АЛҒАШҚЫ
ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
ЖОЛДАРЫ
Оқыту процесі – екіжақты
процесс, оның бір жағында оқытушы, ал екінші жағында оқушы бар.
Сонда бұл процесс оқу бағдарламасына, әдістемелік нұсқаулар мен
жарлықтарға және тағы басқаларға сүйене-тін басқарушы бөлік-
оқытушыдан және басқарылатын бөлік- оқушыдан тұрады. Қазір мұның
бірін обьект,екіншісін субьект деп те айтып жүрміз. Оқытудың осы
екі бөлігінің арасында тығыз екіжақты байланыс орнатылғанда ғана
процесс өнімді нәтиже бермек.
Оқытудағы тура байланыс деп, жаңа
материалды түсіндіру, тәрбиелік әсер ету, әдістемелік нұсқаулар
беру /қайталаңыз,жазып алыңыз,назар аударыңыз т.с.с/ түсініледі.
Мұнда оқушы мұғалімнің ықпал етуімен және өзінің ізденіп жұмыс
істеуі арқылы жаңа білім мен білікті, дағдыны
игереді.
Оқытушыға оқытудың жаңа да тиімді
тәсілдерін игеріп,оны қолдана білуі үшін оқушылардың өтілген
материалды меңгеру нәтижесі туралы кері байланыс сигналдары түсуі
қажет. Оқушының ауызша жауабы, бақылау жұмысын не практикалық
тапсырма-ларды орындауы және т.басқалар кері байланыстың мысалдары
болып табылады.
Сабақ үстінде оқушының жаңа ұғымды
меңгеруін ауызша айтқызу арқылы тексеріп, бақылау сабақтың көп
уақытын алатындығы анық нәрсе.Оқушымен кері байланысты көбінесе осы
әдіске құру олардың аз ғана бөлігін белсенді оқу процесіне тартып,
ал қалған көпшілік бөлігінің оқу материалын үйренуіне ықпал етудің
барынша азаюына, сөйтіп олардың білім алуға қызығушылығының
төмендеуіне әсер етіп жүрген жағдайлар.
Осы және бұдан басқа да толып жатқан
психо-педагогикалық себептерге байланыс-ты мұғалімге оқушы білімін,
білігін анықтауда жаңа технологиялық әдістерді қолдану қазіргі
уақыт талабына айналып отыр.
Жаңа технологиялық әдістер, ол сол кезеңде
өмірге енген техникалық құралдар мен жабдықтарды, түрлі
көрнекіліктерді пайдалануға негізделген тәсілдер
жиынтығы.
Қазіргі уақытта оқушылар білімінің бірыңғай
стандарттарға сәйкес болуы талабына жету, оқытудың педагогикалық
тың әдістерінсіз жүзеге асуы екіталай.
Бұл ретте шетелдік және ресейлік айтулы
педагогтардың еңбектері мен тәжірибеле-рін өзіміздің ұлттық
ұстанымдарымызға сай келетіндей түрде саралап пайдаланғанымыз
жөн.
Сонымен соңғы кездегі технологиялық
әдістерге: электрондық оқулықтарды пайдал-ану, қашықтан
басқарылатын дистанциялық оқыту жүйесін енгізу, оқушылардың
білім-дерінің сапасын бірыңғай ұлттық тест тапсырмалары бойынша
тексеру, оқытудың соңғы үлгідегі аудио-видео техникалары мен
құралдарын қолдану т.с.с. жатады.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып
Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытуда уақыт талабына сай жаңа
педагогикалық әдістерді дер кезінде қолдануға тырысамын. Соның бір
дәлелі ретіндегі жұмысым, ол АӘД пәні бойынша соңғы техникалық
құралдар және жабдықт-армен қамтамасыз етілген оқу кабинетін
жасақтауым.
Оқу кабинетіндегі басқару пульті арқылы
терезе перделері және оған үйлестірілген экран сабақтың кезкелген
сәтінде қажетіне қарай жоғары көтеріліп немесе төмен түсіріл-еді,
осы пульттен техникалық құралдар: кинопроектор мен диапроектор не
кодоскоп, магнитофон, компьютер, электр дыбыс ойнатқыштар іске
қосылады. Міне осындай жақсы жабдықталған пәндік оқу кабинеті менің
түрлі дидактикалық материалдар мен тәсілдерді кеңінен пайдалануыма
өріс ашуда.
Қазір көптеген пәндер бойынша электрондық
оқулықтар баршылық. Алайда әзір АӘД пәнінен осындай оқулық болмай
тұр. Соның орнын толтыру мақсатында мен арнайы компьютерлік
бағдарлама әзірлеумен айналысу
үстіндемін.
Компьютерлік бағдарлама, ол дидактикалық
материалдардың машиналық нұсқаға айналдырылған түрі. Оның жазба
нұсқалардан бірнеше артықшылықтары бар. Олардың ең
бастылары:
• дидактикалық
материалдардың көрнекі түрде безендіріліп көрінуі, жеткізілуі, бір
сөзбен оның тартымдылығы;
• материалдың
экранда жеке блок (сұрақ, сурет, жауап, схема, т.с.с) түрінде
беріліп, жауап берушінің ойын бір ғана мәселенің жауабын іздеуге
шоғыр-ландыру мүмкіндігіне ие болуы;
• машиналық
нұсқамен жаттығу кезеңінде жауапты бірнеше рет (бағдарламада
белгіленуіне сәйкес) қайталауына және қажет жағдайда тиісті
материалды еске түсіруіне болатындығы;
• компьютердің
жауап берушінің жауабын бірден бағалауға және оларды заматында
қағазға басып шығарып беруге немесе оларды қажет уақытқа дейін
машина жадында сақтауға, көрсетілген көлемде көбейтіп беруге,
қажетті тестілерді не басқа материалдарды дискетаға көшіріп жазып,
басқа компьютерде пайдалануға және т.басқа да мүмкіндіктер
беретіндігі.
Тестік дидақтикалық материалдардың
машиналық нұсқасын жасау үшін оның бағдарламасын құру қажет болады.
Тест құруды мынадай кезендерге бөлген
дұрыс:
1. Тестік сынақтың
бағдарламасын әзірлеу;
2. Тестердің жоспарын
жасау;
3. Тестік сұрақтар мазмұнын,
аясын нақтылау.
Мұнда тест бағдарламасы оның алға қойған
мақсатына тәуелді. Егер ол бір тақырып-ты не оның жекелеген бөлігін
қамтитын болса, онда тест соған сәйкес шағын сұрақтардан тұрады да,
тақырыптың қамтылу денгейі 80% -дан кем болмауы керек. Ал тест
материалы үлкен бір тарау бойынша оқушылардың білімі мен білігінің
денгейін анықтауға арналса, онда тест сұрақтары тараудың негізгі
тақырыптарындағы басты ұғымдарды, олардың ара-сындағы байланыстар,
ұқсастықтар немесе керісінше карама-қайшылықтарды оқушылар соларға
тән қасиеттер, белгілер арқылы ажыратуға мүмкіндік беретіндей етіп
құрастыр-ылғаны дұрыс. Тестің машиналық нұсқасын құруда мектептегі
информатика пәні мұғалі-мінің көмегіне сүйенген жөн.
Тесті конструкциялаудың келесі кезеңі – жоспар
жасау.
Тестік дидактикалық материалдарды пайдалану
арқылы мұғалім мынадай нәтижелерге жетуді
межелейді:
• Оқушылардың
өтілген тақырыпты қалай меңгергендігін
анықтау;
• Олардың
тақырыптың қай бөліктеріне қиналатындықтарын
білу;
• Оқушыларды
оқып үйренуге, оларды өздігінше ойланып, іздену қабілетін оятуға
талпындыру;
• Оқушылардың
іскерлігін арттырып, дүниені тануға ұкыптылығын
дамыту;
• Тесті
құрастыру ауыр болғанмен, оқушы білімін тексерудің тездігі
арқасында мұғалім еңбегін жеңілдету.
Міне осы мақсаттарды және тест
жоспарын негізге ала отырып тестің тақырыбына орай сұрақтарды
құрастырады, олардың нақты санын анықтайды. Мұнда тестке ұсынылған
сұрақ, тұжырымның мағынасы екіұшты болмай сыналушылардың
әрқайсысына түсінікті болуы керек.
Тест қорытындысын 10,11 – сыныптар бойынша
жеке – жеке арнайы дәптерге тіркеп отырған дұрыс. Сол бойынша қай
оқушының қай тақырыпты қалай үлгіруін есепке алып, оларға
көмектесудің не оны жетілдірудің жолдары
қарастырылады.
Ақпараттану ғылымы өмірден оза дамып бара
жатқан осы уақытта сабақ процесін жүргізуде, оның ең негізгі кезеңі
– оқушының білім деңгейін анықтауда жаңа технология-лық құрал –
компьютерді пайдаланудың орны ерекше.
Оқушылар
білімін бағалаудың нақтылығын (объективтілігін), тұтастығын және
тездігін (оперативтілігін) қамтамасыз ету үшін мынадай әдістерді
қолданып келемін, олар:
1. Оқушының компьютер
экранындағы шыққан сұраққа жауабын тікелей жазып алу. Ол жауаптар
сұрақтың түріне қарай:
а) фрагменттік;ә) тақырыптық;б)
блоктық жауап болуы мүмкін.
2. Оқушының экрандағы немесе
мұғалім қойған не тақтаға жазылған сұраққа компьютерде жазбаша
жауап беруі. Мұнда да жауаптар 1-әдістегідей сұрақтар түріне қарай
әртүрлі болады.
3. Компьютерде Netmetling
программасын пайдалану арқылы жауап беру. Мұның мәнісі мынадай:
мұғалім мен оқушы арасында жергілікті желі арқылы байланыс
орнатылып, оқушы мұғалімнің сұрағын не тапсырмасын құлаққаптан
/наушник-тен/ есітіп, соған бірден жауап қайтарады немесе
жіберілген хабарға /сообщение-ге/ жауап хабар
жібереді.
4. Жауап берудің компьютерлік
тест әдісі.
5. Компьютерде жазылып қойған
дыбыстық сұрақтарға жауап беру.
Менің дайындаған компьютерлік NVP.exe
бағдарламамда осы әдістердің барлығы
қамтылған.
Енді осы бағдарламаның жұмысымен қысқаша
таныстырайын.
Бұл программа VBASIC қосымшасында
әзірленіп,онда Блокнот және MS Word мәтіндік редакторларының
беттері, сол сияқты MS Power Point программасында дайындалған
түрлі-түсті слайдтар мен «Мултимедиа» және «Звукозапись»
программаларында жазылған файлдар қолданылды. Бұл программа былай
жұмыс істейді: