Материалдар / Алаш мұрасы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш мұрасы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш мұрасы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері туралы кеңінен түсіндіріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
378
7 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылы

С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі









Ғылыми практикалық конференцияның тақырыбы:

Алаш мұрасы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері




Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті

Дайындаған:А.Қожасейітова

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты: педагог – зерттеуші











2023-2024 оқу жылы





МАЗМҰНЫ


І Кіріспе .............................................................................................................3



ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ



  1. 2 Алаш ардақтыларының ағартушылық жолы.................................... 4

2.2 Алаш зиялыларының ұлтқа берген өнегесі .............................................5

3.3 Алаш мұрасы- ұрпаққа аманат ................................................6


ІІІ Қорытынды ..................................................................................................6

ІV Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................................7


















АБСТРАКТ


Зерттеудің өзектілігі: Ел үшін жасаған еңбегі ұлан-асыр Алаш ардақтыларының тіл білімін жаңарту саласында жасаған еңбегі зор. Мәселен А.Байтұрсынұлы араб, латын, кириллица әріптерінің шығу тектерін жақсы білген. Осыларды зерттей отырып орыс алфавитінің саны отыз үш, қазақтарда қырық екі, қырғыздарда отыз алты, өзбектерде отыз бес, ұйғырларда қырық бір әріп барын анықтайды. Ұстазы Ыбырай Алтынсарин әліппесі мен хрестоматиясының жалғасы ретінде өз еңбектерін ілгерілетіп, қазақ тіл білімі ғылымын қолға алып жүзеге асырушы, дамытушы. Қазақ ағартушыларының халқымыздың білім көзін ашудағы ересен еңбектерін зерттеп танып білу зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болмақ.


Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер Алаш ардақтыларының

ағартушылық жолындағы шығармашылықтары өз дәрежесінде талданып, талқыланса, балаларды білімге, адамгершілікке баулудағы орны айқындалса, олар жайлы тереңірек танып біліп, тәжірибе жүзінде қолдану жолдары көрсетілсе, онда ұлы ағартушылардың құндылығы артып, бабалар мұрасына деген құрметіміз артып, патриоттық сезімдеріміз күшейе түсер еді.


Зерделеу жоба жұмысының мақсаты: Қазағымның алып тұлғаларының

ағартушылық және шығармашылық жолдарында жасаған еңбектерін терең

танып білу, олардың жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі

орнын айқындау.


Жұмыстың міндеттері:    

Алаш ардақтыларының ағартушылық орнын айқындау;

Алып тұлғалардың ағартушылық жолдағы еңбектерін айқындау;

Ағарту еңбектерінің тәрбиелік мәнін айқындау.


Актуальность исследования: труд для Страны в улан-обновление знаний в сфере языка ардақтыларының Алаш позади огромный труд. А Так.А. арабского, латинского, происхождения фамилий букв кириллицы хорошо знал. Изучая их количество русского алфавита тридцать три, сорок два казахов, тридцать шесть қырғыздарда, подобно тридцать пять, сорок один, и определяет наличие ұйғырларда буква. Учитель азбука Ибрая Алтынсарина в городе рудном свои труды и, как продолжение, продвижение и науки, осуществляющий на руки и казахского языка, развивающий. В нашей работе нашего исследования станет изучение управлении образования изучение трудов казахских просветителей-проблема в раскрытии источника.


Прогноз научно-исследовательской работы: творчество на пути просвещения проанализированы в своей категории, образование детей, место учебно-воспитательной определена нравственности, познать глубже узнать о них, указаны пути применения на практике, то ценность увеличивается.


Relevance of the study: For services to the country, the merit of Alash's heroes in updating language knowledge is great. For example, A. Baitursynuly knew well the origin of Arabic, Latin and Cyrillic letters. Examining this, determine the presence of thirty-three letters of the Russian alphabet, forty-two for Kazakhs, thirty-six for Kyrgyz, thirty-five for Uzbeks, forty-one for Uyghurs. Teacher Ybyrai Altynsarin, as a continuer of his alphabet and textbook, promotes his works, implements and develops the science of the Kazakh language. The study of the outstanding works of Kazakh enlighteners on the disclosure of the knowledge of our people is an urgent issue of our research work.

Scientific forecast of research work:

creativity on the path of enlightenment is analyzed and discussed, a place is determined in raising children to knowledge and morality, ways of their knowledge and practical application are shown, the value of great enlighteners increases.







Сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат болып қалатын ең басты құндылығымыз-ана тіліміз.

Тарихта қазақ елінің рухани мұрасы болып танылған Алаш қозғалысының басты бағыты да айбынды астары да ұлтымыздың болашағы ана тілінің тағдыры жатты.Тіл менен ұлт үшін басын құрбан еткен тарихи жылдардың ақтаңдақтары ұлт көсемдері Шәкәрім,Ахмет,Мағжан,Жүсіпбек,Міржақып,Әлихан сынды Алаш ардақтылары болып,ел тәуелсіздігін алған соң өшкеніміз жанғандай,өлгендеріміз тірілгендей өмірге қайта келді.Ұлтымызға тарихи таңба болған бұл қасірет уақыт өте саясат төрінен де өз бағасын алып,елдігімізді білдіріп Алаш қайраткерлерінің мызғымас бірлігімен күресінің жеңісі жүзеге асқан дүние еді.

Тіл жоғалса ұлттың да жойылатынын тереңнен түсінген Алаштың арда тұлғалары қазақ ғылымына ең алғаш болып тілтану іргетасын қалады.

Қандай ғылым саласына жол тартқанда да ол саясатпен,заман көшімен үндесуі заңдылық.Күллі қазақ елінің сауаттылығын кеңейтіп,рухани қазақ тілінің мәселесін ұлт үшін үлкен құбылыс деп таныған Алаш қайраткерлері тіл мұрасын ұрпаққа қалтқысыз жеткізуді арман етті,күресті,қаншама сұрапылдарды кешті,қамалды.Алғаш болып Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі білімінің негізін қалады,мектебін қалыптастырды.Зұлпат жылдарда Ахмет ата есімі аталмаса да еңбектері ел есінде қалып,ізінен ерген зиялы қауым (еңбектерін) төл тіліміздің жазу үлгісін,емлесін ғылымға енгізді.Ұлттық жазба әдебиетімізді де дамытуға,қалыптастыруға зар заман ақыны атанған Шортанбай Қанайұлы,Майлықожа Сұлтанқожаұлы ағартушылық танытса,Ыбырай,Абай аталарымыз сөз маржандарының көркемдігіне,стиліне ерекше мән бере жазды.Міржақып,Сұлтанмұрат сынды реалист ақындар заман шындығын толғады.

Классикалық жазба әдебиетке ден қойды.Ұлттық әдебиетіміз повесть,әңгіме,роман,поэма,баллада сынды жанрлармен толыға бастады.Алаш әдебиетіжан-жақты толыға түсіп тіліміздің мүмкіндіктерін сөз өнері арқылы қазақ тілінің байлығы мен өзге тілге қарағанда оралымды мағынасын паш етті.

Ұлт үшін жанын пида етуге даяр Алаш қозғалысының қаламгерлері Мағжан,Жүсіпбек,Әлихан,Ахмет,Мұхтар сияқты қаламгерлер «Әдебиет танытқыш», «Әдебиет тарихы» атты ғылымға сүбелі үлес қосты,қалтқысыз қызмет етті.

Жазба әдебиетіміз бен тіліміздің тарихынан бізге мұра болып қалған сөзді қолданудың түрлері,сөз тіркестері,тілдік стилистика сөз жетпейтін асыл қазына.

Алаштың тұлғаларына айналған әрбір қайраткер қаламгерлер жолы кейінгі толқын мен ұрпаққа аманат іспеттес өрілді.

Ұлтының рухты батыр ұлы Бауыржан Момышұлы,Ілияс сынды ұлы тұлғалар тілге қызмет етудің үлгісі,мәдени-рухани дамуымыз бен қалыптасуымызға,тілді сақтауға,дамытуға,қолдану аясын кеңейтуге зор үлес қосқан қаламгерлер.

Тарих қойнауынан бері санамызда сығалап тұрған ұлт тәуелсіздігі мәселесі алаш көсемдерінің жүрек түкпірінен орын алған,әр қазақтың рухын оятатын,ойлантатын дүние уақыт келе өз жалауын көтерді.

Алаш зиялыларының ұлтқа берген зор өнегесі мен мұрасы ұлттың тұтастығы мен бірлігіне риясыз еткен қызметі тіл мен ұлттың сақталуы.Мағжанның : «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болу» дегені дәл де айқын.Бүгінгі таңда жастарымыз жаhандану дәуірі деп өзге тілді оқуға құмар-ақ,білсін,үйренсін,бірақ,жүрегінде,санасында ұлт тілі тұрса игі.

Алаш қозғалысы қамтыған,аяулы азаматтарымыздың жасаған еңбектері уақыт еншісінен өзінің оң бағасын алды.Осынау ұланғайыр Алаш мұраларын оқу,игеру,жүзеге асыру бүгінгі ұрпақ еншісінде.Ұлт тілін ұлттық құндылығымыз деп бағалап тарихи дүниеміз деп білуіміз ләзім.





Алаш ардақтыларының идеясы болашақ ұрпақ қамын тереңінен ойлап,ұлт мүддесі үшін ешқандай ауыстыруға келмейтін қағида екенін қадап түсіндірді.

Бабалар аманат еткен мұраны біз де өскелең ұрпаққа жаңғырта жеткізу,рухани тіл тазалығын сақтауға,қорғауға,ұлттық құндылық тұрғысынан өркендетуге ұстаздық ұстанымымызбен жауаптымыз.

Алаш туы астында біріккен елдігімізді білдіріп,ата-баба мұрасын сабақтастыра сақтау,мемлекетіміздің мәртебесін ұлттық деңгейде асқақтату әр қазақ баласының ұстанымындай дәрежеде көрсетсек бабалар мұрасына деген аманаттың орындалғаны деп білеміз.

































Әдебиеттер:



  1. Тілешов Е. Алаш ұранды әдебиет – ренессанстық құбылыс. Әдебиет порталы. 22.02.2017;

  2. Тілешов Е. «Алаштың» ақ жолы // «Алаш қозғалысы» жинағы, Алматы, 2008;

  3. Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. – Алматы, 1995;

  4. Қойгелді М. Алаш идеясы // Жас Алаш. – 2007, №44.























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!