Материалдар / Әлемді География арқылы таны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемді География арқылы таны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ оқушылар мен жас мамандарға, Ұстаздарға дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерінің географиялық жағдайын жақсы білуге және түсінуге үйретеді. Оқушыларға нақты және тиянақты жұмыс істеумен қатар үй тапсырмасын мұхият орындау мен жазуға үйретеді. Оқушылар жеке және топтық жұмыстарды тиянақты орындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1266
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Әлемді география арқылы таны»

Міндеті: Әлем елдері, шаруашылығы халқы, табиғаты және географиялық ұғымдар

туралы білімдерін ортаға салып жарысуына мүмкіндік туғызу үшін «Әлемді

география арқылы таны» деген сыныптан тыс жұмыстар.

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту,

меңгерген білімдерін байқау, білім деңгейлерін көтеру.

Дамытушылығы: Тез ойлап, тез шешім қабылдауға жарыс барысында белсенділік

көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына өз ойын ашық айтуға

дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедия, Дүниежүзінің саяси картасы,

Атлас, Жарты шарлардың физикалық картасы.

Сабақтың түрі: сұрақ- жауап

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды дайындалған екі столға отырғызу біз бүгінгі жарысымызға 10 сынып оқушыларын шақырамыз. Бүгін екі топ құрылды. Жарыстың өту барысын бағалайтын төрешілерді қатысушы мұғалімдерден сайлаймыз.

1 топ- Самұрық

2 топ- Оқжетпес

І кезең. Блиц- турнир.

Екі топ өздеріне берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.

Самұрық тобына:

  1. Дүниежүзінде қанша материк бар? (6)

  2. Түгелдей бір материкте орналасқан ел

  3. «Үлкен жетілік» елдерін ата? (АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада)

  4. Дүниежүзінде қанша елдер мен аумақтар бар (267 ел мен аумақ бар)

  5. «Экономикалық белсенді халық» деген не? (еңбек етуге жарамды жас)

  6. Мемлекетті басқару түрлерін ата? (республикалық, монархиялық)

  7. Ұлттық діндерге мысал келтір (индуизм, иудаизм, конфуцийлік, синтоизм)

Оқжетпес тобына:

  1. Дүниежүзінде қанша мұхит бар (4)

  2. Халық саны бойынша дүниежүзіндегі бірінші орындағы елді ата? (Қытай)

  3. Жаңа индустриялық елдерді ата? (Тайван, Оңтүстік Корея, Сингапур) Азия барыстары

  4. Дүниежүзінде қанша «этнос» немесе халық бар (3-4 мың халық немесе этнос)

  5. Дүниежүзіндегі елдерді қандай топтарға бөледі? (экономикасы дамыған елдер, дамушы елдер

  6. Монархиялық елдерді кімдер басқарады ( мемлекет басында король, император, принц, герцог, князь, сұлтан)

  7. Әлемдік діндерді ата? (хритиан, ислам, буддизм)

ІІ кезең Полиглот

Самұрық тобына

1. ықс қыс зима winter

2. шаға ағаш дерево tree

3. уат тау гора mountain

4. клө көл озеро lake

5. панса аспан небо sky

6. нүк күн солнце sun

7. меткөк көктем весна spring

Оқжетпес тобына

1. үзк күз осень autumn

2. ус су вода water

3. ерж жер земля land

4. зжа жаз лето summer

5. мұтхи мұхит океан ocean

6. дызлұж жұлдыз звезда star

7. ңбыржа жаңбыр дождь rain

ІІІ кезең «Сәтті сапар»

Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма беріледі. Елдердің астанасын, ақша бірлігін, елдерді картадан көрсету қажет.

Самұрық тобына

1. Ұлыбритания Лондон фунт стерлинг

2. Дания Копенгаген Дания кронасы

3. Италия Рим лира

4. Ауғанстан Кабул ауған бірлігі

5. Қазақстан Астана теңге

6. Қытай Пекин юань

7. Египет Каир динар

8. Бразилия Бразилия крузейро

9. Канада Оттава Канада доллары

10. Сингапур Сингапур Сингапур доллары

Оқжетпес тобына

1. Германия Бонн марка

2. Испания Саньтяго песетто

3. Ресей Мәскеу рубль

4. Франция Париж франк

5. Бельгия Брюссель Бельгия франкі

6. Алжир Алжир динар

7. Аргентина Буэнос- Айрес песо

8. Жапония Токио иена

9. АҚШ Вашингтон доллар

10. Аустралия Канберра Австрия доллары

ІҮ кезең Географиялық сергіту. «Ең...ең...ең....» дұрыс жауапқа 1 ұпай

Самұрық тобына

  1. Ең үлкен арал- Греландия

  2. Ең биік шың- Джомолунгма

  3. Ең үлкен түбек- Арабия

  4. Ең кіші материк- Аустралия

  5. Ең ұзын тау- Анд

  6. Ең үлкен материк- Еуразия

  7. Ең халқы көп мемлекет- Қытай

  8. Ең кішкентай құс- Колибри

  9. Ең терең шұңғыма- Мариан

  10. Ең үлкен мұхит- Тынық

  11. Ең биік сарқырама- Анхель

  12. Ең үлкен көл- Каспий

  13. Ең терең көл- Байкал

  14. Ең кіші мұхит- Солтүстік Мұзды мұхит

  15. Ең суы мол өзен- Амазонка

Оқжетпес тобына

  1. Ең ұзын өзен- Ніл

  2. Ең суыққа төзімді құс- пингвин

  3. Ең биік жануар- керк

  4. Ең жүйрік сүтқоректі- гепард

  5. Ең ірі құс- түйеқұс

  6. Ең биік тау- Гималай

  7. Ең үлкен шөл- Сахара

  8. Ең кішкентай мемлекет- Ватикан

  9. Ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз

  10. Ең суық материк- Антарктида

  11. Ең үлкен ел- Ресей Федерациясы

  12. Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі- піл

  13. Ең ірі су жануары- кит

  14. Ең лас теңіз- Жерорта теңізі

  15. Ең үлкен бұғаз- Дрейк

Ү кезең Сен мені білесің бе? Сурет жұмбақ

1 тур

1 . 2.








  1. Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел? (Италия)

  2. Орамалдағы әйел ана бейнесінде қандай ел бейнеленген? (Португалия, Испания)

Біліктілер тобына

3 . 4.







  1. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? (Африка)

  2. Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлекет бейнеленген? (Нидерланды)

2 тур

1. Басына шыққанда бірден төрт елді көруге болатын тау қалай аталады және ол қайда жатыр. (Мұзтау. Қазақстан Алтайы)

2. Италияда «ит үңгірі» деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмірқышқыл газы тұнып тұрады. үңгірде адам еркін жүре береді, ал ит болса, көп ұзамай- ақ сенделіп барып құлайды. Неге? (газ жерден 1 м-ден артық биікке көтерілмейді, ит сондықтан құлайды.


ҮІ кезең. Капитандар сайысы.

1 тур Бұл не?

1 топ басшысына: 2 топ басшысына:

1. кактус- өсімдік 1. бизон- жануар

2. гризли- аю 2. тайга – зона

3. тундра- зона 3. карибу- бұғы

4. прерий- дала 4. майс- өсімдік

2 тур Кестедегі 9 шаршыға 20, 30, 40 сандар жазылған. Әр санның шамасына қарай сұрақтар берілген логотип орналасқан.

201 - Төңірегін су қоршаған құрлық (арал)

202 - Жер бетіндегі шығып ағатын таза мөлдір су (бұлақ)

203 - Урбандалу деген не? (қала халқының өсуі)

301- Климат түзуші факторлар (Күн радиациясы, атмосфера, циркуляциясы, жер бедері)

302 Демография қандай ғылым? (демография халықтың саны, құрылысы, динамикасы туралы ғылым, халықтың дамуын, өсуін, ұлттық, жыныстық құрамын зерттейді)

303 Қазақстандағы жеті ірі өзенді ата (Ертіс, Есіл, Тобыл, Іле, Шу, Сырдария, Жайық )

401 – Қазақстанның ең төмен және ең биік жері (Төмен жері – Қарақия ойысы – 132 м,

ең биік жері – Хантәңірі – 6995 м)

402 – ХІХ ғасырдың 50 – 60 жылдарында Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеп, Іле

Алатауындағы жануарлардың биіктікте таралу сызба – нұсқасын жасаған зерттеуші

(Ш.Уәлиханов)

403 - Жер беті тегіс, онда кішігірім ойпаңдар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Өзендер түгелдей қар суымен толығады. Бұл – Қазақстанның ең жақсы игерілген зоналарының бірі. Ол қай зона?

(Орманды дала зонасы)


ҮІІ кезең. Ой дамыту. Географиялық лото.

Жоғарыдағы сағаттың цеверблатына 12 әріп орналастырылған. Осы әріптерді сағат тілінің бағыты бойынша жылжытып, жеке- жеке мағыналы сөздер құрастыру керек. Жаңа сөз тудыру сәтінде әріптердің арасын үзуге, сонымен қатар, бірде- бір дыбысты аттап кетуге болмайды. Егер негізгі шарт ойдағыдай орындалса, көрсетілген 12 әріптен 21 сөз шығады.

Қорытынды. Әділқазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаздар марапатталады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!