Материалдар / Ақтаңдақтар ақиқаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақтаңдақтар ақиқаты

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда сақ дәуірінен бастапғ түркі дәуірі аралығындағы Қазақ даласын мекендеген тайпалар мен елдердің Корея елімен байланысы қарастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтаңдақ беттер ақиқаты



Корея жерінде біздің дәуірімізге дейінгі 57-жылдары негізі қаланған Шилла деген мемлекет болған. Сол Силланың көне астанасы - Кёнджу қаласы. Онда әйгілі «Тэрың уон» мәйіттер орны бар. Тура осы жерден табылған, кезінде Корея қоғамы үшін үлкен жаңалық болған алтын сапты семсердің жұмбағы нешеме жылдан кейін үлкен еңбектің арқасында шешілді және ол біздің Ұлы даламен тікелей байланысты болып шықты

Кёнджу қаласында 1973 жылы жолдың астын қазып, су құбырларын салу жұмыстары кезінде жұмысшылар бір қабірге тап болады. Одан алтын жалатылған заттар шығады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерден табылғандардың бәрі қарапайым адамның заттары емес. Сөйтіп олар үлкен билеуші немесе әлеуметтік мәртебесі жоғары адамның заттары болғандығы анықталған.

Кейіннен ғалымдар табылған заттардың иесі кім болғанын зерттеуге кірісіп, одан ары заттардың отанын іздейді. Ал осы қабірден табылған заттарға байланысты Кёнхи университетінің тарихшы, археолог ғалымы Кан Ин Ук арнайы зерттеу жүргізеді. Оның айтуынша, бұл жердегі қабірлердің көбі соғыста қаза болған адамдардікі және солардың заттары. Арасында Еуразия құрлығында кездесе бермейтін ерекше заттар да бар. Солардың ішінде көзге ерекше түскен бір зат болған.36 сантиметрлік алтын сапты семсердің бір бөлігі әлемнің басқа бір жерінен табылған. Бізде табылған семсердің сабында қызыл гауһар тастар орналастырылған. Бұл семсердің Шилланың алтын мәдениетімен байланысы бар деген тұжырым жасалып отыр. Бірақ семсердің мәдени бастауы басқа елдікі деген дәлелді де ғалымдар айта бастады. Оған дәлел табу керек болғаны тағы ақиқат. Американың «Denbo» оқу орнының Сара Нельсон деген ғалымы: «Бұл шиллалықтардың жасаған заты емес, бұл сол кезде шиллалықтар бірінші рет көрген ғажайып зат болған сияқты», деп үлкен бір ғылыми ой тастайды. Тарихшыларға оның айтқан осы бір сөзі қатты әсер етіп, қызу талқыға түскен.

Кейіннен Силла жерінде табылған мұндай зат Шығыс Еуропа әскерилерінде болған деген ғылыми негізді ойлар айтылды. Балқан маңындағы бұлғарлар осындай семсерді қолданды деген болжамдарды да ғалымдар ұсына бастайды. Корея ғалымдары оны да зерттеп көрген. Ол жақта сондай семсерді Готтар мен Ғұн тайпалары ұстағандығы туралы айтылады. Бірақ Корея ғалымдары одан да нақтырақ дәлелді үзбей іздей береді. Өйткені, бұл семсердің түп отаны қай ел деген сұрақ маза бермейді.

«Корея ғалымдарының асықпай, бірнеше жыл уақыт пен маңдай терін сарп етіп іздеген сұрақтары олар ойламаған басқа бір елден табылады. Қайдан дейсіз ғой? Корейлер өз елдеріндегі ғажайып семсердің тура сондай нұсқасы басқа елде болуы мүмкін деген зерттеулерін жалғастыра отырып, соңында Ресейдің Санкт- Петербург қаласында орналасқан әлемдегі ең бай тарихи мұражайдың бірі - «Эрмитажға» дейін ат терлетіп барып қайтады. Неше жыл іздеген дүниесін тура осы мұражайдан тапқан корейлер қазақ тарихының тым көне екеніне және бай екенін көз жеткізді. Силла мемлекетіне тиесілі деп жүрген семсердің кімдікі екені тура осы Эрмитажда тұрған зат анықтап, тарихи жұмбақты шешеді. Корея ғалымдары осылайша таң қаларлық жаңалық ашады. Қазақстан жерінде 1928 жылы Бурабай көлінің маңынан табылған семсердің бір нұсқасы Корея жеріндегі семсердің нұсқасымен бірдей делінген дәлел ұсынылып, ғылыми жаңалық жасалады. Кенхи университетінің ғалымы Кан Ин Уктың айтуынша, ол заманда түрлі алтын технологиясы болған, бірақ мына семсердің өрнектері мен салынған гауһар тастары бір-бірінен аумайды. Және бұл Силла қолөнершілерінің біреулерге еліктеп жасаған дүниесі емес. Мұндай құнды ғылыми зерттеудің біз үшін зор екені сөзсіз маңызды. Яғни, бұл ғалымның айтқанынан түйетініміз, біздің қолөнершілердің шеберлігі бір Орталық Азия көлемінде қалып қойған жоқ. Олардың қолынан шыққан заттар Қытай, Корея, Жапония елдеріне дейін жетті деген сөз. Корея ғалымы айтқан келесі бір ұтымды ой «алтын технологиясына» қатысты. Оның қазақ жерінде де ерекше дамығанын аңғартады. Демек, «алтын технологиясы» Шығыс елдерінің кейбірінде ғана болған деген көзқарас түбірінен қате деуге негіз бар». Бұл Корея жеріндегі Шилла немесе Силла елі мен Қазақ сахарасын мекендеген ғұн тайпаларының арасында дәлел болғандығын айғақтайды.

Жоғарыда атап өткеніміздей Корей түбегінің Солтүстігін атақты Тонмен ван (Жумонг) негізін қалаған Когуре мемлекеті болды. Осы Когуре тағы онымен қатар көршілес орналасқан Пэкче,Силла (Шилла) мемлекеттерінің арасындағы саяси, тарихи байланыстар атақты «Самгук Саги» - «Үш патшалықтың хроникалары» атты еңбекте баяндалады. Самгук Саги еңбегінің авторы Ким Бусик.1145 ж. Қытай тілінде, Инджон (1122-1146) ванның тапсырысы бойынша жазылған. Еңбек 50 томнан тұрады оның ішінде 12 том Силла тарихы, 10 том Когуре тарихы, 6 томы Пэкче тарихы, 3 том хронологиялық сызбалар, 9 томы Чи монографиясы, қалған 10 томы корейлердің өмірін,салтын сипаттайды. Осы Самгук Саги еңңбегінде 551 жылы Когуренің Солтүстігіне толькволь (түркілер) тайпалары шабуыл жасады деп жазылады. Қазақ тарихынан білетініміздей бұл уақыттарда түркі тайпалары әлі қағанат құрмаған кезең болатын.Бұл тұжырымды «Түркі халықтарының тарихы» атты еңбегінде Н.Р.Галеев айтып өтті.Осы тұжырымдарды негізге ала отырып, Самгук Саги еңбегін оқығанымда «Когуре тарихы Ван Сон» деген бөлімінде Н.Р.Галеевтің сөздерінің дәлелді екендігіне көзім жетті.

Ежелгі түркі дәуірінен бастап, орта ғасырға дейін сақталып келген балбал ескерткіштері қазақ даласының әр жерінде кездеседі. Ежелгі түркілер дәуірінде тасқа қашалған тарихтың құнды мұрасы - балбалдар. Балбалтас-бабаның көзі, талай тарихтың куәсі. Ұлы бабаларымыз түркілер мәдениті мен өнері, тарихы мен өмірі, діни-нанымдық ғұрып туралы деректердің бүгінгі күнге жетуіне де әсер еткен - балбалтастар. Бабалар тарихи құжаттарды нақты таңбаланған етіп бастырып, тастарға қашаған. «Балбал – көне түркі сөзі. Балбал, яғни соғу, қағу, үру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Бірақ бірыңғай мағынаны білдіретін ұғым. Ұлы Түркілердің озық мәдениетінен хабар беретін балбалтастар ертеден-ақ ғұрыптық, діни- нанымдық қызметтерді атқарған.  Қазақстандағы балбалтас тарихы туралы алғашқы зерттеуді Әлкей Марғұлан жүргізген. Академик-ғалымның «Ежелгі мәдениет куәгерлері» еңбегінде балбал тастар ежелгі түркілердің діни ғұрыптық кешені екенін жазған.
Түркілердің ғұрыптық мәдениетінен хабар беретін балбал ескерткіштерінің жекелеген комплектеріне тас мүсіндер, адам бейнесіндегі балбалтастар, тас дуалдар, жекелеген балбалдар жатады. Тарихи деректердің негізінде, тасқа қашалған жазулардың дерегіне сүйене отырып, ҮІ ғасырларда балбалтастардың көп пайда болғандығын байқаймыз. Ұлы бабаларымыздың жазуы туралы алғашқы деректі Дания ғалымы Вильгельм Томсен ашқан болатын. Ол ежелгі түркі жазба ескерткіштері. Тасқа қашалған «Күлтегін жазуыда» сол ұлы мұраның бір дерегі. «Күлтегін» ескерткіші Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8-ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 метр, ені 1,34 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Бұл жазудың кілтін жоғарыда айтқандай дат ғалымы Вильгельм Томсен тапса, ресей ғалымы Василий Радлов мәтінді тәржімалады. Тіпті дания ғалымы Орхон жазба жәдігерлерін көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Дәл осыған ұқсас балбал тастар Кореядағы Чеджудо аралынан табылып отыр. Мұндағы бір айырмашылық Орталық Азия, Қазақ сахарасынан табылған түркі кезеңіне жататын балбал тастардағы адам мүсінінің қолдары намаз оқып тұрған адамдікіне ұқсас және де қолдарына тостаған ұстаған, ал Чеджу аралынан табылған балбал тас адам мүсіндерінің қолдарына гүл ұстап тұрғандығында. Корей ғалымы И Дон Кеннің пайымдауынша пішімі бөлек болса да, идеясы бір.Бұл түркі идентификациясының түп қазығы, балбал тастардағы ұқсастықтарды негізге ала отырып, түркі мен корей халықтарының шығу тегі бір деген тұжырым жасауға болатындығын айтты.

1965 жылы Қазіргі Өзбекстан территориясындағы Афрасиаб қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан кейін ,Л.И.Альбаум көпфигуралық композицияның арасынан екі бейнені байқады.Бұл бейнелер басқа елдерден келген елшілер еді.Солардың қатарында Когурё елінің елшілерінің бейнесін ажыратылды.Олар сол замандағы Когуре еліне тән бас киімдерінде қауырсын бейнесімен бейнеленген.Фрескада бейнеленген жазуды оқыған В.А.Лившицтің жазбаларына сүйене отырып, О.И.Смирнова бұл елшілер 650/655-696 жж билік еткен соғдылық ихшид Вармуханға келген деген болжам жасады.

Бұл фресканың интерпретациясын кейін .И.Маршак,А.М.Беленицкий, А.М.Моде, Ян Богин, С.Антонини сынды бірқатар ғалымдар ашуға тырысты.

Жас жапондық зерттеуші Е.Кагеяма осыған ұқсас кәріс елшілері бейнеленген суреттердің Дунхуандағы Могао үңгірлерінде он екі рет кездесетінін алға тарта отырып, бұл сурет Қытай ханзадасы Жангнай салған суреттермен ұқсастығын ескеріп,Самарқанд жеріне Когуре елінен ешқандай да елшілер келген жоқ деген тұжырымға келді.

Алайда Когеяма ишхид Вармуханның таққа отыру салтанатына келген басқа елшілер қатарында VII ғ. Когуре елшілері болуы мүмкін дегенді де жоққа шығармады. Қазіргі кезде бұл тұжырымдарға қарсы Сеул Университетінің оқытушысы Дастан Ақаш бұл келген елшілер Батыс Түрік қағанаты мен Когуре елінің арасында әскери одақ құру мақсатымен келді деген тұжырым ұсынды.Оған дәлел ретінде «Кореяның ежелгі тарихы» еңбегінде Қытай мен Силла елдеріне қарсы әскери одақ құру мақсатымен Батыстағы түрік тайпаларына елші аттандырдық деген жолдарды негізге алады.

Корей түбегіндегі халықтар мен Ұлы дала жерін мекендеген халықтардың арасындағы байланыс болғандығын б.з.б. VI-V ғғ. жататын жауынгердің мүсіні дәлелдейді.Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бұл мүсіннің басындағы дулығасы афиналық стильге жатады, соны ескере келіп Эдвард Ртвеладзе 2005 ж Ташкент қаласында жарық көрген «Орталық Азия халықтарының мәдениеті » атты еңбегінде бұл мүсінді б.з.б 485-465 жж ахеменид патшасы Ксерокс негізін қалаған Амудария жеріндегі алғашқы грек елдімекендері арқылы сақтарға, кейін сақтар арқылы Корей түбегіне жеткен деген болжам айтты.

Б.з.б. V-VI ғғ жататын шығу тегі римдік шыны ыдыстар Оңтүстік Кореядағы Кванджу обасынан табылып отыр.Корей ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек бұл шыны ыдыстар Шығыс Түркістанда немесе Оңтүстік Германия жерлерінде жасалып, Ұлы Жбек жолының бір тармағы өткен Қазақстан арқылы Корей түбегіне жеткізілген.Сонымен қатар Шығыс Түркістандағы жапон ғалымдары жүргізген Отани экспедициясы барысында б.з.б. V-VI ғғ жататын жартылай сфералық күміс кесе табылды.Бұл кесе жоғарыда аталған Кванджу обасынан табылған кеселермен ұқсас келеді. Кесенің үш жағына медальон орналастырылған, онда иттің, құстың, қоянның, сол қолын жоғары көтеріп тұрған ер адамның бейнелері бейнеленген. Ер адамның басында биік бас киім, қыр мұрынды келген. Қытай деректерінде корейлердің Орталық Азияға Қазақстан жеріне келгендігі жайлы да деректер кездеседі. Солардың бірі –буддистік монах Хуэй-Чао 723 жылы Қазақстан жері арқылы Соғды, Чач, Хутталь жерлеріне дейін саяхаттап барып, бұл жерлердегі буддалық мүсіндердің көптігін атап өткен.

Буддизм Кореяға VI ғ. Қытайдан таралды. Алайда оның таралуына Соғдылық, Бұхарлық, Тохарстандық миссионер-монахтардың үлесі сүбелі. Мұны ескере отырып, Когуре мен Силла елдеріндегі буддизмнің таралуына Орталық Азия буддизмінің де үлесі бар деп болжам жасауға болады.

Шығу тегі жағынан корей Орталық Азия жеріне соның шінде қазақ жеріне ат басын тіреген тұлға Гао Сян-Чжи .Ол Батыс өлкенің басқарушысының көмекшісі болды.Батыс өлке деп қытайлар Шғыс Түркістан мен Орталық Азияны қоса атады. 747 ж Гао Сян-Чжи Болюйға (Тибет) жорық жасады. Келесі жылы Шаш пен Ферғананың арасындағы қақтығысқа араласып, Шаты басып алды. 749 ж. ол Шаш басшысын тұтқынға алып, Қытайға жібереді.

Өз кезегінде Шаш басшысының ұлы әкесінің кегін қайтару мақсатында арабтардан көмек сұрады. VIII ғ. Арабтар Орталық Азияны толықтай өз ықпалдарында ұстады. Бұл уақытта Орталық Азияда Аббасидтер әулетінен шыққан Абу-Муслим билік етті.

Гао Сян-Чжу бастаған қытай әскеріне қарсы Зияд ибн Салих бастаған араб әскерлері жіберілді. Екі елдің әскерлері арасындағы шешуші шайқас Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Талас маңында 751 жылы өтті. Тарихқа бұл шайқас Атлах шайқасы деген атпен енді. Шайқас барысында сол кезде Қазақстан жерін мекендеген қарлұқ тайпасы арабтар жағына шығып, қытайлар жеңіліп Жетісудан кетуге мәжбүр болды. Дәл сол Атлах шайқасында Қытай қолын басқарған Гао Сян-Чжу шығу тегі жағынан Силла елінің өкілі.Келтірілген деректерге сүйенетін болсақ Қазақстан даласы сонау темір дәуірінен бастап, Чосон елімен байланыста болғандығын байқауға болады.

Жоғарыдағы келтірілген деректер бұрын соңды Қазақстан тарихында жарияланбаған тың деректер болып саналады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!