Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АСЫҚ АТУ ҰЛТТЫҚ ОЙНЫМЫЗДЫ - ОНЛАЙН ТҮРІНДЕ ЖАҢҒЫРТУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қостанай облысы Рудный әкімдігінің «№15 орта мектебі»КММ
АСЫҚ ату ұлттық ойнымызды -
онлайн түрінде жаңғырту
Орындаған:
Сынып: 6
Ғылыми жұмыс жетекшісі:
Қасқрбаева Эльмира Сейілбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Рудный, 2021 ж
Мазмұны
Кіріспе. Ұлттық ойынымыз асық атудың шығу тарихы.........................5
І.Негізгі бөлім
1.1 Дене шынықтыру сабағында
«Асық атуды» пайдалану....................7
ІІ тарау. Практикалық бөлім
2.1. Асық ату ұлттық ойнымызды - онлайн түрінде жаңғырту............9
2.2. «Өзге елде – сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»..........................11
2.3. «Қазақтың ұлттық ойындарының бес түрі»..................................14
2.4. «Ұлттық ойынымыз асық атудың түрлері»..................................15
Ғылыми жұмыстың қорытындысы.............................................................25
Ғылыми жұмыстың ұсынысы.......................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................27
Абстракт
Ғылыми жұмыстың өзектілігі:
Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жас ұрпақты тәрбиелеуде ата – бабамыздың салт – дәстүрін насихаттауда көптеген жұмыстар жүргізіледі. Әдеп – ғұрып, салт – дәстүр ұрпақтан – ұрпаққа жетіп дами түсу қажет. Мектеп қабырғасынан балалар әдеп – ғұрып, салт – дәстүрді бойына сіңіру керек. Сонымен қатар міне, екінші жылға кетті, оқуышыларымыз ұлттық ойындарын онлайн түрде де жаңғыртуға болатынын, үйрене отырып, жаңғыртсақ деген ойдамын. Бүгінгі жаһандау үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік тілін, салт – дәстүрін, ұлттық ойындарын, ерекшеліктерін, өзіндік бет бейнесін сақтап қалға тырысуда. Келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелеу басты бағыттылық болуы керек.
Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Ғылыми жұмыстың басты жазудағы мақсатымыз ата – бабамыздан қалаған ұлттық ойындарымыздың жалпы түсінікті байыту заман талабына сай, онлайн түрде үйрету, ұлттық ойынның қазіргі өмірдегі маңыздылығын анықтау және түрлерін терең үйренумен қатар өзіміз ойнау арқылы басқа балаларды қызықтыру. Асықтың қадірін білуге, оны ұлттық белгі ретінде мектептерде жоспарлы сабақ ретінде пайдалану және жаңғырту.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
Әдет – ғұрыптардың этностық ерекшеліктерін анықтау.
Асық ойынын тереңірек зерттеу.
Оны тиімді пайдалануды көпшілікке таныту.
Ұлттық ойынымыды заман талабына қарай пайдалану.
Ғылыми жұмыстың гипотезасы:
Ата – бабамыздан бүгінгі таңда еліміз өз әдет – ғұрыпын, салт – дәстүрін жас ұрпаққа насихаттап, жаңғыртуда. Қазіргі заман талабына сай оқушыларымыз, үйірмелерге бара алмауына байланысты, онлайн түрде ойнату. Қазақтың ұлттық ойындардың бірі «Асық ату» мектеп қабырғасында ойналуы қарастырылған.
Ғ ылыми жұмыстың зерттеу нысаны:
Қазақ ұлттық ойындарының қала мектептері мен сонымен қоса, онлайн түрде де үйренуге тура келді. Ұлттық ойынымыз – мектебіміздің айнасы. Ұлттық ойынымызды онлайн түрде үйретудің әдісі.
Ғылыми жұмыстың зерттеу пәні:
Ұлттық ойынымыз «Асық ату» ойынын мектептерде пайдаланулары және терңірек зерттеулері. Интернет желісі арқылы, жаңғырту.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Асық ату ұлттық ойынымыздың онлайн түрінде де пайдалы, маңызды екенін көрсету.
Кіріспе
Ұлттық ойынымыз асық атудың шығу тарихы.
Ата – бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілетті жоғары ұрпақ бойына дарыту – оқытушылар алдындағы міндет. Ұрпақ ұлтты ғана жалғастырмайды, ұлт бірлігі, салт – дәстүрімізді және ұлттық ойындарымызды насихаттау арқылы дәнекерлейді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
«Асық ату» ойынының кез келген мемлекет ең әуелі ұлттық салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын ұлықтауы тиіс. Ата-бабамыздан бүгінгі күнге мирас болып жеткен ұлттық спорт түрлерін біз қастерлемесек, біз ойнамасақ, оны ешкім қажет қылмайды. Кезінде «асық ойнаған-азар» дейтін еді, ал, қазіргі танда ол олай емес… Балаларымыз шетелдің шығарған қан-төгіс ойындарын ойнағанша, адамның денсаулығына зор пайдасын тигізетін асық ойынын ойнағаны артық. Ойын адамды асықтың ұшу траекториясын көзбен өлшеп, сызу арқылы математикаға баулиды. Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Ертеде мұны қазақтың ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Бұл ойын адамды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке үйретеді.
Ұлттық спорттың жанашыры, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың доцентi Орал Аманжоловтың «Асықтар және ләңгi» атты кiтабы – барша қазақтың сүйіп ойнайтын байырғы ойындарын жаңғырту бағытында жазылған құнды еңбектердің бірі. Автор бұл еңбегінде асық ойынын тек қазақтар ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі халқы ықыластана ойнағанын айтады. Оның айтуынша, бұл ойын ең алғаш ежелгi түркілердiң арасында пайда болған. Қазақтар секілді, түрік ағайындар да асықтың ең жақсысын «Алтын сақа» деп қастерлейдi екен. Сондай-ақ асық ойыны байырғы Грецияда «астралаг» атауымен және Римде «талус» деген атпен кеңінен таралған. Қазақтың ұлттық ойыны саналатын асық пен ләңгiнi Орта Азия халықтары, оның iшiнде өзбек, қырғыз, тәжiк т.б ұлттар да әлi күнге дейiн ойнайды. БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы оқу-спорт және туризм жұмыстары жөніндегі бөлімінің бастығы Тұрарбек Бекарыстановтың айтуынша, асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Ойын барысында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені бүгу, созыла түсіп, көздеп ату және тағы басқа дене қимылдары жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Сондай-ақ асық ойынындағы алыстан көздеп ату тәсілі баланы жастайынан мергендікке үйретеді.
І.Негізгі бөлім
1.1 Дене шынықтыру сабағында
«Асық атуды» пайдалану.
Ертеде Атырау мен Алтайдың арасындағы ұшы-қиырсыз сардаланы мекендеген бабаларымыз кезекті жорыққа аттанар алдында соғыс тактикасын, стратегиясын тақта тастың үстіне асықтарды шашып жіберіп түсіндірген екен. Соның әсері шығар, қазақтың баласы ес біліп, етегін жабар-жаппастан асық ойынына ден қояды. Әбден машықтанған соң, жерде тізіліп тұрған асықты көздемей-ақ атып түсіреді. Көпті көрген көнекөздердің айтуынша, қазақ баласын «көңіл мергендігі» ашылсын деп асық ойнатыпты. Себебі, дала заңы бойынша, атқа қонған аламан шауып келе жатып жауына жебесін дәл тигізе білуі тиіс еді. Ал бойыңда мұндай қасиетің болмаса ат үстінде қозғалып отырып көздеу мүмкін емес. Мүлт кетесің.
Мергендікке баулитын ойынға «Үштабан», «Сызбай», «Арқаласпақ» жатады. Үш ойынның тәртібі үш түрлі. «Сызбайда» жерге төртбұрыш сызылады. Дәл ортасына балалар екі-екіден немсе үш-үштен асық тігеді. Он-он бес қадам жерде әлгі асықтарды сақамен ататын жер белгіленеді. Кезек бойынша дәлдеп, тігулі асықты түгелдей шеңберден шығару шарт. Ал сақаны қошқардың дәу асығынан таңдап, ортасына қорғасын құяды. Арқардың құлжасынан алынған асық ауыл балалары үшін таптырмас олжа. Ондай сақаны ілгеріректе бір мал немесе екі жүз асыққа айырбастайтын.
Қазақтар секілді, түрік ағайындар да асықтың ең жақсысын «Алтын сақа» деп қастерлейдi екен. Сондай-ақ асық ойыны байырғы Грецияда «астралаг» атауымен және Римде «талус» деген атпен кеңінен таралған. Қазақтың ұлттық ойыны саналатын асық пен ләңгiнi Орта Азия халықтары, оның iшiнде өзбек, қырғыз, тәжiк т.б ұлттар да әлi күнге дейiн ойнайды. Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» атаулының бекзаты осы асықтың ханталапай, үштапан, шеңбер, омпы. «Асық ойнаған азар» дегені бабаларымыздың бұл өнерден безгені емес, күнұзақ үй бетін көрмей ойын қуған мерген – ұлдың ойынпаздығына бір ескертпесі болар.
Мен осы қала мен ауыл балаларының асық ойынының ережесін Қостанай облысы Науырзым ауданында, Әулиекөл аудандарына жаз айларында барып «Асық ату» ойынын зерттеп келдім. Сонда қала мен ауыл балаларының арасында үлкен айырмашылық бар екеніне көзім жетті. Дегенмен... Әдетте оңқай бала асықты атарда сол аяқты алға қоятын еді, қала баласының көбі оң қолмен көздеп, оң аяққа сүйенеді. Олар, біртүрлі, ауыл балаларының асық ойынын қорлап жатқандай көрініп кетеді кейде. Біздің мектебімізде дене шынықтыру пән мұғалімі бізге ауыл балаларының ойын ережесімен түсіндіріп, ойнатады. Біз мектепте ойнаған кезінде сол аяғымыз алдыда және оң қолмен көздеп ойнаймыз.. Біздің оқушылардың асық ойнағаны маған біртүрлі жабайы көрінеді. Олар ауыл балаларының бір бейнесін дәл көрсете алмағаны үшін кінәлі емес те шығар. Қала балаларында «Асық ату» ойынының не қалада, не мектептерде үйірмелер жоқ. Егерде мектепте жоспар бойынша сабақ өтілсе оқушыларымыздың қызығып ойнайтынына сенімдімін. Мен кіші кезімнен сабақ аяқталған соң сыныптастарыммен мектеп алаңында асық ойнаймыз. Асық ойынын бастауыш сыныптардан бастап алған жөн деп ойлаймын, олар тез ойынның ережесін меңгеріп алады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары да бізбен жарыса ойнайды. «Алтын сақа» атты асық атудан мектебімізде алғаш рет қыркүйек айында мектепішілік 5,6, 7 сыныптар аралығында денешынықтыру пән мұғалімі өткізілуімен жарыс өтті. Бұл жарыста 5 және 7 сынып оқушылары жүлдеге ие болды.
Мен осы ойында да «Асық ату» ойынын зерттеген соң біраз ережелеріне, ойын түрлеріне көңіл бөлдім. Қалалық ойында «Шеңбер», «Омпы», «Ханталапай» т.б. ойындары жарысқа қойылды. Асықтың аса қадірлі ұлттық ойын екені өз алдына, баланың табиғи дұрыс өсуіне, денсаулығына маңызы аса зор. Биылғы Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз күні асық ойнау ақырындап өріс алып келеді. Бұл күні де ұйымдастырып отырады. Бұл жұртшылық жарысқа ағайымыз бізді де сол мереке күні босқа жүрмесін деп бізді де жарысқа шақырды. Асықтардың салт-дәстүрімізге енгені соншалықты, оларға байланысты ата-бабаларымыздың айтқан сөздері де бар. Мысалға алатын болсақ, "асығың алшысынан түссін"- "ісің оңды, жемісті болсын," дегенді білдіреді. Халқымыз асықты құрметтеп, оларға қатысты ойындарды да шығарған.
ІІ тарау. Практикалық бөлім
2.1. Асық ату ұлттық ойнымызды - онлайн түрінде жаңғырту.
Қазіргі заман талабына сай, өздеріңіз білетіндей, дүниежүзілік індетке байланысты біз оқушылар, түрлі үйірмелерге барудан қалдық. Міне, екінші жылға кетіп бара жатыр, біздің үйірмелерге бармағанымызға. Сондықтан да асық ату ұлттық ойынымызды барлық ойыммен, барлық ынтаммен ойнағанды жақсы көремін. Жетісіне екі рет болса да, үйірмелерге қалдырмай қатысып отырушы едім, ал қазір ондай мүмкіндік жоқ, сол себептен үйде онлайн түрде ұлттық ойнымыз асық атуды үйде ғаламтор арқылы да үйрене беруге бет бұрдым.
Бұл ғылыми жобамда жалғыз мен емес, достарыммен топ құрып, ғаламтор арқылы ойнаған да қызық болар деген оймен жазып отырмын.
Біріншіден далаға шығуға болмайтын күндеріміз көп, ең болмаса бос уақыттарымызда ұлттық ойынымызды үйрене берейік деген ойым болды.
Тек видео арқылы емес, ұлттық ойынымыздың түрін сайт арқылы тек жалғыз да атып ойнауға болатынын да ойнауды ұйғардым.
Мысалға, түрлі шетелдің ойындарын ойнағаншы, өз ұлттық ойынымыз асық атуды да түрлі ережелері бар, сол ережелерімен ойынды құрастырып шығарғанымыз джөн көрдім. Әрине керемет құрастырып білмесемде соған талпыныс жасап отырмын. Мысалы, үнді шахматын онлайн түрде ойнауға болады, ұлттық асық ату ойынымызды да онлайн түрде жасап, ойнасақ, нұр үсіне, нұр болар деп ойлаймын.
Асық атуды тек онлайн ғана емес, видео арқылы топ құрып, ойнасақ біріншіден, бұл ойын – түгелдей қозғалыс. Баланың он екі мүшесі, бұлшық еттері толық қозағлысқа түседі. Ойыншы бала еңкейеді, сәл ғана ұмсынады, оң аяғын қатты серпеді. Бір мезетте осынша қимыл – қозғалысқа түсіретін бір де бір ойын жоқ. Сақаны жіберіп қалған соң бала қарап тұрмайды, жүгіреді.
Екіншіден, көздің көрегендігін арттырады. Сөреден асықты дәл көздеу, қашықтықты дәл межелеу көрегендікті қажет етпей ме?
Үшіншіден, асық ойыны баланың миын шынықтырады. Яғни, бала асықты атпас бұрын ойланады. Қай тұстан, қалай атаса дұрыс тиетінін ойша самақтайды. Сөйтіп, өзінше есептеп, қорытынды шығарту арқылы асық баланың ақыл – ойының жетілуіне себепкер болады.
Төртіншіден, ең бастысы, асық ойыны баланы жеке тұлға ретінде мықты тәрбиелейді. Асық ойнау арқылы бала бәсекелестікке үйренеді, бойынша көшбасшылық, лидерлік қасиет қалыптасады. Бүгін ұтылған бала ертең ұтуға тырысады, сөйтіп мінез – ер мінезі шыңдалады. Қалада, бір ерекшелігі, жыл он екі ай ойнауға болады ғой, егерде мектептерімізде сабақтарда асық ату ойынын жоспарға кіргізсе, ұлттық ойындарымыз ары қарай дамиды деген ойдамын.
2.2. «Өзге елде – сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».
Кез келген мемлекет ең әуелі ұлттық салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын ұлықтауы тиіс. Ата-бабамыздан бүгінгі күнге мирас болып жеткен ұлттық спорт түрлерін біз қастерлемесек, біз ойнамасақ, оны ешкім қажет қылмайды. «Кезінде «асық ойнаған-азар» дейтін еді, ал, қазіргі танда ол олай емес… Балаларымыз шетелдің шығарған қан-төгіс ойындарын ойнағанша, адамның денсаулығына зор пайдасын тигізетін асық ойынын ойнағаны артық. Ойын адамды асықтың ұшу траекториясын көзбен өлшеп, сызу арқылы математикаға баулиды. Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Ертеде мұны қазақтың ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Бұл ойын адамды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке үйретеді.
Бір ережені ескертуі жөн: асықты лақтырғанда, “хан” асықтардын астында қалуы мүмкін және асықтардан тазаланбайды. Сонда лақтырған: “хан талапай” деп бақырады. Ойнаушылардың бәрі, асықтарға жауылып көбірек алуға таласады. Асық ойнау үшiн балалар тақыр алаңқайға көлденеңiнен түзу сызық сызады да, соны бойлай тiгiлген кенейдi кезектесiп сақамен ату арқылы мергендiк сынасады. Кенейдi кiм көп атып салса, сол ұтады. Асық ойынының бұдан басқа да түрлері бар. Мәселен, солардың iшiнде кеңiнен таралғаны «Үш табан», «Бiр табан», «Әйзiк», «Атпақыл», «Шығу», «Құмар» «Таған», «Шеңбер», «Шiк-Бүк», «Доршке», «Қақпақыл», «Иiрмекiл», «Жемекiл», «Ханталамақай», т.б. Асық ойынын үйде де, ашық алаңда да ойнауға болады. Қыстың боранды күндерінде ұзақты күн үйде отыратын балалар ертеде асық ойынының «Ханталапай», «Қора», «Алшы» деген түрлерін ойнаған. Бір орнында отырып ойналғанымен, бұл ойындар да ойыншыны дәлдікке үйретіп, намысқойлыққа тәрбиелеген. Ғалым өзінің осы еңбегінде қазақ халқы асықты тек ойын құралы ғана емес, сондай-ақ болашаққа болжам жасауға пайдаланғанын айтады. Бақсы-балгерлер баяғы заманда асыққа қарап жіберіп көріпкелдік те жасаған. Болжам жасалатын асық етінен әбден тазартылған, еш жеріне сызат түспеген болуы керек. Соған қарағанда, болжам таза асықтағы бейнеге қарап жасалатын сияқты. Сақасы мықтының салымы күшті! Асық ойынында, ең бастысы – сақаң жақсы болуы керек, сонда ұту мүмкiншiлiгiң арта түседi. Сақасы мықты ойыншының асық ойынында бағы жанатыны сөзсіз. Ал енді сақаны қалай таңдау керек, соған тоқталайық. Асық ойынын зерттеушілердің айтуынша, сақаның әдемі де салмақты болғаны дұрыс. Салмақты болу үшін ойыншылар ертеде асыққа қорғасын құятын болған. Қорғасын құйылған сақаның салмағы ауырлап, қарсыласын ұту мүмкіндігін арттырады. Ауыр сақа ойын барысында иіріп жібергенде, көбінесе алшысынан түсіп, иесіне жол ашады. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады. Қазақтың «Асығың алшысынан түссін!» деген ізгі тілегі осыдан шыққан. Сақалыққа негізі арқардың асығын таңдаған жөн. Себебі ол қой мен ешкінікіне қарағанда, көлемі жағынан әжептәуір үлкен және ауыр. Салмақты сақа алыстан атқан кезде асықтардың бірнешеуін шеңбердің сыртына шығарып жібереді. Асық ойнауға әбден машықтанып алған балалар, қажет болса, сақаны асықпен қоса шеңбердің сыртына шығарып және оны кері қайтарып алып та отырған. Бұл ойынды зерттеушілер оның ойнау техникасын бүгінгі таңдағы бильярд ойынына ұқсатады. Сондай-ақ асық атудың кейбір әдісі боулинг шарын лақтыру тәсіліне де келеді. Асықтар әр түрлi болып боялады. Түсiне, көлемiне қарай олар әрқалай бағаланып отырады. Асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Ойын барысында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені бүгу, созыла түсіп, көздеп ату және тағы басқа дене қимылдары жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Сондай-ақ асық ойынындағы алыстан көздеп ату тәсілі баланы жастайынан мергендікке үйретеді. Асық ойыны арқылы кішкентайынан мергендікке баулынған қазақ жауынгерлері садақ тартудан да, найза лақтырудан да алдарына жан салмаған. Осындай ерекшеліктері бар асық ойыны ұлттық ойындар құрамына енуге әбден лайық. Шындап қолға алса, бұл ойынды қазақтың кез келген баласы тез меңгеріп кетеді. Денсаулыққа зиянын тигізетін компьютерден гөрі, таза ауада ойналатын қимыл-қозғалысқа толы асық ойыны балалар үшін әлдеқайда пайдалы. Асық ойнап үйренген бала қазіргі балалардай компьютер алдында күн ұзақ көз майын тауысып отырып алмайды. Асық шахмат пен тоғызқұмалақ секілді арнайы алаңды қажет етпейді. Бұл ойын – нағыз бұқаралық спорт түрі. Асықтың ойнау әдістері көптеген спорт түрлеріне ұқсас. Сондықтан оны спорт түрі ретінде жоғарыдан ресми түрде бекітуге толық негіз бар. Осыған орай қазақ спортының жанашырлары соңғы кезде асық ойынын қазақтың ұлттық ойындарының құрамына енгізу бағытында жұмыстанып жүр. Соңғы жылдары асық ойынын жақсы білетін адамдарды қатыстыра отырып, ойын ережесін құрастырған спортшыларымыз да бар. Осы ереже бойынша Астана қалалық спорт басқармасы екі жылдан бері асық ойындарын өткізуді қолға алыпты. Ұлтжанды азамат Иманғали Тасмағамбетовтің арқасында асық ойынына үлкен қолдау жасалып, нәтижесінде 2009 жылы Астана күні мерекесінде бірінші рет республикалық чемпионат ұйымдастырылған. Оған 100-ден аса бала қатысқан. Ал 2010 жылы осы жарыс бұрынғысынан да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мерекеге келген елорда қонақтары мен қала жұртшылығының айрықша назарын аударды. Ойынға Оңтүстік Қазақстаннан, Арқалықтан, Талдықорғаннан арнайы командалар келіп қатысып, 287 адам асық ойыны бойынша бәсекеге түсті, бұл ойынға Қостанай қаласының ойыншылары шақыртылмағындықтан мен өзім көріп келуге денешынықтыру пән мұғалімен барып қайтып, ондағы көрген ойындарымды мектебіміздің балалрына көрсеттім. Асықшылардың ойынын тамашалаушылар саны өте көп болды. Бұл қазақ балаларының асық ойынына деген ынтасының жоғары екендігін көруге болады. Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз.
2.3. «Қазақтың ұлттық ойындарының бес түрі».
Қазақтың ұлттық ойындары бес
түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі
заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет
ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Этнограф – ғалымдардың
пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың
тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан.
Олардың ішінде тоғызқұмалақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық
одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады.
Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке
негізділген.
Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен.
Ұлттық ойындар ішінде шығынды көп керек етпейтіні – ұлттық асық ойындары. Осы жолдардың авторы өткен ғасырдың 1995-1997 жылдары «Үш табан» мен «Шеңбер» сияқты асық ойындарының заманауи спорттық ережесін жасап, Аякөз өңірінде насихаттаған еді. Осы аталған асық ойындары дегенде ерекше ескеретін нәрсе, түркі халықтары болып ортақ бірегей «Үш табан» мен «Шеңбер» туралы концепциялық мәмілеге келгеннен соң, оны халықаралық деңгейге, олимпиадалық спорт деңгейіне жеткізу мүмкіндігі бар.
2.4. «Ұлттық ойынымыз асық атудың түрлері».
ҚҰМАР. Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да, кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.
1.Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. «Кішкентай» сөзі «кіші» және «кентай» сөздерінен шыққан.
2. Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.
3. Ешкімер - ешкінің асығы.
4. Қойлақ - қойдың асығы.
5. Құлжаз - құлжаның асығы.
6. Топай, сомпай - сиырдың асығы.
7. Шүкейт - киіктің асығы.
8. Пүш - тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. «Пұшайман болу» деген сөз осыдан шыққан.
Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы.
Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы. Алшы, тәйке (тәйкі), бүге (бүк), шіге (шік), оңқа, шоңқа, қынжы (жантай) деген атаулары бар.
Асықтың атауы мен түрлерін бір түгендеп алдық. Ал енді қандай асық ойындары бар? Ойын ережелері қандай? Осы сауалды қазақтың этнобаянын біледі-ау деген бірлі-жарым азаматқа қойып көріп едім, көбісі «асық ату», «ханталапай» дегеннен ары аса алмады.
«Ақылы асса - аға қой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса - сақа қой,
Қой асығы демеңіз», - деген қазақпыз ғой.
Асық атаулары мен түрлері асықтың төрт жағындағы 4 түрлі пішімнен шыққанын білдік. Оның әрқайсысының өз дәрежесі болады. Бірінші пішім - Алшы, ол бірінші дәрежеде, екінші пішім - Тәйке, бұл екінші дәрежеде. Үшінші пішім - Шік (шіге), үшінші дәрежеде. Төртінші пішім Бүк (бүге), ол төртінші дәрежеде.
Асық ойындарының түрлері көп. Соның көбісі бұл күнде ұмытылған. Қазіргі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені «асық ату» ойыны. Бұл көбіне далада, тегіс жерде ойналатын ойын. Негізі асық ойындары жылдың төрт мезгіліне орай шыққан. «Асық атыс» немесе «асық ату» ойыны жылдың кез келген мезгілінде ойнала береді. Бұл ойын балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады. Дәлдікке, есепке үйретеді.
Асық ойнау - балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін апа-әжелеріміз кілем және киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түр-түсі әртүрлі болып шыға келер еді. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр бояу түрлерін балалар екі-үш жасында-ақ еркін ажыратады. «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» дегендей, әр бала өз асығының санын тез-ақ біліп алады. Бұл санауға жақсы, балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық - кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың мат