"Арқанмен өрмелеу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Арқанмен өрмелеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Арқанмен өрмелеу және оның әдіс - тәсілдері
Материалдың қысқаша нұсқасы


 

Арқанмен өрмелеу

Арқанмен өрмелегенде қолмен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Әдетте аяқтың күші аз пайдаланылады.

Арқанмен өрмелеудің негізгі екі тәсілі қолданылады. Біріншісі – арқанды аяққа орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу, екіншісі – арқанды екі тіземен қысып тұрып, қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу.

Негізгі жаттығуды орындамас бұрын мынадай дайындық жаттығулары орындалады:

  1. арқанға асылып тұрып тербелу;

  2. арқанға асылып тұрып, аяқты алдыға соза жоғары көтеру;

  3. асылып тұрған қалпта аяқтың ұшын қолға тигізу.

Өрмелеу осы жаттығуларды орындап болғаннан кейін басталады.

Қосымша орындалатын акробатикалық жаттығулар

  1. Қолды жерге тірей жүреден отырудан алға қарай домалап түсу.

  2. Осы тәсілмен, тек аяқты айқастырып отыру қалпынан алға қарай домалап түсу.

  3. Екі, үш және одан да көп домалап түсуді орындау секіру, қарғу, түрліше бұрылу тәсілдерін орындап үйрену.

  4. Волейбол, баскетбол добын құшақтай ұстап немесе таяқты қолмен тізе тұсына горизонталь ұстап, алға қарай қолды тіремей домалап түсу.

  5. Қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу (тоңқалаң асу ).

  6. Қолды жерге тірей төрт тағандап тұрып, оңға және солға қарай аунап түсу.

  7. Осы тәсілмен, тек қолды жерге тірей жүрелеп отырған қалыптан аунап түсу.

  8. Шынтақты жерге тіреп жауырынға тұру.

  9. Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп, арқамен жату.Сонан соң аяқты созып, жоғары көтеру. Шынтақты төсенішке, қолды беоге тіреп, денені тік ұстау.Статикалық қалыптарды – көпір жасау, баспен тұру, шатқа (шпагатқа ) жартылай және толық отыруды үйрену оқушылардың бір – біріне көмек беруі арқылы іске асады.Бұл тәсілдерді жақсы меңгергеннен кейін ғана оларды әркім өз беттерінше орындауларына болады.

Ептілік және жылдамдық эстафетасы.

Бұл эстафетаны өткізу үшін әр командада бір лекті сап түзеп қатар тұрады. Сапты бастаушылардың қолында үлкен доп болады. Берілген белгі бойынша бірінші нөмерлі сапты бастаушылар ені 5 – 6 метірлік дәлізді бойлай допты бір қолмен жерге ұра ыршытып тез алып кележатып оны жоғары лақтырып төсеніштің үстінде алға қарай бір домалап тұрған бойда допты жерге түсірмей қағып алуы керек.

Бөренеде орындалатын тепе – теңдікті сақтау жаттығулары.

Тепе – теңдікті сақтау жаттығулары көп жағдайда сабырлықты, зеректікті, тапқырлықты, батылдықты, табандылықты, сенімділікті және ұқыптылықты дамытады. Тепе – теңдікті сақтау жаттығулары гимнастикалық орындықта, жұмыр немесе төрт қырлы бөренеде, гимнастикалық баспалдақта орындалады.

Гимнастикалық кіші ағаш аттан секіру жаттығулары.

Секіру жаттығулары, біріншіден, аяқ бұлшық еттерін жетілдіріп, дамытады, екіншіден, тыныс алу мен қанайналым жүйесінің қызметін жақсартады.Кіші ағаш аттан секіру жаттығулары екі түрлі бағытта орындалады: біріншісі – екі аяқты ашып, көлденеңінен секіру, екіншісі – қолды соза тастап ұзыннан секіру.

Кіші ағаш аттан секіруді меңгеру үшін мынадай дайындық жаттығуларын игеріп алу керек: отырған қалыпта аяқты серпу арқылы алға қарай секіру және 90, 180, бұрыш жасап секіру: жүрелеп отырған қалыпта қолды жерге тіреп және тіремей, алға, екі жанға және артқа қарай секіру: бұл да сондай, бірақ алға қарай адымдап барып секіру.

Ырғақты гимнастика жаттығулары.

Ырғақты гимнастика жаттығуларының жиынтығы мына төмендегідей:

1 – 4 дегенде тізені жоғары көтере бір орында тұрып қолды сілтеп жүру: 5 – 8 дегенде бір орында тұрып әрбір есепте оңға не солға жарты бұрылыс жасап секіру (екі аяқ бірге, қол шынтақтан бүгілген қалыпта болып, секіру 3 рет қайталанады ): б.қ. – та тұрып, 1 – 3 дегенде қолды баяу жоғары көтеру, 4 дегенде б.қ. – қа келу (3 рет қайталанады): б.қ. – қолды белге қойып оң аяқтың ұшымен тұрып, 1 – 4 аралығындағы әрбір санда екі аяқтың ұшына кезек тұру арқылы иықты жоғары – төмен қозғау (8 рет қайталанады).



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
4704
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі