Тақырып бойынша 11 материал табылды

арыс өзені

Материал туралы қысқаша түсінік
арыс өзені туралы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арыс өзені

Биік ыңғайлы, ең шұрайлы өлкенің бірі – Түлкібас ауданын екіге бөліп, қасиетті Арыс өзені ағады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы – Арыс өзені (378 км), ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталып, жол-жөнекей Боралдай (130км), Ақсу (133 км), Машат (60 км) т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Су жиналатын алабының аумағы 14900 км2. Кіші Ақсу тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Отырар ауданы жерінде Сырдария өзеніне құяды. Жоғарғы ағысы тау аңғарымен, төменгі ағысы жазық өңірмен өтеді. Өзеннің жоғарғы және орта ағысындағы арнасы кең, әрі түбі терең, түбі қиыршық тасты, ағысының жылдамдығы ½ м/с. Жайылмасы 2 км-дей, арнасы 40-45м. Орташа су ағынының мөлшері 40,2 м/с. Өзен қар , жаңбыр суымен қоректенетіндіктен суы наурыз, сәуір айларында көбейіп, қазан – ақпан айларында суы азаяды. Аудан аумағындағы Арыс өзінінің оң қапталынан Құлан, Балықты, Жыланды, Көкбұлақ, Көктаңды, Қайыршақты, Керейіт, сол қанатынан Жабағылы, Машат өзендері құяды. Басты салалары: Ақсу, Бадам, Боралдай, Жабағылысу, Құбырған, Машат. Арыс өзенінің Қайыршақты, Ақтасәулие бұлақтары, Қараүңгір өзені құяды.алабында шағын бөгендер салынған. Жауын – шашын суымен толығады. 1961 жылы Арыс – Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8 ден
31 м
3/с-қа азайды.


«Арыс» сөзі көне арыс тайпаларының атауынан қалған деген болжам бар.

Бірінші нұсқа бойынша: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Арыс зат. Арбаның алдыңғы дөңгелектері мен артқы дөңгелектерін ұстастыратын ағаш. Біл рудан тараған өрен – жаран. Аса қамқор, азамат. Өз алдына бір арыс ел болады. Арыстай сын. Зор денелі, қажырлы. Арыстай жігіт» деген түсініктеме берген.

Екінші тұжырым бойынша: арыс тайпаларын – тарихтағы Арий тайпалары деседі. Біз қазақ шежіре таратқанда Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп, осы үшеуінен қазақтың үш жүзін шығарып барып, руларды тарқатамыз. Сондықтанда Арыс сөзі көне арыс тайпаларының атауынан шыққан деуге толықтай негіз бар.

Тарих атасы Герадот арыс тайпаларын ежелгі грек тілінде аргиппейлер, исседондар деп жазған. Тариз ғылымының докторы, профессор
Әділхан Байбатша : « Батысқа қоныс аударған Арыс сақтарының тамырлары олардың елінде, Қаратаудың шатқалдары мен Арыс өзенінің атырабын мекендеп қалған.туақыт өте олар қайта үлкен тайпаға айналған. Қазіргі Арыс өзені осы тайпа мекендеген, атын иеленген жер сулар. Геродот Сырдарияны Аракс өзені деп осы аймақты мекендеген Арыс тайпасына байланысты атаған» - деп қорытынды жасаған. Осы деректерге сүйенер болса «Арыс» сөзі көне дәуірден, яғни ескі заманнан мұра болып біздің дәуірімізге жеткендігі анықталады.

Арыс өзені мен Машат өзені Машат өңірінде қосылады. Бұл екі судың бойы ең тоғай, қалың тал терек, жайқалған жиде. Машат бойы қайнап шығып жататын бастауларға толы. Міне, біздің ауылымыз осы табиғаты керемет Машат өңірінде, Арыс өзенінің сол жақ қанатында орналасқан.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
2514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12