Материалдар / Әлеуметтік жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
тақырып студенттердің қоғаммен байланысын дамытатын,рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыруға бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2022
289
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Біз екі тақырыпта студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешу жөнінде жоба әзірледік.Бірінші тақырып студенттердің қоғаммен байланысын дамытатын,рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыруға бағытталған.Екінші тақырып қиын студенттерді қоғамға қайта тәрбиелеуге бағдарланған.



Жобаның атауы:«Жақсылық жасауға асығыңыз!».

Жобаның түрі:Әлеуметтік-педагогикалық жоба.

Жобаға қатысушылар:жоғары мектеп ұжымы,білім алушылар,әлеуеттік-педагог,педагог-психолог,қоғамдық ұйымдар.

Жобаның ұзақтылығы:ұзақ мерзімдік.

Жобаның өзектілігі:Бұл жоба студенттердің жеке басын рухани байыту үшін жағдай жасауға және оларды әлеуметтік маңызды іс -әрекетке тартуға бағытталған.Ол адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ететін бірқатар іс -шараларды қамтиды:мейірімділік, рухани жомарттық, өзге адамға қамқорлық.

Жобаның негізгі идеясы - мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Жобаның мақсаты және міндеттері:Студенттердің мейірімділік,қайырымдылық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.Студент бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату,адамдық қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке,имандылыққа,шыншылдыққа,мейірімділікке тәрбиелеу. Міндеттері:өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру;студенттердің өзін және айналасын сүюге,жақсы көруге деген ниеттерін ояту;қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге баулу және дағдыландыру.

Жобаның жоспары:

I кезең-Сұхбаттасу арқылы студенттердің қоғаммен,отбасымен қарым-қатынасын анықтау,зерттеу.

II кезең-Негізгі кезең - практикалық әрекет. «Жақсылық жасауға асығыңыз»,«Адамның сұлулығын көруді үйреніңіз»,атты іс -шаралар топтамасын өткізу.

III кезең-Қоғамның басқа мүшелерімен бірлесе отырыпстудент,жастар мен қарттар арасында кездесу-әңгіме ұйымдастыру.

IV кезең-Соңғы кезеңде аға ұрпаққа қатысты өзгерістерді білу үшін сауалнама жүргізу.

Күтілетін нәтиже:жобаны іске асыру барысында студенттер адамгершілік құндылықтар:мейірімділік,рухани жомарттық, мейірімділік туралы осы күнге дейін алған білімін кеңейтеді;қоғамның басқа мүшелеріне шынайы қамқорлық көрсетуді үйренеді;студенттердің шығармашылық қабілеті артады;жеке тұлға ретінде қалыптасып,қоғамдағы міндеттерін сезінеді,өзін және өзгелерді сыйлауға дағдыланады.

Жобаның жаңашылдығы:мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу арқылы қазіргі ақпараттық қоғамда коммуникация артады.Әлемге жарық нұр шашылып,адамдардың бір-біріне деген бауырмалдылығы артады.Тас жүректік азайып,қоғамды мейірімділік жаулайды.

Жобаның нәтижесі:Студенттерді мейірімділікке баулу бойынша қоғамды қайта қалпына келтіру тиімді деп айта аламыз.Осы қасиетті қайта оята отырып,өз-өзімізді тәрбиелей аламыз,рухани-адамгершілік қасиеттердің шынайы сапасы жоғарылайды.Қорыта айтқанда, мейірімділік әлемді құтқарады.Сонымен,студенттерді жұмылдыра отырып, мейірімділікке жетелеу,ұрпақтың жомарттық,адалдық,жанашырлық қасиетттерін дамытуда ықпалы зор және жақсылық жасауға,өзгелерге қуаныш сыйлауға деген қызығушылығы арта түсетіні айдан анық. Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.





Жобаның атауы:Қиын студенттерді қоғамға қайта бейімдеу.

Жобаның түрі:Әлеуметтік-педагогикалық жоба.

Жобаға қатысушылар:жоғары мектеп ұжымы,студенттер,әлеуеттік-педагог,педагог-психолог,қоғамдық ұйымдар.

Жобаның ұзақтылығы:ұзақ мерзімдік.

Жобаның мақсаты:студенттердің мінез-құлқы,іс-әрекеті және айналасындағылармен қарым-қатынасы саласындағы келеңсіз құбылыстардың алдын алу және түзету.

Жобаның міндеттері:студенттер үшін қолайлы микроклимат жасау;студенттердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігінің қабілеттерін дамыту;студенттердің бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу;құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізу;девиантты мінез-құлықты студенттермен түзету жұмыстарын ұйымдастыру;студенттерге мінез-құлық пен тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтарды жеңуге көмектесу;студенттердің жеке әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін салауатты өмір салты үлгілерін қалыптастыруға жәрдемдесу;студенттердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға ықпал ету;ұжымдағы жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу.

Күтілетін нәтижелер:құқық бұзуға бейім студенттер санының азаюы;студенттерді мінез-құлық мәдениеті контекстімен таныстыру;отбасы мен ұйымдағы жанжалды жағдайлардың санын азайту;студенттердің әлеуметтік белсенділігінің артуы;студенттердің қарым-қатынаста және жұмыс жасауда психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Жобаның жоспары:

I кезең-Сұхбаттасу арқылы студенттермен танысу.

II кезең-Негізгі кезең - практикалық әрекет.Психологиялық диагностика жасау арқылы студенттердің психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқындағы қиындықтарды анықтау.

III кезең-Қоғамның басқа мүшелерімен бірлесе отырып,агресивті мінез-құлыққа бейім студенттер мен органдар арасында кездесу-әңгіме ұйымдастыру.

IV кезең-әлеуметтік-педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып түзету шараларын іске асыру.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!