Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ордабасы ауданы,«М.Әуезов» жалпы орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі Доса Ғалияның
«Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы» атты тақырыпта жасаған баяндамасы
Баяндама
Тақырыбы: «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы»
Жоспар:
I.Кіріспе «Сабақты түрлендіре өту-әрбір ұстаздың басты міндеті»
II.Негізгі бөлім.
1. География сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшелігі.
2. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің сабақтарда көрініс табуы.
III.Қорытынды «ХХІ ғасырға лайықты мұғалім мен оқушы- заман талабы»
I.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаңа заманның озық ойлы, терең мінезді, тәрбиелі жастарын қалыптастыру мектептегі ұстаздардың басты міндеті болып саналады.Қазіргі жаhандану,өркениеттің қарыштап дамып жатқан уақытында заман көшінен қалып қойматын,өзге елдермен тереземізді теңейтін білімді, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруды әрбір ұстаз сезіне білулері керек. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, тиімді болары сөзсіз.Сондай-ақ,мұғалім жұмысының негізі бағыттары мен жұмыс барысын дұрыс та сапалы ұйымдастыра алуы қажет. Оқыту барысында жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану, сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады. Ұстаздың өзі – ізденуші. Кез-келген сабағын қызықты түрлендіріп өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Мұғалімнің шеберлігі оқушыға сабақты қалай оқу керектігін үйрете білуі мен балаларды сабақта ойлануға мәжбүр ете білуінен байқалады.Осындай сан-салалы жұмыстарды тартымды да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушылардың да талабын оятпақ.
II.
1)Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық. География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. География сабағы оқушының дүниетанымын кеңейтетін ең қызықты пәндердің бірі деп ойлаймын.Себебі, оқушыны сабаққа қызықтыру үшін таңғажайып танымдық деректер көптеп кездеседі.Ол жалпы құрлықтағы жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік пен жануарлар дүниесін, жер бедерін,табиғат байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін ,жоғарғы сыныптарда елдердің шаруашылық құрылымын зерттеп үйрететін ғылым.Әр сабақ бір-бірімен тығыз байланысты. География сабақтарында әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталар, тест, ойындар, термин сөздермен жұмыс,деңгейлік тапсырмаларды пайдалана отырып қызықты сабақтар өткізу – оқушының белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі. Оқушылардың өткен материалдарды еске түсіріп қана қоймай, білімдерін ұштай түсуіне көмектеседі. Сайыс сабақтарды ұйымдастырудың да орны ерекше. Сайыс сабақ - балалардың ұжымда іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Сайысқа қатысушылардың шығармашылық қабілетін саналы түрде көрсете білуіне мүмкіншіліктері арта түседі. Сайыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады. Жасөспірімдердің дүние танымын кеңейтетін мазмұнды сайыс түрлері тұлғаның қалыптасуына белсенді әсер етеді. Географияны оқытуда Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек – конспект, диаграмма, график, логикалық тірек – сызбасын қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға көп көмегін тигізеді.Оқушылар тірек-сызбалар арды құрастыру барысында ойларын жүйелей алады.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тапсырмаларды тиімді қолдану керек. Тек қандай тапсырманы сабақтың қай сәтінде енгізу керек екенін мұғалім өзі шешеді.Топ серуендері мен практикалық жұмыстардың маңызы зор. Бұл сабақтарда оқушылардың әр түрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады.
2)География сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып өткен бірнеше сабақтардан үзінділер ұсынбақшымын.
8 сынып. «Қазақстанның өзендері» тақырыбын қорытындылауда Эдвард де Бононың « 6 ойлау қалпағы» әдісін қолдандым. Сабақтың сыңаржақты өткізілмей, оқушылардың өзен туралы бірнеше ойларын жинақтап, жан-жақты ой қозғауларына мүмкіндік туды. Оқушылар қалпақ түстеріне сәйкес 6 топқа бөлінді. Оқушыларға 6 түрлі түстегі парақтар, жапсырма қағаз, желімдеуіш, қайшы таратылды. Әр топ белгілі уақытта ( мысалы 10 мин) қалпақ жасады.Тапсырма берілді. Тапсырманы әр топ қалпақ түріне сәйкес қорғаулары керек. Тапсырманы ақылдасып, қорғауларына уақыт белгілеу керек. Өз ойларын айтуына шектеу жоқ.
Уақыт үнемді болу үшін келесі сыныптарға осы әдісті қолданғанда дайын қалпақ таратылады. Алдын ала қалпақ дайындалса да болады. Сабақ соңында топтар өзара бір-бірін бағалайды.
Эдвард де Бононың « 6 ойлау қалпағы» әдісі сыни тұрғыдан ойлау әдісінің ең жоғарғы деңгейіне жатады. Мақсаты: әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің“ойларын пісіру болып табылады.
Тапсырманы орындауда Тапсырманы қорғауда
Сабақта оқушылардың айтқан тұжырымдары:
1 топ. « Ақ қалпақ»
«Өзен-жер бетінде ағып жатқан су.Өзеннің құрылысына бастау,арна,саға,атырау,суайрық,жайылма, алап,аңғар жатады.Қазақстанның өзендері Солтүстік мұзды мұхиты мен Атлант мұхиты алабына жатады. Мен көптеген өзендерді білемін.Мысалы, Жайық,Іле,Ертіс,Сырдария т.б.
Өзендер жазық ,тау өзендері болып бөлінеді.Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын жеті өзен бар»
2 топ «Сары қалпақ»
Өзендер адамдардың күнделікті шаруашылық әрекетінде аса қажет.Өнеркәсп пен фабрикалар өзен суы болмаса тоқтап қалады.Өзендер кеме жүзуге де аса қолайлы.Екі елді,аудандарды бір бірімен байланыстырып отырады.Адамдар өзенге шомылады,балық аулайды.Өзен бойынан бөгеттер салынып егін суаруға пайдаланылады .Электр энергиясын өндіреді.
3 топ «Жасыл қалпақ»
Мен өмірді өзенсіз көз алдыма елестете алмаймын.Өзендердің сұлу табиғатын ақындарымыз ән мен жырға қосып жырлаған. Мысалы, Арыс жағасында,Сыр сұлу,Жайық қызы т.б. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің « Өзен» атты өлең жолдарында өзеннің маңызын сипаттай келе, адамдарға рухани күш береді.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең
ашылады,
Денеңде бар дертіңді
қашырады.
Өксіген оттай жанып
жануарлар
Өзеннен рақат тауып
басылады...
4 топ. «Қызыл қалпақ»
Өзен суы болмаса дүниежүзілік су айналымы бұзылар еді.Сондықтан да өзендерді ластамауымыз керек.Егер өзен суын таза ұстап,яғни қорғамасақ онда табиғатқа үлкен зиянымыз тиеді.Адамдар күнделікті тұрмыста суды үнемдеп пайдаланулары қажет.Менің түйсігім, өзендер қоғам үшін аса қажет дейді.
5 топ. «Қара қалпақ»
Қазіргі заманда өзен суы өте лас.Сондықтан да оны адамдардың күнделікті тұрмысында пайдануға болмайды,себебі денсаулықтарына зиян келеді.Зауыт пен фабрикалардың суы өзендерді ластап.балықтары жеуге жарамсыз болуда.Өзен суы жазғы уақытта да аса зиян.Адамдар өзенге шомыламын деп суға батып кетуде. Өзен суының пайдасынан зияны көп деп ойлаймын.
6 топ. «Көк қалпақ»
Өзен суы –гидросфераның бір бөлігі.Өзен суының пайдалы жағы да,зиянды тұсы да бар.Өзендерді қорғау шараларының тиімді жақтары ашып айтылмады.Өзен суын ластамай,таза ұстасақ,алдағы уақытта да адамзатың талай қажеттілігін өтейтіні сөзсіз.Сондықтан қорғау шараларын дұрыс ұйымдастыру қажет.Өзен -тұщы су көзі.Оны тазза ұстау-әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
8 сынып. «Қазақстан аумағының зерттелу тарихы» тақырыбы
«Бұл мәлімет Шындық па, әлде Жалған ба?»
-
Ұлы Жібек жолы бойында Тараз,Отырар,Құлан,Сығанақ қалалары пайда болған.
-
Махмуд Қашқаридің « Диуани лұғат –ат-түрік» атты еңбегі бар.
-
Қытай саяхатшылары Елюй Чу-Цай мен Чань Чунь Қазақстанның батыс өлкесін зерттеді.
-
Л. С. Берг «Арал теңізі» еңбегінде теңізбен оның айналасындағы жерлердің табиғатына жан-жақты сипаттама берді.
-
Қ.И.Сәтбаев райдалы қазбалардың болжам карталарын құрастырудың принциптерін айқындады.
-
Грек оқымыстысы Геродот Каспий теңізін тұйық алап емес,солтүстік мұхиттың шығанағы деп санаған.
7. Ш. Ш.Уәлиханов 30 жасында Орыс география қоғамына мүше болды.
Дұрыс жауабы:
-
Шындық. 5- Шындық
-
Шындық 6- Жалған
-
Жалған 7- Жалған
4- Шындық
Тапсырма орындауда Тапсырмамен танысуда
11 сынып.«Азия елдері» тақырыбы « Он сұрақ!» әдісі
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Бірнеше оқушымен жұмыс жасауға болады.Сергіту сәтінде де тақырыптан тыс сұрақтар қою арқылы ойнаса болады.Мысалы,әншілердің есімін,жыртқыш жануарлар аттарын,аспан денелерін, т.б.
Тапсырма орындауда
Стикердегі сөз- Қытай.
Маңдайындағы стикерге негізгі сөз жазылған оқушының сұрақтары |
Орнында отырған оқушылардың жажауаптары |
1.Азияның оңтүстік батысында орналасқан ба?
|
Жоқ |
|
Иә |
|
Жоқ |
|
Жоқ |
|
Иә. |
|
Иә |
|
Иә Жарайсың. 7 сұрақтан таптың. |
8 сынып «Аласа таулы өлкелер» тақырыбы
«Тақырыптың түйінді сөздері» әдісі
Келтірілген сөздердің қайсысы аласа тауларға жатады?
Сөздер банкісі Біздің тақырып
Оқушыны шатастыру үшін Негізгі сөздер осы жер
тақырыпқа қатысы бар сөздерді ауыстырылуы тиіс
оған қатысы жоқ сөздермен
а раластырып орналастырыңдар
9 сынып «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы нені зерттейді » тақырыбы
« Сұрақты тап...» әдісі. Бірнеше жауаптарды ұсынып, қандай сұрақ қойылғанын анықтауға болады.
Жауабы
5 сынып «Аспан денелері» тақырыбы
«Күннің көзін ашайық» әдісі
Әр топтың оқушылары бұлттармен жабылған «Күн» туралы сұрақтарға жауап беріп, Күннің көзін ашады.Әр бұлт астындағы сұрақтар 1 ұпайға есептеледі.
І-топ ІІ-топ
6 сынып. «Термин сөздер құрастыру»
Берілген сөздерден 10 термин сөз құрастыр.
Әр термин 1 ұпайға есептеледі.
«Вул; эпи, маг; гей; яд; тия; кра; ва; эхо; ла; граф; центр; ман; ро; ма; кан; зер; лот; сейсмо; тер»
Жауабы: Мантия, вулкан, эпицентр, гейзер,ядро, кратер, лава, эхолот, сейсмограф, магма.
7 сынып. «Географиялық атауларды анықта»
Оқушылар географиялық атаулардың нені білдіретіндігін айта білулер керек.
Лабрадор –түбек
Магеллан –теңізші,бұғаз
Беринг –бұғаз, теңіз,саяхатшы
Бискай –шығанақ
Карпат –тау
Каспий –көл
Енисей –өзен
Саргасс –теңіз
Тайфун –жел
Зонд –арал, бұғаз
10 сынып. Сайыс сабақ «Географиялық терминдер»
( оқушылар терминдердің мағынасын ашулары қажет)
1-оқушы
1.Демография- халықтың өсуі турал ғылым.
2.Антициклон-қысымы жоғары аймақ.
3.Промилле –судың тұздылық өлшем бірлігі.
4.Федерация-одақ, бірлестік.
5.Барқан-құм төбелер.
6.Планктон-ұсақ организм.
2- оқушы
1.Урбандану-қала халқының өсуі
2.Магма-отты қоймалжың зат.
3.Сейсмология-жер сілкінісін зерттейтін ғылым.
4.Гумус-қарашірік қабат.
5.Доминион-отарлар.
6.Унитарлы- бірлік.
3- оқушы
1.Тектоника-жер қыртысының қыртысының қозғалысын зерттейтін ғылым.
2.Геология-жер қыртысының даму тарихы туралы ғылым.
3.Экология- қоршаған орта туралы ғылым.
4.Экономика-шаруашылықты басқару.
5.Агломерация- ірі қаланың жанына шағын елді мекендердің шоғырлануы.
6.Этнография – тайпа,халық, топ.
III. Қорыта келе айтарым, «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп Ушинскийй айтқандай, оқытудың жаңа технологиясын игеру үшін үздіксіз теориялық және әдістемелік білімін жетілдіріп отырған ұстаз, тиімді бағдарлама, сапалы күнтізбе жоспарын жасап, құнды сабақ өткізіп, үлкен нәтижеге қол жеткізері қақ. Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді.Жаңа бағытта ізденіп өткізілген сабақтар оқушылардың сыныпта алған білімін одан әрі тереңдетуге, ең маңыздысы, олардың сегіз қырлы, бір сырлы,білімді де, парасатты, адамгершілігі жоғары азаматтар болып өсуіне жағдай жасайды, ықпал етеді.Осындай сан-салалы жұмыстарды тартымды да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушылардың да талабын оятпақ. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс –тәсілдерді қолдана өткізілген сабақ әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделе отырып, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді . ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, еліміз егемендігін алып, әлем сахнасына шығу үшін біздің қоғамға жан-жақты жетілген шәкірттер керек.
ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.« География және табиғат »журналы. 2006 ж
2.«Сұрақ-жауап энциклопедиясы» Алматы,Кітап.2007.
3.География.Талапкерге арналған оқулық тест.Алматы;Шың-кітап 2009.
4. «Жұмбақ жер.» А.Мезенцев.
5. «Іс-әрекеттегі зерттеу» НЗМ. Астана-2012 ж
6.Жаңашыл әдістер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Әдістемелік оқулық. 2002 ж
8