Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әлімхан Ермеков – тұлға, ғалым, ұстаз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә.Ермеков және Алаш зиялыларының бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алатын орнын көрсету және жалпы ғылымдағы зерттеушілігі мен рухани мұрасының тарихи маңызының бүгінгі өмірмен сабақтастығын айқындау арқылы өскелең ұрпақты ғылымға бейімдеу, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу математик ғалымның ғылымға қосқан үлесін кейінгі ұрпаққа насихаттау,мәліметтер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарағанды қаласы

«Әлімхан Ермеков атындағы мектеп –лицей»КММ







«Әлімхан Ермеков және Тәуелсіз Қазақстан»

аймақтық ғылыми –практикалық конференциясы





Бағыты: «Әлімхан Ермеков – тұлға, ғалым, ұстаз»

Picture 2





Жоба авторы:

Бастауыш сынып мұғалімі: Омирбаева М.Р.





Аннотация



Ғылыми жұмыста ерте және орта ғасырдағы ұлы математиктер, қазақстандық математика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмір жолдары мен еңбектері баяндалады.



Математика (грек - білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттері Аристотель, Әбунасыр Фараби, Ахмес, Пифагор, Евклид, Архимед, Эратосфен, Әл-Хорезми, Фибаначчи, Галилей.



Ғылыми жобаның мақсаты:

Ә.Ермеков және Алаш зиялыларының бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алатын орнын көрсету және жалпы ғылымдағы зерттеушілігі мен рухани мұрасының тарихи маңызының бүгінгі өмірмен сабақтастығын айқындау арқылы өскелең ұрпақты ғылымға бейімдеу, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу математик ғалымның ғылымға қосқан үлесін кейінгі ұрпаққа насихаттау,мәліметтер беру.



Жүргізілетін зерттеулер әдісі:Қажетті дерек көздері мен мағлұматтарды оқу,түсіну,салыстыру,жүйелеу,зерттеу,өзіндік ой-пікір қалыптастыру.



Ғылыми жұмыстың жаңалығы:Ұлы математиктердің кейінгі ұрпақ білмейтін еңбектері туралы мәліметтер беру.













МАЗМҰНЫ



I.КІРІСПЕ



ІI.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков



III.ҚОРЫТЫНДЫ



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

































I.КІРІСПЕ



Арифметиканың өзі дербес ғылым ретінде бірітіндеп қалыптасқанымен, оның негізгі сан ұғымы өте ертеде, тарихқа дейінгі заманда,санау қажеттілігі туған кезде пайда болған. Геометрияның бастапқы қарапайым ұғымдары табиғатты бақылау, тікелей практикалық өлшеу тәжірибелерінен алынған.



Математиканың бастапқы мағұлматтары барлық халықтарда болған. Ғылымның дамуына, әіресе Египетте (Мысыр), Вавилонда жинақталған мәдени дәстүрлердің ықпалы үлкен болды. Бұл елдерде 5-4 мыңжылдықтарда өзіндік мәдениет өркендеп, ғылым білім жинақталған. Күнтізбе жасау құрылыс салу, жер суару, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу, жан-жақты байланыс жасау ісі математикалық білім дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы оның қарапайым ережелері дәлелдеусіз қалыптаса басталды.



























Негізгі бөлім:

.

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891-1970) Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, Беріктас деген жерде өмірге келді. Әкесі Әбеу халқына қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі. Ол 1911 жылы қайтыс болған.Әлімхан 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектепті үздік бітірген Әлімханды әкесі 1906 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп түсіреді. Оны Әлімхан 1912 жылы алтын медальмен бітіреді де, осы жылы Том технологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады. Бірақ оны түрлі жағдайларға байланысты 1923 жылы ғана бітіреді.Бесінші курс оқып жүрген кезінде

 Әлихан Бөкейхановпен танысып «Алаш»партиясының мүшесі болады.

Зеректігі мен алғырлығы оған математиканы өз бетінше меңгеруге мүмкіндік береді. Математика ғылымы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор да атанды. 1921 жылы Ермеков туған жері Қарқаралыға келіп Қарқаралыда екі сатылы мектеп пен жанында кітапханасы бар педагогикалық техникум ашады.

Сол техникPicture 2 умда 1921-1924 жыл арасында ұстаздық әрі директор қызметін атақарады. Бұл орта оқу орындарын болашақ ҚР ҒА академигі О.Жаутықов, корреспондент-мүше А.Сенбаев, генерал-майор К.Бошаев және тағы басқалары бітірді.

Алдында бұл мектеп болған. Ол 1830жылы салынады.Бұл мектепте Абай Құнанбаев және Алихан Бөкейханов оқиды.

1925 жылы Ермеков Семей қаласына шақырылып, Оренбугртағы Қазақстан Мемлекеттік жоспар төрағасының орынбасары болуға тағайындалып, сонымен қатар өнеркәсіп бөлімін басқарады. 1926 жыдан бастап жоғары кәсіби мамандар ішінен ол Ташкент ЖОО-сында (жоғары педагогикалық институт), сосын Алматы ЖОО-ларында жұмысқа тартылды. Ол Қазақ Педаггикалық Университетінде, Алматы зооветинституты және басқаларда математика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді, ғылыми атағы – доцент болды. 1926 жылы ғылыми-педагогикалық қызметке ауысып, 1926-1928 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақтың жоғары тұңғыш педагогикалық институтының жоғарғы математика кафедрасының мұғалімі, әрі жаратылыстану-математика факультетінің деканы міндеттерін атқарады. 1929 жылы Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Алматы Мемлекеттік университеті) доцент, 1932-1935 жылдары Қазақ мемлекеттік зоотехникалық мал дәрігерлік институтында доцент, профессор міндетін атқарып, кафедра басшысы болады. 1935 жылы мал дәрігерлік институтта кафедра басқарып жүріп, институт ғылыми кеңесінің ұйғарымымен (ВАК шешімі бойынша) тұңғыш рет математика саласынан профессор атағын алады. Кеңес өкіметіне, коммунистік-репрессиялық жүйеге қарсы қызметі, Алаш партиясын құрысып, Алашорда үкіметіне мүше болғаны үшін 1930 жылдың 22 қыркүйегінде істі болып, М.Әуезовпен бірге түрмеде отырып, үздіксіз тергеуде болады. 1932 жылдың 20 сәуірінде ОГПУ үштігінің үкімімен алдын ала түрмеде отырған уақыты есепке алынып, босатылып, бақылаушы органдардың бақылауына алынады.

1935 жылы қазақ тілінде «Ұлы математика курсы» кітабын , 1936 жылы «Қазақ тілінің математика терминдері» атты түсіндірме сөздігін жарыққа шығарған. 1935-1937 жылдары Алматы Кен-металлургия институтында (қазіргі ҚазҰТУ) математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі, техникалық факультеттің деканы қызметтерін атқарады. Ә.Ермеков 1938 жылдың 3 ақпанынан бастап 17 наурызына дейінгі аралықта Куйбышев қаласындағы жоспарлау институтының математика кафедрасының меңгерушісі болып істеді. Жалақорлардың жазған бірнеше арызынан кейін, әскери трибунал Ә.Ермековты 10 жылға түрмеге қамады. Одан 1947 жылдың 15 тамызынан Шымкент технологиялық институты математика кафедрасының меңгерушісі болып ұстаздығын қайта жалғастырды. Қаламын қолына алып, терминология мәселесін қайта қозғады. Амал не, осы жылы түрмеге қамалып, одан 1955 жылы босап , 1957 жылы толық ақталды. Осыдан кейін ол Қарағандыға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін Қарағанды тау-кен институтында (қазіргі ҚарМТУ) аға оқытушы қызметін атқарып, ықтималдық теориясы, математикалық статистика, теориялық механика, математикалық терминология мәселелері төңірегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан.

Ә.Ермековтың жалғыз ұлы Мағауия –профессор, геология-минералогия ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал қызы Раушан –инженер, Бакуде тұрады, ағасының баласы Мүсілім-ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі, ал қарындасы Бопан ғылым кандидаты, доцент.

Қарқаралы қаласында Ә.Ермеков атында мектеп және көше аталған.

Ә.Ермеков ашқан педтехникум 1953жылы Саран қаласына ауыстырылды.

Математика – қиын пән. Құпиясы терең.

Қазіргі ғылыми техникалық прогресс жедел өсу кезеніңде, математиканың ролі артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды.Мектепте математиканы оқыту кез- келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс. Математиканы оқып үйрену процесінде оқушылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бір қатар біліктерімен дағдыларды иегерулері қажет.

Ә.Ермековтың математикалық әдіс тәсілдері жоғарғы оқу орындарында оқитын оқушыларға арналған.

Дегенмен Ә.Ермеков сияқты білікті математиктерді бастауыш сыныптан бастап математикаға деген қызығушылықтарын арттыра отырып тәрбиелеген жөн.Мен оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттырыу мақсатында компьютерлік желілер технологияларын жиі қолданамын. Интернеттен кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға және оны оңайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасында ақпаратты қарым –қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді.

Сонымен қатар математика пәні бойынша бірыңғай тек сабаққа ғана көңіл бөлмей, Қазақстаннан шыққан ұлы математиктерге байланысты сыныптан тыс шаралар да өткізуіміз керек деп ойлаймын. Сыныптан тыс жұмыстар – іріктелу принципінде құрылуы керек. Оқушылардың шамасы келетіндей материал алыну қажет.

Математикаға оқыта отырып, ғылыми тұрғыдан алғанда, ой пікірлердің қалыптасу бастауларының бірі – халық педагогикасында. Есепке бай логикалық мақал - мәтелдерді айту. «Есеп, есеп, білмеген есек» математикалық сауаттылықтарын арттыруға жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі желісімен өткізу оқушыларды өте қызықтыратыны белгілі. Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың математикалық ұғымын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырады,математика пәніне деген қызығушылықтары арта түседі деген ойдамын.

Қорытындылай келе, алдағы уақыттарда өскелең ұрпаққа Ә.Ермеков және Алаш зиялыларының бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алатын орнын айта отырып, жалпы ғылымдағы зерттеушілігі мен рухани мұрасының тарихи маңызының бүгінгі өмірмен сабақтастығын айқындау арқылы ғылымға бейімдеп, Отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, математик ғалымның ғылымға қосқан үлесін насихаттаймын.





















Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақтың байырғы есептері авт.Сәбетбай Елубаев.

2.http//aiashainasy.kz/kazaktarihy/almhan-trmekovtn-kazak-shekarasyin-anyiktaudagyi-eren-enbeg-82303

3.Қарқаралы қаласындағы Ә.Ермековке арналған мұражайдан мәліметтер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
1980
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12