Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы: 5.3В Ондық бөлшектерге
амалдар қолдану
Күні:
Сынып: 5
Мектеп: «№3 ЖОББМ» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Дарханбаева Гулдана Смайылкызы
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
Сабақтың мақсаты Барлығы: Ондық бөлшектерді қосу, азайту ережесін
меңгереді. Ондық таңбалары бірдей ондық бөлшектерді
қосады, азайтады.
Басым бөлігі: Ондық таңбалары әр түрлі ондық бөлшектерді
қосады, азайтады.
Кейбір оқушылар: Қосудың қасиеттерін қолдана отырып,
ондық бөлшектерді қосуды, азайтуды орындайды.
Бағалау критерийі Ондық бөлшектерді қосады және азайтады. Ондық таңбалары
әр түрлі ондық бөлшектерді қосады, азайтады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар :
-жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу
алгоритмін түсіндіре алады;
-ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
алгоритмін түсіндіре алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
-бүтін бөлік, бөлшек бөлік;
-ондық бөлшек;
-үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;
-үтірден кейінгі таңбалар саны;
-ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер.
Диалогқа (жазылымға) қажетті тіркестер
-жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін....керек;
-ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін....керек;
-екі ондық бөлшекті қосу(азайту) үшін ......керек.
Құндылықтарға баулу Ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тарихи
құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, дене тәрбиесі
Алдыңғы білім Ондық бөлшектерді жаза және оқи алады, координаталық
сәуледе кескіндейді.
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың
басы
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Біз балалар мәңгілік елдің ұрпағымыз. Мәңгілік
елдің ұрпағына лайықты екенімізді, қазақ екенімізді
көрсетейік. Қазақтың бастауы киіз үйден басталды. Ендеше
бүгінгі сабағымызда да осы ауызбіршілігімізді көрсетейік.
Қане киіз үйдің қаңқасын құрастырып көрейікші.
Топқа бөлуге
арналған кеспе
қағаздар,
интерактивті
тақта
Психологиялық ахуал. «Киіз үй». Оқушылар шеңбер болып
тұрады: Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
Киіз үй моделін құрып,қол ұстасып тұрады.
Топтарға біріктіру. Осы киіз үйдің уық, кереге, шаңырақ
арқылы 3 топқа топтастырылып, топ басшылары сайланады.
Бағалау парақшасы
Топ
атауы
1
тапсырма
2
тапсырма
3 тапсырма 4
тапсырма
Уық
Кереге
Шаңырақ
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сөйлемді аяқта» әдісі
1. Ондық бөлшек дегеніміз...
2. Ондық бөлшекті қосу үшін ...
3. Ондық бөлшекті азайту үшін ...
4. Ондық бөлшектерді салыстыру үшін...
5. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін...
6. Ондық бөлшекті қолданысқа енгізген ғалым - ...
7. Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек
түрінде жазу үшін...
Бағалау: әр дұрыс жауап 1 ұпайдан беріледі
Сабақтың
ортасы
ІІІ.
1.Жаңа тақырыпты меңгеру
Балалар, біз қандай бөлшектерді оқып жатырмыз? /ондық
бөлшектерді/
-Мына амалдардың ішінен орындай алатын тапсырмаларды
таңдап орындаңдар:
58-21 23,2+12,4 62+14 14,2-0,5 49+57
-Неліктен ерекшеленген амалдарды орындамадыңыздар?
(оқушылар ондық бөлшекке ондық бөлшекті қосуды
өтпегендігін айтады)
-Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Ондық бөлшекті ондық
бөлшекке қосу, азайту.
Сабақтың мақсаты хабарланады. Оқушылар толықтырады.
-Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бағандап қалай қосуға
болады деп ойлайсыздар?
-Натурал санға натурал санды бағандап қосу әдісін
пайдалануға болар ма еді?
-Бірлік, ондық разрядтарға назар аударыңыздар.
Бұл туралы Рим жазушысы Цицерон былай деген екен:
«Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкім айта
алмайды!»
5 сынып
математика
оқулығы
автор
Т.А.Алдамұрато
ва,
Қ.С.Байшоланов
а,
Е.С.Байшоланов,
стикерлер,
интербелсенді
тақта ,
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ондық бөлшектерді қосу /азайту/ үшін:
1. бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру
керек
2. ондағы аттас разрядтарды бірінің астына бірі тұратындай,
/үтірдің астына үтір тура келетіндей/ етіп, баған түрінде жазу
керек
3. разрядтар бойынша қосу /азайту/ керек
4. шыққан нәтижедегі үтірді берілген бөлшектердегі
үтірлердің астына келтіріп қою керек.
- Қосу мен азайтудың қандай қасиеттерін білесіңдер?
(қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеті, қосындыдан
санды азайту, саннан қосындыны азайту)
Ондық бөлшектерді қосуда, азайтуда қосудың және азайтудың
қасиеттері қолданылады.
Топтық жұмыс. №1 тапсырма
І топ : Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
1. 14,25 + 7,341 = 7,341 + 14,25 = 21,591
ІІ топ:Қосудың терімділік қасиеті
2. (15,224 + 8,1) + 1,9 = 15,224 + (8,1 + 1,9) = 15,224 + 10 =
25,224
ІІІ топ: (Қосындыдан санды азайтудың қасиеті
3. (5,46 + 1,78) – 2,46 = (5,46 – 2,46) + 1,78 = 3 + 1,78 = 4,78 )
Мұғалім: Саннан қосындыны азайтудың қасиеті
4. 4,25 – (1,89 + 0,25) = (4,25 – 0,25) -1,89 = 4 – 1,89 = 2,11
Бағалау: «Жеңімпаз» сатысы. Топтар стикерлерді жабыстыру
арқылы бірін-бірі бағалайды.
- Өте ерте заманда адамдардың заттарды санауы қажет
болғандықтан натурал сандар пайда болды. Одан кейін
нәрселерді тең етіп бөлу қажеттігінен жай бөлшектер пайда
болды. Техника, өндіріс, сауданың өсуіне байланысты тез
және дәл қосу, азайту, бөлу керек болды. Ал жай бөлшектер
үшін бұл мүмкін болмады. Сондықтан үтірлер арқылы тез
есептелінетін ондық бөлшектер пайда болды.
Ондық бөлшектерді дәлме дәл және оңай салыстыруға, қосып,
көбейтуге, бөлуге болады.
Топтық жұмыс. №2 тапсырма
І топ
1) 0,07+13,23; 9,02+4,28;
2) 6,25-4,3; 15,9-4,75;
ІІ топ
3) 18,36+7,14; 85,07+3,03;
4) 7,63-2,51 ; 41-32,5;
ІІІ топ
5) 25,6+0,41; 56+0,37;
6) 6,5-4,7 95-81,08
Саралау: тапсырма, қарқын бойынша сараланады.
Бағалау: Мұғалім топтағы әр оқушыны тәттілермен
бағалайды.
- барлығы дұрыс болса, математикалық тілде түсіндіре алса,
«жасыл» түс;
- барлығы дұрыс, бірақ математикалық тілде түсіндіре алмаса,
«сары» түс;
- есептері дұрыс болмаса, «қызыл» түс
ІV. Бекіту
-Орыстың ұлы математигі Магницкий:
«Бүтінге келсең жұлынып,
Алдыңа еш жан салмасаң
Бөлшекке келсең бұғынып,
Жауабын таба алмасаң,
Есепке мықты демелік,
Бөлшекке көңіл бөлейік»
деп, бүтін сандарға амалдар қолдануды қанша жақсы білсең
де, бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесең, онда есепке
мықтымын деп айтпа деген екен.
Жұптық жұмыс. №3 тапсырма
1) (37,5-8,609)-(3,27+0,078);
2) (95,83-76,9)+(11,8-5,7);
3) 57+(20,78-5,069)-(5,6+2,37).
Дескриптор:
- амалдардың орындалу ретін көрсетеді;
- ережені пайдаланып ондық бөлшектерді қосады;
- ережені пайдаланып ондық бөлшектерді азайтады.
Жеке жұмыс. №4 тапсырма.
Алдар көсе ежелгі театрлар отанына баруды жоспарлайды.
Өрнектердің мәндерін дұрыс тауып,қаланың атын анықтаңыз.
Өрнектердің жауаптарын екінші жолға,ал оларға сәйкес
әріптерді үшінші жолға жазыңыз.
24,2+0,877 129+9,82 8,2-5,7 96,3-0,081 1-0,333
= = = = =
2,5=И 25,77=Ш 0,667=Ы 96,219=Н
138,82=Ф 25,077=А 95,219=Д 0,777=К
Дескриптор:
- ондық бөлшектерді қосуды орындайды;
- ондық бөлшектерді азайтуды орындайды;
- жасырын сөзді дұрыс табады.
Сабақтың
соңы
V. Қорытынды. Рефлексия. Бүгінгі сабақта болған көңіл –
күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
5сынып
математика
оқулығы
автор
Т.А.Алдамұрато
ва,
Қ.С.Байшоланов
а,
VІ. Үйге тапсырма
«Сұрақтары бар қорап» (Саралау түрі – қорытынды)
Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында
өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың
басында талқыланады.
Е.С.Байшоланов,
қорап,
бас бармақтар
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай
жоспарлайыз? Фармативтік
бағалау түрлерін қолдану
арқылы :сабақты тусынгенін
тексеру бас бармақ әдісін
қалданамын
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау
Мақсат бойынша саралау
сабақты жоспарлаудан бастау
алып, оқушылардың көпшілігі,
басым бөлігі, кейбір оқушылар
үшін қол жетімді
тапсырмаларды орындауға
бағытталады. Топтық
жұмыстың екінші
тапсырмасында қарқын
бойынша сараланады.
Бағалау парағы және
дескрипторлар арқылы
бағаланады.
Интерактивті тақтаны және
компьютерді қолданғанда
қауіпсіздік техникалары
сақталады.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді
болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта
саралау дұрыс жүргізілді. Сабақ кезеңдерінде уақыт тиімді
пайдаланылды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.
Жалпы бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?