Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала, эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл,

Құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Ахмет Байтұрсынұлы


Бала – сан жетпес байлығымыз. Бүлдіршіндердің жүзіндегі тәтті күлкісі біз үшін үлкен бақыт. Ал сол балапандарымыздың бақыты, болашағының жарқын болуы бізге байланысты. Біздің ұлтымыздың болашағы да осы қаршадай сәбиден, жас буындарымыздан бастау алары анық. Бала тәрбиесіне тікелей отбасы құндылығы үлкен әсер етеді. Қоғам да әсерін тигізбей қоймайды.

Бала тәрбиесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл – үлкен бір өнер. Бала тәрбиесімен айналыспас бұрын біз өзімізді сол түзу жолға салып, асықпай ойланып, дұрыс бағытпен жүруіміз өте маңызды. Жас буынды тәрбиелеу барысында біз бүкіл ұлтымызды тәрбиелейміз. Бұл – өте жауапты іс.

Халқымыз бала тәрбиесіне селқос қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл жайында ел ішінде айтылатын нақыл сөздерден байқауға болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - дейді. Демек, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан бастау алады. Өз ұясында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсерін береді.

Отбасы – тәрбиенің негізгі бастау көзі, алтын ұясы. Бала тәрбиесі ұлтқа бөлінбейді. Бірақ та, әр елдің тәрбиесі бір-біріне сай келмесі анық. Бала тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін оқытатын ғылым – этнопедиатрия деп аталады екен. Енді бас көтерген ғылым саласы десек те болады. Соның ішінде бала тәрбиесіне аса мән беретін ұлттың бірі – жапондар екен. Оларда баланы жынысына қарай бөлмейді екен. Барлығына бірдей көзқарас. Тәртіпке бағынбаған баланы жазалау әдісі де баршылық. Баланы жалғыз қалдырып, отбасынан, қоғамнан шеттетеді екен. Бала үшін, жапондар үшін мұнан өткен ауыр жаза жоқ секілді. Ал біздің қоғамда өкінішке орай баланы жынысына қарай бөлу бар. Көпшілік отбасы оны мойындамауы да мүмкін. Бірақ шын мәнісіне келсек осы мәселе үшін де ажырасатын отбасылар бар екен. Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардың өзі отбасын құрудың қиындағанын білдіреді. Жастарымыз осы бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр болар еді.

Қазағымыз қашанда бала тәрбиесіне аса мән берген. Өйткені болашақта сол ұрпақтан жұрттың абыройын асқақтатар, жерін қорғайтын нар тұлғалы азаматтар өсетініне сенген. Сол үшін де ата-бабамыз «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Отбасы – тәрбиенің бастауы. Баланы отбасында ислам дініне және салт-дәстүрге қанық қылып өсірсе, елімізде келеңсіз жағдайлар орын алмас еді. Қазақ халқы баланы бес жасқа дейін патшадай қарап, бес жастан он үшке дейін жұмсауды бұйырып, он үштен кейін өзіңмен теңдей дос болып сырласа біл деп насихат айтқан.

Бала отбасында мейірімге толы дінге сусындап, салт-дәстүрмен тәрбиеленсе болашақта еліне, жеріне қызмет етер жақсы азамат болатыны анық. Ұл баланың тәрбиесіне әкесі немесе ағалары жауапты болған, дұрыс мәміле құрып, баланы төзімділікке және еңбекке баулыған. Өтірік айтып, біреудің ала жібін аттамауға баулыған. Қыз баланың тәрбиесіне анасы, жеңгесі немесе әжесі көңіл бөліп ибалы, инабатты етіп тәрбиелеген. Алайда осы тәрбиені қазіргі заман тәрбиесімен салыстырсақ, өкініш сезімі бой алдырар еді. Қазіргі заман балалары мүлдем басқа. Қолдарында смартфон болғандықтан олардың ойлау көкжиегі де жақыннан әрі аса алмасы анық. Өте қапа болатын жағдай. Бұл мәселені тек балалардан көруге болмайды әрине. Әлі де кеш емес. Ата-аналар бірігіп, дәл уақытында қимылдап, іске кірісуіміз керек. Балаларға ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіре беруіміз қажет.

Жоғарыда айтылғандай әр адам өз міндетін жақсы атқарса келеңсіз жағдайлар болмасы анық. Сөзімді қорыта келе жас балапандар енді бүршік атып келе жатқан жас шыбық тал сияқты. Жас шыбықты дәл уақытында суғарып тұрмасақ түзу өсуі екіталай. Жас шыбықтың қалаған жағына иілгені секілді жас баланы рухани қазынаға бай әрі салт-дәстүрге қанық етсе, тәрбиелі болып өсетіні айдан анық.  

Ардақты ата-ана, өткен іске өкініп, «әттең, ата-аналық парызымды орындамадым» деп өкінішке бой алдырғыңыз келмесе, бала тәрбиелеу жолында барлық мүмкіндікті жібермей қолданыңыз! Сонда ғана сіз әрқашан өз перзентіңізбен мақтанатын боласыз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2024
805
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі