Материалдар / "Ақпарат дегеніміз не?"реферат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ақпарат дегеніміз не?"реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ақпарат" туралы оқушылардың білімін кеңейту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2019
4518
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақпарат және ақпарат үрдістері

Жоспар:

  1. Ақпарат ұғымы, оның түрлері және қасиеттері

  2. Ақпараттық үрдістер және олардың модельдері

  3. Ақпаратты кодтау

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.

«Ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың, өткен Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді. Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.

Кибернетикада жүйені дамыту, кемелдендіру, сақтау мақсатында, яғни басқару, белсенді әрекет жасау, бағыттау үшін пайдаланатын білім бөлігін ақпарат дейді. (Н.Винер)

Ақпарат жөніндегі заманауи ғылыми көзқарасты дәлме-дәл тұжырымдаған кибернетика «атасы» Норверт Винер болды.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары: жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы және бейнелі болып бөлінеді. Бейнелік ақпарат деп – табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әртүрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфавиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішіндегі өзгеретін физикалық үрдіс. Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса, онда сигнал үздіксіз, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) - үздіксіз және дискретті ақпаратты анықтадық.

Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеу – функцияның шексіз көп мәнері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу. Үздіксіз хабарды дискреттеу мүмкіндігі информатика үшін өте маңызды, себебі есептеу техникасымен өңделетін ақпарат дискретті болуы қажет.

Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таным емес. Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:

  • таңбалы-мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б.);

  • графикалық (суреттер, бейнелер көмегімен т.б.)

  • дыбыстық

Сонымен қатар бізді қоршаған алуан ақпаратты әртүрлі белгілерге байланысты топтастыруға, яғни түрлерге жіктеуге болады. Пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты түрлері:

  • биологиялық;

  • әлеуметтік;

  • ғылыми;

  • экономикалық т.с.с.

Берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты түрлері:

  • визуальды (таңбалар мен бейнелер арқылы);

  • аудиальды (дыбыс арқылы);

  • тактильдік (сезім арқылы);

  • органалептикалық (дәм мен иіс арқылы);

  • машиналық (есептеу техникасының құралдары арқылы)т.с.с.

Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілерімен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың қасиеттері:

  1. Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет.

  2. Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық міңездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

  3. Өзектілік қасиеті. Ақпараттың ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

  4. Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

  5. Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

  6. Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бір мәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

  7. Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.

Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады. Ішкі құрылымына байланысты:

  • мәліметтер немесе қарапайым логикалық реттелмеген мағлұматтар жиынтығы;

  • логикалық реттелген, ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы.

Ақпараттың тағы да мынадай маңызды қасиеттері бар:

есте сақтаулығы;

жеткізулігі;

түрлендірулігі;

қайта жаңғыруы

өшіргіштігі.

Есте сақтаулық қасиеті – жадыда сақтау мүмкіншілігі, ақпараттың ең маңызды қасиеті. Есте сақталатын ақпаратты макроскопиялық деп атаймыз. Күнделікті өмірде біз макроскопиялық ақпаратпен іс жүргіземіз.

Жеткізілу/жіберу қасиеті – ақпаратты байланыс арналары арқылы жеткізу К.Шеннонның ақпарат теориясы аясында жете зерттелген. Бұл жағдайда өзгеше аспект – ақпаратты көшіріп алу қасиеті көзделіп отыр, яғни ол өзге макроскопиялық жүйелердің «есінде сақталуы» мүмкін және де өзіне-өзі барабар болып қала береді. Әрине, ақпараттың көлемі көшірмелеу барысында артпауы тиіс.

Түрлендірулік қасиеті – ақпараттың іргелі қасиеті. Ол- ақпарат өзінің тәсіл-түрлерін өзгерте алатындығын көрсетеді. Көшіруге қабілеттілігі – ол ақпаратты түрлендірудің бір түрі; мұнда ақпараттың көлемі өзгермейді. Жалпы алғанда, түрлендіру үрдістерінде ақпараттың көлемі өзгереді.

Қайта жаңғыру қасиеті – ақпаратты қайта жаңғырту оның жеткізулігімен тығыз байланысты және оның тәуелсіз базалық қасиеті болып есептелмейді. Егер жеткізулік ақпаратты жеткізуші жүйенің бөліктері арасындағы кеңістіктік қатынастарды аса маңызды деп таппаса, қайта жаңғырту ақпараттың сарқылмайтындығын яғни көшірмелеу кезінде ақпарат өзіне-өзі барабар болып қала беретіндігін сипаттайды.

Өшіргіштік қасиеті – ол тасымалдану қасиетімен тығыз байланыста, себебі ақпаратты беру кезінде оның көлемі азайып нөлге теңеледі.

Әлеуметтік жүйелердегі басқаруда айшықталатын ақпараттың жоғарғы формасы – білім болып табылады.

Ақпараттық үрдістер. «Ақпарат» және «деректер» деген ұғымдарды бөліп айту қажет. Деректерді тасымалдауыштарға бекітілген, жазылған ақпаратты көрсетуге арналған құрал деуге болады. Деректер ақпаратты алу үрдісінде алғашқы «шикізат» ретінде қызмет етеді.

Осы айтылғаннан мынадай маңызды тұжырым шығады: бір ғана деректерден, әртүрлі пайдаланушы, әртүрлі ақпаратты туындатады.

Ақпараттық үрдіс – уақыт ағымына байланысты, ақпараттың мазмұнының немесе оны көрсететін мәліметтердің өзгеруі. Ақпараттық үрдістердің түрлері:

  • жаңа ақпараттың туындауы (құрылуы);

  • ақпараттың өңделуі (яғни, бар ақпараттың өңделуінің нәтижесінде жаңа ақпараттың туындауы);

  • ақпараттың жойылуы;

  • ақпараттың жіберілуі;

Ақпаратты жіберуге байланысты, ақпараттың көзі және қабылдаушысы деген қос ұғымдар туындайды.

Ақпарат көзі – ақпаратты туындатып және оны мәліметтер түрінде көрсетіп беретін субъект немесе объект.

Ақпаратты қабылдаушы – мәліметті қабылдап және оны дұрыс пайымдау мүмкіндігі бар субъект немесе объект.

Ақпаратты тасушы – мәліметтерді ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберуге бір арнайы заттандырылған (материалданған) субстанция. Мәліметтер, тасушының көмегімен сигнал арқылы беріледі.

Сигнал – хабарды беруді қамтамасыз ететін қандай да бір физикалық шаманың уақыт барысында өзгеруі.

Ақпаратты кодтау теориясы, информатиканың өте бір маңызды бөлімі болып табылады. Кодтау теориясы, қазіргі заманның ағымдық даму үрдісінде келесі мәселелерді қарастырып, математикалық құрлмен шешілуде:

  1. ақпаратты кодтаудың ең қолайлы үнемділік принципін жетілдіру;

  2. жіберілетін ақпараттың параметрлерін байланыс желілерінің ерекшеліктерімен қиыстыру;

  3. байланыс желілерімен ақпаратты сенімді, бұрмалаусыз , жоғалтпай берудің тәсілдерін жетілдіру.

Ақпараттың компьютердегі ұсынымы, кодтау теориясының дербес шешімі болып табылады. Бастапқы деректер қарастырылып, дискретті ақпаратты бейнелеуге, көрсетілуіне кейбір алфавит қолданылады.

Бір ақпараттың, әртүрлі алфавит арқылы ұсынылу мүмкіндігі бар. Ақпараттың түрленер алдындағы алфавитін –бірінші, түрленгеннен кейінгі алфавитін –екіншідеуге болады.

Ақпаратты кодтау – ақпараттың нақтылы ұсынымын қалыптастыру үрдісі.

Код – (1) бір алфавитің белгілерін немесе олардың тіркестерін басқа алфавитің белгілеріне немесе олардың тіркестеріне сәйкестіруді сипаттайтын ережелер. (2) бірінші алфавиттің белгілерін немесе олардың тіркестерін ұсыну үшін қолданылатын екінші алфавиттің белгілері.

Кодтау – алғашқы алфавит арқылы ұсынылған ақпаратты кодтар тізбегіне ауыстыру үрдісі.

Кодпен ашу (кері кодтау) – кодтауға кері амал, яғни алынған кодтар тізбегі бойынша ақпаратты бірінші алфавит түрінде қалпына келтіру.

Мәтінді кодтаудың негізгі үш тәсілі бар:

  1. графикалық – арнайы суреттердің немесе белгілердің көмегімен;

  2. сандық – сандардың көмегімен;

  3. символдық – берілген мәтіндегі символдар көмегімен.

Мәтінді кодтауға арналған символдардың толық жиыны алфавит немесе әліппе деп аталады. Егер кодтау немесе кодпен ашу амалдарын тізбекті қолдану нәтижесінде бастапқы ақпараттың бұрмаланбай шығынсыз қайтарылуы қамтамасыз етілсе, онда олар қайтымды (орысша обратимый) кодтар деп аталады.

Символдарды кодтау (ағылш.encoding) – белгілердің шектелген жиынын нақтылы кодтау кестесі. Мұндай кестеде әр символды, ұзындығы бір немесе бірнеше байттар тізбегімен салыстырылады.

Қазіргі кезде негізінен үш типті кодтау қолданылады: ASCII кодымен үйлесімді, EBCDIC кодымен үйлесімді және 16-биттік Юникодқа негізделген кодтаулар.

EBCDIC (Extended Binary Coded Decimal Interchange Code) – кеңейтілген екілік-ондық ақпарат алмасу коды, айтылуы «эб-си-дик».

IBM корпорациясы құрастырған стандарты сегіз биттік EBCDIC коды латын алфавитінің әріптерін, араб цифрларын, кейбір тыныс белгілерін және басқару символдарын кодтайды.

Кириллица кодтауы қосылған Ресейлік ДКОИ-8 коды EBCDIC-ке ұқсас болып келеді.

Юникод немесе Уникод (ағылш. Unicode) – шын мәнінде барлық жазба тілдердің белгілерін ұсынуға мүмкіндік беретін символдарды кодтау стандарты. Бұл стандартты 1991 жылы коммерциялық емес «Юникод консорциумы» ұжымы ұсынған.

ХХ ғасырдың ортасында электрондық-есептегіш машинасының (ЭЕМ) дәуірі басталды.

1 кезең ХХ ғасырдың 60-жылдарының басына дейін ЭЕМ бірінші және екінші буыны (шам және жартылай өткізгіш) пайдаланылды;

2 кезең ХХ ғасырдың 80-жылдардың басына дейін шағын ЭЕМ және үлкен интегралды сызбадағы үшінші буынның ЭЕМ-і пайда болды.

3 кезең ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін дербес компьютер құрастырылды. Дербес компьютер адамзат қызметінің көптеген қиын ресмилендіретін процестерін автоматтандыру үшін кеңінен қол жетімді етуге мүмкіндік беретін құрал.

4 кезең ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, қазіргі уақытты қамтиды. Гипермәтіндік технология мультимедиа технологиясын әзірлейтін құралға айналды. Виндоус графикалық операциялық жүйесі, объектіге бағдарланған көрнекті технология, жобалауға арналған CASE технологиясы пайда болды. Бейнеконференция өткізу, білім мен жаңалықты басқару технологиясы, бейне поштасы, ескірген жүйелерді қайта жобалау және жаңғыртудың реинжинирингілік технологиялары пайда болды.

Телекоммуникация адамдардың пікір алмасу құралына айналды. Әлемдік ғаламтор – интернет пен жергілікті корпоративтік желі, яғни интернет пайда болды. Экономика саласында корпоративтік және трансұлттық ақпараттық жүйелер пайда болды. Ақпараттық технологиялар ортасында басқарудың реинжиниринг, интеллектуалдық ақпараттық технологиялар, шешім қабылдауды талдау мен қолдау сияқты жаңа әдістері іске асырылды.










Ақпараттық үдерістер (ақпарат жинау, өңдеу және тарату) ғылымында, техникада және қоғам өмірінде әрқашанда маңызды рөл атқарады.

Ақпарат жинау – субъектінің өзін қызықтыратын объект жөнінде мәлімет алатын қызметі.

Ақпарат алмасу – ақпарат көзі ақпаратты беретін, ал алушы қабылдайтын процесс.

Ақпаратты сақтау – бастапқы ақпаратты соңғы пайдаланушының сұратуын қамтамасыз ететін түрде белгіленген мерзімде деректердің берілуін қолдау процесі.

Ақпаратты өңдеу – оны мәселені шешу алгоритміне сәйкес өңдеудің ретке келтірілген процесі.

Қоғамды ақпараттандыру – сенімді ақпаратты, адамзат қызметінің барлық әлеуметтік маңызды түрлерінде қорытып жинақталған білімді толық әрі уақытында пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жаппай енгізу.

Ақпараттық жүйе – басқару функциясы іске асыру үшін әртүрлі санаттағы қызметкерлерді ақпаратпен қамтамсыз ететін объект жөніндегі ақпарат жинау, тарату, қайта өңдеу жөніндегі коммуникациялық желі болып табылады.

Сигнал - тасушы көмегімен берілетін хабар.

Ақпаратты кодтау – ақпараттың нақтылы ұсынымын қалыптастыру үрдісі.

Аналогтық машиналар - үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер.

Ақпарат көзі – ақпаратты туындатып және оны мәліметтер түрінде көрсетіп беретін субъект немесе объект.

Ақпаратты қабылдаушы – мәліметті қабылдап және оны дұрыс пайымдау мүмкіндігі бар субъект немесе объект.

Ақпаратты тасушы – мәліметтерді ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберуге бір арнайы заттандырылған (материалданған) субстанция. Мәліметтер, тасушының көмегімен сигнал арқылы беріледі.

Кодтау – алғашқы алфавит арқылы ұсынылған ақпаратты кодтар тізбегіне ауыстыру үрдісі.

Кодпен ашу (кері кодтау) – кодтауға кері амал, яғни алынған кодтар тізбегі бойынша ақпаратты бірінші алфавит түрінде қалпына келтіру.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Медешова А.Б. «Информатика негіздері», Орал – 2011 жыл.

  2. Ермеков Н.Т. «Информатика элементтері», Астана 2007 жыл.

  3. «Қазақ энциклопедиясы», 2-том

  4. Информатика” Байжұманов М.Қ., Жапсарбаев Л.Қ. Алматы 2004жыл.

  5. Информатика учебное пособие” Степаненко Г.Е. Москва 2003г.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!