400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана тілі-білімнің кілті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілінің мәртебесі жөнінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана тілі – білімнің кілті».

Ұрпақ қамы – қай халықты да ойландырмай қоймайтын ауқымды да күрделі мәселе. Адамдық қасиеттердің түр түрі болады. Болашағына алаңдап, келешекке алаңдаушылықпен қарайтын адамдар, әрқашан руханилығын, мәденилігін, парасаттылығын ойлайтын адамдар болады. Әсіресе, білім азығымен сусындап жүрген Алтынсарин ізбасарларына жүктелетін рухани жүк ауыр. Болашақты жас жеткіншекке қарап көреміз. Жастықтың жалынын жалау еткен жастардың қолынан тау қопарар толағай күш те, нұрлы күш те табылады. Тек сол күшті сарқылмас білім жолына арнай білу керек. Жан жылуын ананың аялы алақаны сыйлай алады. Жылылық-қазіргі заманда кездесе бермейтін керемет күш. Жылылықты іздеген жас ұрпақ ешқашан болашағында қателеспейді. Жылылық, рухани жылылық адамның жақсы қасиеттерін дамыта білетін сиқырлы күш. Рухани байлықтың қаншалықты деңгейде екені әр адамның сана сезіміне, жан дүниесіне байланысты. Отбасы тәрбие мәселесіне әр ұрпақ, әр тұлға өзінше үн қатып, үлес қосуда. Отбасы тәрбиесі қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Адамның адами тәрбиелігі, мәдениеттілігі, ұрпақ алдындағы жауапкершілігі адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Отбасы тәрбиелілігінің, құндылығының байлығы – әр елдің мақтанышы. Отбасы тәрбиесінің ең шарықтау шегі – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Отбасы – мемлекеттің шағын бір бөлігі, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Отбасындағы құндылықтың бір болмысы, баланың бойына ананың ақ сүтімен берілген ана тілі арқылы мағыналы да сапалы тәрбие беру. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі де бедерлі, тарихы терең тамыр жайған қасиетті тіл.

«Өткірдің жүзі, Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас»,-деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғаннан бері ана тіліміз талай бел-белестерден өтті. Қарыштап алға қадам басты. Бүгініне есеп беріп, келешегіне көз салды. Бүгінгі жеткіншек – ертеңгі ұлт болашағы. Көп тілді қатар меңгеріп, болашаққа сеніммен қарау үшін, мемлекеттік тілдің нағыз жанашыры бола білу керек. Еліміздің іргелі ел болып қалыптасуына бірден-бір әсер ететін фактор, ол – отбасы құндылығының биікте тұруы. Жиырма бірінші ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру – мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр, сондықтан Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру және «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелерді енгізу – жаңа заман талабы. Сонда ғана мемлекетінің болашағын, ертеңі мен бүгінін ойлайтын ұрпақ өсетін болады. «Ана тілі – білімнің кілті» дегендей, ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында, өрлігінде орасан зор байлығында. Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдардың өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогі - Ыбырай Алтынсарин. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясы». Кітаптың мазмұны бірнеше тақырыпты қамтиды: 1) балалар өмірі туралы орыс тіліндегі әртүрлі хрестоматия, көбіне Паульсонның хрестоматиясынан алынған әңгімелер; 2) әртүрлі жастағы адамдардың өмірін суреттейтін әңгімелер; 3) қазақ жыршыларының өлең-жырларынан үзінді; 4) қазақтың мақал-мәтелдері. Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін, олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол сілтейді. «Ыбырай Алтынсарин және қоғам» тақырыбында оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өткізілмекші. Ыбырай салған дара да, жарық жол тек білімділер жолы болмақшы. Тіл тазалығы, мемлекетте қасиетті өз орны бар отбасы тәрбиесі барлық уақытта керек. Отбасы құндылықтарын сақтау, қастерлеу, дәріптеу – өмір талабы. Жеткіншек ұрпақ болашаққа нық қадам басып, өмірде кірпіш болып қаланып, өз орнын таба білу өмірлік қажеттіліктен туады. Отбасындағы бала тәрбиесіне аса бір жауапкершілікпен қарау жөніндегі Заң бізді осыған міндеттеп қана қоймайды, достығын нығайтатынын санамызға сіңіреді. Отбасы тәрбиесінің құндылығы – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Бүгінгі күні өркениетті әлем елдерімен терезесі тең дәрежеге қол жеткізген тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы саяси-экономикалық факторларымен бірге оның отбасы құндылығының ертеңі мен тағдырына да тікелей байланысты екендігіне көз жетті. Отбасы тәрбиесі – қашан да ұлт мәдениетінің, өнер-білімінің тұғыры болып саналатындықтан, қазақ тілінің келешек дамуы оның білім беру ұйымдарындағы қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады және отбасы тәрбиесінің берік болуына да тікелей әсер етеді. Отбасы тәрбиесіндегі жақсылық нышандары ең алдымен, тіл арқылы, әсіресе, ана тілі арқылы игеріледі. Демек, тіл, яғни, ана тілі – отбасы тәрбиесінің негізгі құралы. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады. Білім беру міндеттерінің мақсатқа сай болуы және мұқият іскерлікпен жасалған әдістемелермен ұштастырылуы – отбасы тәрбиесінің нәтижелі болуының маңызды талаптарының бірі. Ал, бұл факторлар отбасы тәрбиесіндегі аса маңызды, қасиетті орын алатын жайлар.Табиғатта болып жатқан құбылыс өзгерістері мен адамзаттың рухани еңбегінің нәтижесінде шеберхана жұмысы отбасы тәрбиесі арқылы негізделеді. Сондықтан, отбасы құндылығы – тәрбие шеберханасының ең маңызды құралы болып табылады. Отбасы тәрбиесі – мемлекет қазынасы ғана емес, қазақ қоғамының тәрбиелі, адами құндылықты жоғары қоятын болашақ ұрпақты тәрбиелеуде өте қажет бола алатын құрал, ұлтымыздың сан ғасырлар бойы жинаған рухани-мәдени мұраларының, ділі мен дінінің, әдебиеті мен өнерінің, сана-сезімінің, дүниетанымының жиынтығы.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20.12.2023
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі