Материалдар / Археология ғылымында із қалдырған дара тұлғаның еңбектерінен үзінді.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Археология ғылымында із қалдырған дара тұлғаның еңбектерінен үзінді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тарихшыларға және оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
318
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Казира Оразғалиқызы Жолдасбаева

«Алматы технология-экономикалық колледжі» ЖШС

Педагог.



Археология ғылымында із қалдырған дара тұлғаның еңбектерінен үзінді.

Бұл мақала археология ғылымында із қалдырған дара тұлғаның еңбектерінен үзінді.

Дара тұлға деп отырғанымыз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы,Үлкен Дихан «Кеңеш» ауылында, қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келіп, Шалкөде жайлауынан күш жинап, Алматы шахарына келіп білімін жетілдіріп, қазақ халқының даму тарихына баса көңіл аударып отырықшы ел екенін сөзбен емес іспен дәлелдеген археолог-ғалым. Сәйден Жолдасбайұлы 250-ден астам қыстау қоныстарында қазба жүргізді. Жинақталған үлкен материалдар негізінде монографиялық зерттеу жазып, 1996 жылы докторлық диссертация қорғады. Ғалым мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған көптеген оқулықтардың авторы. 2003 жылдан бастап Сығанақ археологиялық экспедициясын басқарып, Отырардан кейінгі Қазақстандағы аса құнды нысанада зерттеулер жүргізуде. Аталған зерттеулер «Мәдени мұра» бағдарламасының қатарына еніп, үлкен нәтижелер беруде. 10 монография, 34 оқулық және 300-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалар авторы.

Сәйден Жолдасбайұлы өз өмірін осы арехология саласына арнады. Демалу дегенді білмей, демалу бұл менің қазба жұмысында табылған жәдігерлер жиынтығы дейтін. Қазақ халқының отырықшы ел болмаған, олар тұрақ-жай салмаған деген бір жақты, кертартпа негізсіз тұжырымдардың қателігін археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде дәлелдеп, оны тарихи ғылыми еңбек ретінде тарих саханасына шығарған ғалым С. Жолдасбайұлы Жолдасбаев [1]. Онда Жетісу аймағындағы елді мекендердің, қола дәуірінен ХІХ ғ. екінші жартысына дейінгі даму тарихы ғылыми тұрғыда зерттелген. Осы еңбектің мәтіні Қазақстан Ұлттық энциклопедияның үшінші томына Жетісудың тарихи сипаттамасына еніп отыр. Бұл еңбектің ғылым үшін өте құнды екенін байқатады. Ғалым осы бөлімде қазақ халқының елді мекендерін ХV ғасырдан бастап зерттеу үшін ежелгі дәуірлерде осы кең байтақ жерімізді мекендеген ру - тайпалардың елді мекендерін, қоныс жайларын зерттеу арқылы байланыстың қандай дәрежеде болғанын айқындау қажеттігін көрсетеді және ол қоныс - жайлардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатқаны заңды құбылыс деген негізгі мәселенің мәнін ашады. Ғалым өз еңбегін ХV ғасырдан бастамай оны сонау ерте кезден бастаудың өзінің сыры бар екені байқауға болады және ғылыми айналымға түспеген деректерді қолдана отырып тарихтың ашылмай жатқан сырларын ашуға баса көңіл аударған. Бұл еңбектен біз сонау алғашқы қауым кезіндегі адамдардың өмір сүруінің әдіс-тәсілдерінің нақты археологиялық қазба жұмысының нәтижесімен дәлелденгенін көреміз. Оның құндылығының бірі-тарихтағы алғашқы адамдардың тұрақтарынан бастап тарихи кезеңдегі елді мекендерде болған өзгерістерді жүйелі түрде зерттеуі болса, тағы бір жағынан қазіргі кезеңде елді мекендер тарихын зерттеумен шұғылданатын және болашақ ғалымдар пайдаланатын негізгі еңбек болып есептеледі. Ғылыми еңбекте жеріміздегі елді мекендердің ежелгі қола дәуірден бастау алатынын дәлелдеген энциклопедист ғалым академик А.Х. Марғұланның «Ерте дәуірдің архитектурасы», әсіресе қола дәуіріндегі құрылыс ісінің даму кезеңін жүйелі түрде көрсеткен еңбегінде [2] алғашқы қауым кезіндегі құрылыс ісінің дамуыуға ерекше көңіл аударылған.

Академик Ә.Х. Марғұлан өзінің еңбегінде археологиялық қазба жұмыстарының қортындыларына сүйеніп, құрылыс ісінің өнер дәрежесіне жетіп, өркендей бастауы қола дәуірінің соңғы кезінен бастау алатынын анықтай отырып: «Тарихи топография үйсіндер мен қаңлылардың қыстақ-кенттерінің үш типі болғанын көрсетеді :1. Қыстақтардың тау өзендердің аңғары мен тау етегіндегі сайларда орналасқан ірі тұрақтар (қыстау). Үйсін тұрақтарының қалдықтары Алатаудың бүкіл етегінде, қазіргі Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қарғалы, Ақсай, Қаскелең қыстақтарының төңірегінде жиі кездеседі.2. Қыстақтардың екінші типіне толық отырықшы болып егіншілікпен айналысқан қыстақ-кенттер тобы жатады. 3. Қыстақтардың үшінші типі - тайпа одақтарының күшейген дәуірінде туған астана-қалалар» - деп, қоныс жайлардың бөлінгенін ерекшелеп, оларға жеке-жеке түсініктеме беріп, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған орындарын көрсетеді [2, 81 - 82 бб.]. Бұл деректен біз үйсіндер мен қаңлылардың тұрақ қоныстарының болғанын және олардың қандай дәрежеде дамығанын байқадық. Осы қоныс жайды бөлуде кейбір ескеретін жағдайлардың мәніне С. Жолдасбайұлы көңіл аударған, Ә. Марғұланның қала мен кентті екі типке бөлу дұрыс еместігін нақты дәлелдерді келтіріп дәлелдеген.

Ә.Х. Марғұланның «Ерте дәуірдің архитектурасы» еңбегіндегі үш түрге бөлінген елді мекендерде жан-жақты сараптама жүргізу арқылы С. Жолдасбаев мынандай қорытындыға келеді: «Қазақтардың сол кезде елді мекендерін археологиялық зерттеу негізінде келесі түрлерді: қыстау, қыстақ, уақытша қорғандар, кенттер - қалашықтар деп ажыратуға болады [1, 79 - 80 бб.]. Бұдан біз алғашқы кездегі мәліметтерге қарағанда қазақ жеріндегі елді-мекендердің бұлай бөлінуінің өзі қазіргі кезеңдегі этнологиялық, археологиялық, жазба деректер мен ауыз әдебиетіндегі деректерді зерттеудің қарқындап дамуының және осы деректерді дұрыс зерттеп, өз орында қолдана білген ғалымның арқасында деп түсінуімізге болады. Автор елді мекендердің атауларына ерекше тоқталып мынандай пікір білдіреді: - «Халқымыздың тұрақты қоныс-жайларының болғандығын анықтауда, қыстау, қыстақ, кент немесе қала, шәһәр, қорған, бекініс, қамал, уақытылы қорғандар сияқты сөздердің өздеріне тән мән-мағынасын толық ажырата білу қажет. Ғасырлар тереңінен, қазақ топырағында жаратылған ру - тайпалардың өсіп - дамуымен қатар бірге жасап-дамып келе жатқан сөздер. Тұрақты мекен жайлардың әртүрлі атауларының болуының өзі - ақ қазақ жеріндегі отырықшылықтың, ол жартылай немесе тұрақты отырықшылық болсын халқымыздың өзімен көрші жатқан отырықшылықпен айналысатын елдермен байланысының нәтижесінде болсын, кейбір шапқыншылықтың әсерінен Қазақстанға келіп, олардың тұрғындары мен араласудың бір - біріне әсер етудің нәтижесінде болсын, әйтеуір жерімізде тұрақты мекен жайлардың салынғандығы айдай анық» [1, 80 – 81 бб.]. Осы айтылғандардан біз қазақ жерінде тұрақты қоныс жайдың салынғанын, елді мекендердің атауларынан анық байқайтынымызды автор нақты көрсетіп берді. Қазақ жерінде елді мекендердің әрқайсысының атауының болуы және ол атаулардың қазірге дейін ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқаны ежелден отырықшы елдің өмір сүргенін анық байқатады. Қазіргі кезеңде қаладағы, ауылдағы кәсіпкерлер мал шаруашылығымен айналысып таулы жерлерде қыстақ - қыстаулар салып онда өмірдің қазіргі кезеңіндей ғып құрлыстар салып жатқанын білеміз. Елді мекендердің атауының болуы және ол атаулардың қазірге дейін сақталуы, бұл тарихтың тоқтамай үздіксіз диалектикалық даму жағдайында болғанын көрсетеді. С. Жолдасбаев өз еңбегінде осы мәселені зерттей келе негізгі қортындыға келген: «Қыстау мен қыстақтардың дамуы тарихи жағдайға әлеуметтік - экономикалық жағдайларға көп байланысты болған. Егер қыстаудың салынған жері тарихи тұрғындарын әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайын қанағаттандыратын болса ол қыстаққа айналып, ал қыстақ ірі қалалы дәрежеге көтеріліп ірі елді мекендерге айналып отырған. Жеріміздегі атақты ірі қалаларымыз Сауран, Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам сияқты т.б. қалалар өздерінің алғашқы кезін сонда қыстау, қыстақ сияқты елді - мекендерден бастаған. Қыстау - ол уақытша қыстың суық кезінде мекендейтін тұрақ жайлар салынған жерді айтқан. Қыстақ-бір орында тұрақты өмір сүретін шағын елді мекендерді айтады» [11, 110 - 111 бб.]. Осы археологиялық зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанда Сауран қалашығының маңайында Шығырлы І, ІІ, Жалғызтам, Сырдария өзеннінің бойында Ақтасмешіт, Арасатын Құмы қыстақтары табылған. Бұл айтылған тұжырымнан біз елді - мекендердің даму барысында кішіден үлкенге қарай, саннан сапаға қарай дамудың философиялық заңдылығының бір көрінісін байқаймыз. Қыстау мен қыстақтың даму деңгейіне экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси жағдайлар әсер ететінін автор өзінің жүргізген археологиялық жұмыстарының нәтижесінде дәлелдеп берді. Сонымен қатар қыстаудың дамуының нәтижесінде ол қыстаққа айналып, ал қыстақ өзінің даму барысында қалалы дәрежеге көтерілген елді мекендерге айналғанын дәлелдеу осы ғалымның жүргізген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі деп айтуымызға болады.

Қазіргі қазақ жеріндегі ежелгі қалалар Отырар, Түркістан, Сығанақ, Сауран және тағы басқа қалалар да өздерінің даму барысын осындай кішігірім қыстау, қыстақтан бастағаны К. Байпақов, У. Шалекеновтың ғылыми еңбектерінде де дәлелденіп отыр. С. Жолдасбайұлы осы қыстау мәселесін зерттегенде дәстүрлі деректермен қатар ауыз әдебиетіндегі батырлар жырына, мақал-мәтелдерге, тарихи аңыз әңгімелерге көңіл аударып халықтың өз басынан өткен өмірін сипаттау, осы ауыз әдебиеті арқылы дүниеге келетінін көрсетіп берді. Қазақ халықының арасында таралған аңыздарға, Ә. Қоңыратбаевтың “Қобыланды батыр” жырына ғылыми сараптама жүргізген.

С. Жолдасбайұлының “Қаратау аңыздардары” деген мақаласы ел аузынан жиналған аңыздардағы (Қыз әулие, Ақбикеш туралы аңыз, Қоңыршұнақ аңызы) елді-мекендердің орналасуын археологиялық зерттеулердің нәтижелерімен сәйкестендіре отырып дәлелдеу арқылы, сол көне елді мекендердің атаулары қазірге дейін сол атаумен аталатынын нақты көрсеткен [5]. Сонымен қатар зерттеліп отырған елді мекендердің өмір сүру кезеңі неге тоқталды деген сұраққа жауап іздейді: біріншіден, жоңғар шапқыншылығы болса, екіншіден, өзбек-қазақ хандарының арасында Оңтүстік Қазақстан жеріндегі қалалар үшін болған талас-тартыстар, үшіншіден, Шығысқа қарай теңіз сауда жолының ашылуы, сол себепті Орта Азия мен Қазақстан арқылы өтіп жатқан Ұлы Жібек жолының маңызы біржола жойылуы. Бұл елді мекендердің қалалық өмірінің тоқталу себебі. Ал қала өзінің өмір сүруін тоқтатқанмен халық кішігірім елді мекендерде, қыстауларда өз өмірлерін одан әрі жалғастырғанын ғалым археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен дәлелдеп отыр. Осы дерек жайлы айта келе Б. Кәрібаев «Жер жанаты - Жетісу» атты мақаласында: «Халық ауыз әдебиетінің мәліметтері зерттеп отырған кезеңдегі халықтың жан-дүниесін психологиясын, сондай - ақ халықты іштен танып білуге мүмкіндік береді. Ал, онсыз жазылған тарих, онсыз зерттелген тарих-жаны жоқ тарих, тарихтың тек сұлбасы ғана» [6] - деп ауыз әдебиетінің тарихи зерттеулерге әсерінің өте зор екенін байқатады. Сол ауыз әдебиетіндегі деректер арқылы тарихтағы болған оқиғалар туралы мәліметтер қосымша дәлелге ие болады.

С.Ж. Жолдасбаев қандай мәселені зерттемесін оларды дәлелдеу үшін бірнеше дәлелді себептерді көрсетеді, яғни бұл әдіс - тәсілдің өзі тарихи бір жағдайдың нақты болғанын және дәлелді шындық екенін ғылыми тұрғыда көрсете білген ғалым екенін байқатады. Ол ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры туралы белгілі ғалым, қазақ фольклорын зерттеген маман Ә. Қоңыратбаевтың «Қазақ эпосы және түркология» - деген еңбегіне [7] сүйеніп, ондағы Қобыланды батыр жырының 29 нұсқасы барын, оның сюжетінде көрінетін тарихи желісін беске: оғыз пешене, пешене, ноғайлы, өзбек - қазақ және жоңғар соғысы дәуірлері деп бөлінгені белгілі болғанын көрсетіп, ондай көп нұсқаның болуы бір шындықтың болғандығының бір дәлелі деп есептейді.

Оның еңбегінде Қобыланды батыр жыры қаланы, қыстауды зерттегенде бір дерек көзі ретінде көрініс алады. Мәселен, төменгі шумақтардан қыстаулардың болғанын хабарлайды:

Қыс қыстау Қараспан,

Қараспан көкпен таласқан.

Қыс қыстауы Бұқаржай

Қалың қыпшақ көп ноғай. [8, 15б; 140 б.]

Осы шумақ көкпен таласып тұрған Қараспан, Бұқаржай тауларының етегінде орналасқан қыстаулардың болғанын хабарлайды. Бұл шумақтан қазақ халқының өмірінің бір көрінісін көруге болатынын айтады және осы батырлар жырын жан-жақты зерттеп, археологиялық зерттеулермен сәйкестендіргеннен кейін ғана пайдаланып отырған.

Осы қыстау мәселесінде тағы бір дерек ретінде орыс ғалымдарының еңбектеріндегі мәліметтерді пайдалана білген. С. Жолдасбаев А. Левшинның «Описание киргиз - казачьих или киргиз - кайсацих орд и степей» деген еңбегіндегі [9] деректерді пайдаланған. А. Левшинның еңбегі жайлы Х. Арғынбаев мынандай пікір білдіреді: - “Левшин еңбегінің басты құндылығы – оның қазіргі күнде із - түссіз жойылып кеткен архив деректері мен ел арасынан тікелей жинаған мағұлматтар негізінде жазылғандығында. Бұл еңбек ХІХ ғ.басындағы қазақ өмірінің шынайы шындығын жан - жақты сипаттаудың ең жақсы үлгісі болды” [10], - деп еңбектің өте құнды екенін және де бұл еңбекті пайдаланбаған ғалым жоқ екенін атап өтеді. Осы еңбектен С. Жолдасбаев пайдаланған дерек :”Пастбища обыкновенно бывают у киргизов двоякие:одни летние, другие зимние. Ничем не закрытая, ровная и тучная пажить очень хороша для скота летом, но зимою потребны для оного, в особенности для овец, частные холмы, которые могли б защищать от бурь и ветров, пески, вбирающие в себя воду, и потому скорее обнажающиеся от снега, камыши и кустарники,служащие в пищу верблюдам и вместе для топки или для согревания пастухов” [9]. Бұл үзіндіден А. Левшинның қазақ халқының жеріндегі болып жатқан өзгерістерді өз көзімен көрген жағдайларды сипаттап жазу болып табылады. Қазақ халқының қыстауды таңдағанда оның қолайлы болуына баса көңіл бөлгені, мал жайлымының жаз айында да, қыста да бағып отырған малдарының өсіп өну әсеріне де назар аударғаны байқалады.

Автор сонымен қатар Н. Харузиннің «История развития жилища у кочевых и полукочевых тюркских и монголских народностей России» деген еңбегін дерек ретінде қолдана білген [4]. Ол Балқаш бойында қазақтардың ХҮІІІ ғасырда тұрақты қыстауы болып, онда қора - жай салғаны жайлы жазады. Бұл дерек қазақ халқының тұрақты өмір сүргені сонау ерте заманнан келе жатқанын байқататынын көрсетеді.

Шоқан Уалихановтың «О кочевках киргиз» деген еңбегінде қыстаулардың дамуы мен орналасуына көңіл аударғанын нақты дәлел ретінде көрсетеді [3].

С. Жолдасбайұлы қыстаулардың даму туралы дерек ретінде шығыс зерттеушілері еңбектерін де пайдаланған. Тарихшы Фазлаллах Ибн Рузбихан «Михман – наме йи Бухара» деген еңбегіндегі [11] жазбаларды дәлелді зерттеу ретінде пайдалана білген. Бұл зерттеулерді нақтылап көрсетуі қыстаулардың даму барысында ол қалаға айналатынын байқату еді. Сонымен қатар олар тарих беттерінде жазылған отарлау саясатының мәліметтеріне және қазақ халқы таза көшпелі ел деген теорияға қарсы жинақталған дәлелді соққы болып есептеледі. П. Хворостанскийдің «Киргизский вопрос в связи с колонизацией» [12], Н.М. Карамзиннің «История государства Российского» [13], - деген еңбектер қазақ халқы отарлау саясаты кезінде пайда болып, қазақ халықының басқа халық сияқты даму кезеңдері бар екенін мойындамай, қазақ халықын қаралап, өздеріне отарғып ұстауға жеңіл болу үшін де орыс мемлекетінің басқару жүйесінің жүргізіп отырған саясатының бір қыры. Бірақ бұл тұжырымдардың түпкі тамырын шабатын ғылыми еңбектер қазіргі кезеңде молшылық. Осындай еңбектің бірі С. Жолдасбайұлының «Жетісу тарихы» болып табылады. [1]

Қазақстан өзінің көп ғасырлық тарихында адамзат қоғамының ғылыми және мәдени өміріне елеулі үлес қосты. Қазақ халқы тәуелсіздігіне қол жеткізген уақыттан бері тарих ғылымы үлкен өзгерістерді бастан кешіріп отыр.

Ол қазақ халқының ғасырлар бойы армандап, аңсап келген егемендігіне қол жеткізген күннен бастап, Қазақстанның тарих беттері құнды да маңызды, сарапталған, дәлелді зерттеулермен толыға түсті. Әсіресе, ұзақ жылдар бойы жинақталған этнографиялық, археологиялық материалдарды сараптаудан өткізу нәтижесінде, қазақ жеріндегі сонау ерте кезеңдегі даму үрдісі кейінгі кезеңдерде өзінің жалғасын тауып эволюциялық дамуда болғандығы нақты дәлелденіп тарих ғылымы жаңа материалдармен толыға түсті.







Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жолдасбайұлы С.Ж. Жетісу тарихы. - Алматы, - 1997. – 301 - б., - 44 – 60 - бб, - 80 - б., - 107 – 108 - бб, - 127 - б.

  2. Марғұлан Ә.Х. Ерте дәуірдің архитектурасы // Қазақстан архитектурасы. - Алматы, - 1959.

  3. Уалиханов Ш.Ш. . О кочевках киргиз. - т.1. - 1961.

  4. Харузин Н. История развития жилища тюркских и монголских народов. 2-е издание дополнительно.- Астана: «Алтын кітап», -2007. - 183 стр., -8-стр., -9-стр., -25-стр., - 36-стр., - 54-55-стр., - 65-стр., - 56 - стр., - 58-стр., - 87 - стр.

  5. Жолдасбайұлы С.Ж. Қаратау аңыздары // Қазақ әдебиеті. - 1981.-желтоқсан.

  6. Кәрібаев Б. Жер жанаты Жетісу // Алаш газеті, - сәуір. – 1997

  7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және туркология. - Алматы, - 1987. -142 - 149бб.

  8. Ақсауыт - 1т. Алматы, - 1979. – 15 - б.

  9. Левшин А. Описание киргиз казачьих или киргиз кайсацких орд и степей. Этнографические известия. Спб., - 1832. – 26 - стр.

  10. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алма - Ата, -1973. – 12 - б.

  11. Ибн Рузбехан Ф. Михман наме йи Бухара (Записки Бухарского гостя) Перевод предисловие и примечания Р.П.Джалиловой / Под редакцией А.К.Арендеа. Москва, - 1976. – 94 – 131 - стр.

  12. Хворостанский П. Киргизкий вопрос в связи с колонизацией // Вопросы колонизации, - 1907. - №1, - 64 - 67 стр.

  13. Карамзин Н.М. История государства Российского. - IVт. - Москва, - 1903. – 31 – 34 стр.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!