"«Асан қайғының жерге айтқан сыны» Дала данышпаны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"«Асан қайғының жерге айтқан сыны» Дала данышпаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: І Тарау. Таза,мінсіз асыл сөз Мектеп: №17 «ЖББОМ» КММ

Күні: 05.05.2017 Мұғалімнің аты жөні: Касымбекова З.Т

Сынып: 5-сынып Қатысқандар Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Асан қайғының жерге айтқан сыны» Дала данышпаны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5А/И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Б/С2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Эпикалық шығарма туралы түсініктерін анықтайды,кейіпкер бейнесін айтады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Автор бейнесін ашып ,өмірмен салыстырады

Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Шығарманы шынайы өмірмен саралап, пікір айтады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:Шығарма кейіпкері жайлы өз көзқарасын айтады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Эпикалық жанр, Желмая, жиһан, Жерұйық, шұрайлы, шүйгін

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын, ну орманды, көгорай шалғынды, жапан түз,жері шүйгін,қары мол

Бағалау критерийі

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Құндылықтарға баулу

Елжандылыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихымен, АКТ ,жаратылыстану пәнімен байланысты

Алдыңғы білім

Ширату жаттығуы

«Автор орындығы» әдісі. Шығарманың кейіпкерін оқушылардың ішінен таңдаймын.Басқа оқушылар аңыз мазмұны бойынша авторға сұрақ қояды.

1.Неліктен Асан қайғы атандыңыз?

2.Сіз іздеген Жерұйық қандай?

3.Қандай жерлерді араладыңыз?

4.Қандай күйлеріңіз бар ?

5.Сіз айтқан Жерұйық,жиһан, шүйгін,шұрайлы сөздерінің мағынасы қандай?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақ бойынша жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Кеше біз «Асан қайғының жерге айтқан сыны»

аңызымен танысқан болатынбыз.Бүгінгі сабағымыздағы мақсатымыз дала данышпаны Асан қайғының бейнесін ашып,шынайы өмірмен салыстыру.

Алдымыздағы Асанқайғы, Желмая, Жерұйық деген суреттер арқылы топқа бөлінейік.

Т.Ж

Деңгейлік тапсырма

Үш топқа тапсырма беріледі.

І топ «Асан қайғы» тобы

Асан қайғы барған, баға берген жерлері туралы пікір білдіреді.





ІІ топ «Желмая» тобы

Асан қайғы жүрген жерлерге саяхат жасап, контур картаға

түсіреді.

ІІІ топ «Жерұйық» тобы

ХХІ ғасырдағы Асан қайғы рөліне еніп, туған жеріне Асан қайғыша баға береді.

Дескриптор:

-Асан қайғы баға берген жерлері туралы пікір айтады;

-Кейіпкер жүрген жерді картаға түсіреді;

-ХХІ ғасырдағы Асан қайғы рөліне енеді;

Қ.Б. Жауаптары тыңдалып,әр топ бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды .

Кері байланыс.Аңыз желісі бойынша өз пікірлеріңді жақсы жеткіздіңдер, жарайсыңдар! Алайда,кейіпкер рөліне енген кезде автор қолданған сөздерді қолдансаңдар орынды болар еді.


Сабақтың ортасы

«Т кестесі» әдісі

Осы әдіс бойынша біз автор бейнесін қазіргі өмірдегі біздің болашағымыз жайлы Асан қайғыша толғанып жүрген тұлғалармен салыстырайық.


Ж.Ж


Асан қайғы бейнесі


Өмірмен байланыс





Ал, жұпта бір-бірімізді ду қол шапалақпен бағалайық.

Дескриптор

-Дала данышпанының бейнесін ашады;

-Басқа жұптың жұмысымен салыстырады;

-Кейіпкерге аңыз мазмұнынан дәлел келтіреді;

ҚБ. Жауаптары тыңдалып, ду қол шапалақ арқылы ҚБ жүргізіледі.

Кері байланыс. Сонымен қазіргі өмірде де елі ,жері үшін болашағын ойлап толғанатын абыз тұлғаларымыз бар екенін шынайы өмірмен салыстыра білдік .Жарайсыңдар, балалар!



Флипчарт,

маркер


















Сабақтың соңы

«Бес жолды өлең» әдісі Асан қайғы сөзіне өлең құрастыру.

Жеке жұмыс

Зат есім


сын есім сын есім


етістік етістік етістік


төрт сөзден тұратын сөйлем


тақырыпты ашатын бір синоним сөз



Дескриптор

-тапсырмаға қарай сөз таптарын жазады.

-Басқа жұптың жұмысымен салыстырады.

Қ.Б

Мұғалім күлегештер арқылы бағалайды.




















Қосымша ақпарат

Асан қайғы түсі арқылы да болашақты болжаған екен.Асан қайғы қазақтың жерін орыс аларын түс көру арқылы білген екен. 

Саралау:

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей Асан қайғы барған, баға берген жерлері туралы пікір білдіреді.

ІІ деңгей

Асан қайғы жүрген жерлерге саяхат жасап, контур картаға түсіреді.

ІІІ деңгей

ХХІ ғасырдағы Асан қайғы рөліне еніп, туған жеріне Асан қайғыша баға береді.

Бағалау:

Оқушылардың нені үйренгендерін тексеру үшін бағалаудың түрлерін қолдандым:

Қалыптастырушы бағалау;

Ду қол шапалақ арқылы бағалау;

Бағдаршам арқылы бағалау;

Күлегеш арқылы бағалау



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

АКТ қолдану барысында оқушыларға қауіпсіздік ережесі түсіндіріледі.


Сабақ бойынша рефлексия







«Табыс ағашы» әдісі Табыс ағашына бүгінгі сабақты қалай түсінгеніміз бойынша,алмаларды ағашқа жабыстырамыз.


Жасыл алма-толық түсіндім

Сары алма-сұрағым бар

Қызыл алма-түсінбедім

Ықшамсабақты қорытындылау

Оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар,рөлдік ойындар және оқушылардың сөйлеу мен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған белсенді оқу әдіс-тәсілдерін сабақ мақсатына қарай қолдандым.

Тақырып пен мақсатына қарай орындалған тапсырмалар оқушылардың өз мүмкіндігін көрсетуде пайдаланылды.Сабақта “Автор орындығы” әдісі арқылы өткен сабақты жаңа тақырыппен байланыстыра аштым. “Т кестесі”, арқылы жаңа тақырыпты ашуда сәтті орындалды. “Бес жолды өлең” және саралау тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар ХХІ ғасырдағы Асан қайғы рөліне еніп, туған жеріне Асан қайғыша баға берді ,автор бейнесін ашып ,өмірмен салыстыра білді.

Осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға сыни көзқараста талқылауда ұтымды қолдандым.Сабағым өз мақсатына жетті және уақытты тиімді пайдаландым

Үй тапсырмасы

Қазақстанның жер байлығы туралы шолу жасау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
1663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі