Материалдар / Ашық дөңгелек үстел "Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық дөңгелек үстел "Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды мамандық таңдауда қателеспеуге, оларға дұрыс бағыт, бағдар беруге бағытталған, мақсатында ұйымдастырылған шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
5698
21 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Набиева Акмарал Калиматовна

БҚО Орал қаласының №26 ЖОББМ-тің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші


«Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау»

/ашық дөңгелек үстел/

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдаудағы түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Мамандық құндылығы туралы түсінік беру. Мамандармен кеңесе отырып, мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету. 
Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: ашық дөңгелек үстел (тәрбие сағаты)

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, ой бөлісу, пікірталас, топтық жұмыс.

Өткізу формасы: дөңгелек үстел.
Қатысушылар: 9,11- сынып оқушылары, шақырулы қонақтар-мамандар, ұстаздар.

Набиева А.К.:

-Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау - ертеңіңді ойлау» атты ашық дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

«Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: 
Ісім оңсын десеңіз, 
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 
Көпшіліктің адамы болыңыз. 
- 40 мыңға жуық мамандықтың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?

  • Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

  • Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?

  • Өскенде кім болғың келеді?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Неліктен ? Шындығына келгенде, мамандық таңдау мәселесі, әсіресе, біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі дөңгелек үстелде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы, мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз

Кабдешева Ж.З.:

Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған өнер емес, 
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. 
Көк жүзіне алаулы, 
Міндет емес ай болу. 
Ең бастысы қалаулы, 
Кәсібіңе сай болу! - демекші,

-Құрметті қонақтар, бүгінгі ашық дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер! Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Біздіңше, жақсы маман болу үшін ең алдымен, өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде, өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ.

Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік.! 

Набиева А.К.:

-Бүгінгі ашық дөңгелек үстелімізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Қонақтарымызды таныстырып өтелік:
1. Батыс Қазақстан Агротехникалық университетінің нефте-газ факультетінің аға оқытушысы, технология ғылымдарының кандидаты - Нариков Қанат Амангелдиевич

2.Мектебіміздің ДОТЖЖО – Рахметуллина Самал Гайсиевна

- Бүгінгі тақырып аясында оқушыларымыздың таңдаған мамандықтарын анықтау мақсатында жүргізілген «Мен таңдаған мамандық?» сауалнамасының қорытындысымен таныстыру үшін өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Султангалиева Зухра Сериковнаны шақырамыз.

Кабдешева Ж.З.:

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз. 
Әсмепаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң арқалан. 
Сен де бір кірпіш дүниеге 
Кетігін тапта бар қалан,- деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. 
Сонымен құрметті оқушылар, сіздерді мамандықтарды анықтау әрі сіздердің мамандыққа деген көзқарастарыңызды білу мақсатында «Ең жақсы ойынын» ойнауға шағырамыз. Ойынның шарты мынадай: «Ең» сөзін қосып мамандықтарды анықтауға болатын шартты сөздерді айтамын, ал сіздер қай мамандық туралы айтылып отырғандығын анықтауларыңыз керек.
Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ...............(бизнесмен, кәсіпкер).

-Өте жақсы! Рақмет!

Набиева А.К.:

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Сөз кезегін бүгінгі дөңгелек үстеліміздің қадірменді қонақтарына берелік:

1. Алғашқы сөз Батыс Қазақстан Агротехникалық университетінің нефте-газ факультетінің аға оқытушысы, технология ғылымдарының кандидаты - Нариков Қанат Амангелдиевичке беріледі.

 2. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде? - деген сауалымызға жауап беру үшін сөз кезегін мектебіміздің ДОТЖЖО Рахметуллина Самал Гайсиевнаға береміз.

Кабдешева Ж.З.:

- Дөңгелек үстеліміздің басында оқушыларғы бірнеше сұрақтар таратылған болатын, сол сұрақтарға жауап алу үшін сөз кезегін оқушыларымызға берелік:

1.Мамандық дегенді қалай түсінесіздер? 
2. Қандай мамандық иесі болғыларыңыз келеді?

3. Сіз болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба?
4. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесіз? 
5. Таңдаған мамандығыңыз заман талабына сай ма? 
6.Мамандық таңдауда ата-анаңмен , отбасы мүшелерімен, ортаңызбен ақылдасасыз ба?

7. Орал қаласына қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?

8. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар? 
/Оқушылардың пікірлері тыңдалады/

Набиева А.К.:

Мамандық таңдауда мынадай формула бар: 
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК». 
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі; 
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі; 
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады. 
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып, арманымызға жетіп, жақсы маман иесі болуға тырысу қажет!

Кабдешева Ж.З.:

Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады. 
-Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет. 

«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы ( оқушылар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады да, бір-біріне тілек айтады)

Барлығы бірге: «Елдің ертеңі біздің қолымызда!»

Қорытынды:

Набиева А.К.:
Мамандық таңдаудың 7 қадамы. 
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. 
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. 
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін. 
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. 
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін. 
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық! Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау-ертеңіңді ойлау» атты ашық дөңгелек үстеліміз өз жұмысын аяқтайды. Оқушыларымызға мамандық таңдау бойынша кеңес беріп, дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысқандарыңыз үшін баршаңызға зор ризашылығымызды білдіріп, шақырулы қонақтарымызға арналған сыйларымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!