Материалдар / "Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алтын күз» Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.. Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді. Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті (осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.) Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар? Сәлеметсіздер ме, қонақтар? Балалар:Сәлеметсіз бе? Күз ханшайымы: Уа халайық, дархан далам армысың?! Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін. Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге сонау алыстан «Айгөлек» балабақшасына арнайы келдім. Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер ме? Балалар:Ия
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын күз»

Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.

Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті

(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар? Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

Балалар:Сәлеметсіз бе?

Күз ханшайымы:

Уа халайық, дархан далам армысың?!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге сонау алыстан «Айгөлек» балабақшасына арнайы келдім. Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер ме?

Балалар:Ия

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады. Біздің балалардың барлығы ақылды.

Балалар тақпақтары

1) Дидар: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.


Ерке: Күздің айы тамаша

Жеміс жидек піседі

Астықтар оралып

Қоймаларға түседі


2) Жансая: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


Алдияр: Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.


3) Таир: Алақай,алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.


Айнур: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

4) Кәусар: Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.


Исламбек: Қамба толды астыққа
Алғыс саған,Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық,та,
Қап-қап астық алдық біз.

5) Айбек: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын күз.


Аяулым: Көк майсалы, көрікті.
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін






Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Би: кап-кап

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар, Ондай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын

Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті,шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді Жұмбақтар:

Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.(Жапырақ)

Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)

Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )

Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)

Алма дерсің, түсіне қарап, 
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. Анар

Өзі қызыл , өзі қызық , 
Ортасында бір сызық . Шабдалы



Ойын: «Күзгі ағаш»

Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық .

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?

Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!



Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!