Материалдар / анықтама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
кең көлемде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
140
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«Жұмабек Ташенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі»КММ

2023-2024 оқу жылы

«Табиғат менің өз үйім» атты химия-биология бірлестігінің пән апталығында өтілген ашық сабақтарға /12-16.02.2024 ж/

Анықттама

Пән апталығының бірінші күні бірінші ауысымдағы үшінші сабақты химия пәнінің мұғалімі Байтұрсын Ахмет «Азот қышқылы» тақырыбында 9 В сынып оқушыларына өтті.Сабақтың барысы өте жақсы болды.

Аптаның екінші күні яғни 13.02.24 ж бірінші ауысымның үшінші сабағында биология пәнінің мұғалімі Серик Жанна «Дигибридті будандастыру.Моногибридті және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару» тақырыбында 9 Д сыныбына ашық сабақ өтті.Сабақты өткізу барысында өз мақсатына жетті.Оқушылар өте белсенді қатысып,жаңа сабақты игеріп алды.Сабақтың басынан соңына дейін АКТ деңгейін жақсы меңгере алатындығын көрсетті. learningapps, flippity, https://classroomscreen платформаларымен сабақты бағалап кері байланысты дер кезінде алып отырды.Сабақты өз деңгейінде өткізді.Сабақ барысында дарынды балалар мен үлгерімі төмен оқушылар арасында жұмыстар,тапсырмалар берілді.Функционалды сауаттылықтың тың үдерісі осы тақырыпта өрбіді.

Осы күні бірінші аусымның екінші сабағында 8 В сыныбына химия пәнінен Толаев Бақыт ұстаз «Кристалдық торлар» тақырыбында жақсы сабақ өткізді.Оқушылар сабақты меңгкргендігі туралы кері байланыстарын беріп отырды.

15 ақпан күні 10"В" сыныбына биология пәні мұғалімі Ерсұлтан Кәмшат, 10.3 Эволюциялық даму және селекция негіздері. Тірі ағзалардың көптүрлілігі тарауының Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:Жер бетіндегі тіршіліктің қалыптасу кезеңдері туралы оқып біледі.Көпшілік оқушылар үшін:Тіршіліктің даму кезеңдерін атай алады; кезеңдерді ерекшеліктеріне қарай сипаттай алады;Кейбір оқушылар үшін: Кезеңдерге мысал келтіре алады; Болашақ дәуірдің қалай болатындығын болжайды

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Менен бір мотивациялық сөз » әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал орнатады

«Фанарик» тәсілі бойынша топқа бірігуге нұсқау береді.

ІІ Үй тапсырмасы

«Ғажайып арал» ойыны арқылы сұрайды


«Суретті сөйлет» тәсілі арқылы алдыңғы білімдерін еске түсіреді.

жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.ІІІ Білімді толықтыру үшін оқулықтағы мәтінді оқуға тапсырма береді.

ІV Топтық жұмыс.

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады.

1-топ. «Архей, протерозой замандарына сипаттама»

2-топ «Полеозой заманына сипаттама»

3-топ «Мезозой, Кайнозой замандарына сипттама» туралы оқулықтағы ақпаратты топта талдап, қорғауға нұсқау береді..

«Кинометафора» тәсілі арқылы бейнероликті көруді ұсынады

Сабақты бекіту тапсырмалары

1-тапсырма.

«Шындық» немесе «жалған» тәсілі

Тұжырымның «шындық» немесе «жалған» екенін анықтаңдар

2-тапсырма

«Сәйкестендіру» тәсілі

Онлайн мектептен тапсырмалар орындау жұмыс

3-тапсырма

«Learningapps» платформасында тапсырма орындайды .

Тіршілік дамуының негізгі кезеңдері

https://learningapps.org/watch?v=p4rjuoqxj24

4-тапсырма

«Уақыт шкаласы» тәсілі

Берілген суреттерді мұқият қарап, замандарды ретімен орналастырыңдар

Қортынды. Мұғалім оқушылардың алған білімін қортындылау мақсатында сұрақ қояды.

Органикалық дүниенің даму тарихының келесі Заманын қалай деп елестетесің және оны қалай атар едің?

Кері байланыс

«Білім шамы» тәсілі арқылы кері байланыс жасауды ұсынады.Сабақ кезеңдері өз деңгейінде және уақытқа сай жүргізілді. Оқушылар үшін тапсырмаларды орындау қызықты болды. Сабақ өте жақсы жүргізілді. Болашақ дәуірдің қалай болатындығын сыныпта екі оқушы болжады.

14 ақпан күні 8 "ә" сыныбына биология пәні мұғалімі Әкімжанова Жұлдыз, қозғалыс тарауының "Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары" тақырыбына ашық сабағын өтті. Ұйымдастыру сәтінде ұлттық құндылыққа тоқталып, оқушыларды табиғатты аялауға шақыру мақсатында нақыл сөдер арқылы сабағын бастады. «QAZmath» кездейсоқ топқа бөлу бағдарламасын пайдаланып оқушыларды 3 топқп бөлді. Үй жұмысын "Математикалық графика" әдісі арқылы сұрады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы суреттер пайдаланып жаңа сабақ тақырыбын ашты. Жаңа сабақта «Jamboard» тақтасы арқылы үш топқа постер қорғауға тапсырма берді. 1-топ. Гиподинамия, 2-топ. «Омыртқаның қисаюы» постер жасау 3-топ. «Жалпақтабандылық» тақырыбына постер жасау, жұмыстарын жақсы орындап шықты. Одан соң әр топ функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар орындады. Үлгерімі төмен оқушыларға "мектеп-онлайн" тапсырмасын орындатты. Сергіту сәтіне омытқа қисаюының алдын алатын, үстелде отырып жасайтын жаттығулар жасатты. Сабақты бекітуге сәйкестендіру, жұптық жұмысын орындатты. Сабақты бағалау "Белсенділік" топты бағалау парағы арқылы жүзеге асты. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар сабақ тапсырмалары мен жаттығу жұмыстарына белсене қатысты. Кері байланыс:«ҚҚҚ, ұураған ағашты көгерту» әдісі арқылы орындалды.

14 ақпан күні 7 "д" сыныбына химия пәні мұғалімі Жумагали Жанерке, Химиялық формулалар. Валенттілік. Салыстырмалы молекулалық масса тақырыбына ашық сабағын өтті. Үй жұмысын талдау және ұйымдастыру кезеңінде «Поле Чудес» ойыны арқылы үй жұмысын сұрады. «Brain storming» әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашты. Жаңа сабаққа "PowerPoint"және «Canva» презентациясы арқылы шолу жасап, үш топқа тапсырма берді. Оқушыларды «Flippity» сайты арқылы 3 топқа бөлді және «Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы топтардың арасында бәсекелестік тудырды. Бәсекеге қабілеттілік – кәсібиліктің шыңына ұмтылу.Осы тұста оқушылар ұлттық құндылықтың яғни бәсекелестіктің маңызын түсіне отырып ойын барысында топтық жұмысты жақсы атқарып, жарыса тапсырманы орындап шықты. Одан соң оқушыларға «Білім класс» платформасы арқылы «Химиялық диктант» жеке жұмыс ретінде дәптерге орындау берілді. Сабақты бекітуге валенттілікті анықтау жолдарына тапсырмалар орындатты. Сабақты бағалау «Баллдық критерий» арқылы жүзеге асты. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар сабақтың тапсырмалары мен жаттығу жұмыстарына белсене қатысты. Кері байланыс: «Рефлексия карточкалары» әдісі арқылы орындалды.

15 ақпан күні 7 "г" сыныбына биология пәні мұғалімі Оспанқұлова Сандуғаш, координация және реттелу тарауының "Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары" тақырыбына ашық сабағын өтті. Ұйымдастыру сәтінде ұлттық құндылыққа тоқталып, мақал-мәтел арқылы сабағын бастады. Үй жұмысын "Брейн-ринг" жылдам жауап беру әдісі арқылы сұрады. Галограмма арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашты. Жаңа сабаққа "Prezi.com" презентациясы арқылы шолу жасап, үш топқа тапсырма берді. 1-топ. Үлкен ми сыңарларына постер жасау 2-топ. Аралық, орталық ми бөліміне постер жасау 3-топ. Артқы ми, мишық, сопақша ми бөлімдеріне постер жасау, жұмыстарын жақсы орындап шықты. Одан соң әр топ " Biology in life " функционалдық сауаттылыққа тапсырмалар орындады. Үлгерімі төмен оқушыларға "мектеп-онлайн" тапсырмасын орындатты. Сергіту сәтіне, үлкен ми сыңарларына байланысты жаттығу жасады. Сабақты бекітуге сәйкестендіру, жұптық жұмысын орындатты. Сабақты бағалау "асықтар" арқылы жүзеге асты. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар сабақ тапсырмалары мен жаттығу жұмыстарына белсене қатысты. Кері байланыс:«Табыс сатысы» әдісі арқылы орындалды.

16 ақпан күні 6 «В» сыныбына биология пәні мұғалімі Шокеманова Жамила, Энергия және қозғалыс бөлімінің, Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру. «Энергияны тұтыну және шығару» тақырыбына ашық сабағын өтті. Ұйымдастыру кезінде ұлттық құндылыққа тоқталып, оқушыларды ұлттық тағамдар арқылы топқа бөле отырып, сабағын бастады. Үй жұмысын «Wordwall» платформасы арқылы сұрады. «Миға шабуыл» ретінде сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашты.Жаңа сабақта топтық зерттеу, әр топқа тәжірибе жұмысы берілді. 1-топ: Қыздыру және суыту үдерістері әр түрлі заттарда қалай жүретінін анықтады. 2-топ: Жылы су мен мұз салынған мезеттегі судың температурасы қалай өзгеретінін анықтады.3-топ: Сұйықтық буланған кездегі температураны анықтады. Жұптық жұмыс кезінде функционалдық сауаттылыққа сәйкестендіру берілді.Үлгерімі төмен оқушыларға суреттер арқылы тапсырма берілді.Сабақты бекітуге «Online Mektep- BilmLand» платформасы тапсырмасын орындатты. «Classroomscreen» платформасы арқылы сабақты бағалады және кері байланыс берді.Сабақ өз мақсатына жетті.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!