Ақселеу Сейдімбек шығармаларындағы ұлттық менталитет көріністері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақселеу Сейдімбек шығармаларындағы ұлттық менталитет көріністері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазушы Ақселеу Сейдімбек романдары ұлт табиғатын, болмысын, таным-түсінігін, тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ұлт мәдениеті мен рухани қазынасын жан-жақты, әр қырынан танытатын көркем туындылар болып табылады. Жазушы романдарындағы ұлттық дүниетанымның көрінісін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік көріністері; 2. Ұлттық таным көрінісі; 3. Ұлттық салт-дәстүрдің көрінісі; 4. Ұлттық өлшемнің (уақыт, мөлшер) көрінісі; 5. Діни дүниетанымның көрінісі;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақселеу Сейдімбек шығармаларындағы ұлттық менталитет көріністері

Тіл кез келген ұлттың дүниетанымының, тарихының, барлық бітім-болмысының көрінісі болып табылады. Ғалым Қ.Жаманбаева ұлттық үрдіс пен ұлт тілінде жазылған кез келген шығарманың негізінде сол ұлттың дүниетанымы, тарихы, бітім-болмыс ұғымдарымен қатар сол ұлттың өмірі, өмір сүру сипаты, ұлт қоғамында болған оқиғалардың ізі, ерекшеліктері жатады деп пайымдайды. Ал неміс ғалымы Вильгельм Гумбольдт «ұлттың өзіне тән іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш-тіл» деп көрсетеді, яғни ұлт тілінде жазылған шығармалар сол ұлттың ойымен, санасымен, оның мәдениетімен және рухани өмірімен тығыз байланысты, себебі тілде адамның дүниені қалай түсінетіні көрініс береді.

Жазушы Ақселеу Сейдімбек романдары ұлт табиғатын, болмысын, таным-түсінігін, тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ұлт мәдениеті мен рухани қазынасын жан-жақты, әр қырынан танытатын көркем туындылар болып табылады. Жазушы романдарындағы ұлттық дүниетанымның көрінісін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік көріністері;

  2. Ұлттық таным көрінісі;

  3. Ұлттық салт-дәстүрдің көрінісі;

  4. Ұлттық өлшемнің (уақыт, мөлшер) көрінісі;

  5. Діни дүниетанымның көрінісі;

 Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі, ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті екенін жан жүрегімен түйсінген қаламгер А.Сейдімбектің «Тауға біткен жалбыз» әңгімесінде жоғарыда сөз болған ұлттық дүниетанымның «ұлттық таным» мен «Отанға деген шексіз сүйіспеншілік» көріністерінің табиғи, шынайы мысалдарын көруге болады. Осы ретте, автор “Әңгіме алдындағы сөз” кіріспесінде өз өмірінің дені табиғат аясында өткенін айта келіп, «мен айтар әңгіме тек табиғат туралы, оның ғажайыптары туралы болмақ” деп сабақтағанындай [3,182-б] әңгімеде таудың тамаша көрінісін, елді мекеннің тарихын айта отырып, әңгімені былай бастайды: «Бұл таудың ілгерлі жаугершілік замандағы аты – Найзатас болса керек. елім деп еңіреген ерлер осынау найзадай тік біткен жалаңаш жалғыз биіктің түстік жағын сауырын жалдап шығып қарауыл қарайды екен. Бертін келе жау іргесі сөгіліп, ел ішіне тыныштық орнаған кезде әлгі жалғыз биікті жергілікті тұрғындар «Саңғыру» деп атайтын болыпты. Күні бүгінге дейін осы бір еңселі тау Саңғыру деп аталады... Саңғырудың найза биігі әлгі бүркіттердің саңғырығынан ағарып жататын болған ғой». Осылайша ел тарихынан ақпар бере отырып, туған өлкеге деген шексіз махаббаттың тамаша үлгісін көрсетеді. Бұл әңгімедегі ұлттық танымымызда бар, алайда бүгінде ұмыт болып бара жатқан баланы еркелеткенде қолданатын «Тауға біткен жалбызым» деген тіркесті кейіпкердің ойлары арқылы тамаша бере біледі. Сонымен қатар аңшының серігі, жеті қазынаның бірі таудың құзар шыңын мекендеген бүркітті тамаша суреттейді: «Саңғырудың бүркіттері қолға түспейді ғой, қолға түссе қанаттыда одан өткен қыран болар деймісі?!»

Оқырманына сыншыл, дүние дидарына шыншыл жазушы бойна біткен осы бір екі қасиеттің қайнары ізденімпаздығында деп философ Сәбетқазы Ақатай айтқандай «Тауға біткен жалбыз» әңгімесінде тұлғаланған Мұрат секілді өрімтал  жас  тылсым  табиғат  сыры  мен  сымбатын  ермек  етуші,  сырттай  қызықтаушы  емес,  оның  тұңғиық  құпияларына  ынтық, «ғажайып»  сырларын  ашуға  бет  бұрған,  ден қойған балғын «зерттеуші». «Мен тас шықпылына біткен бір түп жалбызды жұлып үлгергенше шын кемерінен табаным да көтеріліп үлгерді. Қыркүйек айында буыны қатып, толысқан жалбыздың иісі ерекше екен. Осы бір шүйкедей ғана жапырақтың саумал иісі сарайымды ашып жіберді... Жалбыздың да буыны босағандай, алпыс екі тамыры иігендей жұпар иісімен ағыл-тегіл шомылдырып жатыр»-деген кейіпкер жүрегі елжіреп, осы әжесінің неліктен «тауға біткен жалғызым» деп айтатынын ұғынады. Байқап отырғанымыздай, тек қазақ оқырманы «жетінші түйсігімен» сезініп ұғынатын ұлттық таным көріністері мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілік көріністері жазушының осы бір әңгімесінде осылайша көрініс табады. Осылайша, сөзі лайланып, санасы тұмандана қоймаған қазақ халқына тән тұңғиықтық пен тұнықтық, ойда жоқта лап ете қалып, дегеніне жетпейінше тынбайтын дала өртіндей асау құштарлық пен дархан көңіл, ақ пейілі мен адал махаббатты тамаша өріледі. Себебі А.Сейдімбектің шығармалары түгелдей өткен заман оқиғаларынан желі тарт­қан, кешегі қаймағы бұзылмаған көш­пелі қа­зақ жұртының өмір-тұр­мысы, салт-санасы, жалпы жаратылысы қандай ұлт еді, қазір сол рухани мұ­радан өмірлік өнеге алып жүр­міз бе деген кө­кейкесті ойларды ортаға салып, сырласуға арналған. Ол жайында автор: «…Егер менің тірліктің мәнін, өмірдің сәнін, тіршілік атаулының күреске толы құбылыстарын, туған өлке дида­рындағы нелер тамашаны бір мысқал болса да оқырман жүре­гіне ұялата алсам, онда мақсаттың орындалғаны» деп сабақтайды.

Қорыта айтқанда, қыр қазағының бар болмысын – қазақы қадір-қасиетін қаны мен жанына терең сіңірген ұлт­тың ұлы – Ақселеу Сейдімбек. Бұл туралы жазушы Ә.Кекілбайұлы Ақселеу Сейдімбек шығармашылығына қатысты “Күзеуде”, “Қыз ұзатқан”, “Аққыз”, “Бір атым насыбай”, “Ақиық”, “Атамекен” повестері маған бір жағынан әйгілі суретші Павел Кориннің “Өтер-кетер Русь” кейіптемелер тобын, екінші жағынан баяғы прогресшіл романтизм тұсындағы Проспер Мерименің атышулы “экзотикалық новелллаларын” еске түсіргендей»-деп тамаша пікір білдіреді. Себебі жазушының кез келген шығармасы оқырманын таңғалмасқа қоймайтындай қанық бояу, анық сурет, айқын сюжет, мейілінше нақты ой мен жүйелі композиция, шапқан аттай жүйрік қиял мен атқан оқтай мейілінше дәл суреттеп бере біледі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. Москва, 1985, 254 с.

  2. Қ.Жаманбаева Тілдік қолданыстың когнитивтік негіздері.- Алматы, Ғылым, 1997.- 140б.

  3. М.Қаратаев Таңдамалы шығармалар. — Алматы: Жазушы, 1974.-357 б. 5 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1969. — 123 б.

  4. А.Сейдімбек «Тауға біткен жалбыз» әңгімесі, 1979 жыл.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2023
258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі