Әшірбек
Сығай Төребайұлының
өмірбаяны
(1947-2014)
Әшірбек
Сығай Төребайұлы 1947 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан
облысы Кентау қаласында дүниеге келген.
2014 жылы 28 қарашада
дүнеден озды..Әшірбек Төребайұлы Алматы консерваториясын,
қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясын 1969 жылы бітірген соң, сонда
ұстаздық қызметке қалдырылады. 1974-1994жылдары Республика Мәдениет
министрлігі театр бөлімінің, өнер басқармасының бастығы, Қазақстан
КП Орталық комитетіМәдениет бөлімінің жауапты қызметкері, ҚР
Мәдениет министрлігінің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары,
Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтының ректоры болған.
2003 жылдан ҚР Мәдениет министрлігінің Алматы қаласындағы өкілі
болып қызмет атқарған.
«Іңкәр шақ», «Сыр сандық»,
«Сахнаға сапар», «Жарнама алдындағы ой», «Сахна саңлақтары»,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, «Театр
тағылымы»
«Толғам»,«Талдықорған театры»
атты кітаптардың, сондай-ақ жетпіске жуық телехабардың
авторы.
Оның қазақ тіліне аударуымен
Ж.Мольердің «Еріксіз үйлену», К.Гогольдің «Күлкілі оқиға»,
О.Иоселианидің «Арбаның ізімен», Ш.Роквидің «Мазасыз әжей» т.б
драматургиялық пьесалары республика театрларында
қойылған.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (2000), Қазақстанның еңбегі сіңірген өнер
қайраткері, "Құрмет"
орденінің
иегері (2004), Платиналы «Тарлан»
сыйлығының (2005), лауреаты Кентау (1997) және
Түркістан (2001) қаларының, Түркістан облысының (2014) құрметті
азаматы құрметті азаматы.
Әшірбек Сығай өмір жолы
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы, жас ұрпаққа өнеге,тәрбиелік мәні
зор, мектеп оқушылары тәлім тәрбие алуға тұрарлық тұлға Әшірбек
Сығай есімін Түркістан облысы Сауран ауданы Қазақстанның 30 жылдығы
ауылында орналасқан «№13 жалпы орта мектеп» коммуналдық мекемесіне
берілуін өте орынды және қолдауға лайық деп
санаймыз
.
.
Мемлекет
және өнер қайраткері Әшірбек Сығай Төребайұлының
өмірдерегі
Әшірбек
Сығай Төребайұлы 1947 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан
облысы Кентау қаласында дүниеге келген.
2014 жылы 28 қарашада
дүнеден озды..Әшірбек Төребайұлы Алматы консерваториясын,
қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясын 1969 жылы
бітіреді.
Қызметі
-
1969-1974 жылдары .Алматы
консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы)
бітірген
-
1974 -19 78 жылдары.
Қазақстанның Мәдениет министрлігінде
театр бөлімінің
бастығы,
-
1978 - 1979 жылдары Алматыдағы
өнер басқармасының бастығы әрі коллегия
мүшесі,
-
1979 -19 83 жылдары Қазақстан
КП ОК-інің мәдениет белімінде нұсқаушы,
-
1983 -19 89 жылдары. Қазақстан
мәдениет министрінің орынбасары,
-
1989 -19
91 жылдары.
Алматы театр және кино институтының ректоры,
-
1991 -19
94 жылдары
Қазақстан Мәдениет министрінің 1-орынбасары болып
қызмет атқарған.
-
1994 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер
академиясындағы өнертану факультетінің
профессоры.
-
2003 жылдан Қазақстан Мәдениет, туризм және спорт
министрлігінің Алматы каласындағы өкілі.
Қайраткерлігі
Әшірбек Төребайұлы Сығай 1947
жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге
келген. Театр сыншысы, аудармашы, педагог. Қазақстанның еңбек
сіңірген өнер қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.
«Құрмет» орденінің иегері. Қазақ ұлттық өнер университетінің
профессоры. Кентау, Түркістан қалаларының, Оңтүстік Қазақстан
облысының құрметті азаматы.
1969 жылы Алматы
консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы бітірген.
1974 -1978 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театр
бөлімінің бастығы,
1978 — 1979 жылдары Алматыдағы
өнер басқармасының бастығы әрі коллегия
мүшесі,
1979 -1983 ж. Қазақстан КП
ОК-інің мәдениет белімінде
нұсқаушы,
1983 —
1989 ж. Қазақстан мәдениет министрінің
орынбасары,
1989 —
1991 ж. Алматы театр және кино институтының
ректоры,
1991 —
1994 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 1-орынбасары
болып қызмет атқарған.
1994
жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясындағы өнертану
факультетінің профессоры.
2003
жылдан Қазақстан Мәдениет, туризм және спорт министрлігінің Алматы
каласындағы өкілі.
Кітаптары
Әшірбек
Сығай келесі кітаптардың авторы:
«Іңкәр шақ» (1978)
«Сыр сандық» (1981)
«Сахнаға сапар» (1990)
«Жарнама алдындағы ой»
(1993)
«Сахна саңлақтары» (1998; Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығы, 2000),
«Театр тағылымы» (2003)
«Толғам» (2004),
«Талдықорған театры» (2005),
т.б.
Марапаттары
-
Кентау (1997) және Түркістан
(2001) қаларының,
-
Түркістан облысының (2014)
құрметті азаматы.
-
Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты (2000).
-
"Құрмет"
орденімен
марапатталған (2004)
-
Платиналы «Тарлан» сыйлығының
(2005) лауреаты.
Ел есінде
қалған естеліктері
Әшімбаев пен Бөкейдің
әсері
Бұл деректі жазушы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алдан Смайылдың «Қаллеки театрының
қилы тарихы» атты мақаласынан алдық. Әшірбек Сығай өмірінің соңғы
жылдарында да елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде
театртанушы мамандарды тәрбиелеп, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік
академиялық Қазақ музыкалық драма театры директорының кеңесшісі
болды. Кейінгі шәкірттерімен бірге «Қаллеки театры» атты еңбекті де
жазып кетті. Қазіргі таңда аталмыш өнер ошағында Алтынай Нөгербек,
Ерлан Малаев, Мирас Әбіл сынды шәкірттері еңбек етіп жүр.
Әшірбек Сығайдың өзі Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік
консерватория-сында сахна саңлағы Хадиша Бөкееваның сыныбынан дәріс
алып, актер мамандығын меңгеріп шықты. Алайда, жасөспірім шағынан
жазу-сызуға бейім болып, облыстық, аудандық газеттерге әңгіме,
хабарлар жазып тұрды. Пьесаларды аударды. Ал театр сынына құрдасы
Сағат Әшімбаев пен аға досы Оралхан Бөкейдің түрткі болуымен келді.
Театр өнеріне қатысты алғашқы сын мақаласын жиырма жасында, осыдан
тура жартығасыр бұрын жазып, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»)
газетіне шығарды.
«ЖАНСАРАЙДАЙ» ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА
ЖЕТІСПЕЙ ТҰР
Білімін тереңдету мақсатында
Мәскеудегі Луначарский атындағы театр және өнер институтының
театртану бөлімінің аспирантурасын бітірді. «Іңкәр шақ», «Сыр
сандық», «Сахнаға сапар», «Жарнама алдындағы ой», «Театр тағылымы»,
«Толғам», «Талдықорған театры», т.б. кітаптары жарық көрді. «Сахна
саңлақтары» еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
Жалпы осы күндерге дейін Әшірбек Сығайдың жиырма шақты кітабы
шықты. Соңғы еңбектерінің бірі «Жансарай» аталады. Осы аттас
телебағдарламаны жүргізгені де халықтың есінде шығар. Онда сыншы
белгілі бір тұлғаны хабарға шақырып, онымен емін-еркін әңгіме
өрбітетін. Жүргізуші де, қонағы да бағдарламаның сәнін келтіріп
тұратын. Шындығын айтқанда, қазір қазақ телеарналарына сондай
бағдарламалар жетіспей тұр…
«Сын сырдары» атты естелік кітапты баспаға дайындап қойдық. Биылғы
70 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында театр фестивалін
ұйымдыстыру ұсынылды. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында
ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Астанадағы өзі еңбек еткен
Қазақ ұлттық өнер университетінде сондай шара ұйымдастырылатын
сияқты. Бірақ бұл жағы әлі анықталған жоқ» дейді Әшірбек Сығайдың
45 жыл отасқан жары Күләш Дулатбекқызы.
ӘШІРБЕК ӘЛЕМІН
АШТЫ
Белгілі кинорежиссер,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омаров «Әшірбек
Сығай: Сын сардары» атты деректі фильм түсірген болатын.
«Қазаққа керек тұлғалардың сұхбаттарын реті келгенде мен жазып
жүрем. 2003-2004 жылдары, Әшағаңның жүрегі әлі ауырмай тұрғанда
үйіне барып, сол кісімен ұзақ отырып сұхбатын жазып алдым. Онда
ұлттық мүддеге қатысты Әшағаңды толғандырып жүрген ойлары,
өнердегі айтыс-тартыс мәселелері кеңінен қамтылды. Кейіннен ол
кісі ауырып қалды. 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына
арналған деректі фильм түсірдім. Содан кейін шығармашылықтан біраз
алыстап қалдым. Бір күні «Қазақфильм» АҚ-ның сол кездегі президенті
Ермек Аманшаев маған: «Әшірбек Сығай туралы фильмді түсіруге
тапсырыс алған едік, Әшағаң сенен басқа еш режиссерге көнбей жатыр»
деп хабарласты. Өзімнің бұдан бұрын да Әшағаңа үлкен ықыласым бар
болатын, оның маған деген ықыласына риза болдым. Содан бір жылдай
жанында жүріп, фильмді түсірдім. Туған жерінен бастап Мәскеуді,
Қазанды, Астананы бірге араладық. Көзі тірісінде Әшекең фильмді
көріп, екі-үш ескертпелерін айтты. Онысын орындадым. Өкінішке қарай
менің де, оның да жолсапарлары көбейіп кетті. Содан фильмнің
тұсаукесерін өткізу бұйырмады. Өмірден өткеніне 40 күн толғанда
ғана Алматыда таныстырдық.
Бұл фильмнің бір ерекшелігі – оған мен Қазақ ұлттық өнер
университетіндегі Әшірбек Сығайдың шәкірттерін енгіздім. Онда
ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасының нәзік иірімдері көрінеді. Қазір
сол жастардың Әшекең туралы айтып жатқан ойларына да ризамын.
Әшірбек Сығай – театр өнерінің өткені мен бүгінін байланыстырып
отырған алтын көпір еді. Деректі фильмде сондықтан оның өмірбаяны
ғана емес, қазақ театрының тарихы, оның іргесін қалап,
қалыптастырған тұлғалар да қамтылды. Фильмнің Алматыда тұсаукесері
өткенде Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков сынды ағаларым батасын
беріп,
ҰЛТТЫҢ
ҰЛЫ
Әшірбек Сығай – Төребайдың
ғана емес, ұлттың ұлы болатын. Ол ұлттық өнердің өрістеуін тіледі.
Бар өмірін де осы жолға арнады. Ұрпақ тәрбиесіне де аз көңіл
бөлмейтін. Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лау-реаты Дулат
Исабековтің сұхбатын оқыған едік. Сонда ол Әшірбек Сығай бірде-бір
балаларын, немерелерін шетелде оқытпағанын айтады. Осының
анық-қанығын сыншының жары Күләш Дулатбекқызынан білдік.
«Үлкен ұлымыз Қанат шетелде 8 жыл тұрды. Балалары ағылшын тілінде
сөйлеп, қазақша түсінбей кетті. Содан немереміз Бақтиярды
«ағылшының керегі жоқ» деп қолымызға алғанбыз. Қазақта өзі де үлкен
немере ата-әженің бауырында тәрбиеленеді ғой. Кейін ұлымыздың
отбасы да Қазақстанға қайтып келді. Ал Бердібек Соқпақбаев
атындағы орта мектептің бесінші сыныбында оқып жүрген Бақтияр
қазір қазақша тамаша сөйлейді» дейді Әшірбек Сығайдың зайыбы.
«Орнында бар оңалар» дейді қазақ. Әшірбек Сығай ортамызда болғанда
11 қаңтар күні 70 жасқа толар еді. Артында жары мен балалары,
немерелері қалды. Бұған қоса әр буыннан шәкірттері табылады.
Сыншының өмірін жалғастырып отырған солар. Айзат Қыдыралиева,
Назерке Жұмабай сынды шәкірттерінің театр сынындағы аяқ алыстары
да жаман емес. Театр өнеріне қатысты үлкен жүк енді олардың
мойынына артылып отыр. Ұстаздардың ісін орта жолда қалдырмас
деп ойлаймыз.
Лебіздер
-
«Әр уақытта менің жүрегімнің
төрінен орын алатын менің ер інім - Жұмабек» (Ғабит Мүсірепов,
жазушы)
-
«Ж.Тәшенов қандай қызметте
болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың
жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында
тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат
еді»(Сағадат Нұрмағанбетов, генерал, Кеңес Одағының Батыры,
Қазақстанның Халық Қаһарманы)
Сөздері:
1. Бір ғана команда бар, ол -
қазақ, қазақстан командасы.
2. Қазақтың жері кең, қойнауы қазынаға бай. Бірақ сол ұлан-ғайыр
даламыз бар. Санымыз аз. Осы олқылықтың орнын қалайда толтыру
керек, қазаққа шұғыл түрде көбею қажет.
3. Халықтың санын көбейтуіміз тиіс. Егер халықтың саны 20 миллионға
жетсе, онда қазақ халқының тіл мәселесі мұндай өткір күйінде
бірінші кезекте тұрмас еді.
4. Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп
отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен
айнып қалған жүрек - жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір
бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз
тоқтамасын!
5. Классикаға дұрыстап мойын бұра алмай жүргендердiң қадірі қашуы
мүмкiн. Ал классиканың қадiрi ешуақытта қашпайды. Өйткенi, ол -
классика. Классика деген - мәңгiлiк тағдыр тапқан, мәңгiлiк тарих
тапқан рухани дүние.
6. Қалың көпке бiрдей жағу қиын нәрсе. Ол - өте сирек болатын
процесс. Барлығына бiрдей ұнау деген болмайды. Өйткенi әркiмнiң
өзiндiк "менi", өзiндiк талғамы, қисыны, қабылдау жүйесi, қорыту
деңгейi, мүмкiндiгi болады.
7. Сахнада, экранда кілең шіңкілдек, ұсақ актерлер көбейді, екі
иығына екі кісі мінгендей фактура жоқ. Кескін келбеті келіскен
кермиықтарға зәруміз. Майда тартып барамыз. Шіңкілдеп, елпілдеп
кеттік.
8. Қажымұқанды орта бойлы, сидиған жігіттер ойнайтын болып жүр.
Қамарды көріп қарның ашады.
Не
дауыс жоқ, не рух жоқ. Дене тұрпаты ғана емес, қимылы, рухы
кішкентай. Қарагөз болып толқытып, Қамар болып жылата алмайды, қыз
Жібек болып егілтіп, Еңлік болып елжірете алмайды мені. Міне,
барлық трагедия осында жатыр.
9. Штамп деген - қазiр қазақ сахнасының негiзгi дертi. Ол не деген
сөз? Бiрiздiлiк, сол баяғы бiр ұқсастық, Анау рөлiнде де, мынау
рөлiнде де қолы ербең-ербең, сол баяғы дауыс, сол баяғы үн, сол
қимыл, сол күлкi. Еш өзгерiс жоқ.
10. «Отеллоны» Мұхтар Әуезов керемет аударған. Ал енді соны қазақ
тілінің табиғатынан, құнарынан беймағлұм режиссердің ыңғайына
қарап, қайшы ала жүгіру, күзеп салу, түзеп салу - мен мұны
жақсылықтың нышаны деп ойламаймын.