Материалдар / Ақпараттық – коммуникациялық технологияның теориялық негіздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның теориялық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті









Тақырыбы: Ақпараттық – коммуникациялық технологияның теориялық негіздері










Дайындаған: Калкеев Райымбек

Тексерген: Арыстанова Асель









Орал 2024 жыл


Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.1Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту

процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

1.2 Білім берудегі ақпараттық технологиялар

III. Қорытынды бөлім

IV.Пайдаланған әдебиеттер
























Кіріспе

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ.Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.







II. Негізгі бөлім

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды.

Менің проблемалық тақырыбым- Ақпараттық – коммуникациялық технологияның теориялық негіздері.

Негізгі көздейтін мақсатым:

  • Жаңа технологияны кеңінен қолдана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру

  • Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету

  • Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту

Міндеттері:

  • Oқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру

  • Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу

Күтілетін нәтиже:

  • Қызығушылықты оятады

  • Сабақ беру әдісі өзгереді

  • Оқушылар ізденуге үйренеді

  • Уақыт тиімді пайдаланылады

  • Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз

  • Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.

1.1.Олай болса:
1. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?
2. АКТ — ның мүмкіндіктері қандай?
3. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда? – деген сауалдар әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.
Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық — ақпарат, жаңалық, коммуникативтік – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.
Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік — жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Ғалымдардың пікірінше АКТ — ны екі бөлікте сипаттайды:
1) Компьютерлік бағдарламалар;
2) Желілік қызмет.
Әр бөліктің атқаратын қызметтері төменде көрсетілген.

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін — өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты мақсаты – оқыту үрдісін ақпараттандыру,
— электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау,
— педагогтардың ақпараттық құзіреттілік біліктілігін арттыру,
— техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру,
— әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр. Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті –

білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
— педагог мамандарды ақпараттық — коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау.
— ақпараттық — коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқыту үрдісіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс — тәжірибесін тарату.
Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі: білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың қолданылу аясының кеңеюі, оқуға деген қызығушылық қарқынының азаюынан туындап отыр.

1.2 АКТ — ның көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, өз іс тәжірибемде мынадай бағыттарын ұсынар едім:
Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,
Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету,
Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,
Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,
Кез — келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,
Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу.
Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді. 
Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технолгияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал- тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет- технолгиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Мен
Microsoft Word, Power Point, Excel, Adobe Photoshop, Movie Maker, Internet Explore, My testX, Active Studio т.б.программалармен  жұмыс жасай аламын . Ақпараттық коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

«Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде деген сұраққа тоқталатын болсақ:
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
Шығармашылық жұмыстар жасайды;
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;

Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б. .
Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:

1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;
2.
Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады;
3.
Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады;
4.
Сабақта өтілетін тақырыпқа

Материалды жүктеу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!