Материалдар / ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ, АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ, АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан (1866 –1937) мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт - азаттық және «Алаш» қозғалысының жетекшісі. Ол аудармашы, публицист, ғалым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Picture 3


Нұр-Сұлтан қаласы

Ж.Жабаев атындағы

4 мектеп-гимназиясының

тарих пәнінің мұғалімі

Мешелова Жалгас Жарасбаевна






ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ, АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ


Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан (1866 –1937) мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт - азаттық және «Алаш» қозғалысының жетекшісі. Ол аудармашы, публицист, ғалым ретінде өз кезінде де белгілі болды.

Әлихан Бөкейхан қоғамдық - саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. Ол сауатты, өте білімді, парасатты, өз заманының озық ойлы азаматы болды. Дала тұрғындарының ғана емес, өзге ұлттардың да құрметіне бөленді. Өз ұлтының ата тарихын жетік меңгеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне құрмет көрсетудің, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін үздіксіз күрес жүргізді.

Әлихан Бөкейхан кезіндегі құдыретті Қазақ хандығының бірлігі мен күш-қуатынан айырылып, отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты. Ол қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе кейбірін газеттер мен арнайы жинақтарда жариялады. Сондай-ақ даланың тағы бір көшпелі элитасы – Кенесары хан бастаған қарулы көтеріліс туралы ел ауызындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Әлихан Бөкейхан осы ізденістердің арқасында бірнеше келелі тұжырымдар жасап, ой қорытты.

Осынау стратегиялық мақсаттарға жету жолында ұлттық зиялы қауымға да, қарапайым бұқара халыққа да жақын идея ауадай қажет еді. Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.

Әлихан Бөкейхан халықтың көшбасшысы қандай тұлға болу керектігін өз үлгісімен айқындап берді. «Алаш» көшбасшысы Ә. Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орнына Алаштың келесі ірі тұлғасы, қайраткер, ғалым Қошке Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» еңбегінде мына тұрғыда баға берді: «Биліктің қуғындау мен қудалау жылдарында түрмеге қамалып, жер аударылса да бірқатар батыл да ержүрек азаматтар өз халқының болашағы үшін күресті жалғастыра берді. Бұл топтың жетекшісі, тәрбиешісі де Әлихан Бөкейхан еді. Ол елінің болашағы үшін қиыншылықтан қорықпайтын ұлтжанды азаматтарды күрескерлік рухта баулып, әдеби тіл нормасының орнығуы мен діни фанатизмнен арылуға зор үлес қосты. Нәтижесінде қазақ ұлты қалыптасты. Әлихан Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орны, міне, осында жатыр».

Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген кітабында алашордашылардың ХХ ғасырдың басындағы іс-әрекеті туралы былай дейді: «Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгеймен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес. Өткелі тұрған ғасырдың соңғы жылдығының зиялылары топтық мүддеден биік тұрса, өлермен атаққұмарлықтан аулақ болса, мұны Қазақстандағы мамыржай тыныштық пен тұрақтылықтың басты бір факторы деп білу керек».

Әлихан Бөкейхан миллиондаған халықты «Алаш» қозғалысы идеясы төңірегіне топтастырды. Ол қазақтың зиялы азаматтарын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды. Өзінің: «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін», – деген ұстанымына адал болып өтті. Қазіргі жастар Әлиханнан үлгі алып, өз Отанына адал және аянбай еңбек ету керек.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!