі - орталық жүйке жүйелерінің органикалық
зақымдануына байланысты. Оған менингит-энцефалиттен, қызамықтан
және жарақаттанудан кейінгі асқыну; бас миының жарақаттан
зақымдануы, ісіп қызаруы; ауыр және тез босанудың салдарынан миға
қан құйылуы; ұрықтың құрсақтағы даму кезеңіндегі, босану
кезеңіндегі, сондай-ақ, баланың бір айлығынан жылдығына дейінгі
кезеңдердегі зат алмасуының бұзылулары жатады (Н.Н.Трауготт,
В.К.Орфинская, М.Б.Эйдинова және басқалар). Соныменбірге,
балалардың алалиясы мешелмен қаттыауырғаннан кейін, тыныс
жолдарының күрделі сырқаттарынан, өмірінің алғашқы айларындағы
ұйқының және тағамның бұзылуынан пайда болуы мүмкін (Э.Фрешельс,
Ю.А.Флоренская, Н.И.Красногорский және
басқалар).
Үлкен жарты мидың сөйлеу тілі
аймағындағы зақымдануын жайылтпаушылық артықшылығына байланысты
алалияны қозғаушы (моторлы) және сезгіштік (сенсорлы) деп екі түрге
бөлуге болады.
Қозғаушы
алалия сөйлеу тілі қимылдарындағы
анализатор әрекетінің бұзылуына байланысты, ал сезгіштік алалия -
сөйлеу тілін есту анализаторының бұзылуына байланысты болады.
Бірақ, қазіргі уақытта баланың алалиясының барлық көріністерінің әр
алуан түрлерінің бұлай бөлінуі әлдеқашан жеткіліксіз
болған.
Моторлы
алалия орталық бөліктің органикалық
бұзылуынаң нәтижесінде пайда болады. Мұндай неврологиялық теріс
көрініс сөйлеутілінің белсенділігінің төмендеуіне, сөйлеуге
зауқының соқпауына және ой-өрісі мен психикасының дамуының
біртіндеп артта қалуына әкеліп соғады. Балалардың сөйлеутілінің
белгілі зерттеушісі А.Б. Богданов Березовский балалардың афазиясы,
алалиясы салдарынан сөйлеу тілінің барлық қызметтері дертке
шалдығатын тек мидың белгілі бір бөлігінің бұзылуымен ғана
байланысты емес, сонымен бірге міндетті түрде жалпы ой-өрісінде де
бейнеленеді деп көрсетті.
Неврологиялық кемістіктің
көрінісі ата-аналардың өзі дімкас және әлсіз баланың асты-үстіне
түсіп шектен тыс мәпелеп, есіркеушілік көрсетіп дұрыс тәрбелей
алмаулары жиі қосылады. Мұндай балаларға тапсырма бермей, талап
қойылмай, жанашыр жақындары оны тіпті қолынан келетін қажетті жеңіл
жұмысқа да жуытпай қорғаштайды. Мұндай қолпаштаулар баланың
қасарысқан, қырсық ерке, ашуланғыш қылықтарды жиі көрсетіп,
мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауына үлкен зиянын
тигізеді.
Мұндай балалар күнделікті
тұрмыс-тіршілігіне өздігінен көндігіп дағдыланбаған, киімін
дұрыстап кие алмайды, түймелерін салуды, аяқ-киімінің бауын
байлауды білмейді және сол сияқты тағы басқа да өзін күтудің ең
қарапайым жеңіл түрлерін орындай алмайды. Мұндай балалардың жалпы
қимыл-қозғалысы да бұзылады. Олардың жүрістері қорбаңдап, ебедейсіз
болады, көбінесе тайғанақтап немесе өз аяғына өзі шалынып құлап
қала береді, бір аяғымен секіріп және бөрененің үстімен жүре
алмайды, музыканың ырғағымен жылжи білмейді. Сөйлеу тілі
мүшелерінің қимыл қозғалыстары да жетілмеген. Бала тілін жоғары
көтеріп ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалай жалау, таңдайын қағу
сияқты сөйлеу тілі мүшелерінің белгілі бір қимылдарын қайталап
орындай алмайды, сондай-ақ, бір қимылдан екінші қимылға көше
алмайды.
Моторлы алалияға шалдыққан
баланың шаршағыштығы ұлғайып, жұмыс істеу қабілеті төмендеп,
психофизикалық жағдайы нашарлайды.
Н.Н.Трауготт алалик балалардың
психикалық енжарлығымен, тартыншақтығымен, ынтасыздығымен сөйлеуге
ақыл-ойы кем балаларға ұқсағанымен шын мәнінде алалик балалардың
ой-өрісінің оларға сәйкес келмейтінін атап
көрсетті.
Моторлы алалияның ерекшелік
белгісі сөйлеу тіліндегі сөздің бұзылып, айтылуының басымдылығы,
демек өздігінен қиыстырып сөйлеу мүмкіндігінің күрт төмендеуі
болады. Белсенді сөздік қорын, сөйлеу тілінің грамматикалық құрамын
меңгеру кезінде балалардың қиналатындығы байқалады. Мұндай көрініс
сөйлеу тілінде толық түсінуінде де
байқалады.
Профессор Р.Е. Левиннің
сипаттауы бойынша, моторлы алалияның сөйлеу тілінің әр деңгейде
дамитындығы байқалады. Ол жалпы қолданылатын сөйлеу тілінің мүлде
жоқтығынан бастап лексикалық-грамматикалық және фонетикалық
элементтері толық дамымаған байланыстарын ауызекі сөйлеу
мүмкіншілігін игеруіне дейін ғана.
Сонымен, алалик балалардың
сөйлеу тілінің жағдайлары неврологиялық бұзылуының ауырлығына,
қарым-қатынастағы сөйлеу тілінің және тәрбиесінің жағдайына,
логопедиялық ықпалдың уақытына және ұзақтығына, сонымен бірге
баланың психикалық белсенділігі, ой-өрісінің жағдайы және
көңіл-күйіне, компенсаторлық мүмкіндігіне көп байланысты әр
түрлілігімен сипатталады.
Жоғарыда көрсетілгендей,
моторлы алалияда баланың өзіне арнайы айтылатын сөйлеу тілін
түсінуі біршама сақталған. Мысалы: Ересектердің ауызша айтқан
сөздеріне құлақ асады, жеңіл өтініштерін және тапсырмаларын
ықыласпен орындайды. Ата-аналар балалары туралы әңгімелерінде «ол
бәрін түсінеді, бірақ сөйлемейді» дегенді жиі айтады. Бірақ мұндай
балаларды психологиялық зерттеудің нәтижесінде олардың даму
деңгейлері байқалады.
Моторлы алалик балалардың
мағыналы сөйлеу тілінің бұзылуын жүйелі түрде және ұзақ уақыт
түзетуді талап етеді. Бұл ақаулық арнайы оқытусыз
түзелмейді.
Сенсорлы алалия дегеніміз есту
қабілетінің дені бүтіндей сау кезіндегі қабылдау түйсігі мен сөйлеу
тілін түсінуінің құрылысы бұзылған ақаулық. Сенсорлы (сезгіштік)
алалия бас миының сол жақ жартысының самай аймағының зақымдануына
байланысты пайда болады. Сенсорлы алаликтер өздеріне айтылған
сөйлеу тілін мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар әр
түрлі дыбыстарды (қысқырық, тақылдау) сезініп, біраз жаттықтырып
үйреткен соң ерекшеліктеріне қарап ажыратуы мүмкін. Сонымен бірге
балалар дыбыстың қай жағына шыққан бағытын да бірден дәл басып
анықтай алмайды.
Сенсорлы алалик балаларда
бөтеннің сөзін қайталауға әдеттеген жаңырық сияқты (эхология)
құбылыс байқалады. Бала қойылған сұраққа жауап берудің орнына
сұрақтың өзін қайталайды. Бірқатар жағдайларда өздеріне тапсырылған
заттарды бейнелейді, суреттерді атауға тырысады, ал сөзбен берілген
нұсқау өтініштерді дұрыс орындай алмайды. Мұндай балалардың сирек
кездесетін түрлерінің әр түрлі дәрежеде көрінетін басты ақаулықтары
олардың фонематикалық есту қабілетінің бұзылуы болады, дыбыстарды
қабылдап ажырата алмайды. Ол сөйлеу тіліндегі дыбыстарды мүлде
айыра алмауымен қатар, өзіне айтылған сөзді түсінбеу қиындығы
байқалады. Фонематикалық есту қабілетінің нашарлығынан дыбыс
үндестіктері ұқсас, бірақ мазмұны әр басқа сөздерді айыра
алмайтындықтары да көрініс табады.
Сенсорлы алаликтерді нашар
еститін балалармен жиі шатастырады. Сөйлеу тілі тапсырмаларын
түсінбеуін, оларды орындай алмауын ой-өрісінің төмендігінен деп
қабылдау дұрыс емес. Оларды арнайы тексеріс кезінде ғана анықтайды.
Сенсорлы алалияның өмірде өте сирек кездесетіндігіне қарамастан
мұндай балалар өздеріне ынталы назар аударуын талап етеді. Себебі,
тек қана тиісті жағдайларда және ұзақ түзетудің кезінде бұл
ақаулықты жарым-жартылай орнына келтіруі мүмкін және сөйлеу тілі
бұзылған балаларға арналған арнайы мектепке оқуға
дайындайды.